Туризм және спорт факультеті


Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата07.04.2023
өлшемі264 Kb.
#80308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру. Табиғат жағдайы мен ресурстарды 
рекреациялық мақсатта пайдалану үшін оларды бағалау қажет. Оларды бағалаудың 
үш міндетті кезеңін көрсетуге болады: 
— рекреациялық бағалауда объектілерді ажырату – табиғи кешендерді, олардың 
компоненттерін және қасиеттерін; 
— бағалауда баға беру көз қарасын анықтау; 
— зерттеудің мақсатымен және масштабымен және де субъекттің қасиеттерімен 
анықталатын бағалаудың критерийлердің қалыптасуы; 
— градациялаудың бағалау шкаласының параметрлерін жасап шығу. Шкалалар 
субъект пен объект арасындағы бағалау қарым-қатынастарын көрсетеді. Шкаланың 
әр бір сатысы берілген объекттің қасиеттерінің субъекттің жағадайымен өзара 
әрекеттесу жиілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін алғы шарттарды 
бағалаудың бес сатылы шкаласы мынадай градациялардан тұрады: аса жағымды, 
жағымды, орташа жағымды, аз жағымды және жағымсыз. 
Табиғат ресурстарын рекреациялық көз қарасынан бағалаудың үш негізгі 
типті ажыратады: медикалық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық және 
технологиялық. 
Медикалық-биологиялық тип адамның организміне табиғи факторлардың ықпалын 
сәулелендіреді, олардың комфорттылығын. Сонымен, климаттық ресурстардың 
рекреациялық бағалауы басты рольді атқарады. Климат деген белгілі бір жергілікті 
жерге тән ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға ықпалы ауа райы арқылы 
болады. Ауа райы өзара байланысқан және өзара тәуелді метеорологиялық 
құбылыстар кешені. Ауа райы жағдайына жауапты реакция ретінде адамның 
организмінің жағдайына ерекше көңіл аударылады. 
Климатологтар мен курортологтар климатты бағалауда ауа райының физикалық 
бөлігінен басқа оның эмоциональдық көрінісіне де көңіл аударады. Бағалаудың 
кешенді әдісінде шартты (эффективтік) температуралар жүйесін қолданады. 
Метеорологиялық элементтердің кешенді ықпалының төмендегідей көрсеткіштері 
сипатталады: ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, желдің 
жылдамдығы, күн радиациясы және үзын толқынды сәулелену. 


Температура мен ылғалдылықтың ықпалын сипаттайтын кешенді көрсеткіш 
эффективтік температура деп аталады (ЭТ); температураның, ылғалдылықтың және 
желдың жылдамдығының көрсеткіші – эквивалентті-эффективтік температура деп 
аталады (ЭЭТ); температураның, ылғалдылықтың, желдің жылдамдығының және күн 
радиациясының кешенді көрсеткіші – радиациялы-эквивалентті температурасы деп 
аталады (РЭТ). 
Шартты температуралар туралы түсінікпен «комфорт зонасы» түсінік тығыз 
байланыста, әдетте басым көпшілік адам үшін бұл температура +17°C — +23°C 
аралығында болады. Ол температуралар аралығынан тыс адам салқындықты немесе 
ыстылықты сезеді. Белсенді рекреанттар үшін комфорт зонасының температуралары 
+12°C 
— +16°C ЭЭТ аралығында орналасқан. 
Климаттық рерсурстарды медикалық-биологиялық бағалаудың басқа эффективтік әдіс 
– кешенді климатология әдісі, ол адамның организміне метеорологиялық жағдайдың 
жалпы кешенінің ықпалы түсінігінен шығып келеді, соның ішінде «тәуліктік ауа райы», 
«белгілі бір кездің ауа райы – (погода момента)», ауа райының ауысу контарстылығы. 
«Тәуліктік ауа райын» пайдалану ауа райының тәуліктік жүрісіне тәуелді адам 
организмінің функциялануының тәуліктік ритміне байланысты. Ауа райының 
көптүрлілігі ауа райының 16 классқа бөлінетін классификация көмегімен талдауға 
болады, ол жіктелу өз кезегінде 3 топқа бөлінеді: аязсыз ауа райы (8 класс), ауаның 
температурасы 0°C өту ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс). 
Адамға ауа райының барлық класстары жағымды, күндіз күн сәулесі жақсы түсетін, 
тек ғана жақсы жарықтықты қамтамасыздандыратын көрінетін жарық және 
ультракүлгін нұрларының келуі болған жағдайда, мұндай жағдайда қоршаған 
ландшафттар ерекше сүйкімді болатын кезде. 
Контрасттық өзгермелілігі мәніне сәйкес ауа райының төмендегідей режимдерін 
ажыратады: өте түрақты (25 % дейін), түрақты (25 – 34 % дейін), өзгермелі (35 – 50 % 
дейін), күшті өзгермелі (> 50% аса). 
Ауа райы жағдайының организмге ықпалын бағалауда адамның денесі мен қоршаған 
орта арасындағы жылу алмасуына көп көңіл аударылады, себебі, организмнің 
жағдайы жылу сезімділігімен анықталады. Адамның жылу жағдайына ауа райының 
ықпалы объективтік бағалауда, организмнің термореттейтін механизмдерінің дәрежесі 
деген критерийді қолданады, ол адам денесінің орташа температурасының өзгеруіне, 
немесе терлеу көрсеткішіне қарай анықталады. 


Жылу сезімділігіне есепке ала отырып орташа температураға тәуелді кездесетін ауа 
райы типтерін 9 категорияға бөлінеді — өте суық ауа райынан — өте ыстық ауа 
райына дейін. Клмфорттық жағдай – ең жағымды жылу сезімділік адам ыстықты және 
суықты сезбеген жағдайда байқалады, адам денесінің температурасы 31°C-33°C 
шамасында. 
Психологиялы-эстетикалық бағалауда табиғи ландшафттың немесе оның 
компоненттерінің ерекше белгілерінің адамға эмоциональдық әсерін зерттейді. Яғни 
белгілі бір ландшафтқа адамның эмоциональдық реакциясын қарастырады. 
Сондықтан, жоғары эстетикалық бағаланатын территориялар күшті сұраныспен 
сипатталады. 
Эстетикалық құндылығы пейзаждың элементтерінің әр түрлілігіне, ландшафттың 
морфологиялық құрылымына тәуелді. Пейзаждық әр түрлілік ландшафттың ішкі 
морфологиялық құрылымдылықпен анықталады (жер бедерімен, өсімдік 
жамылғысмен, гидрографиясымен, ландшафттың компоненттері арасындағы өзара 
байланыстардың сипатымен). Ішкі пейзаждық әр түрліліктің бірнеше көрсеткіштері 
бар, мысалы, ландшафттың мозаикалылық дәрежесі – қоныстар (урочище) санының 
зерттеп жатқан ландшафттың жер көлеміне қатынасы; ландшафттардың әр түрлілік 
дәрежесі – қоныстар түрлерінің ландшафттың ауданына қатынасы т.б. 
Табиғи кешендердің ішкі эстетикалық қасиеттері тағы басқа көптеген көрсеткіштерімен 
сипаттауға болады, мысалы, орманның ішіндегі ағаштардың түрлері, қабаттылығы, 
бұталылығы т.с.с. Баға беруде орманды және ашық кеңістіктер кезектесіп отыратын 
кешендер жоғары балл алады. Сонымен қатар өсімдік пен жер бедері пішіндерінің 
үйлесімділік сипаты аса маңызды болып табылады. 
Экзотикалылық – демалу орынның турақты мекен жайына қатынасты 
контарстылықтың дәрежесі ретінде анықталады. 
Табиғат кешенінің рекреациялық бағаладуда бірегейлілігі – объект пен 
құбылыстардың қайталанбайтығындық және кезедесетіндік дәрежесімен анықталады. 
Технологиялық баға беру, рекреациялық іс-әрекеті үшін табиғиттағы басқа 
ресурстарды пайдалануда техника мен технологияны пайдалану мәселелерін 
түсінеді. 



Document Outline

  • 1. Рекреациялық ресурстары туралы түсінік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет