Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Туризм және спорт факультеті
Практикалық сабақ: 6
Тақырыбы: Туризмдегі территориялық рекреациялық
жүйелер
Орындаған : Ерқара Жанерке
Тобы: ТДМ 21 01
Тексерген:Назерке Жоламанова
Түркістан 2021
1.
Рекреациялық ресурстары туралы түсінік
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық
құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі
болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып
калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион
туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген
мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды.
Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық
процестерінің құрамына жатады.
ҚСРО кезінде рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-
80-
ші жылдары жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір
сүруінде аса маңызды орын алады.
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни
адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде
жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің
деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық
потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық
ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын
бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және
емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік
объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004). Адамның ден саулығын және еңбек
қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды
қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі
рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)
Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген
рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи
кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера,
еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.
Достарыңызбен бөлісу: |