Тїркістан акср білім, єылым мјселелері


ІІ – тарау. Түркістан АКСР жоғарғы білім беру және



бет6/9
Дата19.06.2022
өлшемі117,5 Kb.
#37042
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ІІ – тарау. Түркістан АКСР жоғарғы білім беру және
ғылымының дамуы
2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі
Мектепті к білім беру жүйесінің дамуымен білікті кадрлардың жетіспеуіне байланысты жоғарғы дәрежелі мамандар даярлау ісі кезек күттірмес мәселе болды.
1918 жылы 1- маусымда мұсылман мұғалімдер даярлау институты ашылды.
1920 жылы Ташкентте төрт педагогикалық жоғарғы оқу орындары құрылды. Тимирязов атындағы Халық ағарту тинтитуты, қырғыз, өзбек, татар халық ағарту институттары. 1920 жылы Самарқанда халық ағарту институты ашылды.
1920 жылы 1 қазанда қазақ педагогикалық училищесі Қазақ ағарту институтына айналды, бұл институттың іргесін қалап биіктете алатын тәжірибелі ұстазадар Түркістан өлкесіндегі мектептерден шақырылды. Солардың ішінде М.Тынышбаев математика оқытушысы болып қабылданды. Жаленов –физикадан, Есболов - географиядан, Сарыбаев – ана тілінен, Көшербаев - тарихтан, му зыкадан сабақ берді. Институттың 4 неізгі 3 даярлау кластары болды.
1923 жылы институттың оқытушы құрамы нығайды. Алымжановтың математикадан, М.Қалдымованың ана тілінен, М.Тынышбаевтың тарих пәнінен М.Жұмабаевтың педагогика және ана тілінен, Х.Досмұхамедовтың анатомия, гигиенадан сабақ беруі үлкен маңызды болды. 1924 жылы 178 қаңтарда институт өзінің алғашқы түлектерін білім ұясынан баптап ұшырды. Бі тірушілер 1920-1924 жж. 4 жыл оқып 25 пәннен емтихандар тапсырды. Сол жылдары Ж.Аймауытов қазақ әдебиетінен сабақ беруі драма үйірмесіне жетекшілік жасауы білім сапасына зор үлес қосты.
А. Байтұрсыновтың «Ана тілі», С.Қожановтың «Арифметика», М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітаптарын студенттер жиі пайдаланды, олардың ішінде Қ.Жандарбеков, А.Өтеловтар бар еді.
1918 жылы 21 сәуірде Түркістан халық университеті ашылды.
Түркістан халық университеті 5 факультеттен құрылды, әлеуметтік экономикалық, әдебиет – философичлық, жаратылыстану - математика, техникалық - ауылшаруашылық.
Түркістан халықтық университеті қайта жасақталу ы 1920 жылы күзінде болды университетте жұмы сшы факультеті құрылды.
1918 жылы Түркістан Шығыстану институты құрылды. 4 жылдық білім беруді көздеген оқу орны 1918 жылы 25 қазанында өз жұмысын бастаған болатын ол институт жерілікті халыққа еуропалық білімді берумен қатар бернеше шығыс тілдерін үйретуді көздеді.
Институтта білім алу 4 жылдық оқу бағдарламасы негізіне жүрізілді.
Институтта оқытылатын пәндер:

  1. Өзбек тілі мен әдебиеті

  2. Қырғыз тілі мен әдебиеті

  3. Түркімен тілі мен әдебиеті

  4. Татар, әзірбайжан тілі

  5. Парсы тілі мен әдебиеті

  6. парсы әдебиетінің тарихы

  7. Араб тілі оқытылуымен қатар студенттердің өз қалауы бойынеша ағылшын, неміс француз тілі де оқытылды.

Азия географиясы пәнінен
Түркістан, Қытай, Үнді, парсы, Хиуа, Бұхара, Ауғанстан елдерінің географиялық орналасу тұрғысынан сабақтар берілсе Шығыс тарихынан орталық азия тарихы Ислам тарихы, орта ғасыр Шығыс елдері тарихы сабағынан лекциялар оқылды. Этнография дәстүрі туралы сабақтар берілді, парсы халықтарының шығыс халықтарының тұрмыс салты, хақында лекциялары Археологиядан Шығыс, парсы археологиясы Шығыс мұсылман жазуының калиграфиясы пәндері оқытылды. Халықаралық құқық, мұсылман құқықтануы пәнінен қосымша лекциялар оқытылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет