Уалиханова баян сапарбековна



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата03.04.2017
өлшемі1,49 Mb.
#11063
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 
 
Іс-әрекет формасы 
Өзіндік талдау варианттары 
 
 
 
Мен  істей 
аламын  
Мен 
көмекпен 
істей 
аламын 
Қалай 
жасау  керек 
екені 
түсініксіз 





 
Мақсат қою 
 
 
 
Сұраққа жауап алу үшін ақпарат көзін қолдану 
 
 
 
Гипотезаны ұсыну 
 
 
 
Гипотезаны негіздеу 
 
 
 
Гипотезаны тексеруді жоспарлау  
 
 
 
Алгоритм бойынша эксперимент жүргізу 
 
 
 
Алған мәліметті тіркеу 
 
 
 
Алған нәтижені талдау 
 
 
 
Қорытынды шығару 
 
 
 
 
Топтағы жұмысқа қатысу: 
а) белсенді немесе жеке қатысу: 
- қойылған мәселені талқылау, 
- экспериментті орындау 
- дәптерге жазба енгізу 
- нәтижелерді бірлесе талдау 
в)  пассив  түрде  қатысу  (тек  дәптерге  жазба 
толтыру) 
 
 
 
 

87 
Білім алушылар өз білімдерін 0,1 немесе 2 балмен бағалауы тиіс.  
1)
 
Эксперимент мақсатын қоя алу. 
2)
 
Гипотезаны құру мен негіздей алу. 
3)
 
Гипотезаны тексеру тәсілдерін ұсына алу. 
4)
 
Физикалық экспериментті жоспарлай алу. 
А) Өлшеу немесе есептеу керек шамаларды анықтау. 
Б) Өлшеу алу үшін қажетті прибор таңдау. 
В) Экспериментті жүргізу үшін жинақтау. 
4. Лабораториялық сабақтарды жүргізудегі іс-әрекет тәсілдерін игеру: 
А)  Медициналық  лабораториялық  аппараттардың  жұмыс  істеу  принципін 
білу 
Б) Өлшеу жүргізе алу (тікелей және жанама) 
В) Алынған ақпаратты тіркей алу (кесте, график, жазбаша) 
Г) Алған ақпаратты өңдей алу (есептей алу) 
Д) Қорытындыны құра алу. 
5)
 
Жұмысты талқылауда белсенді қатысу (диагнотсика жүргізгенде). 
6)
 
Жауап жоспарына сай жұмысты ұсыну.  
7)
 
Оқытушы сұрағына жауап беру. 
8)
 
Оған  қоса  студенттерге  өз  іс-әрекетіне  рефлексияны  еркін  түрде  жүзеге 
асыру ұсынылады.  
 
Кесте 11 – Студенттердің өз іс-әрекетіне рефлексия  
 
1.Дәріске 
дейін, 
лабораториядығы 
экспериментке дейін: 
 
Мен…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . білдім. 
Мен …. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .жасай алатынмын. 
Мен…. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . білмейтінмін. 
Мен … . . . . . . . . . . . . . . . . . . .жасай аламайтынмын. 
Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . үйренгім келеді 
2.Дәрістен 
соң, 
лабораториялық 
эксперименттен соң: 
 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . қайталадым. 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . үйрендім 
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . білдім. 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . түсініксіз болды 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . қызық болмады. 
Маған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .қиын болды. 
 
Осылайша,  студенттер  өз  іс-әрекетін  жоспарлап,  шешім  қабылдап,  оны 
негіздей алуға біртіндеп үйренеді. 
Проблемалық оқыту әдісі бойынша нақты мысал келтірейік.  
Дәрістен  үзінді:  Адамның  қан  тамыр  жүйесінің  түрлі  бөліктеріндегі  қан 
жылдамдығының  таралуы  үздіксіздік  заңына  бағынатыны  белгілі,  қан 
ағынының орташа жылдамдығы тамыр ауданының көлденең қимасы аз болатын 
бөліктерінде көп болады. Экспериментті түрде нәтижесін алдық: аортадағы қан 
жылдамдығы капиллярда жоғары болады, себебі, адам ағзасындағы бір уақытта 
функцияланатын қосынды қима аорта қимасынан 500-600 есе үлкен болады.  
Проблемалық ситуациядан үзінді: 

88 
Оқытушы:  Қан  ағынының  жылдамдығы  қай  бөлікте  үлкен:  үлкен  қан 
тамыр да ма, кіші қан тамырда ма? Неге сүйеніп тұжырым жасайсыз? 
Студент:  Сұйық  ағысының  үздіксіздік  теңдеуінен  шығатыны,  кіші  қан 
тамырларында оның ағыс жылдамдығы үлкен болады. 
Оқытушы:  Жарайды.  Онда  келесі  сұраққа  жауап  беріңіздер:  ағын 
капиллярда көп па, аортада көп па? 
Студент:  Әрине,  аортада:  аорта  ағыны  1  см,  ал  капиллярда  –  бірнеше 
микрометр шамасында. 
Оқытушы:  Осы  қан  тамырындағы  қан  ағысы  жылдамдығы  өзара  қалай 
байланысқан? Үздіксіз ағыны теңдеуінен не аламыз? 
Студенттер  (ойлана  отырып):  Капиллярдағы  жылдамдық  көп  болады 
да.... 
Оқытушы: Эксперименттен алатынымыз: аортадағы қан ағынының орташа 
жылдамдығы 20см/с шамасында, капиллярда – 1 мм/с болады ма? 
Проблемалық жағдай құрылды. 
Оқытушы  (студенттерге  гипотезаны  ұсынуға  көмек  беру  мақсатында)
Аортадағы қан бір ғана капиллярға ғана түседі ма? 
Студент: Жоқ, себебі көп капиллярдан құралған бүтін жүйені құрайды. 
Оқытушы:  Осы  жағдайда,  ағынның  үздіксіздік  теңдеуінің  алғашқы 
сұрағына жауапты қолдана отырып, қай қималарды салыстыру керек? 
Студент:  Аорта  мен  капиллярдың  бір  уақытта  функцияланатын  барлық 
қосынды ағынында салыстыру керек.  
Гипотеза ұсынуға талпынып көрді. 
Оқытушы: Салыстырмалы қималардың қайсысы үлкен? 
Студент:  Капиллярдың  қосынды  ағыны  аортаның  ағысынан  бірнеше  есе 
көп. 
Оқытушы: Жылдамдықтар қатынасы туралы не айтуға болады? 
Студент:  Капиллярдағы  қан  ағыны  жылдамығы  аортаға  қарағанда  аз 
болады. 
Гипотезаны теориялық тексеру жүзеге асты. 
Оқытушы: физиологиядан белгілі, эксперименттік берілгендер сай келеді 
ма? 
Студент:  Ия  сай  келеді:  сай  графикті  талдай  отырып,  аортадағы 
жылдамдық артады, ал артерияда ол азаяды, капиллярда – өте аз болады. 
Ұсынылған гипотеза экспериментті түрде нақтыланды. 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттердің  кәсіби  бағытталуын 
дамытуды негізге ала отырып, физика ғылымының тарауларын оқығанда, оның 
тек  оқулықтағы  мазмұнымен  шектеліп  қана  қоймай,  физикадан  алған  білімін 
практикада,  яғни,  болашақ  мамандығында  қолдана  алуын  қамтамассыз  ету 
керек.  
«Физика»  пәнін  медициналық  жоғары  оқу  орнында  оқыту  барысында 
электрондық  оқулық,  әдістемелік  құралдар  мен  тренажер  дәптерлер,  оқу 
құралдары қолданылды. 
1
 
Ү.А.  Байзақ,  Б.У.  Байзақованың  «Медбиофизика  дәрістер  жинағы»  оқу 
құралы,  2015  жылы,  Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ  түрік 

89 
университеті  Сенатының  26  желтоқсан  2014  жылғы  №3  шешімінен  басып 
шығаруға рұқсат берілді [140]. 
Оқу  құралы  5В130100  –  «Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша 
бекітілген  медбиофизика  пәнінің  типтік  бағдарламасы  негізінде  жазылған. 
Барлық  лекциялар  медицинадағы  соңғы  ғылыми  техникалық  жаңалықтармен 
толықтырылған.  Тақырыптың  соңында  студенттің  өз  білімін  тексеруіне 
мүмкіндік  қарастырылған,  яғни  тақырып  бойынша  тест  сұрақтары  берілген. 
Тест  сұрақтары  жаңа  технология  бойынша  құрастырылған,  оны  дайындаудың 
жолы оқулықтың соңында берілген. 
Оқу  құралы  медициналық  және  биологиялық  мамандықта  білім  алатын 
жоғары оқу орны студенттерінң арналған. Соныме қатар медициналық колледж 
оқушыларына  да  қолдануға  болады.  Оқу  құралының  соңында  Ү.А.Байзақтың 
жаңа технологиямен дайындалған тесттері келтірілген. 
2
 
 Әдістемелік нұсқаулық Б.С.Уалиханова «Медициналық биофизика пәнін 
оқытуда  көмекші  құралы»  медициналық  факультет  студенттеріне  жүргізген 
педагогикалық  эксперименті  негізінде  құрастырылған.  Оқу  әдістемелік 
нұсқаулық  медициналық  биофизика  пәні  зерттейтін  тақырыптарды  түгел 
қамтыған.  Физикалық  заңдар  мен  заңдылықтардың  медицинада  қолданылуын 
көрсеткен.  Дәрістер  соңында  тест  тапсрымларын  жинақтаған.  Тест 
тапсырмалары  қазақ  тілінде  алты  варианттан  тұрады.  Оның  жауаптарында 
нұсқаулық соңында көрсеткен. 
Нұсқаулықта  көз,  дыбыс,  қозғалыс  биофизикасы  қамтылған.  Жарықтың 
сыну  заңдарына  мысалдар  келтірілген.  Физика  мен  медицина  және 
биологиялық заңдылықтар бірлесе, ұштасқан. 
3
 
Тренажер  –  дәптер.  Медициналықжоғары  оқу  орнында  студенттеріне 
физика пәнін оқытудың ерекшелігі – тренажер-жұмыс дәптері болып табылады.  
Түрлі  медициналық  аппараттардың,  физикалық  құбылыстардың  жұмыс 
істеу принципінің физикалық негізі туралы білімді әрбір заманауи азамат білуі 
керек.  Алған  білімдерін  күнделікті  жұмыста  қолдануды  үйрену  үшін  оқулық 
пен әдістемелік құралдардан басқа да ақпарат көздерін қолдану керек. 
Өз  жұмысын  рационалды  ұйымдастыру  үшін,  өз  бетінше  танымдық 
тәжірибені меңгеруге тренажер жұмыс дәптері көмек береді. Тренажер діптерде 
базалық  пәннің  бағдарламасында  бекітілген  тақырыптардың  барлығы 
қамтылған,  және  де  «Білеміз  және  қолданамыз»,  «Формуламен  жұмыс»  деген 
бөліктерге бөлінген. 
Әрбір тақырып бойынша тапсырмалардың бес блоктары құрастырылған: 
«Тест  орындайық»  -  тестілік  тапсырмаларды  орындау  дағдысын 
қалыптастырады, оқу материалын есте сақтауға көмек береді. 
«Текстпен  жұмыс»  -  текстілі  ақпаратты  талдап  үйренеді,  қорытынды 
жасайды,  физикалық  білімді  тек  оқулықтан  алмай,  ғылыми  мақалалардан, 
анықтамалық әдебиеттерден, ғылыми шығармалардан да ізденеді. 
«Қарап,  ойланамыз»  -  табиғат  құбылыстары  туралы,  адам  ағзасының 
құрылысы туралы, қоршаған орта туралы ойлана бастайды. 
«Есептеп,  салыстырамыз»  -  физикалық  денелер  мен  құбылыстардың 
ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табуға үйрнеді, жалпылап, қорытындылайды. 

90 
«Есеп шығарамыз» - сабақта өтілетін барлық тақырыптар бойынша есептер 
шығару дағдысын қалыптастырады. 
Әрбір  тапсырма  тұсындағы  шарлар,  тапсырманың  күрделілік  деңгейін 
білдіреді.  Жұмысты  орындар  болған  соң,  әрбір  тапсырма  түрі  бойынша 
жинаған  шарларды  санап,  арнайы  дәптердегі  тор  көздерге  толтырып, 
салыстырады.  Қате  кеткен  тұстарын  оқытушыдан  сұрайды.  Оған  арнайы 
қатемен жұмыс ұйымдастырылады. 
«Қорытынды шығарамыз» әрбір тақырып соңында беріледі. 
Келтіріген  оқыту  құралдары  «Физика»  пәнін  медициналық  жоғары  оқу 
орнында оқыту барысында қолданылады. 
4
 
 Оптика «Техника мен медицинада» электрондық оқулығы [141]. Аталған 
авторлық электрондық оқулықта техника (көз, көзілдірік, лазер, лупа, телескоп, 
микроскоп,  күн  элементтері,  фотоаппарат  және  т.б.)  және  медицинада 
(доплерография,  эндоскоп,  рентгенография,  кольпоскопия,  УЗИ  және  т.б) 
саласында қолданылып жүрген аппараттардың оптика заңдары бойынша жұмыс 
істеу принциптері келтірілген. Оған қоса, электрондық оқулық студенттердің өз 
бетінше ізденуіне, тағы қосымша ақпарат іздестіруіне ықпал жасайды. 
Осылайша, кәсіби бағытта оқыту әдістемесінің  нәтижелілігін арттыру үшін 
студенттердің  өзіндік  жұмысын  (жобалау  әдісін,  проблемалық  оқыту  және 
гипотеза  құру)  қолдану  керек  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Ол  үшін 
жоғарыда  аталған  тренажер  дәптерді  қолданған  жөн.  Дидактикалық 
тенологиялардың  жоспарына  сай  студенттердің  іс-әрекетін  құру  –  оқытуды 
жобалауға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар,  физиканы  оқытуда,  студенттердің 
өзіндік жұмысын орындау барысында қолдануға болады.  
 
2.3  Медицина  мамандығы  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту  бойынша  педагогикалық  экспериментті  ұйымдастыру  және  оның 
нәтижесі   
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттеріне  физиканы  оқытудың  біз 
ұсынған  әдістемесінің  компоненттерінің  ерекшеліктерін  атап  өттік.  Оның 
негізінде студенттердің ақпаратты меңгеріп оны ұсынуды оқыту жатыр. Физика 
пәнін  оқыту  барысында,  еліміздің  медициналық  жоғары  оқу  орындарының 
заманауи  ақпараттық  қоғамда  өз  орнын  тауып,  заманауи  технологиялар 
негізінде  алған  білімін  медициналық  практикада  қолдана  алатын  дәрігер 
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
Ғылыми зерттеу болжамының дұрыстығын және медициналық жоғары оқу 
орныстуденттеріне  физиканыкәсіби  бағытта  оқытудың  тиімділігін  тексеру 
мақсатында 2013-2016 жылдарда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университетінде педагогикалық - тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген 
зерттеулердің  уақыты  және  мақсаты  бойынша  тәжірибелік  тексеруін  бірнеше 
кезеңге  бөліп  қарастыруға  болады,  олар:  айқындаушы,  қалыптастыру, 
бақылаушы. 
Айқындаушы тәжірибенің тапсырмасы төмендегіше болды 
1) медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы кәсіби бағытта 
оқыту деңгейін анықтау;  

91 
2) медициналық жоғары оқу орнының бірінші курс студенттерінің ғылыми 
ойлау қабілетінің кезеңдері мен деңгейлерін анықтау; 
3)  медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  физика  пәніне  деген 
қызығушылығы мен үлгерімін анықтау; 
4) жас дәрігердің кәсіби іс-әрекетіндегі туындаған қиындықтарды анықтау;  
5) әдістемені құру үшін қажетті дидактикалық материалдарды даярлау;  
Бұл  тапсырмаларды  шешу  үшін,  біз  келесі  тәсілдерді  қолдандық: 
анкеталау, тестілеу, әңгімелесу. 
Айқындаушы кезеңде (2013-2014 оқу жылдары) – зерттеу мәселесін талдау 
жұмыстары;  физиканы  оқу  барысында  медициналық 
жоғары  оқу 
орныстуденттерінің 
негізгі 
қиыншылықтарын 
анықтау; 
туындаған 
қиындықтарды  жаңа  заманауи  технологияларды  қолдана  отырып,  шешу 
жолдарын  анықтау;  физиканы оқыту  әдістерін  жетілдіреу  жолдарын  іздестіру; 
шетелдік  және  отандық  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талдау; 
түрлі педагогикалық технологияларды қолдану арқылы физика пәнін оқытудың 
тиімді әдістерін қарастыру жұмыстары жасалынды.  
«Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша  Қ.А.Ясауи  атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университетінен  - 249 студент қатысты. Ең алдымен 
студенттердің  физика  пәніне  деген  қызығушылығын  анықтау  үшін  сауалнама 
жүргізілді (қосымша А).  
Физика  пәні  бойынша  білімдерін  айқындау  үшін  сұрақтар  тізімі 
тапсырылды.
 
Айқындаушы кезеңінде жүргізілген сауалнама, білімін анықтауға берілген 
тапсырмалардың 
нәтижесінен, 
студенттер 
физика 
пәніне 
деген 
қызығушылығынының  төмен  екендігін,  физика  пәні  бойынша  алған  пәнін 
жоғары  курстарда  немесе  болашақ  кәсібінде  қалай  қолдану  керектігін 
білмейтіні анықталды. Сонымен жасалынған бірінші кезеңдегі тәжірибе зерттеу 
тақырыбының өзектілігін ашады. 
Жасалынған  қорытынды  негізінде,  айқындаушы  кезеңде,  алға  қойылған 
келесі міндет: 
-
 
болашақ дәрігерді  кәсіби бағытта даярлаудың маңызы мен физика пәнін 
оқытудың қажеттілігін жүйелеу; 
-
 
медициналық  жоғары  оқу  орныстуденттеріне  физиканы  оқытуда 
педагогикалық  технологияларды  қолданып,  тиімділігін  анықтау,  тәжірибеде 
дәлелдеу. 
Екінші  кезеңде  (2014-2015  оқу  жылдарында)  қалыптастырушытәжірибе 
жүргізілді.  Аталған  тәжірибе  барысында  медициналық  жоғары  оқу  орны 
физиканы  оқытудың  кеңейтілген  оқу-әдістемелік  жүйесінің  тиімділігі 
тексеріліп, негізделді.  
Бұл  кезеңде  тәжірибенің  тексеру  объектісінің  көлеміне  қарай  екі  топқа 
бөлуге болады. 
Қалыптастырушы тәжірибенің тапсырмалары 
1)
 
Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  физиканы  кәсіби 
бағытта оқудағы әдістемесін ендірудің тиімді жолдарын таңдау; 

92 
2)
 
 Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  бағытта  оқуын 
дамытудың тиімді тәсілдерін даярлау, енгізу, нәтижелілігін талдау; 
Бақылаушы тәжірибенің тапсырмалары 
1)
 
Педагогикалық  экспериментте  медициналық  жоғары  оқу  орны  
студенттеріне физиканы кәсіби бағытта оқытудағы әдістемесін енгізу; 
2)
 
Алынған  нәтижелерді  кейін  де  басқа  салада  қайталауға  болатынымен 
салыстыру.  
Эксперименттің  қалыптастырушы  кезеңінде  (2014-2015  оқу  жылдары) 
ұсынылған  оқыту  тәсілінің  тиімділігі  мен  ғылыми  жұмыстың  болжамының 
дәлдігін  тексеру  мақсат  етіп  қойылды.  Бұл  кезеңде  студенттерден  тест 
қабылдау,  оқытушы  және  дәрігерлермен  сұхбат  жүргізу,  студенттерге  түрлі 
типтегі  жаттығуларды  орындату,  өзіндік  жұмыстарын  педагогикалық 
технологияларды қолдану арқылы ұйымдастыру жүргізілді. 
Қалыптастырушы  кезеңде  педагогикалық  тәжірибені  ұйымдастыруға 
келесідей міндеттер қойылды 
-
 
жұмыс мазмұнын іріктеу
-
 
оқыту процесіне енгізілген әдістеменің тиімділігін анықтау; 
-
 
студенттердің  дайындығын  бақылаулар  арқылы  өзгерістерін  анықтап, 
мәлімет жинау; 
-
 
эксперимент 
барысында 
туындаған 
қиыншылықтарды 
және 
кемшіліктерді анықтап, одан шығу тәсілдерін табу. 
Медициналық  жоғары  оқу  орныстуденттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту барысында қажетті шарттарды ұсынамыз. 
«Медициналық технологиялық дағдыларды меңгеру деп – осы саладағы іс-
әрекетті  меңгеру»  екенін  ескерсек,  кез-келген  қызметті  құрайтын  іс-әрекеттер 
жүйесін меңгеру, аталған дағдыға жатады.  
Мұны басшылыққа ала отырып, медициналық технологиялық дағдыларды 
сипаттайтын  көрсеткіш  –  орындайтын  іс-әрекеттердің  теориялық  негізін 
білдіретін  білімді  меңгеру  дәрежесін,  құрамын,  сапасын;  медициналық 
аппараттарда қолданылатын физикалық құбылыстар мен оны диагностикалық, 
емдеу мақсатында қолданудың салдарлар байланысын; тапсырманы өз бетінше, 
алгоритмдер құра отырып орындауы болады.  
Осыған орай, біз медициналық  жоғары оқу орны студенттеріне физиканы 
кәсіби  бағытта  оқудағы  кәсіби  іс-әрекетін  нақты  компоненттер  бойынша 
(мотивациялық,  мазмұндық  және  іс-әрекеттік)  байқау  бойынша  сызбасын 
(сурет 9) құрдық. 
Аталған  үш  құрамдас  бөлігі  (компонент)  өзара  бірін-бірі  толықтырып, 
ықпал етеді. 
Тәжірибенің өлшемдері мен көрсеткіштерінің қатынасының түрлі деңгейде 
байқалатынына  байланысты,  медициналық  жоғары  оқу  орныстуденттерінің 
физика  пәнінің  материалдарын  меңгерудегі  білім  мен  практикалық 
біліктіліктері  және  әлемнің  ғылыми  бейнесінің  қалыптасуының  үш  деңгейі 
анықталды: 
Жоғары  деңгей,    студенттердің  кәсіби  іс-әрекеті  бойынша  білімді  жетік 
меңгерген,  оны  кез  келген  тапсырманы  шешуде  еркін  көрсете  алады,  өзін-өзі 

93 
үздіксіз жетілдіріп отыратын, мамандығына қызығушылығы басымдылығымен 
сипатталады.  Қосымша  әдебиеттерді  оқып-үйреніп,  әрбір  жағдай  мен 
тапсырманың,  науқастың  дербес  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қызметінде 
ғылыми-практикалық  ақпаратты  іріктеуге  қабілетті  болады.  Алған  білімін 
нақты іс жүзіндегі жағдайлармен оңай ұштастырып, байланыстыра алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 9 - Медициналық жоғары оқу орны студенттеріне физиканы кәсіби 
бағытта оқытудың жалпы құрылымы 
 
Компоненттер 
мотивациялық 
мазмұндық 
Іс-әрекеттік 
Өлшемдері 
Деңгейлері 
Болашақ мамандығы туралы білімі мамандығына 
деген қызығушылық қалыптасады 
Жаратылыстану ғылыми пәндері білімі, оларды 
практикада қолдану қабілеті, кәсіби сапаны 
қалыптастыру 
Теориялық және практикалық біліммен толық 
қаруланған білікті маман 
Төменгі деңгей 
Орта деңгей 
Жоғары деңгей 
Көрсеткіштер  
-
 
Кәсіби даярлығын 
жетілдіруді саналы түрде 
сезіну; 
-
 
Кәсіби жетілуінің 
ынталануы; 
-
 
Кәсіби дайындығын 
арттыруға қажет білім, 
білік, дағдыны меңгеруге 
қызығушылықта болуы; 
-
 
Педагогикалық 
технологиялар негізінде 
оқытылатын базалық 
пәндердің, кәсіби 
даярлығын жетілдіруге 
қажеттілігі мен маңызын 
түсіну. 
-
 
Болашақ дәрігердің іс-
әрекетінің 
объектісі 
туралы білімі; 
-
 
Науқастың 
іс-
әрекеттің  бақылаудағы 
дәрігердің 
білімділігі 
мен  шеберлігі  туралы 
білімі; 
-
 
Заманауи 
медициналық 
техникалардың 
теориялық 
және 
практикалық 
мәні, 
түрлері  және  пайдалану 
ерекшеліктері 
туралы 
білімі. 
-
 
Алған 
білімі 
негізінде  кәсіби  іс-
әрекетін 
ұйымдастыру білу; 
-
 
Кәсіби 
процесті 
басқара білу; 
-
 
Кәсіби  іс-әрекетін 
жобалау,  жоспарлау 
және 
кәсіби 
тапсырмаларды 
шешу 
жолдарын 
табу; 
-
 
Ғылыми-зерттеу  іс-
әрекетімен 
шұғылдану білігі. 

94 
Студенттер жеке іс-әрекеттерін өз бетінше түзетіп, сараптау, өзара бағасын 
бере  алады.  Әрбір  ісіне  жауапкершілікпен  қарайды.  Қиындық  туындағанда, 
оның шешімін, кемшіліктерді жою жолдарын табады. 
Орташа  деңгейде,  студенттер  теорияда  алған  білімдерін  практикада 
қолдануға  барынша  тырысады.    Бірақ,  оларды  іске  асырудың  әдістері, 
құралдарын толық меңгермеген, алған білім, білік, дағдысын практикада толық 
көрсете  алмайды.  Іс-әрекеттері  жүйеленбеген,  толық  тұжырымдалмайды. 
Студенттер кәсіби қызметінің міндетін шешу тәжірибесін сирек талдайды. 
Төменгі  деңгей,  студенттер  кәсіби  іс-әрекетінің  мәнін  жете  түсінбейді, 
олардың  компоненттерін,  ерекшеліктері  мен  мазмұныны  толық  білмейді. 
Физикалық білімді кәсіби іс-әрекетіне ұштастыра алмайды.  
Бұл  деңгей  студенттердің  физиканы  оқу  үрдісінде  кәсіби  біліктілігін 
қалыптастыруға дайын еместігін көрсетеді.  
Аталған сызба бізге медициналық жоғары оқу орныстуденттеріне физканы 
кәсіби  бағытта  оқыту  процесінің  деңгейін  зерттеп  білуге,  қағидалар  жүйесін 
айқындауға, аталған педагогикалық шарттарын ашуға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық -тәжірибелінің үшінші кезеңі – бақылау кезең. Бұл кезеңде 
даярланған 
әдістеменің 
тиімділігіне 
бақылау 
жүргізілді. 
Тәжірибе 
қорытындысында  эксперименттік  топтың  медициналық  жоғары  оқу  орны 
студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта  оқытудағы  бастапқы  және  соңғы 
деңгейін салыстыру арқылы сандық, сапалық талдау нәтижелеріне қорытынды 
жасалынды. 
Бақылау кезеңіндегі қойылған міндеттер: 
-
 
педагогикалық  -  тәжірибелік  жұмыстың  барысында  алған  тәжірибе 
мәліметін талдау; 
-
 
мәліметтерді  зерттеудің  мақсаты,  міндеті  мен  болжамымен  салыстыру, 
тексеру; 
-
 
медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту үшін даярланған әдістемені практикаға енгізу; 
-
 
алынған нәтижелерді математикалық, статистикалық өңдеуден өткізу; 
-
 
медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттеріне  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқыту деңгейіндегі соңғы өзгерістер, жетістіктерін жүйелеу, өңдеу; 
Аталған  жұмыстарды  орындау  үшін  тәжірибеге  қамтылатын  топтар  мен 
студенттердің саны белгіленді. 
Үшінші  кезеңде  ұсынған  әдістемені  кешенді  тексеру  орын  алды,  яғни: 
студенттердің  жаңа  әдіс  бойынша  оқытуға  дейін  және  кейін  білім  еңгейін 
анықтау;  студенттердің  физика  бойынша  тапсырмалар  мен  тест,  есептерді 
шеше білуі; алған білімін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын игеру мақсатын 
қоя  білуі;  берілген  тақырыпқа  сай  шешу  алгоритмін  құра  білуі;  медициналық 
техникалардың физикалық принциптерін білуі болып табылады. 
Педагогикалық  –  тәжірибелік  жұмысты  жүргізу  үшін  эксперименталдық 
(ЭТ)  және  бақылау  (БТ)  тобы  анықталды.  Тәжірибе  Қ.А.  Ясауи  атындағы 
Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде  55  студент,  оның  27-і  бақылау 
тобында (БТ), ал 28-і эксперименттік топта (ЭТ) болды.  
 

95 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 10 - Өлшеу шкаласының классификациясы 
 
Эксперименттік  және  бақылау  топтарының  бастапқы  және  соңғы  күйлері 
туралы  мәлімет  өлшеу  жүргізумен  анықаталады.  Кез-келген  өлшеу  белгілі  бір 
шкаламен жүзеге асады, ал таңдап алынған шкала алынатын мәліметтер типіне 
қарай  алынады.  Шкала  дегеніміз  –  критерийлер  бойынша  алған  бағасының 
көптеген мүмкін мәні. Шкала типтерін сызбадағыда бөліп қарастырамыз (сурет 
10). 
Педагогикалық  бағалауда  –  білім  алушылардың  білімі  мен  біліктілігін 
бағалау  шкаласы  кең  қолданыста.  Мектеп,  жоғары  оқу  орны бағасы  – бағалау 
мен  тәрбиелеу  функцияларын  орындайтын  оқыту  практикасы  үшін  ыңғайлы 
аппарат.  
Практикалық  тапсырмаларда  бақылау  жиынтығы  (ондық,  жүздік  жеке 
сипаттаманың  өлшеу  нәтижесі)  болады,  сондықтан  берілген  мәліметерді 
жинақы  сипаттау  мәселесі  туындайды.  Ол  үшін  –  сипаттама  статистикасы, 
яғни,  түрлі  көрсеткіштер  мен  графиктер  көмегімен  нәтижені  сипаттауды 
қолданамыз. Оған қоса, сипаттама статистикасының көрсеткіші статистикалық 
критерийлерде  де  қолданылады,  яғни,  эксперименттік  және  бақылау 
топтарының сипаттарының шынайылығын анықтау үшін қолданылады. 
Біз тәжірибеде қатынас шкала арқылы өлшем жүргіздік. Градация саны аз 
кезінде  ақпараттық  көрсеткіш  гистограмма  болып  табылады.  Егер  градация 
саны  аса  көп  болса,  онда  ақпараттық  көрсеткіш  мода  мен  медиана  болады. 
Мода  дегеніміз  –  іріктеме  (выборка)  элементінің  максимал  санын  ие  болатын 
өлшеу  мәні.  Мысалы,  білім  алушылардың  дұрыс  шығарылған  тапсырмалар 
саны  зерттелінсе,  онда  мода  оқушылар  үшін  дұрыс  шығарған  тапсырмалар 
саны  максимал  мәніне  тең  сан  болады.  Ал  медиана  дегеніміз  –  іріктемеме 
элементтерінің  оң  және  сол  жағындағы  бірдей  сандарға  ие,  зерттеу  белгісінің 
мәні.  
Алынған нәтижені дәл сараптау үшін келесі градация пайдаланылды: 16-20 
дұрыс  жауап  –  жоғары  деңгей,  8-15  дұрыс  жауап  –  орташа  деңгей,  0-7  дұрыс 
жауап – төмен деңгей. Максимал тапсырмалар саны – 20.  
Эксперименттік  және  бақылау  топтарының  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқытудың  алғашқы  және  эксперименттен  кейінгі  деңгейлерін  анықтау 
нәтижелері 12 - кесте мен 11 – суретте көрсетілген. 
 
Өлшеу шкаласы 
Атаулар 
шкаласы 
Ранг шкаласы 
(реттік шкала) 
Интервалдар 
шкаласы 
Қатынас 
шкаласы 

96 
Кесте  12  -  Медициналық  жоғарғы  оқу  орны  студенттерінің  физиканы  кәсіби 
бағытта  оқытудағы  экспериментке  дейінгі  және  кейінгі  салыстырмалы 
көрсеткіштері 
 
Кәсіби бағытталу 
компоненттері 
Деңгейлер  
Экспериментке дейін 
Эксперименттен кейін 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 
Мотивациялық 
Жоғары 
Орташа 
Төмен  

15 


10 
13 

17 

12 


Мазмұндық 
Жоғары 
Орташа 
Төмен 

12 
10 


12 

13 
11 
11 
10 

Іс-әрекеттік 
Жоғары 
Орташа 
Төмен 


16 


19 

10 


15 

 
Бұл  кестеде  студенттерді  кәсіби  бағытта  оқыту  көрсеткіштерінің 
бірқалыпсыздығын  көруге  болады.  Мотивациялық  компонентте  студенттердің 
жарты  бөлігі  орташа  деңгейді  көрсетті.  Ал  іс-әрекеттік  компонентте 
экспериментке  дейін  төмен  деңгейді  көрсетсе,  эксперименттен  кейін  едәуір 
азайғандығын  байқаймыз.  Жалпы  эксперименттен  соң,  студенттерді  кәсіби 
бағытта  оқытудың  компоненттері  бойынша  тапсырманың  жоғары  деңгейін 
арттырғанын көрсетті. 
 
 
 
 
Сурет 11 - Кәсіби бағытта оқыту компоненттері бойынша бақылау 
тобымен эксперименттік топтың салыстырмалы көрсеткіштері 
 
Қатынастық  шкаласында  өлшенген  мәліметтер  үшін  Вилкоксон-Манн-
Уитни  критерилерін  қолдандық.  Бұл  критерийлер  ұсынылып  отырған 
әдістеменің екі топ үшін қалай меңгерілгендігін анықтау үшін қолданылады. 
0
5
10
15
20
25
30
35
40
Ж
оға
р
ы
Ор
таш
а
Тө
ме
н
 
Ж
о
ға
р
ы
Ор
таш
а
Тө
ме
н
Ж
о
ға
р
ы
Ор
таш
а
Тө
ме
н
Мотивациялық Мазмұндық
Іс-әрекеттік
Экспериментке дейін БТ
Экспериментке дейін ЭТ
Эксперименттен кейін 
БТ
Эксперименттен кейін 
ЭТ

97 
Екі іріктеме алайық: {х
і
}
і=1…..??????
 мен 

??????
}
??????=1…..??????
  және 
әрбір 
бірінші 
іріктеме  үшін  х
і
= 1 … . . ??????,  екінші  іріктеме  элементі  а
і
  санын  анықтаймыз.  Ол 
өз мәні бойынша (яғни, ??????
??????
саны, ??????
??????
> ??????
??????
екені) артық. Бірінші іріктемені N саны 
бойынша  сандардың  қосындысы  (а
1
+ а
2
+ ⋯ . +а
??????
) = ∑
??????
??????
??????
??????=1
болады.  Ол 
Манн-Уитни  критериінің  эмпирикалық  мәні  деп  аталады  да  ?????? = ∑
??????
??????
??????
??????=1
деп 
белгіленеді. 
Вилкоксон критериінің эмпирикалық мәнін анықтайық: 
??????
эмп
=
|
??????∙??????
2
− ??????|

??????∙??????(??????+??????+1)
12
 
Кәсіби  бағыттаудың  анықталған  компоненттерінің  бірінен  мысал 
келтірейік (кесте 13). 
 
Кесте 13– Вилкоксон – Манн-Уитни критерилері бойынша студенттерді кәсіби 
бағытта 
оқытудың 
компоненттерінің 
экспериментке 
дейінгі 
және 
эксперименттен кейінгі мәні 
 
Экспериментке дейін 
Эксперименттенкейін 


 
БТ 
ЭТ 
БТ 
ЭТ 






16 
18 

10 


10 



11 
11 

16 



16 
18 

20 
20 



10 
12 

10 

14 
15 
11 
14 



13 
15 
10 
18 
19 
17 
18 
11 
15 
16 


12 


14 
16 
13 




14 
19 
20 
12 
15 
15 



10 
16 


19 
20 
17 
14 
15 
12 
12 
18 




19 
13 



20 
17 
19 
13 
14 
21 


18 
18 
22 
10 
12 
13 
15 
23 
18 
18 
11 
13 
24 




25 
15 
15 
17 
19 
26 





98 
13-кестенің жалғасы 
 


27 
12 
14 
10 
12 
28 
 

 

 
Кесте  13  -  Эксперименттің  басы  мен  соңындағы  Вилкоксон-Манн  –Уитни 
критериінің мәні 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет