Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет85/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

     Өзгелерге ұнау. Жеңісті қолдан жасаймыз деп айттық 
қой. Ылғи да жолың болу үшін фокус қою керек, еңбекте- 
ну керек, іздену керек. Қазақта «Адамның күні адаммен» 
деген мәтел бар. Шынында да бәріміз адамдардың қорша- 
уында өмір сүреміз. Сондықтан қайда барсақ та жолымыз- 
ды ашатын да, жабатын да адам. Жақсы адам болудың 
үлкен пайдасы бар. Сен өзгелерге ұнайсың. Ал өзгелерге 
ұнау – жеңіске жетудің ең үлкен алғышарттарының бірі. 
Қалтасында көк тиыны жоқ адам қалай миллиондар жа- 
сайды? Өйткені ол өзіне ең алғаш, даяшы, не жүк тасушы 
__________ 
70
 Алексей Балабанов – кеңестік және ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер, 
«Брат» және «Война» картиналары үшін Кинотавр сыйлығының екі мәрте иегері. 


 
жұмысын берген адамнан бастап, соңғы бизнесіне ақша 
салуға келіскен инвесторына дейін ұнайды. 
     Егер сен Стив Джобс болсаң, өзгелерге ұнамай-ақ 
iPhone шығарасың. Бірақ Арре сияқты компанияның 
бастауында тұрған алғашқы өнімді шығару үшін Воз- 
няк сияқты генийді бірге жұмыс істеуге көндіретін сенім 
күші керек. 
     Ицхак Калдерон Адизес
71
 «Идеальный руководитель. 
Почему им нельзя стать и что из этого следует?» деген 
кітабында жазады: «Сізді жақсы менеджер не лидер қы- 
латын– біліміңіз емес өзіңіз. Уақыт өткен сайын білім 
ескіреді, өзекті болмай қалады, ал сіз өзіңіз болып қала- 
сыз. Білімі бар кісіні жұмысқа алып, оны Адам жасаған- 
ша, Адамды жұмысқа алып, оған білім берген оңайырақ 
     Өзгелерді ойлау. Жақсы адам болу – өзіңді ғана емес, 
өзгелерді де ойлау деген сөз. Өзгелерге көмектесуге дай- 
ын  адамға  өзгелер  де  көмектесуге  дайын  тұрады.  Өмір 
бумеранг сияқты дегенді бәрі айтады ғой. Ол расында 
да солай. Не ексең, соны орасың. Аңызға айналған мил- 
лионер, филантроп Джон Рокфеллердің
72
 жай клерк бо- 
лып төрт доллар тапқан кезі болған. Сол төрт доллардың 
жиырма пайызын жинаған, елу пайызын шіркеуге бер- 
ген, ал өзі қалған отыз пайызын ғана жұмсаған. Бірнеше 
жылдан кейін ол АҚШ-тың ең ірі мұнайшысының біріне 
айналды. 
     Брайан Трейси оның өміріндегі мына фактіні кел- 
тіреді. Рокфеллер мұнай бизнесіне көңіл қойғаны сондай, 
өзгелерге уақыты болмайды. Ол 52 жасында әлемдегі ең 
бай адам саналған. Бірақ тура сол кезде денсаулығы сыр 
берген еді. Әрі кетсе, бір жылдан кейін өлесің дейді дәрі- 
герлер. Сонда Рокфеллер компаниясының жартысын 500 
миллион долларға сатып, «Рокфеллер қорын» құрайды. 
Бұл қор ең қайырымды істерді қолдайды. Ғажабы, ол өз- 
гелерге көп берген сайын, өзін жақсырақ сезіне бастай- 
___________ 
71
  Исхак  Калдерон  Адизес  –  әлемдегі  үлкен  сұранысқа  ие  бизнес-консультанттардың 
бірі.  «TOP-10»  ірі    компаниялар  құрамына  кіретін  Адизес  институтының  негізін 
қалаушы. 
72
 Рокфеллер Джон Дэвисон – америкалық магнит-кәсіпкер филантроп. 


 
208
 
ды. Біртіндеп, аурудан құлантаза айығады. Содан бастап
 
өмірінің соңына дейін шіркеулер мен қайырымдылық 
қорларына жәрдемдесіп тұрған. Сөйткен Рокфеллер ұзақ 
өмір сүріп, 92 жасында қайтыс болды. Жалғыз өзі қайы- 
рымдылыққа жүздеген миллион доллар жұмсап, әлемдегі 
ең жомарт филантроп ретінде тарихта қалды. Соның өзін- 
де ақшасы таусылған жоқ. 
     Тағы сол Брайан Трейси айтады: «Әлемнің ең мықты 
бизнесмендері ең жиі айтатын сөз: «Сізге қалай көмек- 
тесе алам?». Кейде расында да сенің қалай көмектесе 
алатыныңды айтар. Ал көп жағдайда адамдар көмегіңнен 
бас тартады. Бірақ саналы және бейсаналы түрде сенің 
көмек қолын ұсынғаныңды ұмытпайды». 
     Қысқасы, өзгеге көмектесуің таза эгоистік перспек- 
тива тұрғысынан да ақталады. Біріншіден, өзіңді жақсы 
сезініп, моральдық жағынан қанағаттанасың. Екіншіден, 
бұл сен мұқтаж кезде басқалардың көмегіне сенуіңе не- 
гіз болады. Қазақ үшін көрінген бұрышта «Сізге қалай 
көмектесе алам?» деп жүгіріп жүрудің өзі жасандылық 
сияқты көрінуі мүмкін. Белгілі банктің сол ұраны тіпті 
күлкіге айналып кеткенін білесіздер. Эмоциясын ашық 
айтпайтын халықпыз. Бірақ көмегің керек болған сәтті 
өзің де білесің, сезесің. Сонда тартынып қалма. Сен жо- 
март болған сайын, дүние де мәрт болады. Мәрттік мәрт- 
тікпен қайтады. 
     Алайда бұл қолыңдағының бәрін шашып тастауың ке- 
рек дегенді білдірмейді. Грузиннің Пиросмани
73
 деген су- 
ретшісі еске түседі. Өте талантты адам болған, бір кезде 
қолына кішігірім дәулет бітіп, дүкен де ұстайды. Бірақ 
жүрегі жұмсақ бейшара, адамдарға көмектесемін деп та- 
уарының бәрін қарызға таратып, ақыры тақыр жерде қа- 
лады. Халықтың жағдайы қиын еді, ол ешкімге де барып, 
«қарызды қайтар» деп айта алмады. Ал күндердің күнін- 
де: «Не керек, бәрін алыңдар», – деп дүкенінің есігін ашты 
да, өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ 
пен бір бөлке нан үшін көрінген жерде сурет салып, қор 
___________ 
73
 Нию Пиросмани – грузин халқының суретшісі. 
 


болып өтті. Жертөлелдегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір 
сүрді. Жақсы адам болғаны оны құтқара алған жоқ. 
     Бұдан шығатын қорытынды: әрине, адамдарға көмек- 
тесу керек. Қайырымдылықпен айналысу керек. Бірақ 
белгілі бір деңгейге жеткенде мұқтаж жандардың, көмек 
сұрайтындардың өте көп екенін түсінесің. Дүниедегі ке- 
дейлік пен жоқшылықтың бәрін жалғыз өзің жоя алмай- 
сың. Соны түйгенде моральдық ориентирлерің сені алға 
жетелейді. 
     Өзіне ұнау. Ал одан да бұрын, өзіңнің ең басты су- 
дьяңды ұмытпа. Ол – өзің. Психолог Натаниель Бранден- 
де «Өз алдыңда репутация жасау» деген ұғым бар. Өзіңді 
жақсы сезіну үшін, өзің туралы пікірің де жақсы болу 
керек. Және, әрине, оған негіз де керек. Өзін тежей ал- 
майтын, құштарлығын меңгере алмайтын, қорқынышын 
құлыптай алмайтын, салмағын дене басқара алмайтын, 
өз уақытын, өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, 
тәртібі жоқ адам өзін құрметтей алмайды. 
     Бір қорқынышымды жеңдім, бағам өсті. Өзімнің ал- 
дымда. Бір азыруға төтеп бердім. Бағам өсті. Өзімнің 
алдымда. Осы үрдіс бәрінен де маңызды. Өйткені сен 
өзіңізді құрметтеген кезде өзгелерді де құрметтей бастай- 
сың және оларда сені құрметтей түседі. Тіпті конструк- 
тивті емес сын естіген кезде сен оның конструктивті емес 
екенін біліп тұрасың. Егер өзің туралы пікірің төмен бол- 
ca, әрине сен эмоционалды тұрғыда қорғансызсың. 
     Біреу сені сынады ма, келісуің міндет емес, қарсы 
шығып, жанжалға дейін баруың мүмкін. Бірақ іштей 
жеңіліп тұрсың. Өйткені оныкі дұрыс екенін білесің. 
Іштей өз бағаңды білесің ғой. Тыңда, сен сияқты ешкім 
де өзіңді білмейді. Өйткені ешкім дәл өзің сияқты жиы- 
рма төрт сағатты сенімен бірге өткізбейді. Сондықтан 
сенің өзің туралы пікірің бәрінен де маңызды. 
     Әрқайсымыз әртүрліміз. Соған сәйкес, әрқайсымыз- 
дың күресетін қарсыласымыз, алысатын дұшпандары- 
мыз да басқа. Көрсекызар үшін ол керек емес затты са- 
тып алудан сактану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина 
 
 


 
210
 
жасаудан сақтану болуы мүмкін. Мешкей үшін тамақтан 
сақтану болуы мүмкін. Ақшаны қажет емес нәрсеге, ар- 
тық шоколадқа жұмсамау, некеге адалдықты сақтап қалу 
да өзіңе деген құрметіңді арттырудағы бір қадам. 
     Дисциплинаға үйрену. Адамның жеңісі арманда- 
рының масштабына және жоспарларының миссиясына 
сәйкес келетініне байланысты. Арманды миссияға, мис- 
сияны шындыққа айналдыратын құдірет дисциплина 
(тәртіп) деп аталады. Көбіміздің үлкен жеңістерге жете 
алмайтынымыздың бір себебі – өзімізді тізгіндей алмай- 
тынымыз. 
     Егер сенің де дисциплинаңмен жұмыс істеу керек 
екенін сезсең, ең алдымен қай салада кемшін түсіп жатқа- 
ныңды анықта. Мысалы, кей адамдар жоқшылықтың yы- 
сынан шыға алмайды. Ал одан шығу үшін, біріншіден, 
жұмыс істеу керек, екіншіден, ақша жинау керек. Ақша 
жинау үшін де дисциплина керек. Әр жалақыны, табыс- 
тың, кірістің отыз пайызын жинауды әдетке айналдырып 
отыру қажеттігі жалпыға белгілі. Клемент Стоун айта- 
ды: «Егер ақша жинай алмасаңыз, ірілік те қолыңыздан 
келмейді». Үйіңде жинай алмасаң, сенімді бір адамға – 
анаңа, жолдасыңа, досыңа жалақынның отыз пайызын 
сақтау үшін беріп қой. Немесе жалақы алатын банкіңнен 
депозит ашып, карточкаңнан автоматты түрде аударып 
отыруды әдетке айналдыр. 
     Болмаса, артық салмақпен күресіп жүрген шығарсың? 
Артық шоколад жеп қоймас үшін, өзіңді сүйреп спорт- 
залға апару үшін де дисциплина керек. Мүмкін, темекіні 
тастағың келетін шығар? Немесе таңертең жаттығу жа- 
сауды әдетке айналдыра алмай жүрген боларсың? Келесі 
дүйсенбіден бастаймын, жаңа жылдан бастаймын деген- 
нің бәрі – жай ғана сылтау. Саған керегі дисциплина ғана. 
     Дисциплинаның негізі – әрекетті әдетке айналдыру. Бір 
нәрсе әдетке айналғанда, ол «ұнайды, ұнамайды», «істегім 
келеді,  келмейді»  деген  категориядан  шығып  кетеді.  Ол 
жай ғана әдетке айналады. 
     Психолог Терри Коул Виттакер айтады: кез келген әре- 
кеттің әдетке айналуы үшін үш апта уақыт керек. Жиыр- 
 


ма бір күннен кейін ол автоматты түрде істелетін болады. 
     Темірдей тәртіпке үйрену үшін, өзіңнің нашар 
әдетіңнің зардабын анықтауың керек. Дисциплинаның 
керектігін, оның зардабын бағаламайынша түсінбейсің. 
Оның бірден-бір оңай жолы – тізім жасауды үйрену. 
     ТІЗІМНІҢ «ҚҰДІРЕТІ». Мысалы, сен ақшаны көп 
жұмсайтын адамсың делік. Онда сатып алған заттарың- 
ның бәрін ерінбей тізіп отыруды әдетке айналдыр. Бір 
апта, бір ай, бір жыл бойы жасаған тізімге қарағанда, қан- 
ша ақшаны қажет емес заттарға жұмсағаныңды білетін 
боласың. Болмаса қанша тәтті жегеніңді тізіп отыр. Қан- 
ша калорияны артық тұтынып қойғаныңды, қанша қант- 
пен ағзаңды улағаныңды есептеу оңай болады. Үздіксіз 
жалғасқан тізімдердің арқасында адам кішкентай әре- 
кетін үлкенірек контексте көре алады және сәйкесінше, 
оның нәтижелерін де бағалай алады. 
     Мысалы, қазір танымал бола бастаған «кроссфит» де- 
ген қозғалыс бар. Белгілі бір уақыт үзігінде адамдар қан- 
дай физикалық жаттығулар жасағанын тізіп отырады. 
Онысы басқаларға да көрініп тұратындықтан, адам өзін- 
өзі шыңдауға, кешегісінен бүгін артық болуға тырысады. 
Бұл – басқамен емес, алдымен өзіңмен жарысу. Әрбір кіш- 
кентай жеңіс адамның бойындағы эндорфинді көтеріп жі- 
береді. Егер жиі-жиі осы эндорфиннің көтерілгенін сезін- 
сең, оған бой үйретіп қаласың. Келесі кішкентай жеңіске 
бейсаналы түрде ұмтыласың. 
     Бұл және бүгін ойлап тапқан әдіс емес. Ежелгі грек 
философтары «һupomnemata» деп аталатын журнал 
жүргізіп отыратын болған. «Бүгін қандай жамандықтан 
өзімді сақтадым? Бүгін қандай жақсылық жасадым?» деп 
есеп берудің арқасында, өздері сіңірген философиялық 
ойлардың өмірде де пайдаланылып жатқанын қадағалай- 
ды екен. 
     «Как работать по 4 часа в неделю, не торча в офисе от 
звонка до звонка» (The 4Hour WorkWeek) кітабының авто- 
ры, америкалық шешен және бизнес кеңесші Тимоти Фер- 
рис – өзін бақылаудың сөзсіз чемпионы. Ол өзін лайфхакер 
 
 


 
212
 
деп атайды: барынша аз күш жұмсап, дене салмағын қал- 
пында сақтауды мақсат етеді. Он сегіз жасынан өз нәтиже- 
лерін тіркей бастайды. Соның арқасында қандай режим- 
де ол жақсырақ ұйықтайды, жақсырақ тынығады, азырақ 
ауырады, тезірек жазылады… соның бәрін анықтай алатын 
деңгейге жетті. Мұндағы идея – өзіңді тану және өзіңді 
тану бойынша сарапшыға айналу. 
     Мүмкін, сенің негативке байланып қалатын әдетің 
бар шығар. Жюль Еванс «Өмірге арналған философия» 
(Philosophy for Life and other Dangerous situations) деген 
кітабында «Ризалық күнделігі» деп атайтын күнделік 
жүргізуді ұсынады. Бұл өмірдің қараңғы жақтарын көру- 
ге бейім жандарға өзін өзгертуге тамаша мүмкіндік дейді 
ол. Мысалы, Марк Аврелий екі мың жыл бұрын «Меди- 
тация» деген кітап жазды. Онысы тек қана күн сайынғы 
алғыс еді. Қазіргі смартфондарда көңіл күйіңді, ішімдік 
пайдалануыңды, ұйықтауыңды, диетаңды, физикалық 
жаттығуларыңды, шығыстарың мен кірістеріңді, қысқа- 
сы өміріңнің кез келген аспектісін тізіп отыратын қосым- 
шалар толып жатыр. Өз әдеттерің мен эмоцияларыңды 
тізіп отыру, өз өзіңе есеп беруге және өзіңді тәртіпке са- 
луға көмектесетін жақсы құрал дер едім. 
     Және әрине, жеңістерді де тізіп отыру керек. Темекі 
шекпеуге шешім қабылдадың ба, оны атап өт. Күн сайын. 
Қанша уақыт темекісіз өмір сүрсең, соншалықты өзіңе 
деген бағаң артады. Грек философы Эпиктет кез келген 
жаман әдеттен арылу үшін отыз күн керек деген. Тізім, 
жасауға күніне ұйқыға кетерде уақыт бөл. Қажет болса, 
телефонға ескертпе орнат. Бірақ тізім жасамайынша, ұй- 
қыға кетпе. Сократ айтқан: «Қандай ас ішіп, қандай жат- 
тығу жасағанын үнемі қадағалап жүретін адамға дәр- 
гердің керегі жок». Қысқасы, тізім жасау өзіңді жетілдіру 
жолында жүйелі қадағалаудың кұралы бола алады. 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет