СЕНІ БІРЕУ ҰРСА, ҚАЛАЙ ЖAУАП БЕРЕСІҢ? Немесе ПРОАКТИВТІЛІКТУРАЛЫ МОНОЛОГ Өмірде әсер ете алмайтын нәрселер бар: ауа райы, адамның өлімі, ақша бағамының өзгеруі. Қала- сақ та, қаламасақ та бұларды өзгерте алмаймыз. Бірақ, әсер ететін нәрселер бар: біліміміз, іс-әрекетіміз, табы- сымыз. Өзімізді дамыту арқылы басқа жайттарға әсер ете аламыз. Проактивтілік дегеніміз – өрт лаулаған сәтте әрекет
ету емес, өртті болдырмау үшін, алдын ала әрекет ету.
Сені біреу ұрған кезде, жауап қайтару емес, сені біреу ұр-
мас үшін не істеу керегін ойлау.
Мысалы, студент болып жүрген кезде, жоғары оқу ор-
нын бітіргенде жұмыс істеу емес, оқу орнын тәмамдаған-
да, саған жұмыс берушілер кезекке тұру үшін әрекет жа-
сау. Отбасыңның қашан ыдырап кететінін күтіп отырмау,
оны болдырмау үшін жарыңды сыйлау, оған гүл әкелу,
бұл – проактивтілік.
Егер біз болған жағдайға реактивті емес, проактивті
көзқараспен қарасақ, біздің өміріміздегі көптеген кері
әсер тигізетін жағдайлардың болмауына әсер ете аламыз.
Осы қағиданы дұрыс ұстансақ, көптеген жеңістерге жете
аламыз.