Қуаныш шонбай


Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адамдар



Pdf көрінісі
бет82/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адамдар 
көбірек табысқа жетеді. 
 
Кәсіпкер емес, тырыскер дейтінім де содан. Кейде жа- 
уапкершілік маған әлемдегі ең маңызды қасиет сияқты 
көрінеді. Және, байқауымша, адамдардың көпшілігі со- 
лай қабылдайды. Егер өз өміріңе жауапкершілік алсаң, 
өз қателігіңе жауап беруден қорықпасаң, қоғам да мұны 
құрметтейтін болады. 


     Олай дейтінім, 2017 жылы Алматыда күтпеген жерден 
жағымсыз оқиға болды. 23 қыркүйек, сенбі күні 35 адамға 
арналған палау, салат, жасымық сорпасы секілді көлемді 
тапсырыс түсті. «Достық» даңғылындағы «Rumi» мей- 
рамханасы мен Абай даңғылындағы «Мәдени» асхана- 
сын біріктіріп, тапсырыс берген мекенжайға жеткізген 
едік. Кейінірек бес адамның тамақтан уланып, ауруха- 
наға түскені мәлім болды. Ести сала ауруханаға бардық. 
Бәрі де көп ұзамай жұмыстарына шығып кетті. «Rumi» 
мен «Мәдениге» келіп, 1300 адам дәл сол тағамдардың 
350 порциясына тапсырыс берген екен. Бірақ олардың 
ешқайсысынан шағым түскен жоқ. Сондықтан біздің 
топшылауымызша, кінәрат тағамдарды сатып алғаннан 
кейін дұрыс сақтамаудан болды-ау деп жобаладық. Осы- 
ны ескерген зиян шегуші тарап та бізге кінә артпады. 
     Қалай болғанда да СЭС өкілдері келіп, жағдайды 
анықтау үшін тексеріс жүргізді. Олардың тапқан міні 34 
сағаттың ішінде жойылды. Тіпті талап етілмесе де, қай- 
тадан дезинфекция жасап жібердік. Бұл біз үшін өте қо- 
лайсыз жағдай болды. Өйткені осындай инциденттердің 
алдын алу үшін талап етілгеннен де жиі анализ жасай- 
мыз, қызметкерлерімізді оқытамыз, қадағалаймыз. Осы- 
ның бәрін ескере отырып, әлеуметтік желілерде пост 
жаздым. Жағдайдың бәрін болған күйінде түсіндірдім. 
Мен айтпасам, сол желідегі адамдардың, біздің тұрақты 
және потенциалды қонақтарымыздың көбі сол жағдайды 
естімес те еді. Бірақ біз барынша тұнық бизнес жүргіз- 
гіміз келеді. Мүмкін, ол қымбатқа түсер, бірер қонақтар- 
ды жоғалтып та алармыз. Бірақ шындық қымбат. Әри- 
не, кінәліні басқа жақтан іздеп, өзімізді судан ақ, сүттен 
таза деп жариялауға да болатын еді. Бірақ біздің кінәлі 
болуымыз құрығанда бір пайызға мүмкін болса, ақауды 
өзімізден іздейміз. Өзімізге прокурор, өзгелерге адвокат 
болғымыз келеді. Керісінше емес. Біз дәмханаларымыз- 
ды қайталап тексереміз, СЭС қызметкерлерін өз еркіміз- 
бен шақырамыз. Кемшіліктерімізді көрсетсін. Қажеттілік 
болса, ескертпелерді түзету үшін уақытша «Rumi»-ді жа- 
 
 


 
200
 
уып та қоя аламыз. Әрине, ақша тапқымыз келеді, бірақ 
қонақтарымыздың денсаулығы бәрінен де маңызды. Осы 
жағдайларды түсіндіргенде, желі қолданушылар «Rumi»- 
ді тіпті көтеріп әкетті. Өйткені жауапкершілік деген – 
бәріміз де бағалайтын қасиет. 
     Өзіңе сену. «Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына 
түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жеңіске жетуі 
мүмкін емес». Дени Дидроның сөзі. «Көп адамның өзі 
ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды 
күтіп жүретінін байқаймын. Бұл дұрыс емес». Жетімдер 
үйінен шығып, бүкіл әлемге танылған, өзін дамыту бой- 
ынша әйгілі тренерлердің бірі, бірқатар бестселлерлердің 
авторы Уэйн У.Дайердің пікірі. 
     Кеңестік қыспақ күндерді есіне алған Мұхтар Маға- 
уин бiрде былай дейді: «Сол тар күндердің өзінде күш 
берген немене? Сенім болса керек. Өзіңді өте жақсы 
көретін едің. Мен жазбасам, қазақ әдебиеті тұралап қа- 
лады, мен күреспесем, ежелгі мұра біржола ұмытылады, 
атаның әруағын арқалап жүрген – жалғыз өзім, алаштың 
мұратын келер ұрпаққа жеткізетін – Мен, Мен ғана, Мен 
болмасам, ұлысымның ырысы ортаяды, ұрпағымның 
көкіреккөзі ашылмайды, Мен, Мен... деп ойладың. Аз 
ба, көп пе, бар жасаған еңбегің – осы. Сенімнің көрінісі». 
Бұл – Мұхтар Мағауиннің «Мен» автобиографиялық ро- 
манынан үзінді. 
     «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылыңмен еңбегің 
екі жақтап» дейді Абай. «Мен ең күштімін. Менен асқан 
ешкім жоқ. Бұл эго, жалған мақтан емес. Күн сайын мен 
өзіме қайталаймын. Мен үздікпін. Менен асқан ешкім жоқ. 
Осыны қағазға жазып, айнаға іліп қойдым. Есіме түсіріп 
тұру үшін. Бүкіл әлемнің чемпионымын. Ресей, Қытай, Жа- 
пония, Америка, бүкіл әлемнің чемпионымын. Осылай қай- 
талай  бердім.  Шынымен  чемпион  болғанға  дейін.  Және 
жай  ғана  чемпион  емеспін,  өзіме  дейін  болғандардың 
бәрінен  артықпын».  Мұхаммед  Әли,  1971  жылы  берген 
сұхбатында солай дейді. 
     Ағылшындар айтады: fake it, until make it. Алдымен 
жеңіске жеткендей кейіп танытасың, сосын оған жетесің. 
 


«Мен – бiрiншiмiн. Ойымда, өз қиялымда мен ылғи 
біріншімін. Басқалар не десе, о десін, мен бiрiншiмiн». 
Криштиану Роналду осылай дейді. 
     Жеңіске жете алатынына сену керек. Сонда ғана сен 
өзіңді жеңіске жетелейтін қадамдар жасайсың. Бақыт пен 
жеңіс заңдылық деп қабылдау керек. «Қолымнан келеді 
десең де, қолымнан келмейді десең де сенікі дұрыс». 
Конфуцийге
66
 телінетін сөз. «Егер сіз бірдеңе қаласаңыз, 
демек оның орындалуына керектінің бәрі сіздің ішіңізде 
бар» дейді Трейси. 
     Жолыңа бөгет болатын нәрсенің бәріне түкір. Наполеон 
Хилл айтады: «Адам шын қаласа, мақсаттарға жеткізетін 
сиқырлы күшке ие болғандай сезінеді». Жоспарлар іске 
асқан сайын, сенің өзіңе деген сенімің арта түседі. Бұл жаңа 
белестерге жетелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет