Вариативтік компонент Тақырыбы: «Денсаулық әліппесі»



бет2/33
Дата24.08.2023
өлшемі135,93 Kb.
#105553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Денсаулық әліппесі»
Тақырыбы: Жеке бас тазылығы
Мақсаты: Денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсінік беру.
Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу қызметінің барысы:
Педогог балаларға бір-бірімен амандасуға ұсыныс жасайды.
Педогог балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір-бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері – ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.
Балалардан ата-аналары мен жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді қолданатынын сұрайды.
Педогог амандық сөздерге жеке-жеке, қысқаша түсінік беріп өтеді.
Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.
«Амансың ба?» деген сөз – бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір-бірімізге денсаулық тілейміз.
-Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмағанда адам туралы не айтуға болады? Денсаулық деген не?
Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінде айтып береді.
Адам ауырса ыстығы көтеріледі, жата бергісі келеді, терлейді, әлсіреп, тамаққа тәбеті болмайдф, көңіл күйі бәсеңдейді. Дәрігер оларға дәрі, екпе дәрі жазып береді.
Ауырған бала балабақшаға, мектпке бармайды. Үлкендер жұмысқа бармайды. Олар үйде дәрі ішіп, емделеді.
Қорытынды:
Валеология – денсаулық туралы ғылым.
Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.
«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» - ғажайып сөздер.
Үйге тапсырма: ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау және сабын туралы жарнама ойлап келу.
:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет