Толық емес немесе жартылай қабылдау



бет1/7
Дата28.09.2022
өлшемі67,36 Kb.
#40590
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
пациентпен карым-катынас


Пациент қабылдауға немесе консультацияға келгенде дәрігермен түсінісуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл әдетте бірнеше себепке байланысты болады.
Толық емес немесе жартылай қабылдау.
Бейсана жағдайында пациент өзін қызықтыратын ақпаратты ғана есте сақтайды және келіседі, яғни ол сіздің ұсыныстарыңызды өзінің сыни бағалауы арқылы қабылдайды. Осыдан кейін, сенім немесе түсіну деңгейіне байланысты әдейі немесе бейсаналық түрде айтқан сөздеріңізді бұрмалауы мүмкін.
Түсінбеушілік.
Егер дәрігер медициналық терминдерді көп қолданса, күрделі симптомдар туралы айтса, пациент толық дұрыс түсінбей қалады да, ақпараттың маңызын жеткілікті бағалай алмайды.
Бәсекеден қақтығысқа дейін.
Әдетте дәрігерлер сарапшы ретінде сөйлеуге дағдыланады және пациенттердің пікірін немесе қарсы пікірін тең сұхбаттас ретінде тыңдауға дайын емес. Бұндай кезде пациент тағайындалған емнен бас тартуы мүмкін.
1-әдіс. Пациенттің емделуге деген ынтасы мен одан көретін пайдасын айтып сендіру
Медициналық психологияда «мотивациялық кеңес беру» деген ұғым бар – бұл дәрігер мен пациенттің серіктес ретіндегі қарым-қатынасы. Мұндай процесте дәрігер пациенттің өмір салтын өзгертуге деген ішкі ынтасын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын табуға немесе қолдауға қабілетті болады. Сонымен бірге ол логикалық дәлелдер келтіреді, пациенттің диагнозы мен емдеу әдістерін, болатын жанама әсерлер туралы салмақты түрде айтады, пациентке сұрақ қоюға және өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Клиникалық зерттеулердің кездейсоқ таңдап алынған 49 мета-талдауының нәтижелері бойынша пациенттерге мотивациялық кеңес берудің ең тиімді нұсқалары табылды:

  • оқытуды қамтамасыз ету немесе телефонмен жеке кеңес беру;

  • созылмалы ауруларды бірлесіп жүргізу үшін клиникалық фармацевтпен кеңесу;

  • телефонмен немесе кейінгі кездесулерде ауруды бақылау жиілігін арттыру;

  • когнитивті мінез-құлық терапиясын қолдану – психология саласындағы дайындалған кеңесшілермен мотивациялық сұхбат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет