Вестник инновационного евразийского университета



Pdf көрінісі
бет106/108
Дата24.09.2022
өлшемі2,78 Mb.
#40059
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Барыс бітіс – тектілік, тебінділік, 
Артында жоқ аттам жер шегіншілік. 
Жекпе-жекте тіксініп аянбайды, 
Қыбын табар қайтсе де ебін біліп. 
Барыс мінез – сабырлы ой, қырағылық, 
Сыбысты да сыбдырды тұрады ұғып. 
Асқар шынды, асуды бағындырар 
Зерек зерде, серттілік – мұра құлық [11, б. 32]. 
Автордың қазақ халқының бойындағы жойқын мінезді барысқа телуі орынды. Өлеңнің өн 
бойында бүгінгі құлашын кең жайған кемелді ел болғанымыз қазақ халқының барыс мінезділігінің 
нәтижесі екені анық берілген.
Барыс жүріс – ептілік, шыдамдылық, 
Шыға білу ентікпей шығанға ұрып. 
Айдаһарға жұтылмау, аюға да 
Төтеп беру ақыл-күш сыбандырып 
Барыс тұрыс – қаймықпау, босаңсымау, 
Жауды зорсып, іш жиып тосаңсымау. 
Бағыштаған жүрегін, бар ғұмырын 
Құз, шатқалды жат білу, су өткелін. 
Барыс үрдіс – сөз бермеу, берсе орындау, 
Сұғанақтан сұм-сұрқай еш қорынбау. 
Белін үзу кемсау килікеннің, 
Бас игізу, жасқанту әр зорын дәу. 
Қар барысы – тау барыс, қайсар барыс 
Еш қауіптен, қатерден тайсалмаған. 
Қай-қашанда жеңіске бастайды оны, 
Қорғанышшыл жасақты айсаңлақ іс [11, б. 32]. 
«Барыс» символ. Ұлттық мінезді сипаттаушы құрал. Ақын барысты сабырлықтың, ептіліктің, 
шыдамдылықтың, қайсарлықтың нышаны етіп алып, оны қазақтың қанына сінген қасиеттерімен 
ұштастырған. Ақындар Көк туды ата-бабамыздың жүзеге асқан арман-аңсарының символы, 
азаттығымыздың асқақ та айбынды белгісі деп қабылдағаны анық. 
Ж.Бөдешұлы былай жырлайды: 
Қазақтың көк байрағы
Қазанымның – қаймағы. 
Анамның – ақ дидары. 
Қазақтың көк байрағы
Жасыл тау, жасыл аймағы, 
Әнімнің – шырқау әуені, 
Жырымның – терең қайнары. 
Қазақтың көк байрағы
Ұлтымның – ұлы айбары. 
Ұядан ұшқан – қыраны, 
Далада жортқан – сайғағы. 
Қазақтың осы байрағын 


Вестник Инновационного Евразийского университета. 2014. № 4 ISSN 1729-536X  109 
Көріп тұрған көз асыл, 
Суреттеген сөз – асыл, 
Ұстап тұрған – қол алтын, 
Іліп қойған – төр алтын [12, б. 237]. 
Тудың өзі егемендіктің белгісі. Сол себепті бұл жерде соншалықты тұспал бар деп айту қиын. 
Ақын тек байрақ деп алмай, көк деп баса айтады. Көк – аспан әлемін жайлайтын тәңірі екені бізге сонау 
арғы атамыз түркілерден белгілі. Көк – әлі піспеген, жас дегенді білдіреді. Көк – көнбіс, шыдамды, көк – 
қаһарлы, қайсар дегендерді де білдіреді [13, б. 70]. 
Қорыта келетін болсақ, азаттық жырларында бұғауда болған жылдарды ұлттық сипаттағы, әрі тура 
мағынасын алғандағы шынымен байлау мағынасын білдіретін сөздермен беріледі. Әдебиеттегі ұлттық 
сипат – үзілмей келе жатқан дәстүр сабақтастығы. Бұл мәселені сипаттауда түрлі символдардың ұтымды 
жұмсалуы азаттық жырларының көрінісі болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет