Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Құрманұлы О. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың өзекті 
мәселелері//Қазақ білім академиясының баяндамалары, №3, 2010. 
2.  Байжұманова  Н.С.  Кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  ерекшеліктері  //  Қарағанды 
университетінің хабаршысы, №2 (54), 2009. 
3.  Барсай  Б.Т.  Құзыреттілік  –  педагогтың  кәсіби  дайындығының  маңызды  сапасы  // 
Білім, №6 (42), 2008. 
4.  Кенжебеков  Б.Т.  Маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  теориялық  негізі  //  Бастауыш 
университет. 2005 –№ 3. – Б. 3-7.   
5.  Панина  С.А.  Становление  профессиональной  компетентности  у  будущих  учителей 
иностранных языков // Высшее образование сегодня. 2001.  №3. – С.19. 
6. 
Кенжебеков 
Б.Т. 
Университет 
студенттерінің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың теориясы мен практикасы. (монография). – Астана, 2001. – 275 б.  
7. Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной 
парадигмы  образования/А.В.  Хуторской  //Народное  образование.  Российский  общественно-
педагогический журнал. 2003. №2.  
8.  Зимняя  И.А.  Ключевые  компетентности  как  результативно-целевая  основа 
компетентностного подхода в образовании. – М.: Исследовательский центр проблем качества 
подготовки специалистов. 2004. – С.45. 
9. Попов М. Полный словарь иностранных слов, вошедших в употребление в русском 
языке, 1907 – [Электронный ресурс] /http://www.inslov.ru/html-komlev/k/kompetentnost5.html 
10.  Равен  Джон.  Компетентность  в  современном  обществе.  Выявление,  развитие  и 
реализация. – М., 2002. 
11.  Полторацкий  А.П.  К  вопросу  о  соотношении  понятий  «компетенция», 
«компетентность»,  «квалификация».  Экономика,  право,  культура  в  эпоху  общественных 
преобразований:  Материалы  международно  научно-практической  конференций,  24  январь, 
2014г. – Алматы, 2014. – 492с. 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
143 
 
РЕЗЮМЕ 
Н.У.Сайбекова, ст.преподаватель 
(г. Алматы, Казахский госдарственный женский педагогический университет) 
Понятия «компетентность», «компетенция» и «профессиональная компетенция» 
Компетентность  –  владение,  обладание  человеком  соответствующей  компетенцией, 
включающей его личностное отношение к ней и предмету деятельности. Компетентность  – 
наличие  знаний  и  опыта,  необходимых  для  эффективной  деятельности  в  заданной 
предметной  области.  Компетенция  включает  совокупность  взаимосвязанных  качеств 
личности  (знаний,  умений,  навыков,  способов  деятельности),  задаваемых  по  отношению  к 
определенному  кругу  предметов  и  процессов  и  необходимых  для  качественной 
продуктивной  деятельности  по  отношению  к  ним.  Компетентность  –  потенциальная 
готовность  решать  задачи  со  знанием  дела:  включает  в  себя  содержательный  (знание)  и 
процессуальный (умение) компоненты и предполагает знание существа проблемы и  умение 
её  решать;  постоянное  обновление  знаний,  владение  новой  информацией  для  успешного 
применения  этих  знаний  в  конкретных  условиях,  то  есть  обладание  оперативным  и 
мобильным знанием. В статье рассматриваются понятия «компетентность», «компетенция» и 
«профессиональная компетенция».  
Ключевые слова: компетентность, компетенция, опыт, профессиональная компетенция, 
знание, умение, навык. 
 
Summary 
N.U.Saibekovasenior teacher 
(Almaty city, Kazakh State Women`s Teacher Training University) 
Concepts «competency», «competence» and «professional competence»  
Competence  –  possession,  possession  of human relevant  competence, including his  personal 
attitude  towards  it,  and  the  subject  of  activity.  Competence  –  the  existence  of  the  knowledge  and 
experience  required  to  operate  effectively  in  a  given  subject  area.Competence  includes  the  set  of 
interconnected qualities of the personality (the knowledge, skills, habits, approaches of activity), set 
in  relation  to  a  certain  circle  of  subjects  and  processes  and  necessary  for  high-quality  productive 
activity  in  relation  to  them.  Competency  –  potential  readiness  to  solve  problems  with  the 
knowledge:  includes  substantial  (knowledge)  and  procedural  (skill)  components  and  assumes 
knowledge,  significance  of  problem  and  ability  to  solve  it;  continuous  updating  of  knowledge, 
possession of new information for successful application of this knowledge in specific conditions, 
that  is  possession  of  operational  and  mobile  knowledge.  Concepts  «competency»,  «competence» 
and «professional competence» are considered in the article.  
Keywords: competency, competence, experience, professional competence, knowledge, skill, 
habit. 
 
 
 
ӘОЖ 81:3 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Қ.Б.Торғаева, магистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  құзыреттілік  әдіс  оқушының  хабардарлығын  емес,  нақты 
құбылыстарды  түсіндіре  алу  мен  білуінде.  Сонымен  қатар,  құзыреттілік  әдіс  заманауи 
техника мен технологияны қолдануда; практикалық өмірде; мамандық таңдауда, өмірдегі өз 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
144 
 
орнын  білуге,  мәселелерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға  байланысты  өмірлік  мәні  бар 
қиындықтарды шеше білу біліктілігін арттырады. Шетелдік білім берудегі бұл факторлар өте 
маңызды  рөл  атқаратыны  белгілі,  яғни  құзіреттілік  әдістің  педагогикалық  теория  ретіндегі 
маңызы зор екендігін байқаймыз. 
Түйін  сөздер:  мәдениетаралық  құзыреттілік,  құзыреттілік,  білім  үдерісі,  әдіс,  жеке 
тұлға, модернизациялау, тұжырымдар. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  деп  аталатын  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біз 
ағылшын  тілін  игеруде  серпіліс  жасауымыз  керек.  Қазіргі  әлемнің  осы  «лингвафранкасын» 
меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деп 
айтқаны  баршамызға  мәлім  [1].  Бәсекеге  қабілетті  азамат  қалыптастырғымыз  келсе 
халықаралық  тіл  мәртебесіне  ие,  ағылшын  тілін  игерген,  заман  талабына  сай,  бәсекеге 
қабілетті  етіп  тәрбиелеп  шығаруымыз  керек.  Орыс  тілі  мен  қосымша  білім  алып, 
дүниетанымын  дамытып,  араласатын  ортасын  кеңейтіп,  іргелес  мемлекеттерден  анағұрлым 
ілгері  тұрған  Қазақстан  мемлекеті  бұл  жетістіктерімен  шектеліп  қалмау  үшін  де 
көптілділікке, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға  ұмтылуда.  
Тілі, діні, мәдениеті өзге қоғамда өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру 
аз,  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  мәдениетін,  салт-дәстүрін  де  меңгеру  керек.  Жаңаша 
бағыттағы  әлеуметтік  және  мәдени  кеңістіктің  пайда  болуы  білім  беру  жүйесінің  алдына 
халықаралық  мәдени-кәсіптік  қарым-қатынастарды  жүзеге  асыра  алатын,  яғни 
мәдениетаралық  құзыретті  мамандар  даярлауды  алдарына  үлкен  міндет  етіп  қоюда
Мәдениетаралық  қарым-қатынас  құзыреттілігін  мамандардың  кәсіби  деңгейі  арқылы 
қарастырсақ, мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымы өзге мәдениет өкілдерінің көзқарастары 
мен  пікірлерін  түсініп,  өзінің  іс-әрекетін  түзету,  қарым-қатынас  барысында  мәселелерді 
болдырмау, оны шешу жолдары, түрлі құндылықтар мен нормалардың өмір сүруге құқы бар 
екенін  мойындау.  Осының  бәрі  заманауи  маман  алдында  тұрған  міндеттер.  Ол  кәсіби 
ұтқырлықтың,  өмірдегі  түрлі  өзгерістерге  дайындықтың  негізі  болады,  маман  иесін 
дүниежүзілік  жетістіктердің  стандарттарына  ұмтылуды  қамтамасыз  етеді,  коммуникативтік 
пен  толеранттылықтың  негізінде  кәсіби  өзін-өзі  белсендіруге,  дамытуға  мүмкіндік  бере 
алады.  Мәдениетаралық  коммуникативті  құзыреттілік  –  қалыптасқан,  толыққанды 
әлеуметтік,  кәсіби,  жағдаяттық  тұрғыдан  шетел  тілінде  мәдениетаралық  қатысымға  өзге 
мәдениет  өкілімен  еркін  түсе  алу  біліктілігі.  И.И.Халеева:  «Мәдени  жүйелілік  жүйе 
шектеуінен  асқан  жағдайда  танылатын  адами  өзара  іс-әрекеттердің  барлығы  мәдениаралық 
болып табылады» деп жазады [2,11б]. 
Тіл  –  ғасырлар  жемісі,  халық  мұрасы,  ұлттық  қазына.  Халық  өміріндегі  тарихи 
белестер,  ұлы  өзгерістер,  сыры  ұрпақтан-ұрпаққа  тіл  арқылы  жетеді.  Ұлт  мәдениетінің 
негізгі  көрсеткіші  –  көркем  әдебиеттің  де  шынайы  болмысы,    шеберлігі,  оның  тілі  арқылы 
көрінеді.  ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдары  дами  бастаған  тіл  білімінің  антропологиялық 
парадигмаға  көшу  үрдісі  «адам-тіл-мәдениет»  және  «адам-тіл-ойлау»  үштігіне  сүйенетін 
гуманитарлық  зерттеулердің  жаңа  бағыттарына  жол  ашты.  Бұған  дейінгі  салыстырмалы-
салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылымдық-мағыналық бағытта ғана 
қарастырылып  келсе,  бүгінгі  таңда  антропоцентристік  бағыттағы  уақыт  көшінде  әртүрлі 
тілдерді  салыстыра-салғастыра  зерттеу  ерекше  қызығушылық  танытуда.  Ұлт  мәдениетінің 
қай  түрінде  болмасын,  онда  сол  ұлттың  бүкіл  таным  болмысы  мен  тұрмыс-тіршілік  суреті 
сақталған.  Шетел  тілін  оқыту  барысында  оқушыларды  өздеріне  жат  әлемді  түсіне  білуге 
бейімділіктерін  арттыру  керек.  Жаңа  заман  өкілдері,  буындары  жаңа  шығармашылық  іс-
әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық 
қарым-қатынаста  туындайтын  қарама-қайшылықты  болдырмауға  және  оларды  шешуге 
қабілетті  болуы  қажет.  Осыларды  шешуде  көркем  мәтіндерді,  жаңа    технологияларды 
қолдануға мүмкіндік мол және маңызы зор. Көркем әдебиеттер тілін оқып жатқан ел туралы 
деректер  алуға  мүмкіндік  береді.  Олар  оқушыларды  білім,  білік,  дағдыға  үйретуге  ықпал 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
145 
 
етеді. Мұндай көркем әдебиеттер оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығын оятады, 
оларды  алдарына  мақсат  қоюға  үйретеді  және  оқу  үдерісінің  нәтижелі  болуына  әсерін 
тигізеді.  Мәдени  ерекшеліктер  енген  және  бейнеленген  әдебиеттер  шетел  тілін  оқуға  деген 
қызығушылығын арттырады. 
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, 
сондай-ақ  сол  тілді  қолданушы  елдің  мәдениетіне  тән  үлкен  ерекшеліктерге  де  жолығады. 
Өзге    мәдениетті  түсініп,  өз  мәдениетін  меңгеру,  басқа  мәдениет  өкілдерінің  әрекеті  мен 
сөзін  түсіне  білу  үшін  өз  мәдениеті  мен  басқа  мәдениетті  салыстырып,  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі 
бір  дәрежеде  қиындықтар  болуы  мүмкін.  Ол,  әрине,  тілдегі  ерекшеліктер  ғана  емес, 
мәдениетке  тән  өзгешеліктерге  де  байланысты  болып  келеді.  Өйткені,  әрбір  тіл  мен  оны 
қолданушы  тіл  иелерінің  өздеріне  тән  ерекшеліктері  болады.  «Тіпті  адамдар  бір  тілде 
сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін – бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е.М.Верещагин [3,48б]. 
Танымал  кеңес  заманының  ғалымы    Е.М.Верещагин  және    В.Г.Костомаров  мәдениет 
терминіне  бірнеше анықтама берген, оларды атап өтер болсақ: 
-
 
Мәдениет  –  бұл  қоғамның  мәдени  әдет-ғұрыптарын  құрайтын  материалдық  және 
рухани дамудағы жеткен  табыстарының жиынтығы. 
-
 
Мәдениет  –  бұл  тарихи  экономикалық  базис  негізінде  жинақталған  қоғамның 
материалдық  және  рухани  құндылықтары.  Құзыреттілікті  қабілеттер  жиынтығы  ретінде 
түсіндіруге болады. 
Профессор Р.П.Мильруд қабілеттілікке мынадай анықтама ұсынды: «Компетентность – 
соответствие  предъявляемым  требованиям,  критериям  и  стандартам  в  определенной 
деятельности  при  решении  конкретных  задач,  обладание  необходимыми  знаниями, 
способность  добиваться  результатов  и  владеть  ситуацией».  «Компетентность  –  это 
комплексный 
личностный 
ресурс, 
обеспечивающий 
возможность 
эффективного 
взаимодействия с окружающим миром в той или иной области и зависящий от необходимых 
для этого компетенций». 
Қабілеттілік (құзыреттілік) бұл адамның белгілі бір мәселені шешу барысында немесе 
белгілі  бір  қабілетті  талап  ететін  жағдаятта  талаптарға,  критерийлер  мен  стандарттарға  сай 
эффективті әрекет ету және сәйкесінше қажетті білімдер қорына ие болу деп түсінеміз. Яғни 
нақты мәдениетаралық қарым-қатынас барысында дара тұлға  бойында болуға тиісті біліктер 
сәйкес деңгейде дамыған жағдайда ғана нәтижелі коммуникациялық әрекет жүзеге асады, біз 
оған қол жеткізе аламыз. Біліктіліктің белгілі бір деңгейде көрініс беруі керек делінсе, онда 
біліктіліктің 
қалыптасу 
деңгейі 
мәдениетаралық 
қарым-қатынас 
қабілеттерін 
қалыптастырып, дамытуда өте тиімді болып табылады. 
Құзыреттілік  әдіс  –  қазіргі  шеттілдік  білім  берудегі  педагогикалық  теория  ретінде. 
Қазақстанда бәсекеге қабілетті – Қазақстанның экономикасы десек те, жақсы экономикадан 
демеу  алатын,  қуатты  әлеуметтік  мемлекеттің  қабілетті  халқы  үшін  ең  қажеттісі  –  білім. 
Кәсіпқой  мұғалім  өз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,  әрбір  қатынасушының  педагогикалық 
үрдістегі  орнын  білуі  қажет.  Оқушылардың  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыра  алуға 
қабілетті  болып,  оның  нәтижелерін  алдын  ала  болжап  көре  білуі  тиіс,  болуы  мүмкін 
ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзіреттітті тұлға болуы керек. 
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді  дамыту тұжырымдамасында 
да  білімге  бағытталған  мазмұнды  құзыреттілілік,  яғни  нәтижеге  бағдарланған  білім 
мазмұнына  алмастыру  қажеттігі  көрсетілгенін  білеміз.  «Білім,  білік»  категориясының 
мазмұнын ашуда «құзыреттілік» ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша 
«құзіреттілік»  тек  білімге  ғана  емес,  біліктілікке  көбірек  сай  келеді  және  адамның  әртүрлі 
қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды [4,48б]. 
Құзыреттілік  әдіс  –  қазіргі  шетелдік  білім  берудегі  педагогикалық  теория  ретінде 
кеңінен таралып, барлық білім ордаларында қолданысқа енуде. Нәтижеге бағдарланған білім 
беру жүйесінде ҚР білім саласына енуіне байланысты білім, білік, дағды, тәрбие, білімділік, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
146 
 
дайындық  ұғымдары  автоматты  түрде  «компетенция,  компетенттілік»  ұғымдарымен 
алмастырылып, практиктердің қолданыстағы үйреншікті сөзіне айналуда. Құзыреттілік сөзін 
әрқашанда  әдіс  ретінде  қолдана  білу  қажеттілігі.  Енді  ең  алдымен  «компетенция», 
«компетенттік  әдіс»  ұғымдарының  мәнін  ашып  алайық.  Әртүрлі  әдіскерлер,  педагогтар 
қазіргі  әлеуметтік  және  педагогикалық  әдебиеттерде  бұл  ұғымдарға  мынадай  сипаттамалар 
береді:  «Компетенттілік» бұл білімнің интеллектуалдық, дағдылық құрамдарын біріктіретін 
күрделі 
сипаттамалар 
жиынтығы. 
Білім 
беру 
мазмұнын 
құрастыру 
«компетенттілік/компетенция» 
деген 
ұғымдардың 
әртүрлі 
екендігін 
көрсетеді. 
«Компетенция»  және  «компетенттілік»  деп  аталатын  ұғымдарды  түсіндіруде,  адам 
«компетенттілігі»  тұлғаның  интеллектуалдық  және  кәсіби  тұрғыдан  дамуының 
акмеологиялық категориясы, оның сипаттамасы жүйелі сапалы жаңа білім ретінде білім беру 
үрдісінде  қалыптасатын  «компетенция»  болып  табылады.  «Компетенция»  білім  берудің 
интегративтік  сапалы  сипаттамасы,  яғни  компетенттілік/компетенция  «әлеуетті  бір 
тұтастың»  (білім  берудің  соңғы  сапалы  нәтижесі)  «өзекті  бөлшекпен»  (оқыту  барысында 
компетенцияны дамыту) байланысы ретінде қарастырылады. 
В.Шепель  құзыреттілік  ұғымына  білім,  біліктілік,  тәжірибе,  білімді  пайдалануға 
теориялық-тәжірибелік  дайындық  ретінде  анықтама  береді.  Ал  В.Ландшер  компетенттікті 
тереңдетілген  білім  деп  түсінеді.  Компетенттік  ұғымына  П.Симонов,  В.Даль,  В.Безруков, 
Н.Розов  психологтардан  А.Журавлев,  Н.Талызина  тағы  да  басқа  ғалымдар  өз  ойларын 
білдіріп, талқылаған [5,62б]. 
Басқа  зерттеушілер  компетенттілік  ұғымын  «құзыреттілік»  аталымымен  нақтылайды. 
Компетенттілікті –  «істі біліп» атқаруға қабілеттілікті білдіретін ортақ термин. Әлеуметтік-
кәсіби  мәртебесі  бар  адамдарға  қатысты  қолданылады,  оның  орындайтын  міндеттері  мен 
шешетін  күрделі  проблемаларының  нақты  деңгейіне  сай  білім  мен  іскерлігінің  сәйкесті 
мөлшерін анықтайды. 
Латын тілінде компетенттілік дегеніміз «өз ісін жетік білу», «танымы мол, тәжірибелі», 
«қабілетті»,  «талап  қою»,  «жарамды»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  француздарда 
«компетентті»  «заңға  сай»,  ағылшынша  «қабілетті»  деген  мағынаны  білдіреді.Э.Зсер  мен, 
О.Шахматова  құзыреттілікті  кәсіби  білім  мен біліктің  жиынтығы,  сонымен  қатар  кәсіби  іс-
әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды. Атақты ғалым М.М.Чошанов құзыреттілікті 
білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: 
білімді  қолданудың  жылдамдығы  -  әдістерінің  оралымдылығы  –  ойлаудың  сынаулылығы, 
Н.В.Кузьминаның көзқарасы бойынша құзіреттілік педагогтың басқа бір адамды дамытуына 
негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.  Құзыреттілік деп оқушының алған білімі мен 
дағдыларын  тәжірибеде,  күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  практикалық  және  теориялық 
проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін айтады. 
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ 
бұл «білім», «білік» және «дағды» жай ғана жиынтық емес. Н.С.Розов компетенттіліктің екі 
тарапы  болатынын  анықтайды  да,  бірінші  жағына  танымдық  және  практикалық  жаңалық 
енгізуді  ассимиляциялау  мүмкіндігімен,  екінші  жақты-жүйелерінің  әр  түрі,  тип,  профилі 
сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады. 
Н.С.Розовтың ойынша, құзыреттіліктің мынадай қырлары бар: 
–  мәндік  аспект,  неғұрлым  жалпыға  ортақ  мәдени  контексттегі  жағдайды  жете 
түсінудің  барлығын  көрсетеді:  бұл  контексттік  аясына  осы  сияқты  жағдайды  бағалау,  оны 
ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді; 
– проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда айқындай білудің мақсат, 
міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды; 
–  коммуникативтік  аспект,  бұл  –  осы  тәріздес  жағдайды  қатысымның  және  адамның 
осындай  жағдайда  қатысын  және  өзара  ықпал  жасауға  тиісті  мәдени  үлгі  деңгейінің 
барлығын  қамтамасыз  етеді.  Құзыреттілікте  жетекші  рөл  проблемалық-практикалық 
аспектіге беріледі. Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, мәдени компетенттілікке 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
147 
 
ие  адамның  сипатын  береді.  Өйткені,  бұл  қарап  отырғанымыздай,  адамдардың  өз 
мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады. 
Құзыреттілік  әдістің  педагогика  ғылымына  бет  бұруы  және  «компетенттілікке 
бағдарланған  оқыту»  XXI  ғасырдың  90  жылдарында  пайда  болды.  Өйткені  бұл  уақытта 
халықаралық деңгейде: 
– құзыреттілік әдіс қазіргі сұраныстағы әдіс ретінде анықталады; 
–  білім  беру  жүйесінде  сапалы-нәтижелі  көрсеткіш  ретінде  енгізуге  ұсынған 
компетенциялар шеңбері анықталады; 
– «басты құзыреттілік » деген ұғым енгізіліп бекітілді (Еуропа Кеңесі, 1996); 
–  «басты  құзыреттіліктер»  құрамын  анықтау  мемлекет  бағдарламаларындағы  жалпы 
білім  беру  стратегиясын  дамытуда  енгізілді  (2015  жылға  дейін  Қазақстандағы  жалпы  білім 
беру мазмұнын модернизациялау тұжырымдамасы). 
Педагогикада  компетенттік  білім  берудің  дамуы  мен  оның  ерекшеліктерінің  жүйесі 
жасалды  және  білім  беру  үрдісі  жеке  тұлғаны  өз  бетінше  білім  алуға  жауапты  етуге 
мүмкіндік туғызатын негізгі орта ретінде дайындалды. 
«Компетенттік білім берудің» негізгі ерекшеліктері де анықталды: 
–  білім  берудің  жеке  тұлғаға  бағытталуы,  оқытылатын  курстардың  тұлғаның 
қызығушылығына байланысты іріктелу мүмкіндігі; 
– білім берудің дамытушылық және жас ерекшелігіне сай болуы; 
– әлеуметтік және жеке тұлға үшін маңызды мәселелерді өз бетінше шеше алу іскерлігі; 
–  мәселені  шешуде  іздену,  шығармашылық,  креативтік  тұрғыдан  ойлауды 
қалыптастыру; 
–  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға  бағдарлануға  әрбір  тұлға  ерекшелігін  ескеру, 
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту және т.б. 
Компетенттік  әдіс  алдыңғы  қатарға  оқушыларге  тек  мәліметтер  беруді  емес,  шынайы 
құбылыстарды  тану  мен  түсіндіруде  туындаған  мәселелерді  шеше  алуға  үйретеді. 
Компетенттіліктің  табиғатына  тән  нәрсе  сол,  ол  оқытудың  өнімі  бола  отырып,  индивидтің 
өзін-өзі технологиялық тұрғыдан емес, тұлға ретінде дамытуынан, жеке тәжірибесін қолдана 
отырып қорытынды жасай алуынан туындайды. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. 
2. Халеева И.И. Интеркультура – третье измерение межкультурного взаимодействия? 
(из опыта подготовки переводчиков) // Актуальные проблемы межкультурной 
коммуникации: Сб. науч. тр. – М.: МГЛУ, 1999. Вып. 444.  
3. Верещагина Е.М. и Костомарова В.Г. Язык и культура. 1990. – С. 58. 
4.  Елизарова  Г.В.  Формирование  межкультурной  компетенции  студентов  в  процессе 
обучения иноязычному общению: Автореф. дис. ... д-ра пед наук. СПб., 2001.  
5. Шепель В.М. Имиджеология. Как нравиться людям. 2002. – С. 45. 
 
Резюме 
К.Б.Торгаева, магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Пути развития межкультурной компетенции учащихся в процессе обучения 
Посредством  метода  компетентности,  в  статье  рассматривается  не  общее  понятие 
сознания  учащегося,  но  предлагается  определение  реальным  явлениям;  использование 
современных техник и технологий; в бытовой жизни; в выборе профессии; в поисках своего 
места в жизни; выводится квалификация решения жизненно важных трудностей и связанных 
с  ними  выборов  необходимых  решений.  Хорошо  известен  тот  факт,  что  в  зарубежном 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
148 
 
образовательном  пространстве  данный  фактор  играет  весьма  важную  роль,  а  именно 
очевидна важность компетенции, как метод теоретической педагогики
Ключевые  слова:  межкультурная  компетенция,  коммуникация,  процесс  обучения, 
метод, отдельная личность, модернизация, выводы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет