Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазбекова  Н.Т.  Қазақ  тілі  сабақтарында  коммуникативтік  оқытудың  элементтерін 
қолдану. // 12 жылдық білім, 2006. – №1. 
2.
 
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 139 б. 
3.
 
Қараев Ж.А. Педогогическая технология дифференцированного обучения. – Алматы, 
1999. – Б. 5-17, 17-21. 
4.
 
Баймаханова С. Деңгейлеп саралап оқыту. //Қазақстан мектебі. №10, 2004. –Б. 63-67. 
 
Резюме 
С.Ержанова, д. ф.н., профессорА.Джамамбетова, м. п.н, преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Методы и приемы развивающего обучения 
Изучение  мотивов  осуществляется  в  неразрывной  связи  с  их  формированием. 
Практическая деятельность преподавателя в этом направлении осуществляется с опорой на 
следующий  алгоритм.  Определение  и  уточнение  целей  обучения.  Анализ  в  этой  связи 
сущности,  содержания,  направленности  и  силы  мотивов,  необходимых  и  достаточных  для 
поддержки процесса и успешной реализации намеченных задач. Совершенствование речевых 
навыков  способствует  также  их  успешной  учебе  по  основным  предметам.  Дети  чувствуют 
себя  при  ответах  в  классе  более  уверенно,  они  критичны  к  тому,  что  слышат  от  других,  и 
одновременно достаточно объективны, стремятся понять точку зрения другого человека. 
Ключевые слова: развития языка, подход, речевая деятельность, лексическая  материал, 
стиль речи. 
Summaru 
S.B.Erzhanova, dr. of phil. sciences, professor, A.Djamanbaeva, m. p. h., lecturer 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Methods and techniques of developing training 
The  study  of  motivation  is  carried  out  in  close  connection  with  their  formation.  Practical 
teacher's  activity  in  this  direction  is  carried  out  based  on  the  following  algorithm.  Defining  and 
clarifying  learning  objectives.  The  analysis  in  this  regard,  the  essence,  content,  direction  and 
strength  of  the  motives,  the  necessary  and  sufficient  to  support  the  process  and  the  successful 
implementation  of  the  planned  tasks.  Improving  language  skills  contributes  to  their  academic 
success in core subjects. Children feel when answering in class more confident, they are critical to 
what they hear from others, and at the same time sufficiently objective, seek to understand the point 
of view of another person. 
Key  words:  developmental    language,  approach,  speech  activity,  lexical  material,  style  of 
speech. 
 
 
 
ӘОЖ 004.519: 338 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА СӨЙЛЕУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Л.А.Ертаева, аға оқытушы 
(Алматы қ., Тұран университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  шет  тілін  оқытудағы  сөйлеу  әрекетінің  алар  орны  мен 
маңыздылығы  қарастырылады.  Шет  тілі  оқытушыларын  әркез  алаңдататын  мәселе  –  шет 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
111 
 
тілін тәжірибе жүзінде мүмкіндігінше табиғи түрде қолдану аясын кеңейту. Тілдік орта жоқ 
жерде  сол  тілді  қолдану  аясы  тар  болатыны  әмбеге  аян.  Бірақ,  соған  қарамастан,  шет  тілін 
оқыту  барысында  оқытушының  өзі  үлгі  бола  отырып  үйренушілерді  шет  тілінде  сөйлеуге 
жетелеуі тіл үйренудегі мақсатқа бастар жолдардың бірі. 
Түйін  сөздер:  қысқа  уақыттық  жады,  ұзақ  уақыттық  жады,  ақпаратты  беру, 
түпнұсқалылық, сәйкестік, лингвистикалық қолдау, жеңіл фразалар, тілдік қатынас. 
Теория  жүзінде  ақпарат  мида  екі  түрлі  жолмен  сақталады.  Қысқа  және  ұзақ  уақытқа 
сақталу. Біздің ана тіліміздегі ақпарат ұзақ  уақыттық жадыда сақталса, екінші немесе басқа 
тілдегі  ақпарат  қысқа  уақыттық  жадыда  тұрады.  Тез  түсіну  үшін  шет  тіліндегі  ақпаратты 
әдетте біз ана тілімізге аударамыз. Алайда бұл мидың жаңа ақпаратты ұзақ уақыттық жадыға 
қабылдауына бірқатар қиындықтар туғызады.  
Жаңа  ақпаратты  шет  тілінен  ана  тіліне  аударғаннан  гөрі,  тікелей  сол  тілде  сөйлеуге 
дағдылану шет тіліндегі ақпараттың тез әрі ұзақ уақытқа сақталуына әсер етеді. Тіл үйрену 
және оны қолдану көптеген бұлшық еттердің жұмыс істеуін, ең маңыздысы мидың, сонымен 
қатар  ауыз  бен  жақ  бұлшық  еттерінің  жұмыс  істеуін  талап  етеді.  Басқа  да  бұлшық  еттер 
сияқты  жақ  бұлшық  еттері  де  көп  жаттығуды  қажет  етеді.  Жаттыққан  сайын  тілді  қолдану 
оңайырақ болады. Бұл өз кезегінде тіл үйренушінің сол тілде еркін де жатық сөйлеуіне ықпал 
етуші бірден-бір фактор. Сонымен шет тілінде сөйлеу үшін жақ бұлшық еттерін қаншалықты 
жаттықтыру  қажет?  Егер  шет  тілінде  сөйлеу  тек  сабақ  үстінде  ғана  мүмкін  болса,  сабаққа 
бөлінген  уақытты  барынша  ұзарту  қажет.  Мүмкін  болған  жағдайда  басқа  да  ресурстарды 
қолдануға  болады.  Мысалы,  интернет  арқылы  немесе  тікелей  тіл  ұстанушымен  белгілі  бір 
тақырыпта әңгімелесу.  
Түпнұсқалылық  пен  сәйкестік.  Сөйлеу  дегеніміз  –  өз  ойыңды,  мақсатыңды  өзгелерге 
жеткізу  болып  табылады.  Сөйлеу  барысында  әр  адам  тек  сөзді  ғана  емес,  сонымен  бірге 
өзінің  болмысын  да  қоса  ұсынады.  Сондықтан  шет  тілін  үйренуші  сол  тілді  өз  табиғатына 
сәйкес қолданады. Ең жақсы деген кітаптың өзі де тіл үйренушіні  әркімнің табиғатына сай 
жеке  ресурстармен  қамтамасыз  ете  алмайды.  Тіл  үйренушіден  тілдің  түпнұсқалылығын 
сақтауды  талап  ете  отырып  олардың  әрқайсысының  жеке  мінезі,  табиғаты  болатындығын 
ескерген жөн. Тіл үйренушілер тілді неге тәжірибе жүзінде қолданбайды? Тіпті ана тіліміздің 
өзінде де тілдік шеберлікті меңгеру үшін қаншама жылдар қажет екенін ескерсек, шет тілін 
үйренушілердің  сол  тілде  сөйлегенде  көптеген  қателер  жіберуі  ешқандай  да  ғажап  емес. 
Сондықтан  оқыту  барысында  оқытушылар  шет  тілін  үйренушілерді  қате  жасаудан 
қорықпауға шақырғаны абзал.  
Мотивацияның  жетіспеушілігі.  Тіл  үйретуде  мотивацияның  екі  түрі  бар:  аудитория 
ішіндегі  атмосфера  және  лингвистикалық  қолдау.  Біріншісі  –  топтық  жұмыстарда 
үйренушілердің  бір-біріне  қолдау  көрсетуіне  ықпал  жасау.  Екіншісі  –  аудитория  ішіндегі 
тілдік  қатынасқа  қажет  сөздер  мен  фразалар  негізіндегі  лингвистикалық  қолдау  көрсету. 
Яғни  оқытушының  аудитория  ішінде  ана  тілін  емес,  тек  қана  шет  тілін  қолдануы  тіл 
үйренушілердің сол тілде еркін сөйлеуіне тікелей әсер етіп қана қоймай, олардың сол тілде 
сөйлеу кедергілерін жеңуге көмектесетін алғы шарт. 
Сенімділікті қалыптастыру. Үйренушілерді шет тілін қолданғаны үшін мақтап отыру 
олардың  сол  тілде  сөйлеуге  деген  құштарлығын  одан  әрі  арттыра  түседі.  Сонымен  қатар 
олардың  мақсатқа  жету  мүмкіндіктерінің  мол  екендігіне  сендіру  шет  тілін  үйренудегі  алға 
жетелеуші басты факторлардың бірі болып қала береді. 
Мақсаттың  қолжетімділігі.  Шет  тілін  оқыту  барысында  үйренушілерді  топтық 
деңгейге бөліп оқыту ежелден келе жатқан әдіс екені белгілі. Осы жерде көңіл бөлетін нәрсе 
–  шет  тілінде  сөйлеуге  қойылатын  талапты  үйренуші  топтың  деңгейіне  сәйкестендіре  қою. 
Яғни деңгейі төмен топтан сабақ барысында тек шет тілінде сөйлеуді талап ету мүмкін емес. 
Деңгейі  өте  төмен  топта  бір  сабақта  бес  немесе  он  минут  сөйлеу  жеткілікті.  Ал  тілдік  
деңгейі  жоғары  топтарда  қай  жерде  тек  шет  тілінде,  қай  жерде  ана  тілінде  сойлеу  керек 
екендігі анықталып көрсетілуі қажет.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
112 
 
Қорыта айтқанда, шет тілін үйренушілердің сол тілде сөйлеуін жүйелі түрде арттырып 
отыруды қадағалау қажет. Бұл 20%-дан 40-%-ға немесе 0%-дан 0,5 %-ға дейін болуы мүмкін. 
Яғни  оқытушы  шет  тілін  үйренушілерге  позитивті  ықпал  ете  отырып  сол  тілді  қолдануға 
барынша  мүмкіндіктерді  қарастыруы  қажет.  Бұл  дегеніміз  ұстаздарды  ұдайы  ізденіске 
шақыратын биікке бастар баспалдақ.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1. Philipson R. Linguistic Imperialism - OxfordUniversity Press, 1992. 
2. R.Howatt A.P. A History of  Language Teaching - Oxford University Press, 1984. 
3. Guy Cook Applied Linguistics – Oxford University Press, 2003. 
4. 
http://enu.kz/repository/repository2014/agylshyn-tilin-okytida.pdf

Резюме 
Ертаева Л.А., ст. преподаватель 
(г. Алматы, Университет Туран) 
Роль говорения в обучении иностранного языка  
В  этой  статье  рассматривается  роль  говорения    как  основного  метода  в  обучении 
иностранного  языка.  А  также  обсуждаются  вопросы  связанные  с  принятием 
индивидуальности  ученика.  Преподавателей  иностранного  языка  всегда  волнует  вопрос  
отсутствия  языковой  среды  и  сфера  использования  языка.  Всем  известно,  что  там,  где  нет 
языковой среды, сфера применения языка узка. Но, тем не менее, сами преподаватели могут 
служить примером говоря на иностранном языке в ходе обучения, и это – один из способов 
решения проблем. 
Ключевые  слова:  длительная  память,  краткосрочная  память,  передача  информации, 
аутентичность, обстановка в классе, лингвистическая поддержка, легкие фразы. 
Summary 
Yertayeva L.A., senior teacher 
(Almaty, University Turan) 
The role of speaking in teaching foreign languages 
The article deals with the importance of speaking skill in teaching foreign languages. Also the 
issues  conerning  taking  personality  of  a  student  are  discussed  in  this  article.  Foreign  languages 
teachers  are  always  worried  by  the  problem  of  speaking  environment  and  sphere  of  the  use  of 
language. Everyone knows that where there is no speaking environment, the sphere of language is 
narrow.  But,  nevertheless,  the  teachers  themselves  can  be  an  example  while  teaching  foreign 
languages, and it is one of the ways of the solution of problems. 
Keywords:  long-term  memory,  short-term  memory,  transfer  information,  authenticity, 
classroom atmosphere, linguistic support, easy language. 
 
 
 
ӘОЖ 373.016:811.111 
ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕРМӘДЕНИ-КОММУНИКАТИВТІК 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҮЛГІЛІК 
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 
 
Р.Б.Жусупова, ф.ғ.д., аға оқытушы 
Л.М.Жүргімбаева, магистрант 
(Алматы қ., Абай атындағы Қазақ  
Ұлттық педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Біздің  қазіргі  өміріміз  жиі  өзгерістерге  ұшырауда,  нақтырақ  айтсақ, 
жаһандану,  қоғам  дамуының  жылдамдығы,  постиндустрияландыруға,  ақпараттық  қоғамға 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
113 
 
өсуі,  интермәдени  қатысымның  барынша  кеңеюі,  әлемдік  ортақ  мәселелердің  пайда  болуы 
мен олардың көбейе түсуі, адам капиталының маңызы өсуі сияқты үрдістермен сипатталады. 
Осыған орай, айтылған жылдамдықты көтеріп қана қоймай, әрбір жас алдына жаңа мақсат-
міндеттер  қоя  білуі  керек.  Әрине,  білім  беру  саналы  ұрпақ  тәрбиелеуде  маңызды  рөл 
атқарады.  Он  жыл  бұрынғы  өзекті  болған  білім  берудің  мақсаты,  парадигмасы,  әдістемесі 
жаңа, заманауи мақсат, парадигма мен әдістемелермен ауыстырылуы керек. Бұрын оқытудың 
нәтижесі  ұстаздың  үйреткен  барлық  білім,  дағды  мен  қабілеттерді  меңгеру  болса,  қазір 
оқытудың  мақсаты  мен  соңғы  нәтижесі  белгілі  бір  білім  аясында  құзыретті  болатын  тұлға 
тәрбиелеу болып табылады.  «Шетел тілі» пәнінің қызметі шетел тілінде қатысымды жүзеге 
асыруда  коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыруды  көздейді.  Алайда  заманауи 
балалар әлемдік мәдени фондты ана тілдерімен қатар меңгереді (интернет, шетел фильмдері, 
музыкалық  шығармалар,  баспалар  пен  шетелде  ата-аналарымен  демалыс)  және  осының  өзі 
интермәдени  құзыреттілігінің  коммуникативтік  құзыреттіліктің  ажырамас  құрамдас  бөлігі 
екенін анықтай аламыз.  
Түйін  сөздер:  шеттілдік  білім  беру,  оқыту  мақсаты,  оқыту  мазмұны,  интермәдени-
коммуникативтік құзыреттілігі 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында: 
«Қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  сапасы  оқушылардың  түрлі  қызметтер  саласындағы 
мәселелерді  өз  бетінше  шешу  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  қалыптасқан  негізгі 
құзыреттілік  түріндегі  білім  беру  нәтижелерінің  жетістіктерімен  түсіндіріледі»,  –  делінген. 
Білім,  білік,  дағдыларды  меңгертуден  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда,  құзыреттіліктер 
түрінде  күтілетін  білім  беру  нәтижелерін,  білім  сапасына  бақылау  жасаудың  тәртібі 
қарастырылады  [1].  Білімнен  құзыреттілік  қағидасына  негізделген  жаңаша  оқыту 
технологиясы  оқушылардың  танымдық  қызметінің  заңдылықтарына,  оқудағы  құндылық 
бағдарға,  яғни,  оқушының  зерттеушілік,  шығармашылық  және  рухани  адамгершілік 
қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс.  
Еліміздің  дамуының  алғы  шарты  білім  десек,  «Үшінші  мыңжылдықтың  жастары 
қандай болмақ?» деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуіміз де 
жас  ұрпаққа  берілетін  білім  сапасын  мейлінше  арттыруды  қажет  етеді.  Ал,  білім  сапасын 
арттыру,  оның  деңгейін  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  стандарттарға  сай  келтіру,  түптеп 
келгенде,  мұғалімге,  оның  кәсіби  құзырлылығына,  әдістемелік  біліктілігі  мен  шеберлігіне 
тікелей  байланысты.  Жас  ұрпаққа  жоғары  сапалы  білім  беру  ісін  тек  қана  көп  мәдениетті, 
шығармашыл,  жаңашыл,  инновациялық  тұрғыда  ойлап,  қызмет  жасай  білетін  ұстаз  ғана 
мүлтіксіз атқара алады [2]. 
Құзыреттілікті  қалыптастыру  –  білім  беру  саласының  өзекті  мәселесі.  Күн  сайын 
адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал  оқу мазмұны мен оқыту  әдістері  ескі  сарында 
қалып  қоюда.  Сондықтан  білім  берудегі  әлеуметтік  қажеттілік  пен  ол  қажеттілікті 
қанағаттандырудың  арасындағы  қарама-қайшылық  білім  беру  саласының  дағдарысына 
әкеліп  соғуда.  Сол  себепті  оқытушылардың  әдістемелік  шығармашылығын  дамытуды 
педагог-мамандардың  біліктілігін  жетілдіру  жүйесінде  ұйымдастырып,  олардың  кәсіби 
құзыреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 
Құзыреттілік  идеясы  «қоғамға  қандай,  жеке  тұлғаға  қандай  білім  қажет  және  ол 
қоғамның  қандай  қажетін  өтей  алады»  деген  сұраққа  жауап  береді.  Оқытушының 
құзыреттілігін  қалыптастыру  –  бүгінгі  білім  беру  саласының  өзекті  мәселелерінің  бірі. 
Құзырлылық  тәсілді  білім  сапасын  арттыруды  дәстүрлі  тәсіл  мен  білім  мазмұнын  ұлғайту 
арқылы  шешудің  арасындағы  қарама-қайшылықтан  туындаған  дағдарыстан  шығудың  бір 
жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын алады. Оның 
сапасы  алған  білімнің  көптігінен  емес,  сол  білімді  қолдана  білумен  маңызды.  Осыған  орай 
қазіргі  таңда  еліміздің  қоғамдық  өміріне  сай  орын  алып  жатқан  саяси-әлеуметтік  және 
экономикалық өзгерістердің еліміздің білім беру жүйесіне де ықпалы үлкен. Мемлекетіміздің 
халықаралық  байланыстары барған сайын күшейе түсіп, еліміздің қай қаласында болмасын 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
114 
 
шет елдермен қарым-қатынас орнаған [3]. Осы қарым- қатынастарды нығайтып, жандандыра 
түсу үшін шетел тілі сабағында оқушылардың  интермәдени-коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастырудың өте зор маңызы болып отыр.  
Қоғам  өмірінің  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  саласындағы  интеграциялық 
процестер  мәдениетаралық  қарым-қатынастың  орнауына  үлкен  септігін  тигізеді. 
Интермәдени  қарым-қатынас  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  тепе-тең  немесе  біріге  отырып  өзара 
әрекет жасауын талап етеді. Шетел тілін жасанды тілдік ортада оқыту жағдайында екі немесе 
үш  шетел  тілін  меңгертетін  полилингвалдық  тұлғаны  қалыптастырудың  мүмкіндік  деңгейі 
жеткілікті.  Оқушы  мұндай  қарым-қатынас  жасай  алу  үшін  тек  шетел  тілін  жақсы  меңгеріп 
қана қоймай, ол сонымен қатар сол тілде сөйлеушінің тілдік және тілдік емес өзгешеліктерін 
түсініп, ұғынуы тиіс. Интермәдени қарым-қатынас процесіне қатысушы көптілді  меңгерген 
сайын, сол елдің мәдениетін, ұлттық менталитетін жете түсінеді [4].  
Шетел  тілін  коммуникативтік-бағдарлап  оқыту  интермәдени  коммуникациясын 
қалыптастыру  мүмкіндіктері  мен  құралы  ретінде  қарастырылады.  Шеттілдік  қарым-
қатынасқа  үйретуді  мәдениет  диалогы  мәнмәтінінде  ұйымдастыру  керек.  «Интермәдени-
коммуникация  құзыреттілігі»  ұғымы  «қатысымдық  құзыреттілігін»  ығыстыра  бастады,  ол 
сонымен шетел тілін оқыту мазмұнының интермәдени компоненті жетекші екенін, ал оқыту 
материалының аутентті болуы – пән мазмұнына қойылатын талап екенін негіздеді. Шеттілдік 
авторлармен  бірігіп  тілі  оқытылып  отырған  ел  халқының  менталитеті  мен  өмір  сүру  стилі, 
мінез-құлығы,  салт-дәстүрі  туралы  ұлттық  мәдени  ақпараттарға  толы  оқулықтар,  оқу 
кешендері мен бағдарламалар жасалуда. 
Шетел тілін оқып үйрену оқушылардың өзі  сабақ барысында ұшырасатын жат әлемді 
жақсырақ  түсінуге,  сол  жат  әлеммен  ұшырасу  нәтижесінде  өз  әлемін  айқынырақ,  дәлірек 
түсініп,  анығырақ  білуге  септігін  тигізуі  тиіс.  Шетел  тілін  интермәдени  коммуникация 
концепциясына  негіздеп  оқыту  барысында  оқушылар  өз  әлемін  тілін  оқып  отырған  елдің 
әлемімен  салыстыруға,  жат  әлемнің  өз  әлемінен  өзгешелігі,  оның  қызықтылығы  мен 
тартымдылығы неде, онда нендей құбылыстар түсініксіз, жат екендігі туралы ойлануға, сол 
туралы  сөйлеуге  бейімделуі  тиіс.  Сондықтан  оқып  үйреніп  отырған  тілдің,  сол  тілде 
сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, оны меңгермей тұрып, сол тілде құзыреттілік біліктілікке 
қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Бір  сөзбен  айтқанда,  интермәдени  коммуникация  құзыреттілігін 
орта мектеп оқушыларында қалыптастырудың, дамытудың алғышарттары мыналар [5]: 
1.
 
Жат  мәдениетті  түсініп,  өз  мәдениетін  саналы  түрде  меңгеру,  яғни  рецептивтік 
іскерліктер: басқа мәдениет өкілдерінің вербалды мен вербалды емес әрекеттерін түсіне білу; 
2.
 
Басқа  мәдени  орталарда  дұрыс  әрекеттену  әскерлілігін  дамыту,  яғни  өнімді 
іскерліктер  сөз  туындылары  мен  вербалды  емес  әрекеттерді  дұрыс  және  белсенді  түрде 
туындата білу. 
Орта  мектеп  оқушыларының  интермәдени-коммуникативтік  құзыреттілігін  шетел  тілі 
сабағында қалыптастырудың үлгілік базалық мазмұны мыналар [6]: 
Сөйлеу біліктілігі: Тіл мен сөз әрекетінің ара қатынасы. Сөз әрекетінің түрлері: ауызша 
және жазбаша. Сұхбаттық және монолог сөз. Сөз мәдениеті: шетел тілінің нормалары. Мәтін: 
тақырып,  негізгі  ой,  мәтін  бөліктері.  Мәтін  жоспары.  Мәтіннің  логикалық  құрылымы. 
Монолог  сөз  түрлері:  сипаттау,  хабарлама,  пайымдау.  Монолог  сөз  түрлерінің  тілдік 
ерекшеліктері.  Сөз  әрекетінің  түрлерін  қолдану  арқылы  монолог  құру.  Тілдің 
функционалдық  стильдері.  Тілдің  функционалдық  стильдерінің  жүйесі.  Ауызекі  сөйлеу 
стилі.  Тілдің  ғылыми  стилі.  Ресми  және  іскер  стиль.  Тілдің  публицистикалық  стилі.  Әдеби 
стиль. Әдеби мәтінге лингвистикалық талдау жасау. Сөйлеу жанрлары. Сөйлемдер айтқанда 
қарым-қатынас  жағдайын  ескеру:  қарым-қатынас  жасаудың  ресми/биресми  түрлері, 
серіктестің жас немесе әлеуметтік ерекшелігі, сөйлеуші мен серіктестің қарым-қатынасының 
сипаты.  Сөйлеу  этикеті.  Сөз  әрекетінің  коммуникативтік  қасиеттері.  Әртүрлі  жанр  мен 
стильдегі  мәтіндер  құру.  Іскер  әлемде  қарым-қатынас  жасау,  қазіргі  қоғамның  өзекті 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
115 
 
мәселелерін  талқылау  іскерліктерін  дамыту.  Әртүрлі  тақырыптарда  қарым-қатынас  жасау 
біліктері. Тілдің коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру.  
Тілдік  біліктілігі:  Қазіргі  қоғамдағы  шетел  тілінің  функциялары.  Фонетикалық 
ерекшеліктер.  Дыбыстау  нормалары  мен  орфоэпия.  Орфография  және  фонетика.  Лексика. 
Сөз  және  оның  мағынасы.  Тақырыптық  лексикадағы  синонимдік  тізбектер  мен  антонимдік 
жұптар.  Акронимдер.  Кірме  сөздер.  Фразеология.  Фразеологияның  стилистикалық 
сипаттамасы. Сөзжасам. Түрлі сөз таптарының сөзжасамдары. Тілдің грамматикалық тізбегі. 
Морфология.  Сөз  таптары  және  олардың  орфографиялық  сипаты.  Синтаксистегі  сөз,  сөз 
тіркесі  және  сөйлем.  Сөйлемнің  грамматикалық  негізі.  Жай  сөйлем.  Салалас  құрмалас 
сөйлем.  Бағыныңқы  құрмалас  сөйлем.  Күрделі  сөйлемдегі  пунктуация.  Әртүрлі  стильдегі 
мәтіндердегі сөйлем түрлерінің қызметі.  
Әлеуметтік-мәдени біліктілігі: Тілін оқып жатқан елдің (елдердің) әлеуметтік-мәдени 
және мәдениаралық ерекшеліктері, ұлттық мәдениет ерекшеліктері: салт-дәстүрлері, этикеті, 
әлеуметтік топтары, тарихы мен мәдениеті және сөйлеу этикетін мәдениаралық байланыста 
қолдану.  Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар:  оқушылар  меңгерілген 
лексикалық  бірліктердің  мағынасын,  бағалау  лексикасын,  тілін  оқып  жатқан  елдің 
мәдениетінің  ерекшеліктерін  сипаттайтын  сөйлеу  этикетінің  реплика-клишелерін;  негізгі 
сөзжасам  тәсілдерін;  фразалық  етістіктерді,  тұрақты  сөз  тіркестерін;  меңгерілген 
грамматикалық құбылыстардың сипатын білуі тиіс. Сонымен қатар ағылшын тілінің барлық 
дыбыстарын  дауыстылардың  қысқалығы  мен  ұзақтығын  сақтай  отырып  дыбыстауды; 
меңгерілген материал аясында лексикалық минимумды оқығанда және тыңдағанда ажырата 
алуды; тақырыптары аясында меңгерілген лексикалық бірліктерді сөз әрекетінде қолдануды; 
салалас  құрмалас  және  бағыныңқы  құрмалас  сөйлемдерді  ауызша  және  жазбаша  сөз 
әрекетінде қолдануды меңгеруі тиіс.  
Сөйлеу  біліктілігіне  сәйкес  оқушы  мыналарды  меңгеруі  тиіс:  қызықтыратын 
тақырыптар  аясында  хабарлама  жасау;  оқиғаларды,  әсерлерін,  үміттерін,  мақсаттарын 
сипаттау,  болашақтағы  жоспарлары  мен  өз  пікірін  білдіру;  ағылшын  тілі  ана  тілі  болып 
келетін адаммен қарым-қатынасқа еш қиындықсыз түсіп, жылдам сөйлеу; әртүрлі тақырыпта 
түсінікті,  толық  хабарламалар  жасау;  негізгі  мәселеге  өзінің  көзқарасын  білдіру,  әртүрлі 
пікірлердің жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету; әңгімені бастау, әңгімеге қолайлы сәтте 
кірісу  және  әңгімені  аяқтау;  таныс  тақырыптағы  әңгімеге  қатысу,  талқыланып  жатқан 
мәселені  түсіну,  өзгелерді  әңгімеге  қатысуға  шақыру;  серіктестің  сауалдарына  жауап  беру 
және  сұрақ  қою,  өз  пікірін  білдіру,  өтініш  білдіру,  серіктестің  жасаған  ұсынысына  келісім 
беру  (келіспеу);  таныс  тақырып  бойынша  талқылауға  қатысу;  өз  пікірін  білдіру  және 
дәлелдеу; болашақтағы жоспарлары жайлы баяндау, өз қаласы (ауылы), өз елінің және тілін 
оқып жатқан елдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәлімет беру; қоғамның өзекті мәселелерін 
талқылау; өзекті мәселе бойынша өз пікірін білдіру және дәлелдеу; меңгерілген тақырыптар 
аясында  оқиғаларды  сипаттау,  оқылған  немесе  тыңдалған  мәтіннің  негізгі  ойын,  мазмұнын 
баяндау,  өз  пікірін  білдіру;  ауызша  және  жазбаша  сөз  әрекетінде  синонимдерді  қолдану; 
әртүрлі  ғылыми-практикалық  конференциялар,  дебаттар,  дискуссияларда  ағылшын  тілінде 
баяндама жасау. 
«Тыңдалым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс  қиын  емес  түпнұсқалық 
прагматикалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және өзіне маңызды ақпаратты анықтау; 
сөз  әрекетінің  әртүрлі  коммуникативтік  түрлеріне  жататын  қиын  емес  түпнұсқалық 
мәтіндердің  негізгі  мазмұнын  түсіну,  мәтіннің  тақырыбын  анықтау,  мәтіндегі  басты 
оқиғаларды  анықтау;  мұғалімнің  нұсқауларын,  сыныптастарының  сөзін  дұрыс  қабылдау; 
қабылданған ақпаратты сөз әрекетінде қолдану.  
«Оқылым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс:  шетел  тіліндегі  мәтінді  түсіну, 
тақырыбына  қарап  мазмұнын  болжау;  түрлі  жанрдағы  түпнұсқалық  мәтіндердің  негізгі 
мазмұнын  түсіну  (тақырыбын  анықтау,  негізгі  ойын,  басты  оқиғаларды,  оқиғалардың 
логикалық  ретін  айқындау);  түрлі  жанрдағы  қиын  емес  түпнұсқалық  мәтіндердің  негізгі 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
116 
 
мазмұнын  толық  түсіну,  оқыған  ақпаратқа  баға  беру,  өз  ойын  білдіру;  қажетті  немесе 
қызығушылық  тудыратын  ақпаратты  таңдай  отырып  мәтінді  оқу;  нақты  немесе  жалпы 
тақырыптағы қиын мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну. 
«Жазылым»  әрекеті  бойынша  оқушы  меңгеруі  тиіс:  сауалнамалар  мен  бланкілерді 
толтыру;  құттықтаулар  жазу,  үлгіге  сүйене  отырып  жеке  хат  жазу,  оның  өмірі  мен  қал-
жағдайын  сұрау,  өзі  жайлы  мәлімет  беру,  сөйлеу  этикетінің  нормаларын  сақтай  отырып 
алғыс  білдіру,  өтініш  білдіру;  қызығушылық  тудыратын  сұрақтар  бойынша  толық 
хабарламалар  жазу;  өз  ойын  дәлелдей  отырып  эссе,  баяндама  жазу;  маңызды  болып 
табылатын оқиғалар мен әсерлерді ерекшелей отырып хаттар жазу.  
Әлеуметтік-мәдени  біліктілігіне  сәйкес  оқушы  білуі  тиіс:  тілін  оқып  жатқан  елдің 
сөйлеу  этикетінің  нормаларын;  тілін  оқып  жатқан  елдің  мәдениеті  мен  тарихын,  ұлттық 
мейрамдары,  АҚШ  пен  Ұлыбританияның  мемлекеттік  құрылымындағы  ерекшеліктері; 
меңгеруі  тиіс:  ағылшын  тілі  ана  тілі  болып  келетін  адаммен  ауызша  және  жазбаша  сөз 
әрекетінде  өзара  түсіністікке  қол  жеткізу;  шет  елдегі  құрбыларымен  мәдениаралық  және 
тұлғааралық қарым-қатынас орнату; ақпаратты жеткізудің шет тіліндегі көздері арқылы әлем 
мәдениетінің  құндылықтары  жайлы  ақпарат  алу;  өз  елінің  және  тілін  оқып  жатқан  елдің 
мәдениеті жайлы монолог сөз айту. 
Жоғарыда берілген базалық мазмұн негізінде жеке-жеке біліктіліктерге үйрете отырып 
орта  мектеп  оқушыларының  интермәдени-коммуникативтік  құзыреттілігін  соңғы  нәтиже 
ретінде  қарастырып  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мұндағы  оқытушының  басты  рөлі  – 
тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің 
басым  бағыттарын  айқындау,  нәтижесінде  еліміздің  әлемдік  өркениетке  негізделген  білім 
саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, құзыреттілікті нәтижеге 
бағытталған  білім  беру  жүйесінің  сапалық  критериі  ретінде  қарау,  зерттеу,  бүгінгі  күн 
талабы болып отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет