Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.  //  Егемен  Қазақстан,  2011,  6 
тамыз. 
2.
 
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы, 
2007. 
3.
 
«Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру-мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты» 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
211 
 
4.
 
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 
– 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
5.
 
Маркова А.К. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі // 2009. 
6.
 
12  жылдық  жалпы  орта  мектептің  базалық  білім  мазмұнын  анықтау  әдістері. 
Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы,  2013.  – 
84б. 
Резюме 
Р.Б.Жусупова, д.ф.н., ст.преподаватель 
Л.М.Жургимбаева, магистрант 2 курса 
(г. Алматы, Казахский Национальный педагогический университет им. Абая) 
Модельно-базовое содержание формирования интеркультурно-коммуникативной 
компетентности учащихся средней школы на уроках иностранного языка  
Наш мир сегодня подвержен постоянным изменениям, в числе которых глобализация, 
ускорение  темпов  развития  общества,  переход  к  постиндустриальному,  информационному 
обществу,  значительное  расширение  масштабов  межкультурного  взаимодействия, 
возникновение  и  рост  глобальных  проблем,  возрастание  роли  человеческого  капитала.  В 
связи  с  этим  миру  необходимо  такое  общество,  которое  сможет  не  только  выдержать 
подобный темп развития, но и неустанно ставить перед собой и решать все новые и новые 
задачи.  Образование  играет  важнейшую  роль  в  формировании  общества  нового  уровня. 
Цели,  парадигмы,  методы,  которые  были  актуальны  десять  лет  назад,  должны  уступить 
место  новым  целям,  парадигмам  и  методам.  Если  ранее  результатом  обучения  являлся 
ученик, владеющий всеми знаниями,  умениями и навыками, которым научили его  учителя, 
то  сегодня  результатом  обучения  является  личность,  компетентная  в  конкретной  области 
знаний.  Специфика  предмета  «Иностранный  язык»  предполагает  овладение  учащимися 
коммуникативной компетенцией как общению на иностранном языке. Однако в современном 
мире  дети  знакомятся  с  мировым  культурным  фондом  почти  одновременно  сродным 
(Интернет,  иностранные  фильмы,  музыкальные  произведения,  печатные  издания  и  просто 
отдых  с  родителями  на  зарубежном  курорте),  и  это  делает  очевидным  тот  факт,  что 
межкультурная компетенция является неотъемлемой частью коммуникативной компетенции. 
Ключевые  слова:  иноязычное  образование,  цель  обучения,  содержание  обучения, 
интеркультурно-коммуникативная компетенция. 
 
Summary 
R.B.Dgusupova, doctor philological sciences, senior lecturer 
L.M.Zhurgimbayeva, undergraduate 
(Almaty city, Kazakh National Pedagogical University named after Abai) 
Exemplary basic contents of the formation of the intercultural and communicative 
competence of senior pupils at the foreign language lesson 
Our world today is subject to constant change, including globalization, accelerating the pace 
of  development  of  society,  the  transition  to  a  postindustrial,  information  society,  a  significant 
expansion of the scope of cross-cultural interaction, emergence and growth of global problems, the 
increasing role of human capital. In this regard, the world needs a society that will not only sustain 
this  pace  of development,  but  also  tirelessly to  set  and deal  with  more  and more tasks. Education 
plays a critical role in shaping the society of the new level. The goals, paradigms, methods that were 
current  ten  years  ago,  must  give  way  to  new  goals,  paradigms  and  practices.  Previously,  learning 
outcomes are student holding all the knowledge, skills and abilities, who taught his teacher, today is 
the  result  of  training  a  person  competent  in  a  particular  area  of  expertise.  The  specifics  of  the 
subject «Foreign Language» involves the mastery of the communicative competence of students as 
a communication in a foreign language. However, in today's world,  children are introduced to the 
world  cultural  fund  almost  simultaneously  with  the  native  (internet,  foreign  films,  music,  print 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
212 
 
media, and just a vacation with his parents in a foreign resort), and it makes clear that intercultural 
competence is an integral part of communicative competence . 
Keywords:  foreign  language  education,  purpose  of  education,  content  of  education, 
intercultural communicative competence 
 
 
 
ӘОЖ 378 
МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕКЕ-ДАРАЛЫҚ ПЕН 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
С.С.Қоңырбаева, п.ғ.к., қауымд.проф.  
К.Д.Бейсембаева, п.ғ.магистрі, аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  мұғалімнің  педагогикалық  қызметіндегі  шығармашылық  жеке-
даралық  ерекшеліктерінің  көрініс  табар  аясы  мен  педагогикалық  шеберлікті  меңгерудегі 
қабілеттілік  пен  кәсіби  қалыптасудағы  ізденіс  жолдары  қарастырылған.  Педагогикалық 
қызметте нәтижелі еңбекке жетудің басты факторы – педагогикалық шығармашылық. Қазіргі 
мұғалімді  шығармашылық  жұмыссыз  елестету  мүмкін  емес.  Шығармашылық,  бұл 
қарапайым  сөзбен  айтқанда:  айнала  қоршаған  орта,  қайнаған  тіршілік,  талмай  ізденіс, 
толассыз  әрекет,  адам  бойындағы  күш-қайрат  пен  эмоция,  мінез-құлық  пен  мәдениет.  Кез 
келген  білім  беру  мекемесі  –  тәлім-тәрбиенің  алтын  ордасы.  Осындай  ордаларда 
педагогикалық  кәсібін  өнер  деңгейінде  меңгерген  шығармашыл  педагогтердің  оқу 
бөлемелері жанынан шеберханалар жұмыс істеп, педагогикалық шеберлік мектебі кең тарала 
насихатталуы тиіс. 
Түйін  сөздер:  Шығармашылық,  педагогикалық  шеберлік,  жеке-даралық,  бағыттылық, 
педагогикалық іс-әрекет, әртістік қабілеттер, жаңашылдық, оқыту технологиялары. 
Қазіргі  педагогикалық  заманауи  технологиялар  дамыған  кезеңде  білім  беру  қызметі 
субъектінің  ағартушылық  әдісінен,  шығармашыл  тұлғаның  даму  механизміне,  қабілеті  мен 
дарыны  арқылы  шеберлік  деңгейіндегі  даралық  үлгісіне  айналуы  қажет.  Өзін-өзі  жасай 
білетін  қабілеті  бар  тұлға,  өзінің  өмірлік  ұстанымдарын  айқындап,  өзгере  алады.  Бұл 
мақсатты  жеке  шығармашылығы  жоқ  педагогпен  жүзеге  асыру  қиын.  Осы  деңгейден 
көрінуге  деген  әрекеті  нәтиже  беруі  үшін  оның  эрудициясы,  әдістемелік  біліктілігі,  білім 
беру технологиясын сәтті таңдауы жеткіліксіз. Ең бастысы, оқушының педагогті қайталанбас 
жарқын бейне деп қабылдауы. Бұл үшін мұғалім ерекше жан ретінде танылуы тиіс. 
Педагогика  өнер  ретінде  қалыптасып,  ғылым  ретінде  дамығанын  білгендігімізбен, 
мұғалімдік  мамандыққа  өнер  иесіне  тән  қабілет  пен  жеке-даралық  қажеттілігіне  мән  бере 
бермейміз. Мұғалімнің бойындағы жеке-дара қасиеттер мен қабілет шығармашылық арқылы 
шыңдалып,  шеберлік  деңгейінде  мойындалуы  үшін  педагогикалық  қызметте  үздіксіз 
ізденісте болуы шарт. 
Педагогикалық  процестегі  мұғалімнің  негізгі  қызметіне:  мақсаттылық,  зерттеушілік, 
құрастырушылық,  танымдық,  қарым-қатынастық,  реттеу,  ұйымдастыру,  бақылау-бағалау, 
болжау, т.б. іскерліктер мен кәсіби дағдылар кіреді. Осындай кең арналы қызметте білім мен 
білік  арқылы  ғана  нәтижеге  жету  аздық  етеді.  Сократ  мұғалімдерді  –  «ой  тудырушылар» 
(акушеры  мысли),  ал  «педагогикалық  шеберлік»  түсінігін  «ойдың  кіндігін  кесу  өнері»  деп 
атаған. Осындай өнер  болып танылған педагогикалық  шеберлік осы заманғы педагогтердің 
пайымдауынша төмендегіше сипаттарымен ерекше. Педагог шеберлігінің компоненттері: 
-
 
педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімділігі; 
-
 
өз пәнін еркін де терең игеруі; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
213 
 
-
 
мұғалім мамандығына  бейімділігі  мен қабілеттілігі  (өзіне сенімділігі,  шебер  сөйлеуі, 
әділ бағалауы, т.б.; 
-
 
кәсіби көрегендігі; 
-
 
балаларға деген мейірімі мен сенімі; 
-
 
ұйымдастырушылық әлеуеті; 
-
 
ахуалды сезінуі, сезімталдығы; 
-
 
толеранттылығы  (өзгемен  серіктес  рухта  болуы,  өзгемен  санаса,  төзімділік  таныта 
білуі); 
-
 
альтруизмі (басқаның бағыт-бағдарына шын көңілімен кірісуі); 
-
 
оқу-тәрбие үдерісіндегі кездесетін қиындықтарды жеңе білуі
-
 
шешімді  уақтылы  және  дұрыс  қабылдай  алуы  1,5-б.]  бұрыннан  белгілі  жағдайды 
жетілдіріп, қайтадан жасау; 
-
 
іс-әрекет өнімінің қайталанбас нәтижелі ерекшелігі; 
-
 
өзінің жеке ізденімпаздығы мен педагогикалық шығармашылықтың байланыстылығы, 
яғни, үнемі шығармашылықта жүретін адам өзі де жан-жақты дами береді. 
Демек,  шығармашылық  іс-әрекет  жаңа  ақпарат  пен  өнім  арқылы  аз  күшпен  уақыт 
жұмсап,  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізетін  көрсеткіш.  Шығармашыл  мұғалім  дегеніміз, 
ғалымдардың  пікірінше:  зерттеуші,  ғылыми,  психологиялық-педагогикалық  ойлау  жүйесі 
қалыптасқан,  авторлық  бағдарламаларды  жасаушы,  баламалы  технологияларды  пайдалана 
білуші [1,5-б.]. 
Педагогикалық  қызметте  нәтижелі  еңбекке  жетудің  басты  факторы  –  педагогикалық 
шығармашылық.  Қазіргі  мұғалімді  шығармашылық  жұмыссыз  елестету  мүмкін  емес. 
Шығармашылық, бұл қарапайым сөзбен айтқанда: айнала қоршаған орта, қайнаған тіршілік, 
талмай  ізденіс,  толассыз  әрекет,  адам  бойындағы  күш-қайрат  пен  эмоция,  мінез-құлық  пен 
мәдениет. 
Философиялық тұрғыдан алып қарағанда шығармашылық – шаттандыратын объективті 
заңдылық  пен  шынайы  іс-әрекетке  негізделген  адам  қажеті  мен  мақсатына  байланысты 
қайтадан  құрып,  жасайтын  адамдардың  іс-әрекеті.  Теоретик-ғалымдар  мен  тәжірибеге 
тікелей  қатысты  мұғалімдердің  еңбегінде  педагогикалық  шығармашыл  ұстаз  іс-әрекетінің 
нәтижесі есебінде қарастырады [бұрыннан белгілі жағдайды жетілдіріп, қайтадан жасау; іс-
әрекет  өнімінің  қайталанбас  нәтижелі  ерекшелігі;  өзінің  жеке  ізденімпаздығы  мен 
педагогикалық шығармашылықтың байланыстылығы, яғни, үнемі шығармашылықта жүретін 
адам өзі де жан-жақты дами береді. 
Демек,  шығармашылық  іс-әрекет  жаңа  ақпарат  пен  өнім  арқылы  аз  күшпен  уақыт 
жұмсап  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізетін  көрсеткіш.  Шығармашыл  мұғалім  дегеніміз, 
ғалымдардың  пікірінше:  зерттеуші,  ғылыми,  психологиялық-педагогикалық  ойлау  жүйесі 
қалыптасқан,  авторлық  бағдарламаларды  жасаушы,  баламалы  технологияларды  пайдалана 
білуші [3,18-б.] 
Педагогикалық  басылымдарда  «педагогтің  жеке  шығармашылығы»  деген  терминдер 
жиі  кездесіп,  бұрынғы  кең  тараған  «шығармашыл  жеке  тұлға»  деген  сөз  тіркесін 
ығыстыруда. Мүмкін, бұл мектепті жаңғыртудың негізгі факторы тек мұғалім тұлғасы ғана 
емес,  оның  шығармашылық  әрекетке  дайындығы,  өзіндік  тұлғаның  ерекшелігі  мен 
қайталанбас даралығы. Педагогикалық шығармашылық тұлғаның жеке-даралық сипатынсыз 
тіршілік  ете  алмайды.  «Жеке-даралық»  ұғымын  түрлі  көзқарастар  арқылы  шығармашылық 
терминімен тең түсіндіруіне сай келеді. 
Шығармашылық  әрекет  жаңаның  жасалуына  бағытталған  шындықты  түсіну  формасы 
ретінде қабылданады. Педагогикалық кәсіпті де шығармашылық қатарына жатқызуға болар 
еді, себебі, білім беру саласындағы таптаурындықты терістейтін түрлі әрекеттер, проблемаға 
сай  білім  беру  мен  тәрбиелеу,  мұғалім  мамандығының  әлеуметтік  рөлінің  төмен  бола  тұра 
талаптардың  жоғарылығы,  кейде  шектен  тыс  қағазбастылық,  кейде  қағаздан  көрініс  таба 
бермейтін  ұйымдастыру  жұмыстары,  мемлекеттік  стандарт  пен  оқу  бағдарламаларында 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
214 
 
қарастырылмаған  түйткілді  мәселелерді  шешу,  мектептен  тыс  қоғамдық  жұмыстарды 
игертуге  мәжбүрлік,  т.б.  мәселелердің  бәрі  мұғалімнің  импровизаторлығы  мен 
шығармашылық қабілетінің іске қосылуына ұдайы түрткі болады. 
Соңғы  жылдары,  жаңашыл-мұғалімдер  өздерін  көрсете  бастағанда,  көп  мөлшердегі 
инновациялық  мектептер  мен  тәжірибе  алаңдары  пайда  болды,  оқытушылардың  авторлық 
бағдарлама мен кітаптар жазуға құзыреттілігі артты, үздіксіз білім беру мәселелері белсенді 
түрде  қолданылды,  педагогикалық  әрекеттерді  бағалаудағы  таптаурындарды  ығыстыру 
үрдістері пайда болды. Десек те педагогикалық еңбек шығармашылық па әлде олай емес пе 
деген  сұрақты  аяғына  дейін  шешілген  мәселе  деп  кесіп  айтуға  болмас.  Педагогикалық 
практикада ғылым мен өнердің бірегейлігі К.Д Ушинскийдің уақытынан, бүгінгі күнге дейін 
созылуда.  Педагогиканың  мәнін  түсінудің  қазіргі  замандағы  сипаты  екі  арнаның  тоғысы 
(ғылым  және  өнер)  ретінде  қарастырып,  бірақ  үштік  қосынды  ретінде  (ғылым,  өнер  және 
технология) дамытуды ұсынады. 
В.И.  Загвязинский  бұл  туралы  былай  деп  жазады:  «Мұғалім  педагогикалық 
шығармашылықпен  айналысады  (дегенмен  оның  педагогикалық  идеялары  мен 
пайымдаулары  әрекет  етудің  басқа  аумағында  жүзеге  асады  –  әдебиеттік,  техникалық, 
ғылыми),  оқушы  –  пәндік  (сурет,  әдеби-көркем,  техникалық  т.б.),  маңыздылығы,  әрекет 
сипатының сәйкестігі (заттардың толық сәйкес келмегендігінде) бірлескен шығармашылық, 
рухани  жақындық,  жалпы  іске  қатысы  барлық,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  тәжірибе 
алмасудың қажеттілігі мен мүмкіндігі сияқты бірлесіп жұмыс істеуді тудырады» [4, 66-б.]. 
Шығармашыл адам өз шығармасының құндылығын өзі анықтайды, ол мақтауды және 
басқаның сынын да қажет етпейді. Педагогтің шығармашылық жеке-даралығы – бұл ерекше 
қасиет, жалпы тұлға дамуының жоғары деңгейі, сондықтан да оған бір жақты анықтама беру 
мүмкін  емес:  оның  мәні  тұлғаның  барлық  өзіне  тән  ерекшелігі  (ішкі  жағы),  ешнәрсеге 
ұқсамайтындығы,  тұлғаның  барлық  көріністерінің  барлық  ауқымдылығы  мен  ерекшелігі 
және мұғалім әрекеті (сыртқы жағы), өмірлік және педагогикалық мақсат пен мәселенің жеке 
қойылуымен анықталады, әрекеттің өз бетіншелігі, таусылмайтын өмірдің мәнін іздеу және 
өмірлік құндылық пен табылған идеалдардың бастан өткізіп аяғына дейін дайындық әрекеті 
болып  табылады.  Педагогтың  шығармашылық  жеке  даралығы  оның  тұлғасының  мынадай 
мазмұнында көрсетілгендей, бағыттылығы (құндылықтар, мотивация, ұстанымдар), тұлғалық 
қасиеттер (психикалық қасиеттер мен процесстердің жеке көріністері), когнитивтік ауқымдар 
(мазмұны, ойламның деңгейі мен орындалуы). 
Мұғалімнің  бағыттылығы  –  шығармашылық  жеке-даралықтың  айқын  көрінісі  – 
құндылықтардың, сенімдер мен идеялардың барлығын сипаттайтын тұлғаның ішкі ұстанымы 
мен педагог әрекеті; 
-
 
гуманистік  тұлғалық  мақсат  басымдылығы;  адам  дамуының  жоғары  миссиясы  өз 
әрекетінің мақсаты іспеттес;  
-
 
ерекше  жанның  көңіл-күйі;  барлығының,  кәсіби  әрекеттің  ауқымындағы  терең 
тұлғалық мәнімен толықтырылуы;  
-
 
зор  мағыналы  дәрежеде  өзін  кәсіппен  бірдей  қою,  оптимистік,  өзіндік  өзектілікке 
тырысу;  
-
 
шығармашылық мотивацияның жоғары деңгейі мен қызығушылық ауқымы. 
Шығармашылық жеке-даралықты сипаттайтын тұлғалық қасиеттерге жағдаят барысын 
эмоционалды сезіне білу, ойлаған нәтижеге жетуде өз идеясын жүзеге асыру, педагогикалық 
қабілеттің барлығы, әртістік қабілет, экспрессивті қабілеттер, сүйкімділік, эмпатия, ерік және 
мақсаттылық,  ашықтық,  шынайылық,  мұғалім  психикасының  когнитивтік  ауқымы  болып 
табылатын мәнді факторлар: мұғалімнің жеке-даралық шығармашылығының маңызды жағы 
– қандай да бір қабылданған мәселенің дәлелдеу сипатын анықтайтын оның интеллектуалды 
ерекшеліктері  болып  табылады.  Шығармашылық  шешімдер  сипатының  маңыздылығы  – 
педагогтің оны қалай дәлелдейтіндігінде. Бұл жерде дәлелдеудің екі түрін айтуда: логикалық 
(немесе  аналитикалық)  және  интуитивті-образды.  Қандай  да  бір  әрекеттің  табыстылығы, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
215 
 
оның  нәтижесі,  субъектінің  жеке  әрекет  стилінің  қаншалықты  толыққанды  қалыптасуында, 
немесе  адам  тұлғасының  жоғары  жүйке  әрекет  типімен  негізделіп,  қаншалықты  тиімді 
мақсатты түрде адам тұлғасының нақты ерекшеліктері пайдаға асуында болады. Педагогтың 
жеке  стиль  әрекеті  деп  мұғалімнің  таңдап  алған  әдістері,  ойламының  түрі,  қарым-қатынас 
мәнері, қойылған талап пен мәселелерді шешу әдістері. 
Педагог  әрекетінің  шығармашылық  жеке  стилі  жалпы  (педагогикалық  бағыттылықты, 
педагогикалық қабілетті, психолого-педагогикалық заңдылықтарды пайдалану біліктіліктері, 
психологиялық  мейірімділік,  байқампаздылық,  педагогикалық  такт;  осылайша  арнайы,  көп 
жағдайда  қайталанбайтын.  Әртістік  қабілет  –  бұл  жаңа  жасампаздықтың  ерекше 
эмоционалды бейнелі тілі; педагог пен оқушының біріккен стилінің біте қайнасуы, басқамен 
түсіністік  пен  диалог,  жанды  сезім,  білім  мен  тәрбиенің  әрекеттік  тұрғыдағы  көрінісін 
суырыпсалмалықпен  жеткізу,  шығармашылық  нәтиже.  Әртістік  қабілет  –  бұл  тек  сыртқы 
факторлар  емес  (қимылдар,  ым-ишара,  дауыс  ырғағы),  дегенмен  оларда  сабақ  ахуалын 
жасаудағы  мәні  зор.  Әртістік  қабілет  –  бұл  жаңа  жағдайларға  тез  бейімделе  алу  қабілеті, 
жаңа  бейнеде  болу,  идеялармен  өмір  сүре  білу,  сабақ  үстінде  оқушыларға  бере  алатындай 
шынайы  өмір  сүре  білу.  Бұл  тұлғалық  сипаттың  көрінісі,  мәселені  шешу  мен  қойылым 
жолының  образдылығы,  қиял  ойыны,  мәнерлілік,  шабыттылық,  ішкі  еркіндікті  сезіну. 
Педагог  типінің  жеке-даралығы  жүйке  жүйесінің  ерекшелігіне,  темпераментке,  оның 
әрекетінің  логикалық  және  интуитивтілігіне,  қабілеттің  қосылған  сипаты  даму  дәрежесіне 
(гностикалық,  конструктивті,  қолданбалығы  т.б.)  байланысты;  тәрбиеленушіге  бағытталуы 
(центрация),  процесстің  жағдайы  мен  сипаты,  жеке  тұлғалығы,  басқарушының  еңбекті 
бағалауы т.б.); темперамент пен эмоционалды қозуынан, алдын ала жоспарлау арақатынасы 
мен тез ойдан шығарушылық және де басқа факторларға байланысты болады [4, 102-б.]. 
Инертті  типтегі  мұғалімдерге  олардың  табиғи  ерекшеліктеріне  тән  қайткен  күнде 
ойына  алғанын  жүзеге  асыру,  олар  үшін  үйреншікті  таптаурын  сабақтарды  ұйымдастыру 
болып  келеді,  Бірақ  та  мұғалім  әрекетінің  стилі  оның  табиғи  ерекшеліктеріне  үнемі 
байланысты деп айта беру де дұрыс емес. Тәжірибелік өтілі мен көп жылғы еңбек өтілі бар 
мұғалімдер  өздерінің  таланттарының  көрінісін  бақылап  реттей  алады.  Педагогикалық 
әрекеттің  практикасында  келесі  қарама-қайшылықтар  туындаған  болатын:  бір  жағынан, 
мұғалім қызметі қоғамның тапсырысы, ол өзінің талабын айтады, ол өз алдына ұстанымдар 
бағытына  қарай  өседі,  мұғалім  әрекетін  «нормаға  сай»  жасау,  мұғалімдердің  бір 
қалыптылығы мен шаблонға лайықтығы болып табылады. Екінші жағынан, қазіргі қоғамдық 
ой-сана  жас  мұғалімдерді  педагогикалық  қызметте  жеке  қолтаңбасын  қалыптастыруға 
міндеттеп  отыр.  Педагогикалық  шығармашылықтың  жалпылама  қажеттілігі  қойылған 
мәселенің  «күрделілігімен  және  көптүрлілігімен  негізделеді.  Мұғалімнің  жеке-даралығы 
қалыптасуының  бастапқы  кезеңі  өзін-өзі  тәрбиелеу,  педагогті  өзінің  ерекшелігі  мен 
мәнділігін  қоштау,  олардың  гуманистік  ұстанымдарды  қабылдауы  (ең  алдымен  өзін  және 
өзгені  қабылдауы),  қиялдың  дамуы,  шығармашылыққа  қажеттілік  пен  қабілеттілік.  Бұл 
әдеттегі  әрекеттің  қалыптасқан  таптаурындарын  жеңуге  көмектеседі,  танымның  еркіндігін 
қалыптастырады.  Өз  өмірінің  белсенді  субъектісі  болудың  түпкілікті  қажеттілігі  жасалады: 
өзін  жасампаз  деп  сезіну,  басқаларға  ұқсамау,  тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылар  үшін 
мәнді болу.  
Осылайша,  мұғалімнің  шығармашылығының  жеке-даралығы  туындайды,  олардың 
балалармен  рухани-эмоционалды  қарым-қатынасының  мазмұндылығы  дамиды.  Практик-
мұғалімнің  мақсаты  өзінің  шығармашылық  жеке-даралығын  анықтап,  сезінуге  тырысуы,  өз 
тұлғасының қайталанбас ерекшелігін, өзінің педагогикалық қолтаңбасының артықшылығын 
түсінуі  қажет.  Дәл  сол  педагогикалық  жеке-даралық  шығармашылығын  анықтап  және 
дамытуы, үлгіге ұқсамайтындығы, педагогикалық әрекет әдісінің жеке ерекшелігі, нәтижеде 
табысқа  жетуі,  мұғалім  қызметінің  тиімділігін  қамтамасыз  етеді,  оқу-тәрбие  мәселелерін 
нәтижелілікпен  шешуге  мүмкіндік  тауып  және  өз  еңбегіне  қанағаттанады.  Шығармашылық 
іс-әрекеттің дайын алгоритмін дайындап беру мүмкін емес. Көптеген ғалымдардың пікірлері 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
216 
 
мен  ұсыныстарын,  модельдерін  қарап,  талдау  арқылы  кез  келген  технологияның  тұтастай 
құрылым екенін байқауға болады. 
Мұғалім шығармашылығының қалыптасуын 2 жақты қарастыруға болады 
1) мұғалім шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, қалыптастыру; 
2) өзінің тәжірибесін қалыптастыру арқылы шығармашылыққа жету; 
Біріншіден, мұғалім шығармашылығын дамытуды бірнеше бөліктерге бөлуге болады: 
I  топқа  –  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданатын,  өте  қиын  емес  іс-әрекеттері 
диалектикасында жаңаша жасайтын мұғалімдер кіреді (жаппай шығармашылық). 
ІІ  топқа  –  қиын  оқыту  технологияларын  құрастыруға,  жаңа  әдіс-тәсіл  құрылымын 
жасап шығаруға бағытталған шығармашыл жандар жиналады. 
ІІІ топқа – оқыту технологиясының құрылымын жасап шығарушылар. 
Мұғалімнің  жоғары  деңгейдегі  шығармашылық  іс-әрекетін  оның  ізденістері  мен 
тәжірибесінен  жинақталған  шығармашылық  зертханасы  арқылы  бағалауға  болады. 
Шығармашыл  мұғалімнің  жеке-даралығын  айқындайтын,  өзіндік  қолтаңбасын  көрсететін 
шеберлігі шығармашылық зертханасында қалыптасуы тиіс. Қазіргі тәжірибеде үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлікті жетілдіруді насихаттау үшін түрлі әдіс-тәсілдер 
мен жұмыс түрлерін өткізіп жүр: ашық сабақтар байқауы, шығармашылық есеп, пікірсайыс, 
дөңгелек  үстел,  ғылыми-практикалық  конференция,  бірлестік  мәжілістері,  «үздік  пән 
мұғалімі»,  «жыл  тәрбиешісі»,  «жыл  мұғалімі»,  «ЖОО  үздік  оқытушысы»,  «жыл  мектебі», 
«Үздік оқу орны» т.с.с. үздік сабақ, үздік тәрбие сағаты, үздік баяндама, жаңа технологиялар 
байқауы,  педагогикалық  оқулар,  т.с.с.  Шындығында,  педагогикалық  шеберлікке  ие 
болатындар:  кәсібилік  сапа  жағынан  білімді,  білікті,  кәсіби  дағдылары  қалыптасқан, 
шығармашылығы  жағынан  сезімтал,  сергек,  ізденістен  жалықпайтын,  жаңалыққа  жаны 
құмар,  адам  ретінде  ақ  жарқын,  жаны  жайсаң,  кемел  ойлы,  әзілдеу  мәдениеті  жоғары, 
парасат  иесі.  Кез  келген  білім  беру  мекемесі  –  тәлім-тәрбиенің  алтын  ордасы.  Осындай 
ордаларда педагогикалық кәсібін өнер деңгейінде меңгерген шығармашыл педагогтердің оқу 
бөлемелері жанынан шеберханалар жұмыс істеп, педагогикалық шеберлік мектебі кең тарала 
насихатталуы тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет