Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

ӘОЖ:373.2:73\76 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Л.М.Нуркасинова, пс.магистрі, аға оқытушы  
А.К.Құлымбаева, пс.магистрі, аға оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Мақалада  мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  бейнелеу  іс-әрекетінің 
психологиялық  ерекшеліктері  және  бала  суреттерінің  диагностикалық  мүмкіндіктері 
қарастырылады.  Бейнелеу  іс-әрекеті  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  үшін  ойын  сияқты 
типтік  іс-әрекет  түрі  болып  табылады.  Сурет  салу  баланың  жалпы  психикалық  дамуымен 
тікелей байланысты. Баланың қабылдауын, есте сақтауын, ойлауын, затпен әрекет ету және 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
224 
 
ересектермен қарым-қатынас тәжірибесінің ерекшеліктерін біріктіре отырып, бала суреттері, 
сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесінің, бастан кешулерінің, дүниетанымының, қоршаған 
ортаны  қабылдауы  мен  түсінуінің  көрінісі  болып  табылады.  Бала  суреттерінің 
диагностикалық  мүмкіндіктері  өте  жоғары.  Суреттерінің  мазмұндық  бағыты  бойынша 
реалистердің  суреттері  және  арманшылдардың  суреттері  деп  бөлуге  болады.  Балалардың 
сурет  салу  әрекеті  олардың  ақыл-ой  дамуымен  тығыз  байланысты;  суреттерде  қоршаған 
ортаға  деген  қатынастары  да  бейнеленеді.  Бала  суреттері  диагностикалық  мақсатпен  қоса, 
дамыту  мен  түзету  жұмыстарында  да  маңызды.  Бала  өзі  үшін  мәнді  суреттер  сала  отырып 
психотерапевтік әсер алады. Олардың суреттері – ішкі әлемінің шынайы бейнесі. Сурет салу 
бала  үшін  табиғи  іс-әрекет,  сурет  салуда  бала  өзін  еркін  ұстайды,  психодиагностикалық 
зерттеу  кезінде  орын  алатын  мазасыздануды  бәсеңдетеді,  баламен  жағымды  эмоциялық 
байланыс орнатуға мүмкіндік береді.   
Түйін сөздер: бейнелеу іс-әрекеті, психикалық диму, ақыл-ой қабілеттері. 
Сурет  салу мектепке дейінгі  жастағы балалар үшін ойын сияқты типтік іс-әрекет түрі 
болып  табылады.  Балалардың  бейнелеу  іс-әрекетіне  деген  арнайы  қызығушылық  ХІХ 
ғасырдың  80-90  жылдары  психологтар,  педагогтар,  тарихшылар,  этнографтар  және 
өнертанушылардың арасында пайда болды.  
Балалардың  бейнелеу  іс-әрекеті  психология  ғылымында  жан-жақты  зерттеледі:  бала 
суреттерінің жастық эволюциясы, сурет салу процесінің психологиялық талдамы, сурет салу 
мен  ақыл-ой  дамуының  байланысын  талдау  және  суреттегі  баланың  тұлғалық 
ерекшеліктерінің  көрінісі.  Бірақ,  осындай  түрлі  бағыттарға  қарамастан  бала  суреттері 
психологиялық мәнділігі тұрғысынан аз зерттелген.  
Онтогенезде  сурет  салу  іс-әрекеті  баланың  жалпы  психикалық  дамуымен  тікелей 
байланысты.  Баланың  қабылдауын,  есте  сақтауын,  ойлауын,  затпен  әрекет  ету  және 
ересектермен қарым-қатынас тәжірибесінің ерекшеліктерін біріктіре отырып, бала суреттері, 
сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесінің, бастан кешулерінің, дүниетанымының, қоршаған 
ортаны  қабылдауы  мен  түсінуінің  көрінісі  болып  табылады.  Сурет  сала  отыра  бала  өзінің 
қоршаған  ортаны  тануға  деген  ұмтылыстарын  және  осы  танымының  дәрежесін  көрсетеді. 
Ойын  әрекеттері  мен  сурет  салуды  меңгере  отырып,  бала  өзінің  танымдық  процестерінің 
ырықты жақтары мен орын алмастыру әрекетін дамытады. Сонымен қатар, біртіндеп адами 
таңбалық-символдық  әлемді  –  сөздік  кеңістікті  және  қиял  бейнелері  доминантты  болып 
табылатын кеңістіктерді меңгереді. 
Бала суреттерінің диагностикалық мүмкіндіктері өте жоғары. Н.М.Рыбников бойынша, 
балалардың суреттерін түсіну үшін суретті зерттеу жеткіліксіз, сурет салу процесін зерттеу 
арқылы  да  біраз  ақпарат  алуға  болады.  Ересектер  үшін  сурет  салудың  нәтижесінде  пайда 
болған картина маңызды болса, балалар үшін суретті салу процесі маңызды. Сондықтан да, 
олар жан-тәнімен кірісіп сурет салғанымен, салып болғаннан кейін суреттерін тастай салады. 
Кішкентай балалардың қағазға салған суреттері аз болады, бірақ сала отырып көп сөйлейді, 
ым-ишара  жасайды.  Тек  мектепке  дейінгі  жастың  соңына  қарай  ғана  бала  өз  суреттеріне 
бейнелеу іс-әрекетінің нәтижесі деп қарайды.   
Бала  суреттерінің  мазмұнын  шарттайтын  маңызды  фактор  –  олардың  шынайы  немесе 
қиял-ғажайыптар  әлеміне  бағыттылығы.  Бала  суреттерінің  мазмұндық  бағыты  бойынша 
реалистердің  суреттері  және  арманшылдардың  суреттері  деп  бөлуге  болады.  Реалистер 
суреттерінде табиғат заттары мен құбылыстары; адамдардың күнделікті өміріндегі шынайы 
жағдайлар  бейнеленеді.  Ал,  арманшылдар  суреттерінде  өздерінің  жүзеге  аспаған  арман, 
тілектерін  бейнелейді.  Балалар  жасы  өскен  сайын  олардың  суреттерінде  арман-тілектері 
бейнеленеді. Фантастикалық суреттердің бейнеленуі (перілер, су перизаттары, сиқыршылар, 
феялар,  ханшайымдар)  де  шынайы  кейіпкерлер  сияқты  бала  жанының  еңбегін  және  ішкі 
сезімдерін көрсетеді  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
225 
 
Балалардың сурет салу әрекетінің олардың ақыл-ой дамуымен тығыз байланысты екені 
жалпыға  мәлім.  А.А.Смирнов  бала  суреттерінің  оның  интеллект  қырларымен  тікелей 
байланысты дамуының бес сатысын бөліп, сипаттап берді: 
І  саты  –  мағынасыз  сызықтар  –  бала  нақты  бір  затты  бейнелеуге  тырыспайды,  оның 
суреттері – жаңа заттармен манипуляциялаудың және ересектерге еліктеудің нәтижесі. 
ІІ саты – пішімсіз бейнелер – объективті нәтижелері бойынша бірінші сатыға өте ұқсас, 
дегенмен  одан  баланың  сезімдері  бойынша  айырмаланады.  Бұл  сатыда  бала  қағазға  бір 
заттың  бейнесін  түсіруге  тырысады,  бірақ  ол  суретті  баланың  түсіндіруінсіз  түсіну  мүмкін 
емес. 
ІІІ  саты  –  кескінді  бейнелер  4-5  жастан  11-12  жасқа  дейін  созылады,  бастапқы 
қарапайым  кескіндерді  мәнді  мазмұнға  толтырудың  күрделенуі  жүретін  бірнеше  аралық 
кезеңдерінен тұратын ең ұзақ саты. 
ІV  саты  –  шынайы  бейнесіне  ұқсас  суреттер  –  кескіндерден  бас  тартып,  заттардың 
шынайы түрін бейнелеуге тырысу. 
V  саты  –  шынайы  суреттер  –  заттардың  бейнесі  «балалық»  бейнесін  жоғалтады,  бала 
суреттеріне  тән  ерекшеліктерінен  түссіздік,  контурлық  т.б.  ажырайды.  Оларда  көлем, 
перспектива пайда болады [1]. 
Бала  суреттерінен  олардың  ақыл-ой  қабілеттерінің  дамуы  ғана  емес,  қоршаған  ортаға 
деген қатынастары да бейнеленеді. Бала бейнеленетін затқа деген жағымды қатынасын ашық 
түстер  арқылы,  ұсақ  детальдарын  бейнелеу  арқылы,  әдемілеу  арқылы  білдіреді.  Жағымсыз 
қатынастар  туралы  керісінше,  қою  түстер  арқылы,  суретті  аяғына  дейін  салмау  арқылы, 
әдемілеу элементтерінің болмауы арқылы білеміз [2].  
Бала  суреттері  диагностикалық  мақсатпен  қоса,  дамыту  мен  түзету  жұмыстарында  да 
маңызды. Бала өзі үшін мәнді суреттер сала отырып психотерапевтік әсер алады. Сурет сала 
отырып,  жағымсыз  бастан  кешулерден  арылып,  кикілжіңдерді  шешу  жолдарын  ойнайды, 
қорқыныштары мен мазалайтын заттарын бейнелеп, ішкі қозуды жеңілдетеді [3]. 
Сурет  салу  танымдық  процестер,  сөйлеу,  мотивациялық  сфера  мен  өзіндік  сана-сезім 
сияқты  бала  психикасының  негізгі  жақтарын  дамытып,  түзетуге,  іс-әрекеттің  ырықтылығы 
мен  саналылығын  қалыптастыруға,  графикалық  дағдыларды  игеруге  мүмкіндік  беретін 
әмбебап іс-әрекет түрі. 
Балалар  суреттерінде олардың санасы мен бейсанасында бейне түрінде жинақталатын 
өмірлік  тәжірибесі,  олардың  қоршаған  ортаны  қабылдауы,  ішкі  және  сыртқы  дүниеге 
қатынастары шоғырланады. Балалар суреттерінде олардың ішкі әлемінің шынайы бейнесі: ол 
әлемнің  байлығы  мен  жұтаңдығы,  жарқын  тұстары  мен  көлеңкелері,  бейқамдығы  мен 
қақтығыстары  салынады.  Бала  нақты  тестік    тапсырмаларды  орындаудан  бас  тартса,  еркін 
тақырыпқа сурет салдыру тиімді. Балаға «салғың келгеннін бәрін сал» деген нұсқау беріледі. 
Және бала сурет салу барысында не ойласа да, не сезінсе де айтуына болатынын білуі керек. 
Өйткені сурет қана емес, жұмыс барысында және аяқталғаннан кейін туындайтын спонтанды 
ассоциациялардың  маңызы  зор.  Айтылған  ассоциациялар  бала  тұлғалығын  зерттеу  үшін 
маңызды  болып  табылатын  мол  ақпарат  көзі  болады.  Ондай  ақпарат  арқылы 
психопатологиялар  мен  даму  ауытқушылықтарын  ерте  анықтауға  мүмкіндік  бар.  Бала 
суреттерін  талдауды  қарапайым  және  жеңіл  деп  қарамау  керек,  тез  шешім  шығарудан  да 
аулақ болған орынды, себебі олар қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Мысалы, суретте қанды 
шайқас, ауыр авария бейнеленетін болса, ол оның агрессиясын шығарудың қалыпты оңтайлы 
жолы  болуы  мүмкін.  Керісінше,  зоопарктегі  тор  ішіндегі  жануарларды  бейнелеу  баланың 
оқшаулануынан,  жалғыздық  сезімдерінен  хабар  беруі  мүмкін.  Бір  суреттің  тіпті  бірнеше 
суреттің негізінде соңғы шешім шығаруға болмайды. Сурет салу  арқылы балалар өздерінің 
қақтығыстарын ашып, табысты шеше алады. Өздерінің сезімдерін, кикілжіңдерін, тілектерін 
сөзбен  білдіру  арқылы  балалар  негативті  сезімдерді  бастан  кешіреді  деп  қорықпау  керек. 
Ондай жағдайлардың орын алуы әбден мүмкін және заңды да. Себебі балаларға қауіпсіздік, 
қолдау және қорған сезімдерін беретін жағдайлар фрустрация, агрессия, қорқыныш және т.б 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
226 
 
сияқты  терең ығыстырылған тәжірибенің  көрінуіне өте ыңғайлы. Бір кездері ығыстырылған 
бұл  тәжірибелер  спонтанды  шығармашылық  әрекетте  қайта  шығуға  мүмкіндік  алады. 
Олармен  бетпе-беп  кезесіп,  ойын  формасында  қайта  бастан  кешіру  арқылы  оларды 
қабылдауы  және  шешуі  мүмкін.  Егер  бала  соған  жетсе,  ендігіде  қорқу,  қашу  сезімдерінен 
арылады, өз эмоцияларын қадағалап, ой тәуелсіздігі мен еркіндігіне жетеді.  Кішкентай бала 
суреттер арқылы сөзбен айта алмайтын мәселелері туралы баяндап бере алады, мысалы, ата-
аналары  арасындағы  кикілжіңдер,  ересек  адамдар  тарапынан  көрсетілген  зорлықтар  т.б. 
сурет  арқылы  балалар  бастан  кешіріп  отырған  мәселелерінен  туындап  отырған  үрейлерін 
өңдей  алады.  Мұндай  үрейлердің  белгілері,  мысалы  суреттерінде  үнемі  диюларды 
(чудовища)  бейнелеу.  Мұндай  жағдайларда  балаларға  диюлар  бара  алмайтын  қауіпсіз 
мекенді салуды сұрау керек және туындаған қауіпсіздік сезімдерді бірге талдау керек. Сурет 
туралы көбірек білудің тағы бір амалы баланың өзінен сұрау. Ол сурет арқылы баланың ішкі 
әлемін  зерттеудің  вербалды  сатысы  деп  аталады.  Ол  сұрақ  қою  түрінде,  әңгімелесу  немесе 
баланың  мазмұндауы  түрінде  болуы  мүмкін.  Мұндай  әңгімелесу  кезінде  бала  еш 
мүдірместен  өзінің  жан  дүниесін  ашады,  мазалайтын  ойларынан  арылады.  Салынған  сурет 
және  әңгімелесу  арқылы  баланың  ішкі  жан  дүниесін  табысты  зерттеуге  болады.  Балада 
абстрактілі  пайымдау,  жалпылау  қабілеттері  жоқ.  Олардың  әңгімелері  тікелей 
тәжірибелерімен  байланысты.  Сұрақ  қою  кезінде  бала  суреттеріне  сүйене  отырып,  одан 
қажетті  ақпараттарды  алуға  тырысу  керек.  Неге  осы  объект  бейнеленгенін,  неге  осылайша 
бейнеленгенін, неге осы ретте салынғанын т.с.с. сұрақтар қойылады; сурет салу кезінде кім 
туралы  және  не  туралы  ойлағандығын;  суретке  қарап  отырып  қандай  сезімдер  туып 
отырғандығын сұрастыру керек. Егер баланың өзі әңгімелеп бергенін қаласақ «мына суретке 
қарап,  не  бейнеленгені  туралы  айтып  берші,  осы  туралы  әңгіме  құрастыршы»  деп  сұрау 
керек.  Баладан  суретте  не  болып  жатқандығын,  не  болғандығын  және  не  болатындығын 
сұрауға  болады.  Мұндай  әңгімелесу  кезінде  мейірімділік,  шынайы қызығушылық  танытып, 
қысым жасамау керек.  Егер қолайлы мезет таңдалып, жағымды атмосфера орнатылса, бала 
еш қиындықсыз әңгіме құрап береді. Ол әңгімеде не туралы  айтылса да ол балаға қатысты 
нәрселер болады [4].  
Сурет салу әдістерінің кең қолданысқа ие болуы олардың көмегімен зерттеу жүргізудің 
қарапайымдығы мен алынатын мәліметтердің кеңдігі ұштасады, күрделі құрал-жабдықтарды 
қажет етпейтіндіктен оларды қолдану оңай. Қалыпты дамудағы және ауытқуы бар мектепке 
дейінгі  жастағы  балалармен  жұмыста  сурет  салу  әдістеренең  қолданылуының  өзіндік 
артықшылықтары бар. Біріншіден, сурет салу бала үшін табиғи іс-әрекет, сурет салуда бала 
өзін  еркін  ұстайды,    психодиагностикалық  зерттеу  кезінде  орын  алатын  мазасыздануды 
бәсеңдетеді,  баламен  жағымды  эмоциялық  байланыс  орнатуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен 
қатар,  мектепке  дейінгі  жаста  балалардың  вербалды  және  вербалды  емес  мінез-
құлықтарының  арасындағы  алшақтық,  сөйлеу  мен  рефлексияның  (өз  іс-әрекеттері  мен 
сезімдерін  талдай  алу  қабілеті)  жеткіліксіз  дамуы  вербалды  диагностикалық  құралдарды 
қолдануды  шектейді.  Бірқатар  жағдайларда  балалардың  индивидуалды  мүмкіндіктерін 
зерттеу үшін тек сурет салу әдістемелері ғана мүмкін болады.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Семаго  Н.Я.  Детский  рисунок.  Этапы  развития  и  качественная  оценка//  Школьный 
психолог, № 35, 2003. 
2.
 
Проективная психология. – М., 2000. 
3.
 
 Мухина В.С. Изобразительная деятельность как форма усвоения социального опыта. 
– М.,1981. 
4.
 
Романова  Е.С.,  Потемкина  О.Ф.  Графические  методы  в  психологической 
диагностике. – М., 1992. 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
227 
 
Резюме 
Нуркасинова Л.М., магистр психологии,ст. преп. 
Кулымбаева А.К., магистр психологии,ст. преп. 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический  университет) 
Особенности  изобразительной деятельности детей дошкольного возраста 
Аннотация: В статье рассматриваются психологические особенности изобразительной 
деятельности  детей  дошкольного  возраста  и  диагностические  возможности  их  рисунка. 
Изобразительная деятельность – как игра, является типичным видом деятельности для детей 
этого  возраста.  Рисование  непосредственно  связано  с  общим  психическим  развитием 
ребенка.  Учитывая  восприятие,  запоминание,  мышление,  действия  с  предметами,  а  так  же 
особенности опыта взаимоотношений со взрослыми, коплексно рассматривая через рисунок, 
можно  определить  внутрение  переживания,  пережитый  негативный  опыт,  мировозрение, 
восприятие оқружающих, понимание себя и других. Диагностические возможности детских 
ресунков  очень  велики.  По  смысловой  нагрузке  детские  рисунки  можно  разделить  на 
реалистические  и  воображаемые.  Процесс  рисования  детей  тесно  связан  с  их  умственным 
развитием,  и  в  рисунках  находят    отражения  отношения  с  окружающим  миром.  Детские 
ресунки  помимо  диагностических  целей,  имеют  важное  значение  в  процессе  развития  и 
коррекции.  Рисую  для  себя  значимый  образ  дети  получают  психотерапевтический  эффект. 
Их  рисунки  –  истинное  отражение  их  внутреннего  мира.  Рисование  для  ребенка 
естественный процесс, когда они  рисуют чувствует себя свободно, расскованно, снижается 
тревожность  и  напряжение,  а  так  же  дает  возможность  взрослому  установить  позитивный 
эмоциональный взаимосвязь с ребенком. 
Ключевые слова: визуальная активность, умственные, умственные способности 
 
Summaru 
Nurkassinova L.M., Master of Psychology, senior lecturer 
Kulimbaeva A.K., Master of Psychology, senior lecturer 
(Almaty city, Kazakh State Women's Pedagogical University ) 
Features of graphic activity of preschool children 
The  article  discusses  the  psychological  characteristics  of  graphic  activity  of  children  of 
preschool age and diagnostic possibilities of their figure. Art is like a game, is a typical activity for 
children of this age. The drawing is directly related to the General mental development of the child. 
Given  the  perception,  memorization,  thinking,  actions,  objects,  and  features  of  the  experience  of 
relationships  with  adults,  kompleksno  looking  through  the  picture,  you  can  determine  the  inner 
experiences endured negative experiences, worldview, perception orageuse, understanding yourself 
and  others.  Diagnostic  features  of  children's  rezunkov  very  large.  By  meaning  of  children's 
drawings  can  be  divided  into  realistic  and  imaginary.  The  drawing  process  of  children  is  closely 
linked  to  their  mental  development,  and  in  the  drawings  reflect  their  relations  with  the  outside 
world. Baby resunki in addition to diagnostic purposes, are important in the process of development 
and correction. Draw for himself a meaningful way kids get therapeutic effect. Their pictures are a 
true reflection of their inner world.  Drawing for  a child is  a natural  process  when they paint feels 
loose,  raskovanno,  reduces  anxiety  and  stress,  and  also  gives  the  opportunity  to  the  adult  to  set  a 
positive emotional relationship with the child. 
Keywords: visual activity, mental, mental ability. 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
228 
 
ӘОЖ 371.037Е˗82 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Г.Л.Саурбекова, аға оқытушы, 
Д.А.Тауасарова, оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті ) 
 
Аңдатпа: Мақалада жас ұрпақтың өз ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру 
және  патриоттық  -  интернацоналдық  тәрбие  мәселелері  қарастырылған.  Еліміз  егемендік 
алған 20 жылдан астам уақытта жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – өз Отанына берілгендік 
болды.  Жалпы  Отанға  деген  сүйіспеншілік  –  адам  бойындағы  күш-қуат  пен  білімін  Отан 
игілігі  мен  мүддесіне  жұмсау.  Туған  жерін,  ана  тілін,  елдің  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүрін 
құрмет  тұту  сияқты  элементтер  ерте  заманнан  бастап-ақ  қалыптаса  бастаған. 
«Отансүйгіштік» ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің карашығындай сақтап келген 
жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі 
мен  жерінің  өркендеуіне  үлес  қосу.  Қазақстанды  мекендейтін  өзге  ұлт  өкілдерінің 
мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады. 
Түйін сөздер: Отансүйгіштік, патриоттық, жас ұрпақ, ұлтық сана, намыс, парыз. 
Отансүйгіштікті  адамгершілік  қағидаларынан  бөліп  қарауға  әсте  болмайды.  Өйткені, 
Отан абстрактылы ұғым емес. «Отан – тірісі бар, өлісі бар, тіпті тумағандары бар бүкіл рулар 
мен  ұрпақтардың  рухани  байланысы»,  –  дейді  Д.Меренковский.  Отан  дегенің  –  халық,  ал 
халық дегенің – адам. Адамды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершіліктің 
белгісі. Отаншылдық – көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық. Қай ғасырда 
болмасын  тәрбие  мәселесі  назардан  тыс  қалып  көрген  емес.  «Бала  тәрбиесі  –  мемлекеттің 
маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Көпұлтты Қазақстан 
үшін  отансүйгіштік  сезімінің  рухани  саладағы  тату-тәтті  тірлік,  азаматтың  келісімге  ғана 
емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух 
–  қазақ  елінің  әлемдік  өркениетгі  елдер  көшіне  қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтан 
лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. 
Отанды  сүю  туралы  идеяларды  кезінде  өздерінің  шығармаларында  қазақ  даласының 
ойшылдары да (әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари), жыршы-жырлаулары да (Асан Қайғы, 
Доспамбет,  Шалкиіз,  Бұқар  жырау,  Махамбет  т.б.)  айтқан  болатын.  Қазақтың  ұлан-байтақ 
даласын  біздің  ата-бабаларымыз  сан  ғасыр  «Найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен», 
«қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқтырмай»  аман  сақтап  келді.  Олардың  құрып  кету 
қаупі  төніп  тұрған  кезде  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  жауға  қарсы  тұрғаны 
нағыз шынайы отансүйгіштік қасиет еді. 
Жас  ұрпақтың  өз  ұлтына  деген  патриоттық  сезімді  қазақ  ағартушылары  – 
Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтинсарин,  А.Құнанбаев,  Алаш  орда  қайраткерлері  –  М.Дулатов, 
М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов  және  т.б.  нақтылы  іс-әрекеттері  мен  әдебиеттерінен  анық 
байқауға  болады.  Қазақ  тарихын  тұңғыш  зерттеуші  ғалым  Ш.Уәлиханов  отансүйгіштік 
сезімінің  қалыптасуы  туралы.  «Менің  патриоттық  сезімім  ірбіт  сандығындай  («матрешка» 
сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішіңде тағы бір сандық), мен ең алдымен өз 
отбасымды,  туған-туыстарымды  қадірлеймін,  одан  соң  ауыл-аймақ,  ел-жұртымды, 
руластарымды қадірлеймін, одан соң халқымды... қадірлеймін», – деген екен. 
Отаншылдық  сезімнің  объектісі  мен  қайнар  көзі  –  Отан  десек,  оның  мазмұны:  туған 
жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған  өлкедегі  тамаша 
киелі  орындар.  Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық  сезімдерді 
ұялатып,  ізгі  де  ерлік  істердің  қайнар  көзіне  айналуы  отаншылдыққа  тәрбиелеудің  арқауы. 
Жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруда олардың туған жер мен еліне деген 
сүйіспеншілігін  оятудың  маңызы  зор.  Ұрпағын  халқының  патриоты  етіп  тәрбиелеу  –  қай 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
229 
 
халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Ал біздің халқымызда бұл 
талап  әрдайым  жоғары  болған.  «Отанды  сүю  –  отбасынан  басталады»  деп  ұққан  ата-
бабаларымыз  отансүйгіштік  қасиетті  ата-ана,  ауыл-аймақтың,  елінің  намысын  қорғауды  өз 
ұрпақтарына бірінші парыз ретінде ұқтырып өсірді. Қазақи тәрбие барынша елін, туған жерін 
сүюге бағытталған. «Туған елмен болмаса тумай-ақ қойсын күн мен ай», «Кісі елінде сұлтан 
болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Туған жерге ту тігу елім деген азаматтың борышы», «Туған 
елдей  ел  болмас,  туған  жердей  жер  болмас»  деп  жас  кезінен  еліне  деген  іңкәрлік  сезімін 
бойына  сіңіруге  тырысқан.  «Ер  намысы  –  ел  намысы»,  «Ер  намыстың  құлы»,  «Арың  үшін 
алысу  азаматтық»,  «Ел  үмітін  ер  ақтар,  ер  атағын  ел  сақтар»  деген  елжандылық  ұрандар 
халқымыздың  мәңгілік  тәрбие  қағидасына  айналды.  Баланы  туа  салысымен  ерлік  рухта 
тәрбиелеу,  еңбекке,  елін,  жерін,  ана  тілін  сүюге  баулу  бесік  жырынан  бастап  бүкіл  ауыз 
әдибиетінің  өнегелі  өсиеті  болып  өзекті  орын  алады.  Еңбек  пен  ерлікті,  ел  мен  жерді  пір 
тұтқан бабаларымыз ғасырлар бойы ерліктің ерен үлгісін көрсетіп бақты. Оған айқын мысал, 
Күлтегін,  Тоныкөк  ерлік  дәстүрінен  бастап,  ХVІІІ  ғасырдағы  Бөгенбай,  Қабанбай, 
Наурызбай,  Райымбек  т.б.  батырлардың  тәрбиесіне  назар  аударсақ  айқын  байқаймыз. 
Мысалы,  3.Сәннік,  Б.Садықанның  «Қаракерей  Қабанбай»  атты  еңбегінде  Ерасылдың 
балалық  шағынан  бастап  батырдың  жеке  тұлғасын  қалыптастыруда  ата-ананың,  ағайын-
тумалардың, әлеуметтік ортаның игі ықпал еткенін көреміз. 
Біз  бұдан  ұрпақ  тәрбиесіндегі  отбасы  Отанының,  өскен  ортаның  әсерінің  орасан  зор 
екенін  байқаймыз.  Ер  елдің  бір  жағынан  панасы,  бір  жағынан  қорғаны  деп  бағалаған  ата- 
бабамыз  «Ерлік  тәрбиеден  туады»  деп  ұққан.  Батыр,  ер  деген  ұғымдар  үнемі  қатар 
қолданылып  келген.  Белгілі  педагог  Қ.Қабдыразақұлы  жас  ұрпақты  дәстүрлер  негізінде 
тәрбиелеу  мәселесі  педагогикалық  тұрғыда  зерделей  отырып,  дәстүрлерді  шартты  түрде 
беске  бөледі.  Солардың  ішінде  негізгі  дәстүрлердің  бірі  деп  ұлттық  жауынгерлік  дәстүрді 
қарастырады.  «Жауынгерлік  дәстүр  Отан,  туған  жер  және  халқы  үшін  шексіз  жүректілік, 
шамадан  тыс  қуаттылық  және  өлшеусіз  ерлік  жасаудың  үлгісін  көрсеткен  жауынгерлік 
күресті бейнелеген ұғым», – деп атап көрсетеді. 
Алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгерлік тәрбиесіне мән 
бере  отырып  оқулық  жазған  Ы.Алтынсарин  болды.  Өзінің  «Қазақ  хрестоматиясы»  атты 
оқулығында «Қобыланды батыр» жырынан «Қобыланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді 
енгізген.  Қазақ  халқы  тек  батырларын  ғана  құрметтеп  қоймаған,  сонымен  қатар, 
батырлардың серігі астына мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттеген. 
Қазақтың классик ақыны Абай тікелей жауынгерлік және ерлік тәрбиесіне арнап еңбек 
жазбағанымен  де,  өзінің  поэмаларында,  қара  сөздерінде  отансүйгіштікті  қалыптастыратын 
ұлттық сана, намыс, парыз секілді қасиеттерді жан-жақты қамтыды. 
«Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  Абай  айтқан  пайымдаулар 
халқымыздың  тарихын  ғылыми  негізге  келтірген  алғашқы  қадамдардың  бірі.  Абай  туған 
елінің,  жерінің  тарихын  зерттеп,  оны  жете  түсінуді  уағыздайды.  Абай  өзінің  отыз 
тоғызыншы  қара  сөзінде  «Енді  жұрт  ата-бабаларымыздың  мінді  ісін  бір-бірлеп  тастап 
келеміз, әлгі екі мінезін өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, біз де ел қатарына қарай кірер 
едік», – деп жазады. Абай атаған қара сөзінде – арлылық, намыстық, табандылық – тәрбиенің 
жемісі  дейді.  Адамның  ең  ұлы  сезімін  азаматтық  парызын  орындау  үшін  жоғарыда  аты 
аталған  мінезді  игеру  керек  екенін  Абай  атап  көрсетеді.  Абай  шығармаларынан  қазақ 
халқының өзіндік ішкі құрылымы және өзіндік қасиет-бітімін көреміз. 
Қазақтың  бес  арысы  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  С.Сейфуллин  т.б. 
азаматтар  өз  шығармаларына  Қорқыт,  Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай,  Жәнібек, 
Баян,  Кенесары,  Сыздық  сынды  әділ  хандар  мен  күйшілерді  арқау  етуі  де  отансүйгіштік 
сезімінен  туындаған.  «Ерлік  –  тәрбиенің  жемісі»  деп  қараған  әрі  батыр,  әрі  ғалым 
М.Ғабдуллин  кешегі  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  ерлік  тәрбиеден  туындайды  деп  қарап,  тар 
окопта, қар төсеніп, мұз жастанып жатқан қазақ жауынгерлеріне Едіге, Ер Қосай, Ер Сайын, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
230 
 
Қобыланды,  Ер  Тарғын  жырларын  жатқа  айтып  беріп,  оларды  ерлікке  рухтандыру  да 
отансүйгіштік сезімінің айқын көрінісі еді. 
Қан майданда ерлігі мен жазушылығы қатар жүрген Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына» атты 
еңбегінде «Ел қорғауға ел намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс 
Ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының  «Елім-ай» 
деп  сары  даланы  күңірентіп  салған  зарлы  әнін  бүгінгі  күні  жаңа  күймен  ұрыс  алдында  біз 
шырқасақ  оның  айып-шамы  жоқ.  Елін  сүйген  ер  жігіт  қазіргі  заманда  «Елім-ай»  десе  ол  – 
Ант! Ол – Серт!», – дей отырып, қазақ халқының келешегі мен болашағын сақтау үшін ата-
баба  салып  кеткен  игі  дәстүрлерін  пайдалана  отырып,  ұлттық  ерлік  мектебінің  дамуына  өз 
үлестерін қосты. 
Ғылыми-зерттеу  жұмысы  патриоттық-интернацоналдық  тәрбие  мәселесіне  арналған 
Ә.Жұмақановтың  еңбектерінде  тәрбие  мәселесін  кешенді,  тәрбие  бағыттарын  бір-бірімен 
ұштастыра 
отырып 
жүргізу 
көзделеді. 
Патриоттық-интернационалдық 
тәрбиені 
адамгершілік,  саяси-идеялық  тәрбиелермен  және  пән  сабақтарының  мазмұнымен 
байланыстыра  жүргізу  қарастырылады.  Ғалымның  соңғы  шыққан  еңбегінде  аға  ұрпақтың 
ерлік және еңбек дәстүрі арқылы бастауыш сынып  оқушыларының отаншылдық сезімдерін 
жетілдіру, дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. 
Ал  ұлттық  парыз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  сыртқы  жаулардан  елін,  жерін  аман 
сақтап, ата-баба дәстүріне сезімталдықпен қарау.  «Парыз  – өзінің мағыналық  аясына ақыл-
ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді  
қамтып,  оларды  адам  өміріндегі  қайшы  құбылыстарға  қарама-қарсы  қоятын  жоғары 
интеллектуалды құбылыс. Парыздан мықты күш жоқ, Парыздан берік сауыт жоқ, Парыздан 
нәзік  сезім  жоқ,  Парыздан  қатал  қазы  жоқ,  –  дей  келе,  халық  батыры  Б.Момышұлы  парыз 
сезімін  қиындықтан  қайтпай,  дұшпан  алдында  тайсалмай,  Отан  үшін  ақтық  демі  біткенше 
қызмет етуге әзір болу сезімінен туады», – деп қорытады. 
Атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  әдеп  салт-дәстүрлерді  оқу-тәрбие 
мазмұнына  енгізе  білсек,  ұлттық  дәстүрге  берік,  елін,  жерін  сүйетін  азамат  тәрбиелеуде. 
Оқушылардың  бойында  қазақстандық  отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыруда  игі  ықпалы 
мол. 
Тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында  «қазақ  халқының  жауынгерлік  және  ерлік  тарихын 
ұрпаққа  еріктің  өшпес  үлгісін  қалдырған  жас  батырлардың  өмір-өнегесімен  таныстыру;  өз 
жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу», – деп 
ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық  ерекшеліктер, салт-дәсүрлерді  бүгінгі  ұрпақ тәрбиесіне 
пайдалануға аса мән береді. 
Белгілі  академик  М.К.Қозыбаев  бүгінгі  ұрпақты  ерлікке  баулудың  ұлтжаңдылыққа 
тәрбиелеудің  нағыз  қайнар  көзі  халықтық  педагогика,  ұлттық  дәстүрде  жатқанына  тоқтала 
келе,  «бізге  тірек  болып,  болашақ  батыр  ұрпақ  өсіруге  көмектесер  бір  фактор  халықтық 
педагогикалық  ұрпақ  тәрбиелеу  дәстүрі»,  –  деп  ұлттық  жауынгерлік  дәстүрлердің  маңызы 
зор  екенін  атап  көрсетеді.  Халықтық  педагогикасы  бойынша  зерттеу  жұмысын  жүргізген 
ТМД  елдерінің  ғалымдары  Т.С.Виноградов,  А.Ш.Гашимов,  Г.Н.Волков  т.б.  халық 
педагогикасы  –  халықтық  бала  тәрбиелеу  тәжірибиесіне  байланысты  жинақталған  әдіс-
тәсілдер, білім мен дағдылардың, салт-дәстүрлердің жиынтығы деп қарастырады. 
Қазақстандық  ғалымдар  Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ.Қалиев,  М.Балтабаев,  С.А.Ұзақбаева, 
К.Қожахметова,  Ш.Майғарановалар  және  т.б.  қазақ  халқының  тәлім-тәрбиелік  мұрасына 
ғылыми талдау жасап және оларды тарих, этнография және фольклористика зерттеулерімен 
салыстыра келе халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымына түсінік береді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы 
қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде атап көрсетілгендей «біздің алдымызда тұрған 
негізгі  міндет  –  егеменді  еліміздің  тұтастығын,  бейбітшілігін  сақтайтын  ұлттық  рухы 
жоғары, ұлтжанды ұландарды тәрбиелеу». 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
231 
 
Осы  мәселені  шешуде,  яғни  оқушыларды  ұлтжандылыққа  баулу  жұмысы  оқу  мен 
тәрбиенің  бір-бірімен  тығыз  байланыстырылып  жүргізілуін  қажет  етеді.  Демек,  оқу  мен 
тәрбиені  бір-бірімен  кірістіре  отырып,  ұлттық  жауынгерлік  дәстүрлерінің  негізінде 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  жүйелі  түрде  жүргізу  арқылы  елін,  жерін 
жаудан  қорғай  алатын  шынайы  ұлтжанды  азамат  тәрбиелеп  шығару  бүгінгі  егеменді 
еліміздің ұстаздар қауымының абыройлы борышы болып отыр. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет