Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
215
Бексұлтан Нұржекеұлының шығармашылық зертханасынан
Бексұлтан аға, өмір құбылыстары яғни материалды жинау жолдарыңыз қандай?
Бірінші дереккөзі ол адамның өзінің өмірі. Өзінің басынан кешкені, ата-анасынан, ата-әжесінен
естігені, білгені, көргені, өскен ортасы оқиға желісіне қосылады. Бұл даяр дерекөздер. «Кінәлі
махаббат» анамның өмірі. Мұнда анамның өзінің
аузынан естігенім, ата-әжемнің айтқандары, ауыл-
аймақтың анама деген көзқарасы бәрін қамтып осы шығармаға дерек ретінде алғанмын. Ешқандай
қосымша материал жинаған жоқпын.
Екіншіден «Күтумен кешкен ғұмыр» романында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс суреттелген.
60-70 пайызы атамның айтқан әңгімесі. Ал, қалғанын замандастары Заманбек пен Қожахмет сынды
үлкен кісілер толықтырып отырды. Атам қонақжай кісі болған үйден қонақ үзілмейтін. Атамның
замандастары да көптеген әңгімелер, оқиғаларды баяндап айтып отыратын. Сондағы кейіпкерлер сол
достары айтқан бейнелер және сол кісілерге ұқсайтын жандар.
«Жау жағадан алғанда» әңгімесінде 50-60 пайызы мұрағаттан алынған. Жаркент архиві мен
мемлекеттік архивтен алынған құжаттар негізінде жазылған. «Совет үкіметі қалай келді?» деген
сынды сұрақтар негізінде жазылды. Кейіпкерлердің аттары да өз атымен берілген. Себебі тарихи
көркем бейнелердің байланысы болғандықтан.
Үшіншіден тек архивтен алатын шығармаларда болады. Қазір бір шығарма жазып жатырмын сол
шығармама материалдарды тек архивтен аламын. Архивке жүгінбесем арты даулы болатын мәселе.
Сондықтан тек архивте бар мәселені жазып жатырмын. Бұл факті рас, бірақ сол шындықты айтатын
адамды мен өзім таңдаймын. Бұл 1916 жылғы оқиға, қазақтарды орыстандыру, қазақты қалай
қырғандығы жөніндегі факті.
Жұмыс тәртібіңіз жайында сөз қозғасаңыз?
Жазушының жұмыс тәртібі жайында айту қиын. Себебі жазушы тек қана тапжылмай жазып отыра
алмайды, күнделікті күйбең тірлік бұған мойын бұрғызбайды. Басқа жазушыларды айтпай-ақ өзіме
тоқталатын болсам менде бұлжытпай орындайтын тәртіп болған емес. Қызметке көп араласып
жүрген болғандықтан отырып жазғанға уақыт болыңқырамайды. Оқу бітіріп алғаш қызметке
араласқан жылдардан жазуға аса көп көңіл бөлмедім. Себебі уақыт тапшы болды.
Мен шығармаларымды көбіне қыс және күз мезгілдерінде жазамын. Жазатын туындыларым
ойымда қорытып, ойша жоспарлаймын. Жоспарланған нәрсе қағаз бетіне түспейінше болмайды.
Жазам деген оқиға сол шыққысы келіп, қағазға түскісі келіп тұрады. Кейде ұйықтап жатқанда келіп
тұрады ертең
ұмытып қалам деп, тұрып барып түртіп қоясын.
Тірек бейне, прототип және көркем бейне жайында айта отырсаңыз?
Прототипсіз шығарма жазылмайды. Барлық шығармаларым өз өмірімде көрген, естіген, білген
бейнелерді шығармама негіз етіп аламын.
«Күтумен кешкен ғұмыр» романындағы басты кейіпкер Әтіке прототипі: біздің ауылда Нұржеке,
Әтіке деген батырлар болған. Екеуіде орысқа қарсы шығып, содан қаза тапқан. Бұл романда Әтіке
батырдың бір-екі оқиғасы кіреді. Бірақ бұл Әтіке деп отырғанымыз негізінен жоғалып кеткен, өзінің
қазақ халқының маңдайына бұйырмаған Әсет Найманбаев. Ол өзі қазақ болғанымен қытай жеріне
өтіп кеткен соны тұспалдап жазған шығармам болатын. Әсеттің бір-ақ өлеңін білетінбіз «Інжу-
маржан» еді, ал кейін басқада өлеңдерін білдік. «Күтумен кешкен өмір» деп отырғанымыз сол
замандағы шетел асып кеткендермен халықтың өнері, мәдениеті, тарихы, болашағы, қаншама
таланттары бірге кеткені айтады. Осы романдағы Жайту, Байту өз руының адамдары. Негізгі аты
Жанту, кейіпкерлеріме есім бергенде кезде тек қана бір ғана әріпін өзгертіп отырдым.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
216
«Бір ғана махаббат» повесіндегі кейіпкерлер Шолпан, Ұлдан, Нүргілдер класстастарым болып
келеді. Повестегі Күлайхан образы өз жұбайым болады.
«Бір өкініш, бір үміт» повестіндегі кейіпкерлерді айтар болсам, Шеген-өзім болсам, Шәзиәні теріс
оқысаң Әзиәш шығады ол менің жұбайым. Достарым бейнесінде Асқар Сүлейменов пен Мұқағали
Мақатаев.
Жазылып біткен шығармаға автордың қайта оралуы себептері, оны жетілдіру, кемелдендіру
жолдары қандай болады?
Көңілдегі көркем ойдың ауызда құты қашады. Көңіліңдегі әдемі нәрсені сол қалпында жаза
отырып, оны оқыған адамда көңіліңдегі әдемілікті түсінетін жағдайға жету бұл жазушының басты
мақсаты.Ал, оған жету үшін талант, ақыл керек, сөздің мәнін, астарын, әсерін білу керек - талант
деген өзі осылардан тұрады. Кейде шығарманы жазған кезде бір сәттер болады құйылып отыратын
оны сол кезде төгіп-төгіп тастамасаң ол кетіп қалады. Кей кезде жазған нәрсеңді оқысаң оқиға бар
сезім жоқ сондықтан оны қайта жазасың енді оқиғаға жан беріп тірілтуің керек ол - ең қиын нәрсе.
Бұл бір болса, екінші кітабыңды баспаға бергеннен кейін да кемшілігін байқасаң, шыққан соң елдің
сөзін естігеннен кейін тағы бір кемшілігіңді білесің, қайта-қайта өңдеп ақыры оданда басқа шығарма
жазбаймын ба дейсің. Мысалы «Жау жағадан алғанда», «Күтумен өткен ғұмыр», «Күнәлі махаббат-
ты» қатшама рет өзгерттім. Шығармаларымды түгелдей соншалық өзгертпеймін көбіне алып
тастаймын немесе қысқартамын. Бір жағынан оқырманның уақытын алғым келмейді. Шығармала-
рымды өзгерткеніме өкінбеймін қайта туындымды шыңдап түсемін. Соңғы шығармаларымды 7-8
жылдан бері жазу үстіндемін.
«Күтумен кешкен ғұмыр» романында бастапқы аты «Күтумен өткен ғұмыр» болып жарияланды.
Бұл романда рушылдық қытайдағы оралмандармен бірге келді деген жолдарын алып тастадым.
Сұхбат жүргізген: Алиасақар А., Аманжолова А., Қуанышова А., Мамбетрзаева С., Муслимова Ғ.
Абай ат.ҚазҰПУ 3-курс студенттері
Жоба жетекшісі: А.Ибраева Абай ат.ҚазҰПУ аға оқытушысы, филол. ғыл. кандидаты
М.ШАХАНОВТЫҢ “ЖЕЛТОҚСАН ЭПОПЕЯСЫ” ШЫҒАРМАСЫНЫҢ
ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫНАН
Шығарма тақырыбы: “Желтоқсан эпопеясы”
Тақырып табу ерекшелігі: “Желтоқсан эпопеясын” жазуыма желтоқсанның ащы шындығы
себепкер болды. әлі де айтылмаған шындық жетерлік.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қоры жоқ.
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған олар аяз сорған қызыл
беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Материал жинау мәнері: Мен бұл шығарманы жазуда желтоқсан оқиғасындағы барлық көріністі
оқиғаны қалдырмай баяндадым.
Жазу тәжірибесі: Тыныштықты қалаймын. Түнде жазам, күндіз қоғамдық жұмыспен айналысам.
Шығарманы жоспарлау: Жоспар жазып құрамаймын бырақ ойша құрастыратыным бар.
Өмір дерегі және көркем шындық: Ащы шындық еш бүкпесіз айтылды. Бұл шығ?
Достарыңызбен бөлісу: