Саттар ерубаев



жүктеу 37.29 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі37.29 Kb.

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САТТАР ЕРУБАЕВ 

 

 

 



БАҚЫТ

 

 

 

Sauap.org 

Мен бақытты кӛрсем деуші едім. 

Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал 

ӛтетін еді. 

Шал ұзын асасын жоғары кӛтеріп алып: 

— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді. 

Менің бақытты кӛргім келді. 

Күн  батушы  еді,  шал  қаракӛлеңкеде  үйреншікті  жолыменен  күнде  бір 

қалыпта  кетіп  бара  жататын  еді.  Мен  біраз  қарап  тұрар  едім  де,  қараңдап 

кетіп  бара  жатқан  сыры  белгісіз,  жұмбақ  қайыршының  аузынан  шыққан 

«бақыт» деген сӛзбен кӛңліме елең салатын қараңғылықта біртүрлі сескенер 

едім.  Содан  соң  жылдам  басып  үйге  келетін  едім.  Есікке  жақындағанда 

белгісіз шыққан қайыршының қара-күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, 

ӛзімнен-ӛзім «бақыт» дейтін едім. 

Тӛсекке  жатқанда  ұзын  асалы  шал  кӛз  алдымнан  кетпей,  даусы 

құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» кӛрсем дейтін едім. 

Біздің  үй  Түркістан  қаласының  Оңтүстік  жақ  шетінде  болатын  еді. 

Бізбен  бірге  Жақсыбайдың  үйі  тұратын.  Күн  еңкейіп  қақпаның  тасасына 

түсуші  еді.  Қақпа  кӛлеңкесі  ұзарып,  тӛргі  бұрыштағы  Жақсыбай  үйінің 

іргесіне  дейін  барушы  еді.  Осы  уақытқа  дейін  Жақсыбайдың  шешесі 

Күнтүлім күншуақта жамау жамап отырушы еді. 

Барлыбай, кӛзі қарауытып: 

— Апа, қарным ашты ғой,— дейтін еді. 

— Е, бақытсыз, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың,— деуші еді 

Күнтүлім. 

Осы  уақытта  түрінген  балтыры  балшық  болып  Жақсыбай  келуші  еді. 

Жақсыбай  қалада  қыш  құйып,  күнделікті  жұмыс  істейтін.  Жақсыбайдың 

қолында шүберекке түйілген бір нәрселер кӛрінсе Күнтүлім Барлыбайына: 

— Бақытың бар екен, қарағым,— деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі 

уақытша  күлкі  болған  соң,  бар  қуаныш  бетіне  ғана  жыйылып,  жүрегінде 

барлық  бақытсыздықтың  зілі  жатқандай  болушы  еді.  Күнтүлім  орнынан 

тұрушы еді! 

— Шырақ, Жақсыбай келеді, біздің үйге келмейсің бе,— дейтін еді. 

Күнтүлімнің  бақытты  түрде  шыққан  даусы  мені  жүгіртіп  әкетіп,  оның 

бақытты бетін кӛргім келетін де тұратын еді. Жақсыбай үйішімен қуанышты 

түрде қарсы алатын, менің ойымша бақыт тек Жақсыбайдың үйінде, онда да 

ылғи кешке ғана қонақ болып кететін сияқты еді. 

Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім. 

Мен сонан бері талай бақытты адамды кӛрдім. Талай бақытпен бетпе-бет 

кездестім, қазір ӛзім бақыттың құшағындамын. 

Менкӛруге құмар болған бақыт — қазір мені де, менің жолдастарымды 

да кӛтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты. 

Бақыт  ӛмірмен  қатар  келмейді  екен,  ӛмірмен  араласып,  ӛмір  болып 

келеді  екен.  Бақыт  қолыңды  алмайды  екен,  жүрегіңді  алады  екен.  Жүрегің 


Sauap.org 

бақытқа  шомылып,  сен  ӛмірге  ӛзімсініп  кіріседі  екенсің.  Мен  бақытты 

кӛрдім. 


Бірақ  Күнтүлімнің  бақыты  маған  біртүрлі  «ӛзгеше  бақыт»  болып, 

жататын  тӛсегің,  жүретін  жерің,  істейтін  жұмысың,  құшақтайтын  жарың, 

ӛмір сүрген дәуірің болған бақыт емес, күн батарда Жақсыбайдың нанымен 

бірге, қонақ боп кетуге келген бақыт болды. 

Менің  Күнтүлімнің  бұрынғы,  соңғы  бақытын  қолыма  ұстап,  салмақтап 

кӛргім келді. 

Былтыр оқудан қайтып, Күнтүлімнің  күлімсіремей,  қуанбай  жүрген  бір 

минутын  кӛргенім  жоқ.  Бұрын  Жақсыбай  нан  әкелгенде  күлімсірейтін 

болғандықтан  ба,  Күнтүлім  бақытының  белгісі  күлімсіреу,  қуаныш 

болатындай  болып  кӛрінді.  Бірақ  Күнтүлім  ӛзінің  ең  бір  бақыттылығын 

күлмей,  маңызды  түрде  отырып  айтты.  Біз  де  шын  кӛңілімізбен  Күнтүлім 

бақытты екен дестік. 

Бір күні кешке жұмысынан қайтып, үйішінің бәрі түгел отырғанда: 

— Жеңеше, бақытыңды, қуанышыңды айтып берші,— дедім. 

Басқан  қадамының  барлығы  бақыт  болған  соң,  менің  сұрауым 

ӛрескелдеу болды ма? 

— Ӛміріңді айт дейсің бе? — деді Күнтүлім, сонан соң біраз отырып: 

— Оны айтармыз, менің бір түсім бар еді. Әлде сен оқып ержеткен соң 

менің «ертегімді» бұрынғыдай тыңдамайсың ба? 

Біз қолқалап отырып айтқыздық. Күнтүлім, бірден бір сирек кездесетін 

бақытын басқаға қыйғысы келмегендей отырғандарға біраз қарады да, маған 

түсін айта бастады. 

—  Мен  комбайнда  істеймін  ғой.  Анау  күні  жұмыстан  қайтып  келіп, 

ұйықтап едім, түс кӛрдім. 

Түсімде,  сәскетүс  екен-ау  деймін.  Мен  комбайнда  барабанщик  болып 

қырман  басып  жатырмын,  бидайдың  бауларын  барабанға  тастап  жатып, 

қалың ойға кетсем керек, біреу: 

—  Қане,  салыңыз,  тоқтап  қалдыңыз  ғой  дегені.  Жалт  қарасам,  кәдімгі 

ӛзіміздің Ильич Ленин. Күлімсіреп амандасты да: 

—  Қырмандарың  кӛбейсін,  бауды  бір  қалыпты  салыңыз,  машинаңыз 

бұзылып қалар,— деді, мен таңғалып тұрғанда комбайн тоқтап қалды. 

Ленин дереу жеңін сыбанып алып, машинаны жүргізіп жіберді. 

—  Машинаны  таза  сақтаңдар,  моторын  сүртіп,  құрғатпай  май  құйып 

тұрыңдар,  шырағым,  мына  машинаның  қиын  тетіктерін  үйрен,  әйел  деген 

колхозда үлкен күш деп Сталиннің айтқаны есіңде бар ма, оқып комбайншы 

бол! — деді. 

Содан соң қызыл тақта жерде жатыр еді, оны кӛтеріп жоғары іліп қойды. 

— Күнтүлім, бақытты екеніңді білесің бе? — деді Ленин. 

— Білем,— дедім. 


Sauap.org 

—  Білсең  адал  еңбек  сіңір,  партияның  жол  басшылығымен  колхозды 

нығайт,  жаңа  ӛмір  құруда  белсене  істе,  басқаларды  ұйымдастыр,—  деді 

Ленин. 

Жолдасымныңжердешашылыпжатқан бидай дәндерін кӛріп: 



— Бір түйір дән жердеқалмасын, ауқатты боламын десеңдер —бір дәнді 

шашпай, ұрлатпай, алдымен астықты үкіметке тапсырыңдар,— деді. Мен бір 

уақытта: 

— Кӛсем, сенімен сӛйлесетін кӛп сӛзім бар еді,— дедім. 

—  Онда  менің  партияммен,  Сталиніміменсӛйлес,  онымен  сӛйлескенің 

менімен сӛйлескенің—деді. 

— Сталинмен қалай сӛйлесем? — дедім. 

—  Астық  жоспарларыңдыорындаңдар.  Сталиннің  айтқанын  бұлжытпай 

жүзеге  асырыңдар.  Міне,  Сталинмен  сӛйлескенің,  партиямен  сӛйлескенің, 

сӛйлесе білгенің осы,— деді. 

Кетейін деп жатқанда: 

— Жаңалық қой, кӛсем біздің де бидайымызды жеп кӛрсін, біраз бидай 

берсем қайтеді,— деп ойланып едім, онысезіп қойып: 

— Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер, бидай еңбеккүнге, адал 

еңбекке  беріледі,  сонсын  ауқатты  боласыңдар,—  деді.  Сонан  соң 

политотделге қарай кетті. 

Күнтүлім сӛзін бітірді. Мүмкін Лениннің тағы да айтқандары бар шығар

мүмкін  ол,  сӛздерін  тұп-тура  ӛз  күйінде  айтып  бере  де  алмаған  шығар. 

Бәрібір  ӛзіне  мәлім,  қайта  ерекше  бақыттың  кейбір  меруеттері  тек  ӛзіне-ақ 

белгілі болып қалсын, деді де: — Осындай түс кӛрдім,— деп тұжыра салды. 

— Шын бақытты екенсің!—деді бір шал. 

—  Мұндай  бақытты  ӛзіміз  кӛрмей  бара  жатырмыз,  сенің  арманың  жоқ 

екен,— деді жаңағы шал. 

— Шырақ, не дейсің?—деді Күнтүлім масаттанып. 

—  Сені,  сенсияқты  жалшы  күндерді  есінен  шығармай  кӛп  ойланған, 

онан  соң  сенің  түсіңе  кіргенде,  ӛзіміздің  де  түсімізге  кіре  ме  деген  таудай 

талабымыз бар,— дедібір әйел. 

— Ол не дегеніңіз, Күнтүлімге Ленин айтпақшы, бәріміз соның ӛсиетін 

орындап, күнде араласып жүрміз. 

Мен  партияның  мүшесімін.  Партия  —  Лениннің  партиясы,—  деді 

Жақсыбай. 

—  Шырақ,—  деді  Күнтүлім,—  мен  партиямен,  Сталинмен  астық 

жоспарын орындаумен сӛйлесем, сен немен сӛйлесесің? — деді. 

— Мен ерлерді кӛрсетумен, кӛркем шығармаммен сӛйлесемін,— дедім. 

Осыдан соң Күнтүлімнің бақытына шын түсіндім. 

— Бақыт ӛмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің ӛзі біздің ӛмір 

екен! —деді. 

    


1934 

Sauap.org 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 

 

 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал