Вестник пгу №3, 2010



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.02.2017
өлшемі124,93 Kb.
#4191
1   2   3

96 

шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген қалаға ғана тиісті 

сондықтан ол отырықшылардың үрдісі деп жариялау, түркі халықтарының 

мәдени түбірі арийлік архетипте жатыр, олардың мәдени жетістіктері 

ирандық «баулудың» нәтижесі – деп, қарауға үлкен соққы бола алады  

[18, 170]. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі [19, 258]: Қазанқап, 

Кендебай, сауыт – сайман, аузына құлып  салынған зындан, алтын кебіс, 

Дарияның үстінен құстай ұшқан Керқұла ат, пұл, алтын құйырық, қоржын, 

алмас қылыш т.б. 

«Қобыланды батыр» жырындағы [20, 355]: Тайбурыл, дәрі, түтік, алмас, 

күміс; «Алпамыс батыр» жырындағы: Байшұбар ат, сенім иесі Ғайып ерен 

қырық шілтен, Қызырәлі жәбірәйіл, Бабай түкті Шашты Әзиз т.б. 

Алынған мысалдар сонау алыс замандағы көшпенділер мәдениетінен 

сыр беретін негізгі айғақ боларлық кілтті сөздер болып табылады. Жылқыны 

кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана 

білген. Мұны көшпенділерге көрші халықтардың миф – аңыздарынан да 

анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты тұлпар 

Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз Химераны өлтіруге көмектеседі. 

Ал, салт атты көшпенді скифтің метафорасы – кентавр Хирон өзінің досы 

атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік өмірден бас тартады. Бұл 

сарын шумердің «Гильгамеш туралы» жырындағы Гильгамеш (Күлкөмеш 

болуы мүмкін – А.Қ.) көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз. 

Шалқұйрық, Керқұла, Тайбурыл, Байшұбар  т.б. іс - әрекеттері жылқының 

(жыл құсынан) қысқарған, әуелі ұшқан, кейіннен қос мекенді болған, бара 

– бара жерді мекендеген алып самұрық құстардың қалдығы, тұқымы болуы 

мүмкін. Аузымен құс тістеген, құстай ұшып, құспен жарысып, қанатты пырақ 

т.б. тіркестер жай ғана айтыла салмаған сияқты. Геродот исседондардың 

шығысында аримаспилер, одан әріректе «алтын қорыған самұрықтар» 

- «грифтер» тұрады дейді (Гередот. История. IV, 16; «Вестник древней 

истории», 1947, №1, 298 б). Аримаспилердің көршісі «Алтын қорыған 

самұрық» және «қанатты иттер» тайпасы болған. Аристей және Геродот, 

кейіннен грек авторларының болжамында олардың елі алтынға бай болған, 

соны қорғау үшін жылқы кейіпінде бейнеленген аримаспилермен соғыс 

жүргізген. Неміс ғалымдары А. Гумбольдт және Л. Бек «самұрықтар» 

мекенін Алтай тауы деп жорамалдайды. Орыс саяхатшысы Н.А. Северцов 

«қанатты иттер» бейнесіндегі алып жыртқыш құс – құмай ол туралы шығыс 

деректерінде де айтылады дейді. Жазушы ғалым С.Марков құмай Азия 

алтынын қорыған ғажап та қатерлі грифтердің тірі бейнесі емес пе екен деп 

болжам жасап, оған осы күнге дейін Тянь – Шань қырғыздары арасында 

сақталған жұмыртқасынан күшіктер өрбитін самұрық – құмай туралы аңызды 

келтіреді (С. Марков. Земной круг. М. 1966, 22 б).  Қазақтар арасында да 

италақаз туралы аңыз бар. Махмут Қашқари былай дейді: Барақ- жүндес аң 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

97

иті. Түркілердің түсінігінше, бүркіт қартайған шағында екі жұмыртқа туып, 

басады. Біреуінен барақ күшік шығап, аңгер болады. Екіншісінен балапан 

шығып, қыран болады. Бұл сол бүркіттің соңғы тұқымы болады деседі  

(1993: 183). Ә. Диваев, Қ. Халид, С. Мұқановтың еңбектерінде жақсы айтылған. 

М.М. Копыленко: «Среди этих эвфемизмов было и модифицированное 

найменование собаки ит – құс (`собака - птица` за котором скрывается 

неизвестная нам легенда)» /А.К. Ахметов, 1973, 7/  [21, 71] - деп жазды. Сөйтіп 

ат мінген Керқұла атты Кендебай жерден босап, ғарышқа самғағанын бірақ 

біледі. Жер – ана Кендебайды қанша жібергісі келмесе де, ол шексіз әлемге 

өзінің қадамын нық басады. Кендебайдың шексіз әлем алдындағы ала жіп 

тұсауы осылай кесіледі. Ер Төстік жер астындағы жылан Бапы ордасына 

«полис» еркін кіреді, жер үстіне еркін шығады «алып бәйтерек», «Шоқ терек» 

(ҚКБС) жырындағы үш әлемді «жоғарғы» аспан, «орта» кеңістік, «төменгі» жер 

асты өмірмен байланыстырады. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен 

қатынасын үзбейді. Ер Төстік осы үш өмірді көреді, ой елегінен өткізеді.     Белгілі 

ғалым А. Сейдімбеков: «Сөз жоқ, мұндай ертегілердің ең алдымен кен қазған 

өңірде дүниеге келуі күмән тудырмайды. Байтақ дала төсін мекен еткен ұрпақ 

көшпелі мал шаруашылығының ырғақты жүйесіне түскенге дейін отырықшы 

болып келгені Андрон, Бегазы – Дандыбай мәдениетінің айғақтарымен айқын 

дәлелін тауып отыр» - дейді [22, 58]. Кендебайдың (Кен + де + бай) өзі дүниеге 

келгенге дейін – ақ, зат материалдық дүниеге ие болған. Ер Төстік жер астына 

түскенге дейін – ақ шахтадан кен өндіріліп, алтын мен мыс балқытылып, құпия 

химиялық технологиясы көшпелі түрік мәдениетінің шырқау биік мәдениетін 

көрсететін ақиқатқа баяғыда айналған. Ә. Марғұлан: «Несколько позднее  

(IV тыс. до н.э.) на основе неолитической хозяйственной традиции постепенно 

зарождается новая металлическая культура, совершившая переворот в жизни 

древних неолитических племен Казахстана» - деп жазды [23, 31]. 

Бұл орайда,  Кетпен, шот ап, ар қылдың жер қазуға, Жұмыс қылмай 

соқырдың күшіменен (Мәшһүр-Жүсіп, 126 б); Күрекпенен шоқ салса, 

Жақындамай сөнеді (Алпамыс, 207); Садақ тартып үйренеді, тартқан садағы 

тоғыз қабат кетпеннен өткізеді («Ер Төстік» ертегісі, 4 бет). Келтірілген 

мысалдағы қарамен жазылған лексика туралы Мұрад Аджи: Алысқа көз 

жүгіртсек мынаны байқаймыз қазіргі заман геологиясы және таулы істе 

көптеген ұғымдар мен терминдердің әлем жаңалығы болып түріктерден 

ауысқанын мақтанышпен айта аламыз: кайло, бутора, кирка т.б. дейді [24, 

169]. А.З. Будагов сөздігінде: курекъ, лопата, лопатка (кость плечевая), 

кочегарка; китмэнъ, ключъ замочный; въ числ   осданыхъ орудій, встр

чаются это слова въ значеніи: заступа или лопаты: щиты, заступы, топоры; 

кетменъ, рыть заступомъ – деп түсініктеме берілген [25, 121, 173].  Кетпенді 

тек қана қазу жұмысына ғана қолданбаған, қалқан, қорған есебінде де 

пайдаланған. Кетпен – қорғанның кілті, қорғаныс қаруының түрі, бұл сөз 



Вестник ПГУ № 3, 2010

98 

қорғаныс және күрек түрінде кездеседі, Вамб. ағылшын. кетпен «қазу», 

«қорғаныс» деген мағына береді дейді тағы бірде (Будагов, 173 бет.). 

Кетпен жауынгердің қару – жарағының бір түрі қалқан деген мағынада 

жұмсалған. Демек, Будаговтың анықтамасы өте дұрыс. Көркем әдебиеттегі 

этномәдени лексиканың мағыналары туралы Б. Хасанов: «Табиғаттағы 

пайдалы кендер мен бағалы минералдар және олардың әр түрлі өнімдері 

атауына байланысты метафоралардың ішінде ең көп қолданылатыны 

алтын және темір. Тұрмысқа қажетті құралдар мен жиһаздарға байланысты 

туған метафоралар да елеулі орын алады. Мысалы: балта, ұстара, қазан, 

қазық, шам, бесік т.б.» - дейді [26, 197]. Ал, бау – бақша мәдениеті жөнінде:  

Р.Г. Ахметьянов: «Ряд земледельческих терминов русского происхождения 

в татарский язык были заимствованы в период западно – кыпчакского 

единства, например, арыш `рожь`, салам `солома`, сала `село`, которые 

имеют параллели в Godeх Cumanicus и в языке армияно – кыпчакских 

памятников. О древности земледельческой традиции татар свидетельствует, 

на наш взгляд, и то, что имена существительные урак `серп`, сабан `сабан`, 

сука `соха` употребляются также в значениях соответственно `жатва` и 

`вспашка`. Почти все названия овощей в татарском языке (карбыз `арбуз`, 

кыяр `огурец`, кишер `морковь`, чөгендер`свекла`, торма`редька` и.т.п.) 

– древнего среднеазиятского происхождения» - дейді. Бұл дегеніміз, көне 

түркілерде бақша мәдениеті ерте заманнан бері дамып, ал славянь халықтары 

бау – бақшамен кейіннен айналыса бастағанын көрсетеді. Мысалы: Даңғыл, 

дабыл қақтырды, Кішміш, мейіз жегізіп Шұбар атты бақтырды (Алпамыс, 

234) Өзім қаштым дермісің? Мейіз берсем жермісің  (Қобыланды, 82), Бір 

ағаштың басында Көгертпедің екі алма (Алпамыс, 211);  М. Қашқари армұрт: 

алмұрт – деп жазған [27, 125]. С.Е. Малов: «Например, где же уйгурам на 

их солончаках знать и помнить название яблока – алма? И вот, у степных 

уйгуров, живущих близко к г. Сучжоу, вместо тюркского слова «алма» 

употребляется китайское «сагоза», но у горных уйгуров, проживающих 

дальше от крупного центра – города Сучжоу, сохраняется это слова «алма». 

У степных уйгуров, правда, сохраняется слово «алма», но с прибавлением 

«су» (вода) – «су» алма» - со значением уже «груша». Уйгуры, проживающие 

близко к Сучжоу, забыли название винограда, оно у них китайское «путо» 

(кит. путао), а у горных уйгуров виноград по тюркский – «узум» - дейді 

(Язык желтых уйгуров, 6 бет). Осы мысалдарда келтірілген кейбір лексика 

туралы заттық мәдениетке байланысты жазылған зерттеу еңбекте толық 

айтылады. Сондықтан да зерттеу жұмысқа қатысты ішінара бірен-саран 

ғана деректерді келтірдік. Ж.А. Манкеева: «Қазақ тілі лексикасының ең бір 

сүбелі қабаты – этнолексика. Оның бойында өткен өмір тарихын бейнелейтін 

әр түрлі саладағы сөз қазынасымен қатар халқымыздың өткендегі рухани да 

материалдық мәдениетінің көрінісі іспетті заттық мәдениет лексикасы да 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

99

сақталған» - дейді [28, 27]. 

Біздің тарихи мәдениетіміздің түп–тамыры алғашқы–қауымдық 

құрылыстан басталады. Алғашқы  қауым – адамның балалық шағы. 

Адамзаттың тарихының көп бөлігі алғашқы қауымдастыққа келеді. 

Американдық этнограф Л.Г. Морган (1818 - 1881) адамдардың пайда болуын 

(«Көне қоғам», 1877) алғашқы қауымдастықты «тағылық» дейді. У.К. Ясперса 

схемасында әлем тарихында алғашқы қауымдық дәуір «тарихқа дейін», 

«прометтік дәуір» - деп атаған. Біз 200000 жыл бұрын тұрған адамдардың 

жан - дүниесі туралы ештеңе білмейміз. Дегенмен, тарихи даму өмір сүру 

барысында адамзат биологиялық және психофизикалық жағынан өзгеріске 

түскен жоқ. Содан бері бар-жоғы 100 ұрпақ өтті. Біздің ата – бабамыз біз 

бара алмас дәуірде тобымен оттың маңында өмір сүрген сияқты. От және 

қару адамның адамға айналуының негізгі факторы болып табылады. Алла 

жаратқан жерде Адам ата мен Хауа ана пайда болды дейді аңыз. Алла 

адамды, жан – жануарды, аңдарды, егінді бір мезгілде жаратқан дейді тағы 

да. Адам көзі ашылғаннан бергі маймылдың өзгеріп адам болғанын көрген 

жоқ. Олай болса, адам маймылдан пайда болған деген жорамал теріске 

шығады. Ең алғашқы еңбек құралы 2,5 млн жыл бұрын пайда болған екен. 

Адамдар жасаған еңбек құралының материалынан археологтар алғашқы 

қауымдық әлемді: тас, мыс, қола және темір заманына бөлді. Көне заман тас 

дәуірі: (палеолит) (грек тілінде рalaios – көне және litos - тас), мезолит (орта 

тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) - деп үшке бөлінеді. Тас дәуірінің 

хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан – 6 мың жыл бұрын 

қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және жоғарғы 

(кеш дамыған кезең). Тас дәуірді 4 – 3 б.з.д. мыңға созылған  (неолит) қола 

ауыстырды. Артынан (4 - б.з.д 1 мың жылдық жез (мыс) дәуірі созылды. 

Академик Ә.Марғұлан атап көрсеткендей: «жез» деген сөз (кейбір түркі 

тілдерінде – jaz, jдz ) санскрит, грек, латын, гот сияқты ерте дүние тілдерінде 

пайдаланылған (Археологические исследования в Казахстане, 1973. - С . 4-5). 

Мұның өзі бұл жерлерге «жез» сөз ретінде «экспортталуы» мүмкін емес, 

Орталық Қазақстаннан металл ретінде жеткізіліп, өз атын сақтап қалғанға 

ұқсайды (кейінгі кезеңде ғана «купрус» - деп атаған) [29, 14]. Бұны темір дәуірі 

алмастырды. Полеолиттің аяқ кезіне қарай адамның қазіргі пішін – келбеті 

қалыптасты [30, 14]. Во – первых, на рубеже среднего и верхнего палеолита 

заканчивается эволюция ископаемых гомонит и появляется «настоящий» 

человек – Homo Saрiens [31, 142]. Қазақстан аймағындағы ең ертедегі адам 

баласының құралдары Сарысу өзенінің бойында неополитикалық Бөрібас I, II 

тұрақ табылды. Үңгір тұрағы Теректі әулие жартасқа, қабырғасына  салынған 

суреттерімен және тағы аттардың, бизон мен барыстың суреттерімен таң 

қалдырды – деп жазды Ә.Х. Марғұлан [32, 20]. Сол сияқты Жезқазғаннан 

темір дәуіріне дейінгі мәдениетке жататын көне адамның қаңқасы табытымен 



Вестник ПГУ № 3, 2010

100 

табылды. Ұлытауда қола дәуіріне жататын көптеген ескерткіштер атап 

айтқанда: Жанайдар, Тоғызбайкөл, Айбас - Дарасы, Едіге (Қорғантас), сол 

сияқты қола дәуіріндегі құрылыстар Ұлытау, Жанғабыл (Смырқон) Орталық 

Қазақстанның батыс шекарасынан айғақ боларлық көптеген заттар қазып 

алынды [32, 20]. Жаманөзенге таяу Ортау жақта шығыс және солтүстік 

шығыс тау бөктерінде ерте дәуірдің үш кезеңі ерте, орта, кеш кезеңі (қола) 

ескерткіштері жақсы сақталғаны анықталды. Ортаудың терең үңгірлерінде 

қола дәуір ескерткіші сақталса, маңындағы орда - қорғандарды қосатын тас 

жолдар салынып, гранит тас төселгені анықталды. Демек, бұл материалдар 

көне Қазақстанда мәдениеттің ерте басталғанын көрсетеді. Отырықшы елде 

ұсталық дүкендер жұмыс істеген. Олар қару-жарақ соққан, ат әбзелдерін 

жасаған. Көшпенділердің арбасын жөндеген. Көшпелі мәдениет таспен тері 

өңдеуді ойлап тапқан. Кейіннен қола, мыспен өңдеген. 

Неолит дәуірінде шаруашылықтың екі түрі: мал өсіру мен егін салу 

мәдениеті қоса дамыды. Қола, мыс өндірушілермен «полистармен» мал 

шаруашылығымен айналысатындар сауда жасасып, мал, аң терісімен 

айырбас жасасып тұрған. Көл, өзен жағасындағылар балық шаруашылығымен 

айналысты. (Адамзаттың палеолит заманынан 15 – 10 мың жыл бұрын 

ең бірінші қолға үйреткен аңы ит болды. Иттің  шыққан тегі де қасқыр 

болған. Ит адамның ең сенімді досына айналды. Түз тағысы, дала баласы 

түріктердің қолына тез үйренді. Қасқырдың айға қарап ұлуынан «ұл» «ұлы» 

сөздерінің шығуы мүмкін. Одан «ұлыс» сөзі туындауы мүмкін. Бұл туралы 

Кляшторный budarag ulus budun тіркесіндегі ulus «халық», «ел» дегенмен 

мағынасы жағынан ешқандай қатысы жоқ дейді [33, 129]. Е.Н. Жанпейісов 

«көне түркі  ulus сөзі орыс тіліне ХI ғасырда «волость» болып кірген. ULUS 

(ulus) > волость > болыс» - деп дыбыстық жағынан жаңғырған нұсқасын 

көрсетеді [34, 30]. Ұлыманың күшіктерін түріктер «ұлы» деген. Тотемдік 

түсініктер халық жадында архетиптік қызмет атқарған. Басқа бір рәміздер 

мен таңбаларға айналған. Мысалы, барыс (ібіліс) кейіннен көк бөріге 

алмасқан. Ата – тек тотем Көкбөрі жаугершілік пен еркіндіктің, батырлық 

пен қайсарлыққа шақырған символ болған. Бөрілердің өз ара қырқысып, 

жеміне таласы көшіріліп ұлттық ойын түрі «Көкпарға» түскен. Күн түрік 

дүниесі үшін құдай болды. Күн ұясына кіргенде оның орнын ай басты. Күннің 

жылылығын, нұрын түн мезгілінде ай атқарды. Айға байланысты: «Толық 

ай» сияқты адамның бет әлпеті толық болса, дөңгелек ай секілді жамалы, 

нұры - деген эпитеттерге ие болды. Әр айдың 14 түнін қырғыздар бедер  

«әдемі әлпет» - деп жазды (Будагов, 247 б.). Түн (қараңғылықтың) белгісі, 

зұлымдық тек қана түнде істеледі. Оған қарама – қарсы тұра алатын ізгілік 

иесі «ай». Бөрі екеш бөрі ай сәулесімен өзінің барар барысын, жемін аңдиды. 

Түз тағысы бөрілер ұлу арқылы бір – бірімен хабарласады. Ұзақты күн дала 

кезген түрік бұл құбылыстарды жадына сақтап, өздері тотем санаған бөріні 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

101

айға табынған деп есептеп, өздерінің сенімдерін одан әрі күшейте түсті. Ай 

түрік үшін барар бағытын адаспай таба алатын, ауа райын болжай алатын 

қасиетті иеге айналды. Өлген адамның жаны ұшып, мәңгілікке кетеді деп 

ұқты. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. 

Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналды. Өлген адамның басына ай 

таңбасын қойды. Жер астындағы өмір жер үстіндегі өмір арқылы көктегі 

(аспан, күн, ай, жұлдыздармен) тоғысып жатады деген ұғым болды. Аспан 

планетасына байланысты түріктің өзіндік таным сипаты көп болды және ол әр 

уақытта өмірлік тәжірибеден алынып отырды. (Жұлдызшылар, жауырынмен 

бал ашқандар, жорушылар) т.б. өмірден сабақ алғандар болды [35].  Оларды 

Л.З. Будагов: астрологъ, предсказатель – дейді (17 б.). Өзінен кейінгі 

ұрпақтарына материалдық мәдениеттің қайталанбас үлгілерін қалдырған 

мемлекеттер дәуірлеп өсіп, кезеңі жеткенде күйреп өшіп те жатты. Көшпенді 

мәдениет те соның кейпін кешті. Көшпелі мәдениет ғаламат әлемнің ішінде 

өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке 

қалып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, 

табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ мәдениеті еуразиялық 

Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Әрбір ұлт мәдениеті бос 

кеңістікте емес, адамдардың қоршаған ортасында әрекет етеді. ХV ғасырда 

Еуразия даласында тарихи аренаға «қазақ» деген атпен көшпенділердің 

ұрпағы келеді. Олар көрші елдермен этносаяси, эномәдени қарым – қатынас 

орнатады. Тарихта «қазақ» есімі арқылы аталған ел әлі де толық зерттеліп 

болған жоқ. Қазақтың заттық, рухани мәдениеті алыста антикалық тайпалар 

қойнауында жатыр. Қазақтар көшпелі тайпалардың ұзақ жылғы бірігу мен 

бөлінуі нәтижесінде тарих сахнасына шығып, кең байтақ жерге ие болып 

қалды. «Қазақ» көне түркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден 

– бір мұрагері болып табылады. Сондықтан да болар зерттеушілердің көбі 

көне еуразия көшпелілерінің тарихын зерттегенде қазақ мәдени әлемінен 

тірек іздейтіні белгілі.  Расында да қазақ этнографиясы көшпенділер 

мәдениетін ашатындай құндылыққа өте бай. Қазақтың этномәдениеті 

ерте көшпенділердің - ұялмай көрсете алатын, айта алатын айнасы іспетті. 

«Қазақ» этнонимі туралы тұңғыш деректі «Қобыланды батыр» жырынан: 

Қызылбасқа жан тартқан, Қазақ десе оқ атқан; Қазақ көппін дегенде, 

Көппін деп айтар тілім жоқ ұшыратамыз [36, 64, 84]. Одан кейін Міржақып 

Дулаттан таба аламыз. Ол: «Қазақ қырғыздың ата тегі туралы» атты еңбегінде 

Әбілқасым Фирдауси (940 - 1020) «Шахнамада»: «қазақ хандығы» деген ел 

көк теңіздің (Арал теңізінің) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп 

санды ел» - деп көрсеткен. Бұдан кейін «қазақ» 1245 жылы құрастырылған 

көне қыпшақ шығармасы (түркі – араб сөздігінде) кездеседі. М. Қозыбаев: 

«Қазақ» атауының даңқы қыпшақ одағы әлсіреген, қыпшақтан қазақ, ноғай, 

өзбек, башқұрт т.б. болып бөліне бастағанда ғана әйгілі болды» - деп жазды  



Вестник ПГУ № 3, 2010

102 

[37, 2]. Академик Н.А. Баскаков «қазақ» атауының орыс тілінде тұңғыш рет 

1395 жылы жазылғанын көрсетеді. Көне қазақ мәдениеті жез материалының 

негізінде қалыптасып, неолит заманынан бастау алған идеясы жаңа сапаға 

ие болды. С. Ақатай: «В век компьютера нам трудно понять, что каждое 

изобретение, простое на вид, давалось древним нелегко, за каждым из них 

стоят не только огромные умственные и физические усилия человека, но 

лежит опыт тысячелетий» - дейді [38, 10-11]. Сонымен мәдениетті тану үшін 

адамның әрекетін білу қажет. Қазақтардың мәдениеті тұрмыс - салты мен 

әдет – ғұрпы арқылы ғана танылады. Ал, оларды жоғарыда айтылған жайттар  

анықтайды. Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Адам тұрмысының 

маңызын түсінген сайын, мәдениет сол заттың мәнін, қажетін оның дамуын 

тездете түседі. Адам әлеуметтік болып жаратылмайды, шаруашылық 

қызметінің үрдісінде сондай болады. Білім беру мен тәрбие беру адамзат 

баласының маңдайына жазылған еншісі, мәдениеттің жоғарғы формасы 

ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдениет адамды, әрине, қоғамға 

бейімделуге, ымыраға келуге үйретеді. Қазақтар өзінің бастапқы мәдениеті 

қандай болса, сол мәдениеттен бастау алады да, өзінің замандастарынан 

тәжірибе жинай түседі. Және де сол қоғамның мүшесі ретінде сол мезетте 

оған өзінің қол таңбасын қалдырады, байытады. Мәдениетті болу үшін 

адам жеке басына байланысты формада болуы мүмкін: мектепке дейінгі 

оқу орындарында, жоғарғы оқу орындарында, кәсіпорындарда, саяхатта, 

отбасында, өзімен - өзі дайындалуында т.б. Мәдениетке ерекше рөл ойнайтын 

– радиоқабылдағыш, теледидар, баспасөз, компьютер т.б. бұқаралық ақпарат 

құралдары. Әлеуметтендіру үрдісін үздіксіз мәдениет пен адамның жеке 

басының бірлігінде қарастырған жөн. Бұл адамның жеке басының: мінез 

– құлқы, психикасы, темпераменті, оның менталитеті, ұлттық тәрбиесімен 

тығыз байланысты. Жеке бастың өзіне өзі есеп беруі жөнінде орыс философы 

Н.А. Бердиев (1874 - 1948) қызық тәжірибе жасады: ол - әлеуметтік үрдіспен 

және соның ізін ала бере мәдениет, өз ара күрделі антиномикалық (қарама 

- қарсылық) системасын құрайды дейді. Оның қарама – қарсылығы қарама 

– қарсылықта анықталады: 1) әлеуметтік пен жеке бастың тұлғасында; 2) 

мәдениетті нормалау және де сол бостандық, адамға (норма мен бостандық 

– екі полюс, мәдениеттегі екі күресетін бастаушы); 3) дәстүрлі мәдениет 

арасымен және оның  жан – дүниесінде өтетін жаңғыру. Осы және тағы 

басқа қарама – қайшылықтар мәдениеттің барлығына мінездеме беріп қана 

қоймай оның дамуының көзі де болып табылады. Мәдениеттің негізгі көзін 

қарастыру арқылы оның ішкі құрылымының қандай екендігіне көз жеткіземіз. 

Мәдениеттің негізгі әлеуметтік құбылыс және әдеттегі негізгі құбылыс 

ретінде: статикалық мәдениет және динамикалық мәдениет деп екіге бөлеміз. 

Біріншісі, мәдениетті тыныштықта, өзгермейтінін және қайталайтынын 

мінездесе, екіншісі – мәдениетті үрдіс ретінде қозғалыс және өзгеріс үстінде 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

103

көреді. Мәдениет базис элементінің екі түрі: заттық және рухани болады. 

Р.Г. Ахметьянов: «К этнокультурной лексике относятся, во - первых, 

названия природных явлений, характерных для той области, где живут 

носители данного (определенного) языка, во - вторых, лексика материальной 

культуры и, в-третьих, лексика духовной культуры, куда включаются:  

1) термины родственных и семейных отношений, 3) слова относящиеся к 

духовной жизни людей (музыка, искусство, развлечения), образованию и 

воспитанию, 4) слова, харектеризующие людей в системе общественных 

связей и ценностей, 5) слова, относящиеся к мифологии, фольклору и 

обрядам» - дейді [39, 3]. Заттық элементтің өзіндік құнын заттық мәдениет 

құрса, заттық еместі – рухани мәдениет құрады. Бірақ, олардың бөлінуі 

шартты түрде ғана болады. Көбіне шындық өмірде олар өте тығыз байланыста 

болады және өзара араласып тұрады. Заттық мәдениеттің маңызды ерекшелігі 

– оның өміршеңдігі  емес, қоғамдағы заттық өмірі де емес, өндірілетін  затта 

да емес, заттың қызметінде де емес. Заттық мәдениеттің бұл - қызметті 

адамның дамуына әсер ету көз қарасымен сипатталады. Адам баласының 

қандай мөлшерде талабы ашылып, мүмкіндік туатынын, шығармашылық 

мүмкіндігін, тума талантын айқындайды. Р. Г. Ахметьянов: «Термины 

метериальной культуры, как известно, отражают важнейшую сторону 

человеческой деятельности – производство материальных благ (пищи, 

одежды и жилища). Поэтому их разбор представляет первостепенную 

важность для изучения истории народа» - дейді [40, 170]. Заттық мәдениетке 

кіретін: еңбек мәдениеті, заттық өндіріс, тұрмыс мәдениеті, топос мәдениеті 

- өмір сүріп отырған жері (үй – жайы, қыстағы, аулы, қаласы), өзінің дене 

- мүшесіне деген мәдениетті құрмет, дене - шынықтыру мәдениеті. Заттық 

емес мәдениеттің құндылықтар элементін рухани статикалық мәдениет 

жағы құрайды: норма, ереже, тәртібінің нормасы мен үлгісі, заңы, рухани 

құндылықтар, түрлі әдет шаралары, дәстүрлер, символдар, мифтер, білім, 

идея, әдет – ғұрып, тілі, салт – дәстүрі т.б. Кез келген заттық емес мәдени 

нысандар заттық мәдениеттің араласқанын қалайды. Мысалы, білім алу үшін 

мұндай аралық делдал кітап болып табылады. Адамның шығармашылық 

еңбегімен, қолымен жасалған заттық және рухани шындық, «артефакті» 

- деп аталады (табиғи жасалған) [41, 50].  Сонымен артефакті – заттық 

немесе рухани бағалылығымен құнды. Ол – табиғи емес, табиғат жасамаған, 

бұл үшін сапалы заттық материалдың нысанын, энергиясын, табиғаттың 

шикізатын қолданып, табиғаттың заңымен келісе отырып қимылдайды. Жіті 

байқаған кісіге адамның өзі артефакті класына жатады екен. Бір жағынан 

табиғат эволюциясының жемісі, табиғи өткен жолы бар, заттық тіршілік 

сияқты өмір сүреді, тіршілік етеді, ол – рухани және әлеуметтік тұрғыда 

өмір сүреді, жаратушы сияқты өмір сүреді қимылдайды, рухани байлықтың 

тұтынушысы және тасушысы болып табылады, сол сияқты табиғат «өзінен 



Вестник ПГУ № 3, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет