Вестник пгу №3, 2010



жүктеу 198.14 Kb.

бет1/3
Дата16.02.2017
өлшемі198.14 Kb.
  1   2   3

Вестник ПГУ № 3, 2010

88 

Сөйлем құрамында қолданылу ыңғайына қарай бірде өзінің функциясында, 

бірде үстеу қызметінде жұмсалады да, екі сөз табының арасында «аралық» 

позиция ұстайды. Мысалы, 1.Жақсы бала. Жақсы оқиды.2.Қатты қағаз. Қатты 

күлді.3.Бірге бірді қос. Бірге жүреді. 4. Өзен бойы жағалай тал- жағалай 

отырды. Мысалға келтірілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздердің 

тұлғалануы бірдей болғанымен мағыналары мен қызметтері екі басқа. 

Келтілірген мысалдардың алдыңғы жұптары өздерінің тура мағынасында 

қолданылып, анықтауыштық қызмет атқарып, атрибутивтік, заттық мәнде 

жұмсалып тұрса, соңғы жұптардағы осы тұлғалас сөздер өзінің бастапқы 

мағынасынан алыстап, атрибутивтік, объектілік, адвербиалдық мәнге көшіп

қимылдың қалай жасалғанын білдіреді. Мұндай сөздердің қандай мағынада 

жұмсалғандығы контексте білінеді. Бұлар өзара омонимдік қатар құрып бір-

бірімен лексика-грамматикалық байланысқа түседі. 

Түйіп айтқанда, тілдің бүкіл құрылымдық жүйесінде (фонетикада, лексикада 

және  граматикада) үздіксіз болып жататын мұндай ауысуларды лингвистиканың 

жеке саласы ретінде қарастырудың мезгілі әбден жетті деп санаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мигирин В.Н. Очерки по теорий процессов переходности в русском 

языке. - Бельцы, 1971. 

2. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Жауапты редакторы – проф.  

Н. Оралбаева. - Алматы, 1989. 

3. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. -  

М, 1986.


4. Виноградов В.В. Русский язык. - М.,1972.

Резюме

В статье рассматриваются переходные процессы между 

частями речи.

Resume

The article considers transition processes between parts of speech.

ƏӨЖ 81:39 (574)



ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

А.Қ. Тұрышев

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Мәшһүр – Жүсіп тек қана түркі тілдері туралы  біліп қоймаған дүние 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

89

жүзі тілдері, діндері жөнінде де мағлұматы болған. Мысалы,  «Дін туралы жер 

жүзіндегі адамдар дін жағынан екіге бөлінеді. Бірі-Құдайды бір дос (дош), бірі 

Құдайды бір демеуші, «бір» деушілерге кітабы дейді. «Бір» демеушілерге «Бір» 

деушілер 3 түрлі. Ғайса, Мұса, Мұхаммед – бір деме – осылар. Будда, Бірахмен, 

Мәжуси, һубасқа түндей болды. Жер үстінде кітаптан, мішіріктер көп. Тіл 

туралы жер жүзіндегі болған адамдардың тілдері түрлі – түрлі. Санағандар: 

«Мың шамалы түрі бар» - дейді. Бұлардың дүниеге ең көп жайылғандары 

үшке бөлінеді. Бірінші-Һинд һәм Еуропа тілдері. Екінші-күншығыс Азия 

тілдері. Үшінші: Хам, Сам тілдері дейді. Сол сияқты Мәшһүр – Жүсіп 

ХIХ ғасырда «мәдениет» деген сөзді бірінші қолданған және мағынасын 

тура берген адам. «Кейбіреулері шаһарларда жиылып, егінмен ас қылады. 

Бұларды: «мәдени халық» - дейді, яғни «ғылымды жұрт» - дейді.  Мәдениет 

– араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе

«медени» - «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді (Ә. Нұрмағамбетов, 1990: 

-Б. 9). Демек, «Мәдениет» - деген сөзді біз  тілге қатысты  аламыз да тек 

басқа қырынан қарастырамыз.  

Ж.А. Манкеева «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық 

негіздері»  - деген монографиясында: «Олай болса, мәдениет арқылы өрнектелген 

ұлт болмысы тек тіл арқылы танылады» - деп нақты көрсеткен. 

«Этномәдениет» сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз. 

«Этнос» - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық – тайпа, халық, 

ұлт. «Этно» күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: 

этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, 

этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. 

Этномәдениет – этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография 

– белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс – салт, 

әдет – ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Академик Ә. Қайдаровтың: 

«Зерттеу мақсатына байланысты қазақты «этнос» деп қараудағы мақсат 

– оны төмендету емес, қайта оның басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын 

(ретроспективті бағытта) саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың 

бірден – бір дұрыс жолы, кепілдігі» - деген сөзі зерттеудің бағыты дұрыс 

екендігін көрсетсе керек [1, 11]. 

Екінші компоненті «мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің 

түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» - «қала тұрғыны» деген 

ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз пайда болған. Мәдениетті 

негізінен орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде 

қалыптасқан түсінікпен байланысты қарастыратын көзқарас қалыптасқан. 

Қазақтар ХХ ғасырға дейін «мәдениет» сөзін қолданбады деген Мәшһүр-

Жүсіп шығармаларын оқымағаннан кейін айтыла салған. Тағы бірде 

Мәшһүр-Жүсіп «1929 –ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке басылған 

«Еңбекші қазақ» газеті №2-нші нөмірінде: «Ескі заманның мәдениетінен 



Вестник ПГУ № 3, 2010

90 

мәжнүн есалаңдар безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. «Сотқа 

сот қосылса -салмасын, сөзге сөз қосылса - демесін». Бұл мәдениет ертегіні 

жаздық. Сайрам қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан кім екенін 

жазам» - деген мәлімдеме жасайды (М-Ж. 8 том, 416 б.).  Бұл – бір. Екінші 

– орыс отаршылдығы және  қазақта тіпті «мәдениет» (культура) деген 

сөзі де болмаған, жабайы халықта мәдениет қайдан болсын деп қасақана 

қолданылмаған термин. Расында да  «мәдениет» терминінің орнына әдет 

– ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа 

синонимдер де қолданылып келді. Мысалы: Өлгеніңше өзіңді тәрбиелеп 

бағайын (Қамбар батыр, 339). Тәрбие, әдет-ғұрып (Ш. Уәлиханов), дәстүр 

(Ы. Алтынсарин), хикмет, ғибадат, иман, ғылым сөздерін (А. Құнанбаев) 

пайдаланған. 

Мәдениет осы мағынасында Еуропаның әлеуметтік ойшылдарының 

сөз қолдану айналымына ХVIII ғасырда енді, дегенмен «мәдениет» деген 

ұғым туралы түсініктері ертерек қалыптасты. Ағартушылардың көзқарасы 

бойынша «мәдениет» «ақыл - ой» дегенді білдірді. Джамбаттист Вико  

(1689 - 1744), Иоганн Готфрид Гердер (1744 - 1803), Шарль Луи Монтеське 

(1689 - 1755), Жан Жак Руссо (1712 - 1778) «мәдениет» қоғамдық орындардағы 

тәртіпте және саяси мекемелерде «ақыл – ой» ретінде айқындалады деп 

есептеді. Ол, ғылым мен өнер жетістігімен өлшенеді дейді. Мәдениеттің 

мақсаты мен жоғарғы ақыл – ой бір – бірімен сай келеді: ол - адамдарды 

бақытты ету. Бұл мәдениеттің концепциясы болды – эвдемоникалық1 деген 

атпен аталды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында «мәдениет» деген ұғым 

ғылыми терминге айналды. Ол қоғамның жоғарғы дамуы деген қағидадан 

арылады. Енді «мәдениет» - «өркениет» және «қоғамдық – экономикалық 

формация», «жаһандану» деген ұғымдармен түйіседі. Сөйтіп, «мәдениет» 

пен «өркениет» ұғымы қатар қолданылып келді. «Қоғамдық – экономикалық 

формацияны» ғылыми айналымға енгізген Карл Маркс (1818 - 1883). Ол 

тарихты материалистік тұрғыдан түсіну негізін қалады. Көптеген жылдар 

бойы «мәдениет» пен «өркениет» арасы бірлікте қаралып жүрді. Тек қана 

алғаш рет неміс философы Иммануил Кант (1724 - 1804) шекарасын салды. 

Басқа неміс философы Освальд Шпенглер (1880 - 1936) бұл екі ұғымды тіпті 

бір – біріне қарама – қарсы қойды. ХХ ғасырда «мәдениет» туралы ғылыми 

таңданыс мүлдем жойылады. Романтикалық бейне «мәдениетке» өте сирек 

шығармашылық нәр қосады. Рухани түсінік жөніндегі маңызын арттыра 

түседі. Оны күнделікті тұрмыс нормаларынан аршып алады. Француз 

философы Жан Поль Сартр (1905 - 1980): «Мәдениет ешкімді, ешнәрсені 

құтқармайды және ақтамайды. Ол - адам қолымен жасалады, одан ол  өзінің 

бейнесін іздейді, өзін таниды, тек қана осындай қиын айнадан ғана ол өзінің 

1

 

 Эвдемонизм – этникалық бағыт,  бақытты сезіну, ләззатқа бату (грек. 



еudaimonia)  адам өміріндегі ең жоғарғы мақсат.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

91

бетін көре алатын мүмкіндікке ие бола алады» - деген  [2, 12]. Сонымен 

«мәдениет» туралы нақты анықтама жоқтың қасы. Бұл «мәдениеттің» көп 

мағыналығын білдірсе керек. Зерттеушілердің бағасы бойынша «мәдениеттің» 

мыңға жуық анықтамасы бар екен. Қазіргі заманғы мәдениетте: технология, 

шығармашылық, құнды концепциялық мәдениет таралған. Технологиялық 

көзқарас бойынша келсек, мәдениет қоғамдық өмірдің өндіріс саласын 

және қайта өндірудің белгілі бір деңгейін анықтайды. Шығармашылық 

концепция мәдениетті адам тіршілігінің нәтижесі мен өмір сүру тәсілі 

ретінде жалпы қоғамдық қозғалыстың көрсеткіші. Құнды (аксиологиялық) 

концепция мәдениеті өмір сүру моделінің кіршіксіз маңызын ерекше атайды – 

қоғамдағы орнын анықтайды, ал мәдениет ондағы толықтырушы, дем беруші 

ретінде соны іске, шынға асырушы болып табылады. «Мәдениет» ұғымы 

туралы философиялық сөздікте былай деп анықтама берген: исторически 

определенный уровень развития общества, творческих сил и способностей 

человека, а также в создаваемых ими материальных и духовных ценностях  

[3, 292-293]. Сондықтан да мәдениет әлемі, кез келген затты немесе 

құбылысты – табиғаттың сыртқы күшінің әсері емес, адамдардың өздерінің  

әрекетінің нәтижесі деп біледі, табиғаттың бергенін тек қана жетілдіруге 

бағыттайды, жаңғыртады. 

Қазақтың ұлттық мәдениеті туралы бірінші рет А. Байтұрсынов 

«Түркітанушылардың Бірінші съезінде» (Баку, 1926) жылы стенографиялық 

есебінде жан – жақты ашып көрсетті. Ол: «Көптеген заттар олардың 

(Еуропа мәдениеті – А.Қ.) жоғарғы мәдениетті тұрмысы, заттық мәдениеті 

сияқты рухани мәдениеті де біздің халыққа әлі жетпейді» - дейді [4, 424].  

М. Әуезов: «Ол күнде мәдениет жоқ, оның үстіне ісләм діні ескіліктің барлық 

белгісімен қатты алысты» - деп жазды (1927) [5, 19]. М. Әуезов ұлттық 

мәдениеттің орнына «баяғы бағзы заман ескіліктері» тіркесін, М. Жұмабаев: 

«тәрбие», «ізгі құлық», «әдет» баламасын қолданады. «Мәдениет» сөзі 

«культура» - латын тілінде «жерді өңдеу», «табыну» деген ұғымды берген. 

Көшпелі түркі мәдениетінің айғағындай болған заттық, рухани мәдениеттің 

нақты көріністері жер жырту, егін егу сияқты, мыс балқыту, бау – бақша 

мәдениетінің түрлері, халық күнтізбесі ауыз әдебиетінде, тарихи жырлар 

лексикасында жақсы сақталған [6, 7]. Мысалы: «Алпамыс», «Қобыланды: 

жырындағы: Құстың жүні мамық – ты, Арпа, бидай қабықты; Көлденең 

жатқан аңғарды Жерошақ құрлы көрмеді; Шала – пұла пісіріп, Мосыдан 

алып түсіріп; Дихан еккен егінді, Есен алса теген – ді; Бір ағаштың басында 

Көгертпедің екі алма; Бір таба піскен нанды алып, Балаға нанды бермекке;  

Жем қояды шөбімен, Ешбірін Шұбар жемеді; базары пышақ балдақы, Нәсілің 

сенің қалмақы; Жаңы піскен шиедей, Көргенің іші күйеді; Кіші бесін болғанда; 

наурыздан соңғы жаздаймын; Алтын теңге аттырып, Теңгені атып түсірген; 

Әулиеге ат айтып, Қорасынға қой айтып; Жазған хатты көрсе деп, Тасқа 



Вестник ПГУ № 3, 2010

92 

қалам басады; Ғайып ирен қырық шілтен Баланы қолдап демеді;  Әліп таңба 

қыпшақтың, Атағы озған алаштан; «Көкпар» шауып күніге, Қыз ойнағын қып 

жатыр т.б. ҚКБС жыры Тверитин нұсқасында: Попросил он мать однажды 

Для него курмач* сготовить. Та, без слов исполнив просьбу, Позвала его 

покушать [7, 52]. Тал бойынан тарыдай мін таба алмай («Қыз Жібек» жыры) 

т.б. *Курмач – жареная пшеница, просо – деп анықтама берген. 

ҚКБС жырын ең көне жырдың бірі деп есептесек, ондағы 

кездесетін «бидай» сөзі көшпенділерде мал шаруашылығымен қатар егін 

шаруашылығының да ерте заманнан дамығанын көрсетеді. «Қыз Жібек» 

жыры туралы да осыны айтуға болады. С.Е. Толыбеков: «Прогресс в 

земледелии был основан развития метриальной и духовной культуры 

всех народов. В этом смысле труд земледельца действительно был отцом 

богатства, а земля – его матерью»  - дейді [8, 192].  «Мәдениет» мәселесі 

екі түрлі жағдайда қарастырылады: зайырлы және діни. Құдай ілімі ретінде 

«культура» бұдан былай «мәдениет» «культ» бұдан былай «ғибадат етуге» 

қарай: сенім, дәстүр, шын мәніндегі жоғарғы тұрмыс, өзгеше иеге тағзым 

етуге бірте – бірте шыққан. Қазіргі заманның белгілі діни  ойшылы А. Мень 

жоғарғы Иеге сену бүгінгі сияқты көне заманда да кез келген мәдениеттің ішкі 

тұтастығының өзегі болып табылған дегенді айтады [9, 77]. Діндарлар осы 

қағиданы ұмытқан кісі мәдениетті адамбыз деуге мүлдем құқығы жоқ дейді. 

Сондықтан да болар «ғибадат» («культ») дыбыстық жағынан да мазмұны 

жағынан да «мәдениетпен» («культура») әбден сәйкес келетіні. «Культура» 

деген сөзді ең бірінші талдаған Н.К. Рерих (1874 - 1947). Ол екіге бөліп 

қарастырды: «культ» - табыну, бас ию, «ур» - зайырлы өмір, жарық дүние. 

Н.К. Рерихтің ұраны «Әлем мәдениет арқылы» болса, өз кезінде «Әлем жарық 

дүниені бағалау арқылы» болмақ керек демек, адам жан – дүниесіндегі жарық 

дүниеге сенуі арқылы келмек керек деген сияқты ұғынады. Тарих басқаша 

діни көзқарасы мүлдем болмаған бірде – бір қоғамды білмейді. Мәдениет  

– дәстүр құндылықтары сіңген, адам түсінігі үшін заттық айғақ  бар болса, 

сол жерден басталады. А. Меньнің сөзіне орайлас Толыбеков: «Казахи 

больше верили духу предков, чем богу. Эти два слова – арвах и кудай – они 

употребляли вместе как синонимы, причем на первом месте всегда стоял 

дух предков» - деп жазды [10, 195].  Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» деген 

термин Римнің атақты философы, әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) 

«Тускулан кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті 

көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады. Номадизм – көшпелі 

түркілердің шаруашылық қызметінің аса маңызды саласы. Номадизм 

- кеңістіктегі адамдар тобының көшіп – қонуы. Номадизм – шөп жейтін 

малды көбейту, су және маусымдық жайылым   (қыстау, күзеу, жайлау) көшіп 

– қону. Бұл дегеніміз – заттық, рухани мәдениеттің қайнар көзі. Тері илеу, 

киім тігу, тағам түрлерін жасау, ат әбзелдерін жетілдіру т.б. Көне Қазақстан 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

93

аймағындағы көшпелі мал шаруашылығын б.д.д. 1 - ші мың жылдыққа 

жатқызамыз. Соның негізінде мал шаруашылығының  үш типін анықтаймыз: 

көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Көшпелілердің озық мәдениеті  

А. Медоевтың «Гравюры на скалах» Алматы, Жалын, 1979 жылғы еңбегінде 

жан – жақты сипатталған. Онда ат (жылқы) көлік ретіндегі қызметі, өмір 

сүру динамикасындағы рөлі сипатталды [11, 20, 21]. Мал шаруашылығымен 

айналысқан түріктер әрдайым құдайлардың  қоршауында болды. Сондықтан 

да олар малдың иесі бар деп түсінді. Мысалы: жылқы (Қамбар ата), түйе 

(Ойсыл ата), сиыр (Зеңгі баба), қой (Шопан ата) т.б. С.Е. Толыбеков: «Культ 

животных у кочевых народов, как одна из форм общественного сознания, 

надо полагать, не мог сразу исчезнуть даже после того, когда эти народы 

уже превратились в оседлых земледельцев или смешались с ними» - деген 

болатын [12, 197]. Түріктер үшін құдай: күн кейіннен Тәңір мен Ұмай 

болды. Көшпенділер үшін доңғалақты арба көшіп-қонып жүргенде үй - жай 

болса, жаудан қорғанатын қорғанның да рөлін атқарған. Қорғанның өз 

заңдылықтары болған. Ор (үй) қала есебінде жүрген. Түріктердің бұзылмас 

дала заңы құқық ережелерін сақтап отырған. Міне, осындай «ор» кейін «орда» 

да бір уақытта «тәрбие», «өнер», «ғибрат сенім» қатар жүрген. Сонымен жас 

түрікті полисте (қала) өмір сүру қағидасымен тәрбиелеген. Шыныққан түрікті, 

бала түріктен тәрбиелеп шығарған. Гректер мұны «пайдейя» терминімен (рais 

- бала) деген. Демек, «пайдейя» тәрбие, оқу, үйрену, кең ұғымда білім алу

білімді, мәдениетті дегенді білдірген. Полистің толық қанды мүшесі «техне» 

«саяси техне» дегенде мәні ашыла түскен. Түрік - ат әбзелін жасауды, тері 

өңдеуді,  мал шаруашылығына байланысты, кейіннен егін шаруашылығына 

қатысты «әліпбиді» өте жақсы меңгеруі шарт. Полис «әскери шынығу»  

азаматтық борышпен толығып отырған. Ол ұзақ жылғы тәжірибе жолы  

«схоле» арқылы келген. Грек ойшылы Геродот: массагеттер соғыстың екі 

әдісін біледі - садақ тартып та, найзамен де шайқасады; әдетте айбалтамен 

де қаруланған. Олардың заттары алтын мен мыстан жасалған бас киімдері, 

белдіктері және орамалдары алтынмен безендіріледі. Олар аттарға арналған 

өмілдіріктерді де мыстан жасайды, керісінше, жүгенді, ауыздықты және 

құйысқанды алтынмен әшекейлейді – деп жазды (Геродот. Тарих 9-том. 

Аударған Ф.Г. Мищенко. М., 1888, 1-том, 113-114 беттер) [13, 8]. Есік көлі 

маңынан табылған «Алтын адам» Геродоттың алтынды ел дегенін тағы 

да әлем алдында дәлелдеп берді. «Сақ жауынгерінің үстіндегі киімінен 

табылған үлкенді – кішілі және әр түрлі пішіндегі 4 мың алтын әшекей бар 

...» - дейді Кемел Ақышев өз сөзінде [14, 5]. Ертедегі көшпенділер туралы 

жазған  Геродот (Массагеттар), Старабон (Сақтар мен Массагеттер), Аммиан 

Марцеллин (Гундар) ешқандай егін екпейді, ешқайсысы соқа ұстап көрмеген, 

тек қана жылқы ұстайды, балық аулайды деп жазады. Кейінгі археологиялық 

қазба байлықтардың деректеріне сүйенсек, ішінде дәні сақталған қыш құмыра 



Вестник ПГУ № 3, 2010

94 

табылды. Бұл дегеніміз жартылай отырықшылдық ертедегі көшпенділерде 

болған. Бәрі бірдей көшіп жүрмеген. Бір бөлігі алтын мен мыс балқытқан, 

қару- жарақ соққан, ат әбзелдерін, тұрмысқа қажетті заттар жасаған. Ұсталар 

дүкен ұстаған онда егін шаруашылығына да байланысты заттарды жасап 

шығарған. «ін», «ұрық» дән егу мағынасындағы сөздер  ерте кезде пайда 

болған. Осыған байланысты тағы да мына төмендегі мысалдарды келтіре 

кетсек артқы болмас:  Екі күрек, екі үлкен кетпенменен, Және сегіз көшіңмен 

мес бере көр (ҚКБС, 40). Ұсталар соққан кетпендей, Нұр тұқымын еккендей 

(ҚЖ, 70). Сол сияқты, заттық, рухани мәдениеттің көріністері боларлық: 

мылтық, қамшы, шапан, лашық, бұзау тіс қамшы, тоқсан саба, жөргек, 

қобы, қымыз, ақ орда, жыршы, мөр, сәлде, намаз, шолпы, найза, күмбез, 

сауын, ас, бәйге, көмбе, тақия, балта, етік, дүрбі, садақ, айыл, құйысқан, 

алтын тон, жүзік, шоқпар, сойыл, бөрік, балға, егеу, жалау, қарқара, шідер, 

бешпент, теңге, қара болат, тасаттық, бөстек, әже, інген, табақ, кілт, алтын 

сырға, білезік, көген, қанжыға, қылыш т.б. ұшырасады. Бұл сөздердің кейбірі 

көне дәуір белгілері болса, кейбірі бертін қосылған тіл қабаттары екендігі 

байқалады. 

Г.Н. Тверитин аударған ҚКБС жырында: би, текемет, марал, домбыра, 

шайтан, сүйінші, ас, қазан, сорпа, саба, бауырсақ, қазы, құрт, бақсы, қобыз, 

бәйге, жаулық, ақын, қалам, алтын тарақ, қылыш, найза, асық, қуырмаш, 

барымта, арқан, бешпет, ши; жер – су аттары: Алатау, Аягөз, Шоқ – Терек, 

Қызыл – Қия т.б. этномәдениет лексикасы кездеседі [15, 117]. 

«Қыз Жібек» жырының [16, 1- 49] 1887 жылғы Мұсабай нұсқасындағы 

заттық мәдениет лексикасы: оймақ, қарындас, қостан әйкел тағынған, күміс 

қоңырау, повозка, алтын сая, алтынды ер, шар болат, орда, аса жұрт, зергер, 

мырза, бәйбіше, уық бау, домбыра, жібек, шатыр, қосақ, көш, орамал, бөз, 

күйме, ақ балдақ қылыш, бөрі, қалың мал, сүт, қымыз, берен, бек, шашақты 

қара ту, қосщы, ақ сауыт, қорамсақ, қозыжаурын оқ, саржаның кірісі, ақ 

сырық мылтық, жорға, ақ найза, тал оқ, өткір пышақ, ақ сүңгі, нөкер, дулыға, 

нар, түйе, ат-тон, көк арба, жезде, балдыз, мәстек, зеңбірек, ақ мата, солдат, 

темір киім, шідер, көмір, темір, жетім құлын, қауын, арақ, бал, ұшба қағаз, 

шоқтығы, масақты оқ, қоян, үзбелі сапты жете, алқа, алтын түйме, бедеу, 

жеңге, күйеу, аттың майы, бикеш, сәукеле, белбеу, бет моншақ, қоңыраулы 

найза, шарайна, қорамсақ, қозы жауырын оқ. 

Рухани мәдениет лексикасы: жеті енеңді ұрайын, төрт түлік, барымта, 

салауат, сүйінші, әулие, бата, киесі, китке киіп жөнеді, хат, елші, хожа, алла, 

бояқ, қарабасым, тамыр, жұрт, патша, саумал, күзек, дұғай сәлем, иман, 

жырау, батыр, той бастау, айтыс, неке қияр хат, тұл т.б. 

Халық метрологиясы: сәске, екінші күн, бие саумал, бір шоқ қара, жүз 

теңге, таң сарғайып атқанда, нан піседі, уақыт, қос жорға, көш – жөнекей, 

асқар төбе, таң атқанша, қос уыс, сәрсенбі күні сәскеде, ұзын өлке, уысы 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

95

толып, бір сайлау жер, бір шыбын жан, тастай маң қараңғы, азан, сексен 

аршын, жеті қабат жер асты, мойны қырық кез қара атан, алты құлаш, қоңыр 

дам жерлер толады, нан піседі деміне т.б. 

1900 жылғы Жүсіпбек Шайхыисламның [17, 49-122] нұсқасындағы 

заттық мәдениет лексикасы: тоқты, қант, шай, қатын, тұрманы, таға, алуа, 

бал, құнан қой, жая, жал, кірекеш, жортуылшы, хан, уәзір, дөнен, көбен, 

қысырақ, қамшы, құлан, көйлек, сары мая, мұрындығы сары жез, бұйда, 

жібек, сазан, ауыздық, нөкер, шашбау, қымқап зерлі кілем, арқан, дүрия 

бешпент, алтынды кемзал жидеше, сым, күміс, жорға, торқа, қом, жағдан, 

жабдық, сандық, кебіс, гауһар, жауһар, пәуеске күйме, қошқар, найза, бөрі, 

қылыш, тұлпар, өмілдірік, ұршық, шам, қоңырау, арба, тройке, кебіс, сырға, 

балта, нар, оймақ, кетпен, сым, тары, дамбал, жасауыл, шыны, кіреует, қоян, 

құнан қой, сары май, сүмбіле, мырза, жезде, апа, ақ берен, саулы інген, марқа, 

тұйғын, қоржын, гауһар, лағыл, алтын, күзен, қобыз, жарақ, ат-тұрман, сауыт 

– жарақ, алтын балдақ, ақ семсер, қынап, бадана көзді кіреуке, тоғыз қабат 

көк сауыт, алтын сауыт көбе, қозы жаурын жебе, қорамсақ, садақ, кіріс, 

мылтық, білте, қорғасын, сауыт, кебіні, кереге, көгі, арқан, фірәнкі, шұға, 

мақпал,  жасыл ту, шатырасы, көйлек, түйме, алмас, семсер, сәукеле, тебінгі, 

құйысқан, көбе, жебе т.б. 

Рухани мәдениет лексикасы: зекет, жайлау, оба, періште, мирас, 

сүйінші, тәңір, құм құйылсын көзіңе (қарғыстың түрі), тілі тимей ме?, әнбия, 

әулиелер, мінәжат, көл игесі Қамбар–ау, шөл игесі Қамбар–ау, Зылиха Жүсіп 

пайғамбар, пірі Биби Бәтима, хазірет Сұлтан, Баба түкті шашты Әзиз, баһар, 

көке, Ғайып иран қырық шілтен, бата аяқ, жеңгелік, айдай әлем, түс, жер бесік

асық ойнап, ахірет сапар, құрбандық, қызыр ілияс, қырық шілтен, мінәжат, 

сәжде, көк түскен жер тақыр т.б.  

Халық метрологиясы: қасықтап жиған мал, ділләсі, жамбысы, тоғыз, 

наурыз айы, айдық өткен нешесі, сәске махал, шолпанның туған жұлдызы, 

бір көш, қырық нарға жүк арттырып, алтынды шыны кеседей екі көзінің 

шарасы, ерте мен кеш, бесінде, сом алтын, наурыз, жазғы түскен сағым, алты 

арыс, шаңқай талтүс, іңірде шайтан көшкендей, ділдә, қараша, көктем, қыс, 

жазғытұрым, жүз мың ділдә, сегіз пұт, үш айшылық жол, қырық бес күндік 

ортасы, шөл жазира, бесін махал, намаздігер, алпыс қадам, бисағат күн, құс 

қонбас құла жапан, жұлдызы шыға, он сегіз мың ғалам, ғарыш пен күрсі, 

қырық күн тойын, отыз күн ойын, құбыла, жіңішке әйел жолы, замана, он 

бес құлаш ақ семсер, айналды жұлдыздары енді оңға. т.б. 

«Ер Төстік» ертегісіндегі: дәу қара қазанды суға сүңгіп алып шығатын 

Шалқұйрық ат, Төстік, Темір хан, садақ, тоғыз қабат кетпен, өрмек тоқу, 

темір таяқ, темір етік, мосы, бақыр, кереге басына ілінген көп сырға, Жылан 

Бапының ордасы, қайыс белбеу, сандық, егеу т.б. 

Бұл мысалдар, қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт; көшпенділер 



Вестник ПГУ № 3, 2010


  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал