Ветеринария факультеті



бет34/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Бауырдың лимфа түйіндері - бауыр қақпасының тұсында май безімен ұйқы безінің арасында жатады. Ұзындығы 1-7 см. Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен және ұлтабардан жинайды.
Бүйректер - майынан ажыратылып сырттай қаралады. Егер сыртқы көрінісі мен бітімінде өзгерістер байқалса, мұндай бүйректер ұзынынан пышақпен тілінеді. Бүйрек қабығы жарақаттанып қабынғанда, уланғанда, туберкулез, т.б. ауруларда бүйректерді бірнеше жерден тіліп, мейлінше ұқыпты тексеру қажет.
Бүйректің лимфа түйіндері - ұзындығы 1,5см, бүйрек қан тамыр-ларының құрсақ қолқасынан шыққан жерінде орналасқан лимфаны бүйректен жинайды да, белдеме цистернасына құяды.
Қарынды, ішектер мен шажырқай лимфа түйіндерін, жатыр мен желінді малдың ішіне ақтаратын жерде тексереді. Бұл ағзалардан ақаулықтар бай-қалса, оның себебін анықтайды.
Қарынның лимфа түйіндері - ұлтабар, үлкен қарын, таз қарын жалбыршақтың үстінде жатады. Көптеген ұсақ түйіндерден құралады, әр қайсысының ұзындығы 1-4см, келеді. Лимфаны қарын бөлімдерінен, он екі елі ішектен және көк бауырдан жинайды. Жиналған лимфа белдеме цистернасына құйылады.
Шажырқайдың лимфа түйіндері - шажырқайдың ішінде жатады. Лимфаны тоқ ішек пен аш ішектен жинайды да, белдеме цистернасына құяды.
Тоқ ішектің лимфа түйіндері - ішектің қабырғаларынан жннал-ған лимфаны құрсақ цистернасына құяды.
Тік ішектің лимфа түйіндері - лимфаны тік ішектен, жамбас қуысының жоғарғы жағынан жинайды да, құйымшақ лимфа түйіндеріне береді.
Ұшаның ЛТ.
Төссүйек алдыңғы лимфа түйіндері - төссүйектің оң жағында май арасында орналасқан лимфаны төсті қоршап жатқан бұлшық еттерден, қабырға аралығындағы еттің төмен жағынан, шеміршектерден, құрсақ бұлшық еттерінен, құрсақ көк етінің алдыңғы жағынан, үлпершектен және бауырдан жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдектіңлимфа өзегіне береді.


Бақылау сұрақтар?
1.Мал дәрінерлік санитариялық сараптаудағы лимфа түйіндерінің маңызы?
2.Ірі қара мал лимфа түйіндерінің топографиясы
3.Қойдың лимфа түйіндерінің топографиясы
4.Шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
5.Жылқының лимфа түйіндерінің топографиясы
6.Түйенің лимфа түйіндерінің топографиясы
7.Бас лимфа түйіндерінің орналасуы
8.Ұшаның негізгі лимфатүйіндері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет