Ветеринария факультеті


-12-сабақтың тақырыбы. Жылқы малын қабылдау және оны союға дайындау



бет35/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
11-12-сабақтың тақырыбы. Жылқы малын қабылдау және оны союға дайындау


Сабақтың мақсаты: Малды қабылдау және союға дайындау тәртібімен танысу.


Сабақтың мазмұны:Етөндірісінде, ең бірінші етке бағылған мал пайдаланылады.Мал және құсты, мал өндеу кәсіпорындарында олардың тірілей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы мен сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруа-шылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында мал дәрігерлік байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы (мал дәрігерінің (фельшердің) қалауы бойынша ішінара) өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.
Мал өндеу кәсіпорындарында бруцеллез, туберкулез ауруларының клиникалық белгілері бар, диагнозы анықталмаған, температурасы қалыптан жоғары немесе төмен малды және орнитоз, грипп (тұмау), Ньюкасл ауруы бар құсты жіберуге болмайды.
Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды, дәрінің ветеринарияда қолдану туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға жіберуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды «Малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өндеуге ұсынылған химиялық заттардың тізімінде» көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар малға балық және балық қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін 30, ал құс 10 күнге дейін, мал өндеу кәсіпорындарына жіберілмейді. Союға жіберілетін әр малға, мал дәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір куәлікпен жіберілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады.
Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге оң реакция беретін кұс, сондай-ақ ауру малды ет комбинат-тарына тек қана облыстың мал дәрігерлік бөлімінің рұқсатымен жіберіледі. Ондай малды тапсыру, ет комбинатымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі, ал малды тасымалдау және сою осы ауруларға қарсы жүргізілетін шаралар туралы нұсқау бойынша жүргізіледі. Ауру малды ет комбинаттарына айдауға болмайды.
Мал кәсіпорынға түскеннен кейін ет комбинатының (құс комбинатының, қасапхананың) мал дәрігерлік куәліктің дұрыс толтырылуын тексеруге және мал қабылдаушы тауартанушымен бірге куәлікте көрсетілген мал басы санының сәйкестігін тексеруге міндетті. Сонымен қатар малдың жағдайын, қажет болса температурасын тексереді. Сонан кейін малды қабылдау, орналастыру тәртібі туралы нұсқау береді. Осы уақыттан бастап әкелінген мал, ет комбинаты мал дәрігерінің бақылауында болады. Дәрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны бір-бірлеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай бөлінеді, тірілей массасын анықтайды.
Мал дәрігерлік байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейін карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта мал дәрігерлік қызметкерлер аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды. Мал дәрігерлік байқау кезінде, малдың жалпы жағдайына, дене пішіміне, басының орналасуына (тік, салбыраңқы, т.б.), көзіне,терісінің жағдайына, қозға-лысына, буындарына көңіл аударады. Сонымен қатар малдың күйіс қайтаруы, тыныс алуы, көзден, мұрыннан су ағуы, артының былғануы, қарынның кебуі, т.б. да өзгерістер мал денсаулығын анықтауда үлкен маңызы бар. Ұрғашы малдың желіні, ал еркек малдың ұмасы, бұзаудың кіндік тұсы тексеріледі.Арық ірі қараның тері асты сөл түйіндерін (бездерін) тексерудің маңызы зор. Мойынның беткей шықшыт, жұтқыншақ, желін үсті бездері туберкулез ауруында ісініп белгі береді. Байқау кезінде қалыпты жағдайдан өзгерістері бар мал бөлек шығарылып, тиянақты тексеру жүргізіледі. Малды, құсты, қоянды тексеру және қабылдау оның тірілей массасына байланысты жүргізгенде алынған массадан әр түрлі кемітулер жасалады. Мәселен, малдың ішек-қарнындағы жынға тірілей масса 3%-ға кемітіледі. Егер мал ет комбинатына жеткізілгеннен кейін екі сағат ішінде қабылданбаса, әрбір келесі сағатқа кемітуді 0,5 %-ға азайтады. Ал қабылдау мал әкелгеннен кейін сегіз сағаттан соң жүргізілсе, ет комбинаты тауар-транспорт құжатында көрсетілген массасымен қабылдауға міндетті. Автокөлікпен 50-100 км қашықтықтан тасылса кеміту 1,5 %, ал 100 км астам жерден тасылса, таразы көрсеткеннен ешқандай кемітусіз қабылдауға тиіс. Қабылданатын мал буаздықтың екінші жартысында болса, тірілей массасын кеміту 10%-ға арттырылады. Мал денесі былғаныш және теріде жарақаттар болса, сойғаннан кейін малды тазалау қажет. Сондықтан бұндай әрбір бас малдың 1%-ға массасын кемітеді.
Әрине, тірілей салмағы мен қоңдылығы арқылы қабылдау көп жағдайда екі жақтың (қабылдаушы мен тапсырушы) келіспеушілігін туғызады. Бұл әсіресе малдың қоңдылығын ажыратуда және тірілей салмағын кеміту кездерінде көп кездеседі. Шындығында да мұндай тәсілмен ет шығымын, оның сапасын дәл анықтау өте қиын. Тіпті мал массасын анықтау да (таразыға тарту) еттің шығымын дәл көрсете алмайды. Себебі еттің шығымы мал тұқымына, жасына, жынысына, қоңдылығына, азықтандыру жүйесіне, ішек-қарындағы жын мөлшеріне, тағы сол сияқты көптеген жағдайларға бай-ланысты. Ал осы факторлардың (себептердің) әр малға қаншалықты әсері барын дәл айыру өте күрделі шаруа. Сондықтан қазіргі кезде малды тірі массасына және қоңдылығына қарай қабылдау сирек қолданылады. Бұлай қабылдау негізінен жеке меншік малды, тұтынушылар кооперациясы немесе бордақылау шаруашылықтары пайдаланады. Ал мал өңдеу кәсіпорындарында мал негізінен еттің шығымы, сапасы бойынша қабылданады. Мал тапсырушы шаруашылықтармен олар осы көрсеткіш бойынша есептеседі.
Малды союға дайындау, оның ет сапасына әсері. Қабылданған мал таразыға тартылғаннан, топталғаннан кейін жасына, жынысына байланысты арнайы алаңдарға орналастырылады. Мұнда малды ұстау мерзімі күйіне байланысты, бірақ негізінен екі тәуліктен аспайды. Кейде ұзақ уақыт тасымадаудан немесе алыстан айдап әкелуден, сондай-ақ тасымалдау кезінде ауа райының жағдайсыз болуына байланысты малдың шаршауы мүмкін. Ал шаршаған малды демалдырмай сойса гликогеннің, сүт қышқылының жетімсіздігіне байланысты еттегі кейінгі жүретін биохимиялық реакция бұзылады. Ол еттің сапасына үлкен әсерін тигізеді. (Бұл туралы кітаптың "Еттің дәмделуі" тарауында кеңірек әңгімеленеді). Сонымен қатар болдырған малдың ішек-қарынындағы және басқа жердегі микробтар мал тірі кезінде-ақ етке өтуі мүмкін. Әсіресе етке ауру тудырушылық қасиеттері бар микробтар өткенде өте қауіпті. Мұңдай малдан алынған етте адамда іш ауруларын туғызатын (Salmonella Escherichia т.б.) микробтар көптеп кездеседі. Ал жалпы микробтардың көп болуы оны сақтауға жарамсыз етеді, ет тез бұзылады. Сондықтан шаршап келген малға 48 сағаттан кем емес уақыт демалыс берілуі қажет. Бұл кезде малды тәулігіне екі рет азықтандыру, үш рет суғару керек. Алаңда тұрған мал, мал дәрігерінің бақылауында болуға тиіс. Малды сояр алдында баптау оның организміндегі физиологиялық процестерді қалыптастырады, оның ауруға қарсы тұру қасиетін нығайтады. Алынған етте биохимиялық процестер дұрыс жүргендіктен еттің сапасы жоғарылайды.
Сонымен қатар бұл уақытта жылқыны, түйені маңқаға тексеру жүргізіледі. Жылқы, түйе шаруашылықта тексеруден өткеніне қарамастан ет комбинатында да міндетті түрде көзіне малеиндеу жүргізіледі. Маңқаға тексерілмей сойылған жылқы, түйе етін тағамға пайдалануға болмайды. Малды осылай сояр алдындағы күтуден өткізген соң, ол мал дәрігерлік байқаудан өткізіледі. Ірі қараның дене қызуы өлшенеді. Мал температурасы және мал дәрігерлік байқаудың нәтижесі арнаулы дәптерге тіркеледі. Байқау нәтижесінде дені сау деп танылған мал сояр алдында баптау цехына өткізіледі.
Жалпы алғанда малды алғашқы өңдеуге дайындауға төмендегі жұмыстар жатады:
1.Малды біркелі топтарға (түріне, жынысына, жасына байланысты) бөлу.
2.Малды жем-шөпсіз, бірақ судан шектемей, кесімді уақыт ұстау.
З.Малдың терісін тазалау, жуу.
4.Мал дәрігерлік-санитариялық байқау және сояр алдында дене қызуын өлшеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет