Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена


Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары



бет5/7
Дата02.11.2022
өлшемі349,18 Kb.
#46854
1   2   3   4   5   6   7
2.4.Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары.
Гиподерматоздың алдын алу және жою мақсатында ауру қоздырғыштарының биологиясын, эпизоотиялық ерекшелiктерiн, жергiлiктi табиғи климаттық жағдайларды және мал шаруашылығын жүргiзу технологиясын ескере отырып ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялықсанитариялық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенi жүзеге асырылады.Ұйымдастыру-шаруашылық іс-шаралары жануарларды толыққанды жемшөппен қамтамасыз ету, зоогигиеналық талаптарға жауап беретін суаруды және ұстауды қамтиды.Ветеринариялық-санитариялық ісшаралар шаруашылық жүргiзу технологиясын ескере отырып , қоралардан және жайылу алаңдарынан қиды тұрақты жинауды, қораларды, шатырлы жайларды, жазғы қоршалған қораларды дезинфекциялауды қамтиды. Жайылымдарға бөгелек личинкаларымен зақымданған, сондай-ақ шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарларды оларды инсектицедтермен алдын ала өңдеусіз жайылымдарға бағуға рұқсат етілмейді. Бөгелектердің ұшу маусымында жануарлар қораларда, шатыр астында, қараңғыланған жерлерде ұсталып, таңертең бөгелектердің ұшуы басталғанға дейін, кешке – олардың ұшуы аяқталғаннан кейін жайылады. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі.Гиподерматозбен iс-шаралар кешенінде күресудiң негiзгi әдiсі жануарларды жануардың организмінде болатын бөгелектердің бiрiншi кезеңдегі личинкаларын жоюға бағытталған Қазақстан Республикасында тiркелген ветеринариялық препараттармен бастапқы өңдеу болып табылады. Осы мақсатта жануарларды күзде бөгелектердiң ұшуы аяқталғаннан кейін өңдейді. Гиподерматоз бойынша қолайсыз өңірлерде барлық мал басы химиялық терапиялауға жатады. Iрi қара және бұзауларды малды тексеру және екінші және үшінші кезеңдегі личинкаларға қарсы химиялық терапия республиканың оңтүстiк бөлігінде ақпан-наурыз айларында, орталық және солтүстiк бөлiктерінде сәуiр-мамыр айларында жүргiзіледi. Ауру профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық ісшаралар тәртібі.
Шаруашылық жүргізуші субъектiлердің басшылары жануарларды аурудың тасымалдаушы кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайларда ұстауы қажет, ол үшiн: 1) сезімтал жануарды кенелерден таза қораларда ұстауды қамтамасыз ету; 2) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде сезімтал жануарларды қорада және қора-лагерьлік күтiп-бағуды немесе биік таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастыру қажет.Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер мыналарды жүзеге асырады: 1) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, кенелерге қарсы және тейлериозға қарсы іс-шаралардың кешендi жоспарын жасайды; 2) осы жерде мекендейтiн тасымалдаушы кенелердiң түрлерiн анықтайды; 3) олардың жануарларды шағу мерзiмiн ескере отырып, кенелердiң таралу картасын жасайды. Ауруды жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі Тейлериоз белгіленген қолайсыз пункттерде не шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тиісті әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға және әкелуге рұқсат етілмейді. Мал қораларды және жануарларды кенелерге қарсы өңдеу үшiн, сондай-ақ, тейлериоздың алдын алу және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады. Жануарларды кенелерге қарсы өңдеу жергiлiктi температуралық жағдайларға және кенелердiң белсендiлiгiне байланысты наурыз-қыркүйек айларында аптасына бiр рет, қазан-қараша айларында екi аптада бiр рет және желтоқсан-ақпан айларында айына бiр рет жүргiзедi. Iрi қара және бұзауларға мал 10 телязиозының профилактикасы үшiн мынадай iс-шаралар жүргізiледi: 1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рацион жасалады; 2) жайылымдық учаскелері микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады; 3) жануарлар тек қана науалардан азықтандырылады; 4) жануарлар үшін қоралардың, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық аумақтың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дезинсекциялауды өткiзу; 5) үй-жайлардан, жаю алаңдарынан және мал қоралардан қи мен тезекті күн сайын зарарсыздандыруға арналған арнайы қи қоймаларына шығаруды қамтамасыз ету; 6) қи жинауға арналған арнайы құрал-саймандар және көлiк бөлу;7)әрбiр дегельминтизациядан кейiн жою үшiн қиды жинауды қамтамасыз ету; 8) қораларды, жаю алаңдарын, жануарлар шоғырланатын жерлерді, сондай-ақ құрал-саймандарды , жабдықтарды дезинвазиялауды және дезинсекциялауды жүргізу; 9) жануарларды жаюға батпақты жайылымдарды пайдаланбау; 10) телязиозды болжау және алдын алу үшiн инвазияның белсендiлiгiн зерттеу. Ол үшiн мерзімді түрді жылына кемінде бiр рет, мал басының ішінара 10-20 %-ның көз конъюктивасынан шаю әдісімен зерттеледi; 11) шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңадан келіп түскен жануарларды гельминтологиялық тексеруден өткiзу. Жануарлардың гельминттермен зақымданғаны анықталған кезде, барлық мал басына дегельминтизация жүргiзу. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкету алдында iрi қара малдар телязиозға гельминтологиялық тексеруден өтеді. Телязиоз гельминттері анықталған кезде барлық жануарлар арнайы ерiтiндiмен жұмсақ ұшты спринцовкамен көздерiн шаю арқылы дегельминтизацияланады және содан кейін ғана оларды алып кетуге рұқсат етiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет