Visual Basic негізі Оқу-әдістемелік құрал Орал, 2013



бет4/12
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#19744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2-сурет. 3-сурет.

1.2. Visual Basic тілінің интеграцияланған ортасы

Visual Basic тілінің қолданбалы программалары интеграцияланған IDE (Integrated Development Environment) ортасында жасалады. IDE – Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады.

Visual Basic-тің интеграцияланған ортасы кӛптерезелі жүйе болып саналады. Ол тӛмендегі элементтерден тұрады:


  • Бас мәзір

  • Құралдар панелі

  • Жоба терезесі

  • Қасиеттер терезесі

  • Форма макетінің терезесі

  • Форма конструкторы

  • Объектілер панелі

  • Объектілерді қарау терезесі

  • Код терезесі

Бас мәзір. Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары Бас мәзірде шоғырланған. Оның құрылымы Windows-тің басқа программаларының мәзірлері сияқты болып келеді. Visual Basic ортасының жұмысын басқару командалары атқаратын қызметтеріне қарай File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Windows мәзірлеріне топтастырылған. File мәзірі қосымша жасауда қолданылатын файлдар мен жұмыс істеуге арналған. Бұл мәзірдің командалары кӛмегімен файл ашуға, сақтауға, баспаға жіберуге, Exe –типті бірден орындалатын файл жасауға болады.

Edit мәзірдің командалары негізінен буфердегі мәліметтерді алмастыру үшін қолданылатын. Бұл мәзірдің командаларымен программалық текстермен қатар объектілердің ӛздерін де кӛшіруге, кесіп, тастауға, ӛшіруге, формадағы орналасқан объектілердің барлығын бірдей немесе бүкіл проектіден белгілі бір текстік фрагментті іздеп табуға болады.

View мәзірі Visual Basic ортасында программалауда қолданылатын әртүрлі құралдарды, формалар, модульдер, жобалар және т.б.

кӛмекші терезелерді экранға шығаратын командалар тобынан тұрады.



Project мәзірі командалары тікелей проектілермен жұмыс істеуде қолданылады.

Format мәзірінің командалары проект элементтерінің ӛлшемдерін анықтау үшін қолданылады.

Debug мәзірі командалары қосымшалар жұмысын дұрыстау, түзету үшін қолданылады.

Run мәзірі қосымшаларды іске қосу командалар тобынан тұрады.

Tools мәзірі командалары программада қолданылатын қосымша программалар, процедуралар мен функциялар орнгату үшін қолданылады.

Add-ins мәзірінде Visual Basic ортасының Visual Data, manager, Add-in Manager сияқты кӛмекші программаларын іске қосатын командалар орналасқан.

Window мәзірі Visual Basic ортасындағы терезелердің орналасуын реттейтін командалар тобынан тұрады.

Құралдар панелі. Оны View – Toolbars – Standard командасы арқылы шығаруға болады. Онда Бас мәзірдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Артықшылығы – тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу.

Жоба терезесі. Қосымша жасауда қолданылған барлық формаларды, модульдер мен элементтерді кӛрсетіп тұратын арнайы файлды жоба деп атайды. Бұл файлға қосымшаның құрамына кіретін барлық формалар мен модульдер сақталады. VB-те жоба үшін Жоба терезесі қарастырылған. Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. VB-тің басқа терезелері сияқты Жоба терезесін жылжытуға, оның формасын ӛзгертуге болады. Бұл терезеде тышқан құрылғысының оң жақ батырмасын басу арқылы бірден File мәзірінің командаларын орындауға болады.

View Code – программалық код терезесін шығарады

View Object – форманы шығарады

Toggle Forgers – форма бумасын ашады



Қасиеттер терезесі. Объектінің сипаттамаларын (ӛлшемі, түсі, экрандағы жағдайы) немесе объектінің күйін белгілейтін объект атрибуты.

Форма конструкторы. Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын объектілердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде кӛзге кӛрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма конструктор терезесінде орналасады.

Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың экранның қай жерінен шығатын кӛрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын ӛзгерту үшін программалаушы макеттегі форманың бейнесін курсорымен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады. Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің ӛлшемдерін, кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістері қолдану арқылы, ӛзінің қалауы бойынша ӛзгертіп алуына болады. Егер экранда Форма кӛрінбесе, онда оны келесі командалардан орындап шығаруға болады:

  1. Бас мәзірден View-Object командасын орындау арқылы;

  2. Shift+F7 функционалды пернелерін басу арқылы; 3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы.

Объектілер панелі. Қосымша жасауда жоба құруға қолданылатын элементтер (батырма, тізімдік ӛріс, мәзір, айналдыру жолағы, т.б.).

Объектілерді қарау терезесі. Жобаға қойылған барлық объектілердің жиынтығын кӛрсететін терезе.

Код терезесі. Басқару элементінің немесе форманың қасиеттерін орнатқан соң олармен байланысты кодты жазуға кіріседі. Кодта оқиғаларды ӛңдеу процедуралары ерекше орын алады. Әр басқару элементінің сол немесе басқа әрекеттермен байланысты оқиғалардың толық жиынтығы бар. Ағымдағы формаға және ондағы басқару элементтеріне қатысты барлық код (яғни бағдарлама) осы форманың бағдарламалық модулі деп аталады. Форма да, модуль де txt кеңейтуімен бір файлда сақталады. Егер ерекшеленген объектіде тышқанды екі рет шертсе, осы форма модулінің терезесі ашылады да, онда объектімен байланысқан процедура белсендіріледі. Код терезесін жоба терезесінде View Code батырмасын басып та ашуға рұқсат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет