Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль



бет10/23
Дата27.09.2023
өлшемі96,84 Kb.
#111205
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
annotation11178

Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль
XIX ғасырдың соңына таман капитализм дәуірі алға тартқан мәселелерге Жаңа дәуір философиясының жауап беруге қауқары жетпеді. Кезінде француздың моралист-философы Ф.Ларошфуко ғылымдағы арзан сынға және соқыр фанатизмге өзінің бағасын бере келіп, философияның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен болатын: «философия өткен өмір мен болашақтың қиындықтарын, ауыртпалықтарын жеңді, бірақ қазіргі өмірдің ауыртпалығынан жеңілді». Бұл сөз ғасырлар тоғысында тоқырауға ұшыраған жаңаеуропалық метафизиканы мейлінше дәл көрсетеді.
ХХ ғасырдың басында Еуропада философияға тағы бір кезекті «төңкеріс» әкелген позитивизм бағыты (қоғамға практикалық пайда әкелетін, тек жекелеген ғылымдарға ғана қатысты позитивтік білімдер) пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері «бұрынғы» философия ғылыми емес, тым ойшыл деді. Сол себепті ол жаратылыстану және нақты ғылымдар секілді тексерілген білімге сүйенуі қажет, сөйтіп практикалық пайда әкелуі тиіс. Философия тек деректерді зерттеп, ешқандай бағалауға жол бермеуі керек, зерттеулерінде ғылыми құралдарға жетекшілік етуі қажет. Бұл бағыттың негізін қалап, «Позитивті философия» курсында оның басты ұстанымдарын ұсынған Огюст Конт (1798-1857 жж.) болды. Ол ұстанымдар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы көптеген позитивтік теориялар мен тұжырымдарға негіз болды. Позитивизм XVIII ғасырдағы француз Ағартушылық философиясының орнын басқан болатын. Ағартушы-энциклопедистер секілді Конт ғылымнан культ жасап, оның мүмкіндіктеріне шексіз сенімін білдірді. Ойлаудың ғылыми әдістері қолданылатын салалардың шексіз көп екендігін айтты (метафизиканы қосқанда). Олар жасаған ғылымдардың жіктемесін көп жағдайда энциклопедистердің өсиетінің жүзеге асырылуы ретінде қарастыру керек. Жіктемеде ғылымдар табиғи иерархиясына қарай бөлінеді: математика – астрономия – физика – химия – биология – әлеуметтану. Оның ойынша, осы ғылымдардың байланысын қарастыратын «жалпы» ғылымды «философия» деп атау орынды. Алайда оның дәстүрлі метафизикамен еш байланысы болмауы тиіс, себебі олардың зерттеу пәні мен әдістері екі түрлі болып келеді.
Ғылым мен философияны салыстыра келіп, Конт ғылымға практикада қолданылатын позитивті, дәлелденген білімдердің көзі деген анықтама береді. Ал философия «білімдердің жалпы жүйесі» болғандықтан да ғылымға қажет емес. Ол «синтетикалық» ғылым, сол себепті де жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жинақтаумен айналысуы керек. Ол «әрбір ғылым – өзіне-өзі философия» болып табылады. Позитивистердің «Метафизика жойылсын, физика жасасын!», деген ұраны мен адамзаттың діни, метафизикалық және ғылыми ойлауының дамуындағы «үш кезең заңының» шығу төркіні де осында жатыр.
О.Конт дүниеден озған соң, позитивистік ойлардың орталығы Англияға ауысты. Ең алдымен ол логик Джон Стюарт Милльдің (1806-1873 жж.) есімімен тығыз байланысты болды. «Силлогистік және индуктивтік логикалық жүйелер» атты еңбегінде ол ағылшын эмпирикасының негізін салушы Ф.Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты.
Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды – біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген сұрақты алға тартты. Оның ойынша, эмпирикалық пен теориялық пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ.
Милль адамның жүріс-тұрысын механистік, физикалық тұрғыдан түсіндірушілерді сынады. Себебі ол кезде адамның еркіндігі, сондай-ақ адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда көруге тырысады, себебі адамдар адамгершілік әрекеттерді орындауы керек, сондықтан «адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда көрген тиімдірек».
Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) «Негізгі бастаулар», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Әлеуметтанудың негіздемесі», «Этиканың негіздемесі» атты бірқатар еңбектердің авторы. Ол биологиялық эволюция туралы идеяны Дарвиннен бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу ұстанымдарын қалыптастырды. Ол эволюция туралы идеясын табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстар мен процестерге – ғарышқа, органикалық және бейорганикалық табиғатқа, тіпті социумға да тән деп есептеді. Оны әлеуметтанудағы екі бағыттың – «органицизм» мен «эволюционизмнің» негізін қалаушы ретінде атап көрсетуге болады. Бұл екі бағыт әлеуметтік прогресті қоғамдық құбылыстардың интеграциялану және дифференциациялану процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың бірі болып жүйелердің жалпы теориясын жасауға тырысты. Құрылымдық-функционалдық және эволюциялық талдау нәтижелері оған әлеуметтік жүйелердің құрылымы мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі түрлерінің пайда болуына әкелетін даму және құлдырау циклдері мен интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет