Арнайы топтарға бірікпейтін, индивидуалды түрде компьютер қолданушы программистер қатарына жататын – хакерлер де субмәдениет түріне жатады. Хакерлердің мақсаты – бөтен сайттарды бұзып кіру, вирус енгізу болып табылады. Алғаш хакерлер 1988 жылы электронды әлемге шықты. Хакерлердің арасында шпионаждықпен де айналысатын топтар бар. Бұл топқа әсіресе, математика пәнінің үздік маманы, копьютерді жақсы меңгеретін топ өкілдері бейім болады [7]. Яппилер – белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады [6].
Спорт
Спорт әлеміндегі субмәдениет өкілдерін де атап өтуге болады. Еркіндікті қалайтын топ экстремалдылар деп аталады. Экстремалды спорт түрімен шұғылданатын топтар. ХХ ғ. 50-жылдары пайда болған: скейтбординг, сноубординг, парашютпен ұшу, құзға шығу спорты және т.б. спорт түрлерімен шұғылданғаннан ләззат алатын топ өкілдері .
Паркур – бұл экстремалды трюктардан тұратын спорт түрі, субмәдениет түріне жатады. Бірақ паркуршылардың өздері бұл мәдениетті спорттан гөрі ұстаным деп түсінеді. Астарында терең философия бар деп есептейді. Паркур – француз тіліндегі ат спорты деген тіркеске ұқсас «кедергілерге төтеп беру» деген ұғымды білдіреді. Паркур мәдениетінің қалыптастырушысы француздық Давид Белль [9].

АРТ-субмәдениет
Батыс субмәдениеті дүниежүзі жастарына ықпал етіп қана қоймай қолданысқа жаңа термин сөздерінің пайда болуына септігін тигізді. Бүгінгі күндегі: роллерлер, графитилер, брэйкдэнс және т.б. жастар арасындағы жаңа сөздер субмәдениеттердің насихатталуына себепші болып отыр. Мәселен, роллерлер – роликті коньки тебуді ұнататын топ өкілдері. Олардың спорт үлгісіндегі киімдері ашық түсті болып, конькилері ерекше нақышта көзге түседі. Жастар арасындағы роликті конькиге деген қызығушылық 1990 жылы пайда болды [10].