Єылым жјне Білім министрлігі- єылым академиясы


(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. Үркер романы. Тығырық бөлімі. Алматы, Өлке баспасы 1999 ж 353-354 беттер)



бет16/17
Дата03.10.2023
өлшемі450,5 Kb.
#112824
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
(Ә. Кекілбаев. Он екі томдық шығармалар жинағы. Үркер романы. Тығырық бөлімі. Алматы, Өлке баспасы 1999 ж 353-354 беттер).
Жоғарыдағы мысалда автор атынан берілген шығарманың басты кейіпкері Әбілқайырдың елшіліктің келер алдындағы қамдалу үстіндегі ішкі ойы, сезімі. Автор кейіпкерін бәрін жіті ойлайтын, ойы мен ісі ұштасып жататын кемеңгер ретінде береді.
Көркем шығарма адам образы өмір шындығын обьективті дүние есебінде суреттеу мен жазушы қойған басты тіршілік мәселесіне қатысына қарай орын алатын характер, талғамы, түсінігі әр алуан кейіпкерлердің болмысқа көзқарасын таныту арқылы жасалатыны мәлім. Адамдардың сюжеттік – оқиғалық қақтығыстарынан өрістейтін тартыстар жекелеген фабулалық фактілерді сипаттағанмен толық ашылмайды. Шындықтың сан қилы қыртыс – қабаттарын, ұғымдық мол аспектілері бар.
Суреткер - әсемдік жыршысы. Сұлулықтан кемшілік іздейтіндер – ниеті бұзық адамдар, ал сол сұлцлықтан жан азығын іздеушілер – ақсүйек кісілер. Дүниеде ұятты, тәлімсіз кітап болмайды, жаман я жақсы жазылған болып бөлінеді. Адамның рухани тіршілігі – суреткер үшін шығармашылықтың бір ғана қыры. Суреткер – уағыз айтушы емес, егер әу дегеннен уағыз айта бастаса қаламының қасиетін жоғалтады. Суреткер үшін ой мен сөз өнерге апаратын құрал ғана. Күнә мен мінезділік – шығарманың шын азығы... (О.Уайльд. Избранное. Свердловск. Изд. Уральского ун\та. 1990 с.21). Бұл айтылғандар өткен ғасырдың аяғында өмір сүрген, өз шығармашылық отына өзі күйіп өлген ағылшын жазушысы Оскар Уайльдтың түйіндемесі.
Образ – мағыналық кезеңдермен бөлінбейтін сезңм бірлігін айқындайтын өнердегі шындықты сомдаудың тәсілі мен түрі. Адам санасында сурет болып елестейтін материалдық көріністер мен болмысты суреттеудің әсерлі әдісі дейді философтар. Дегенмен көркем әдебиеттегі образ көбіне мінездер жиынтығы мен типтік бейне дәрежесіне көтерілген кейіпкерді елестетеді. Әдебиетшілердің өнердегі шындық деп бірте – бірте көз алдыңызда қалыптасқан мінездер көрнісін айтады.
Сырты сыз, іші телегей теңіздей тынымсыз мағыналы мінез жиынтығы - Әбілқайыр.
Ә.Кекілбаев бас кейіпкерінің өзімен – ақ ұлттық мінездеме беріп тұрғандай. Баладай аңғал, кейде, жауар бұлттай түнерсе, тілін тапқанға күншуақтай жадырап жөнелетін, бір сөзге бола қаны басына шауып, бір уәдеге бола басының қайда қаларымен шаруасы болмай атқа қонатын бірбеткейдің, қас батырдың өзі.
Ә.Кекілбаев шығармаларында әр кейіпкер өз бетінше ойланады және оларда автордың бақылауы болмайды. Мұнда ішкі монологтан гөрі ой ағыны тәсілі басым түсіп жатады. Сондай – ақ жазушы кейіпкерлерінің ішкі ойы, қабылдау жүйесі бейне бір бақылаусыз, адам еркінен тыс, ойлау қабілеті өз еркінен босаңсып қалғандай сезілетіні байқалады, бірақ ой мен образдар ағыны автор құрған ойдан қалай дегенмен алыс кете алмасы анық.
... Бұл жолы зеңбірек тоғыз рет күркіреді. Жұрт тоғыз рет аспанды шатынатып айқас салды. Оның әр қайсысы ханның өзіне жылдай ұзақ көрінді. Шіркін, осыны сонау Ертіс бойындағы Әбілмәмбет пен Әбілмансұр естір ме еді, Торғай бойындағы Барақ, Сарысу бойындағы Күшік, Шалқар бойындағы Батыр сұлтандар естір ме еді! Іштері қыж – қыж қайнар – еді – ау! Шіркін, мұны өзінің ауылы, Бопай, Злиха, балалары естір ме еді! Төбелері көкке бір жетіп қалар еді! Шіркін, бұл жалпақ қазақ даласы түгел естір ме еді! Бұның аты бұдан былай ауыздарында жүрер еді! Мұны, міне, мынау жүз елу бт естіп тұр. Іштерінде не жатқанын білер ме еді? Ертеңіне елдеріне не айтып барғандарын естір ме еді

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет