Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет22/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Антиферромагнитті материалдар көрші атомдардың антипараллельді бағытымен сипатталады. Антиферромагниттің кристалдық торын спин бағыттары қарама-қарсы екі тордан тұрады деп есептеуге болады. Бұл тордың бөліктерінің қосынды магнит моменттері компенсирленген, және Н=0 кезінде J=0. Mn, Cr, NiO, MnO, Fe2O3 және т.б. - антиферромагниттер.
Ферримагнитті материалдар тор бөліктерінің магнит моменттері копенсирленбеген Н=0 кезінде J≠0, яғни зат ферромагнетик секілді спонтанды магниттелген. Ферриттер, кейбір диэлектриктер мен жартылай өткізгіштер ферримагнетиктер болып келеді.
Ферромагнетиктердің доменді құрылымы.
Домен – оңай магниттелу бағытында қанығуға дейінгі магниттелген ферромагнетик аумағы. Доменнің өлшемі, формасы және олардың арасындағы шекаралардың орналасуы кристалдың еркін энергиясының минимум шартынан анықталынады.
Бір доменді күй энергетикалық күйде тиімсіз, үлкен еркін энергияға сәйкес келетін магниттелмеу өрісін түзетін полюстер ферромагнетиктің соңында болады.
Кристалдың екі доменді құрылысы кезінде еркін энергия айтарлықтай жоғарылайды, одан әрі бөлшектеу кезінде өте көп төмендейді.
Барлық магниттік ағындар кристалдың ішінде тұйықталған, еркін энергия минимумға ұмтылатын тұйық домендері бар құрылымдар энергетикалық тиімділігі жоғары.
Домендер ені 10-3-10-1 мм. Ұзындығы кристалдың немесе дәннің шекарасынан басқасына және тіптен дәннен дәнге өтіп кетуі мүмкін.
Екі көрші домендерді бөлетін материалдың қабаты доменді шекара немесе қабырға деп аталады. Оның шегінде бір бағыттан басқа бағытқа магнит моменті бағытының тұрақты өзгеруі өтеді.
Ферромагнетиктер аналогтық доменді құрылымға ие.
Магнитті анизотропия
Ферромагниттік кристалдарында оңай (ОМБ) және қиын (ҚМБ) магниттелу бағыттары бар. Н=0 кезінде магнит моментінің векторы ОМБ бойлай бағытталған.
КЦК торға ие темірде ОМБ кубтың <100> қабырғасымен сәйкес келеді. Бұл бағытта магниттелу әлсіз өрісте қанығуға жетеді. Кубтың кеңістіктік диагоналі <111> ҚМБ болып келеді.
ҚЦК торына ие никельде керісінше <111> – ОМБ, <100> – ҚМБ.
Кобальт монокристалының ОМБ гексагоналды осьтің бағытымен сәйкес.
Магниттелу үдерісінде магнитті анизатропияның рөлі зор. Кейбір материалдардың магнитті қасиеттерін шоғырлату үшін оларда кристалиттер материалда ОМБ ішкі магнитті өрістің бағытымен бағытталатын кристаллографикалық текстура түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет