Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе



бет25/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83
1.5-кесте. Кейбір материалдың жылуөткізгіштік коэффициенттерінің мәндері





Материал

λТ, Вт/(м*К)

1

Ауа

0,05

2

Битум

0,07

3

Қағаз

0,1

4

Генитакс

0,35

5

Балқытылған кварц

1,25

6

Фарфор

1,6

7

Кристалдық кварц

12

8

Графит

18

9

Al2O3

30

10

Fe

68

11

BeO

218

12

Al

226

13

Cu

390



Жылуға тұрақтылық – материалдың эксплуатациялық қасиеттердің еш төмендеуінсіз температурамен температураның лездік ауысуының (термосоққы) қабілеті. Мұндай қасиеттерге механикалық немесе электрлік беріктік, оптикалық қасиеттер, белгілі агрессивті орталарға тұрақтылық және т.б. жатады. Жылуға тұрақтылық маңызды, аппаратураның жұмыстық температураның максимальді қолжетімділігі соған толығымен тәуелді. Жоғары температурада жұмыс істейтін металдық материалдардың жылуға тұрақтылық сипаттамалары үшін ыстыққа беріктілік термині қолданылады (механикалық күш пен жоғары температура әсері шартында деформация мен бұзылуға беріктігі).
Материалдарда температура артқан кезде әртүрлі құбылыстар өтуі мүмкін. Олардың ішінде:

  • кристалдық материалдардың балқуы. Осы кезде материал аморфты күйге өтеді;

  • аморфты материалдардың жұмсаруы – механикалық беріктілігі төмендейді, ал механикалық күш бар кезінде – олардың деформациясы қайтымсыз;

  • қатты күйге фазалық ауысу – эксплуатациялық сипаттамалары өзгереді (металдық конструкциялық металдық құймаларға магниттік, сегнетэлектрлік, сұйық кристалдық және басқа материалдарға тән);

  • жану, қышқылдану және ыдырау;

  • электрлік сипаттамаларының өзгеруі;

  • диэлектриктердің жылулық ескеруі – олардың құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруін тудырады; химиялық үдерістер нәтижесінде жоғарылатылған температураның әсерінен материалдардың механикалық және электрлік параметрінің төмендеуіне алып келеді. Жылулық ескіру оттегі, азон барда, сәулелену әсерінен, оның ішінде көрінетін және ультракүлгін, электромагниттік өріс, механикалық күш әсерінен күшейеді. Органикалық материалдар жылулық ескіруге тез ұшырайды.

Органикалық емес материалдардың жылуға тұрақтылығы органикалыққа қарағанда жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет