З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет10/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Байланысты:
академ жазба

 
2.3 Сөздіктер мен 
энциклопедиялар
 
Сөздік
жеке тілдің сөздік құрамының, әлеуметтік топ диалектісінің, 
жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; тілдегі сөздерді, сөз 
тіркестерін, идиомаларды әліпби негізінде я тақырыптық тұрғыдан жүйеге 
түсіріп, олардың мағынасын ашатын, аудармасын түсіндіретін анықтамалық 
құралмасы.
Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды 
лингвистикалық

филологиялық
және анықтама сипатындағы 
энциклопедиялық
сөздіктер
деп 
бөледі. 
Энциклопедиялық сөздіктерде
белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, 
зат, құбылыстар сипатталса, 
лингвистикалық сөздіктер
әліпбилік тәртіппен 
белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. 
Лингвистикалық сөздіктер
жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
Олар:
1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның 
бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік 
тарихи сөздіктер
деп 
аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі 
қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат 
етеді. Мұндай сөздіктер 
тілдің
заманауи сөздіктері
деп аталады. 
2. Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып 
сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік 
толық сөздіктер
деп аталады. 


21 
Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, 
оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын 
қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік 
кіші сөздік
немесе 
толық 
емес сөздік
деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне арнаулы сөздіктерді де 
жатқызуға болады. Олар:
терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі
фразеологиялық сөздік 
және т.б. жатқызуға болады. 
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге 
аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – 
бір 
тілдік түсіндірме сөздіктер
, екіншісі – 
екі тілдік
немесе 
көп тілдік аударма 
сөздіктер

4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліпби тәртібімен көрсетілуіне 
немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет-ретімен 
көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 
1) дыбыстық немесе алфавиттік 
сөздіктер; 2) идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. 
Сөздіктер шартты түрде төрт топқа топтастырылады (2-кестені 
қараңыз). 
2-кесте. Сөздіктердің топтастырылуы мен түрлері 
№ 
Сөздіктердің топтастырылуы 
Сөздіктердің түрлері 
1 Сөздердің 
шығу тегі мен олардың 
семантикалық дамуы туралы мағлұмат 
беретін сөздіктер 
1. Этимологиялық сөздік 
2. Тарихи сөздік 
2 Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын 
түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы 
мағлұмат беретін сөздіктер 
1. Түсіндірме сөздік 
2. Аударма сөздік 
3. Терминологиялық сөздік 
4. Диалектологиялық сөздік 
5. Фразеологиялық сөздік 
6. Синонимдер сөздігі 
3 Сөздердің дыбыстық 
құрылысы мен 
олардың жазылуы туралы мәлімет беретін 
сөздіктер 
1. Фонетикалық сөздік 
2. Орфографиялық сөздік 
4 Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын 
айқындап, түсіндіретін сөздіктер 
1. Энциклопедиялық сөздік 
2. Иллюстративтік сөздік 
Электронды сөздіктер. 
Соңғы кезде қазақ тілінің салалық сөздіктері 
интернет кеңістікке бейімделіп келеді.
Lugаt.kz 
– қазақ тілінің сөздіктер кешені. Лұғат – тегін сөздік сервисін 
ұсыну мақсатында жұмыс жасап жатқан коммерциялық емес бағыттағы 
қоғамдық игілік. 2014 жылы Лұғат краудсорсингтік платформаға айналды. Кез 
келген қолданушы әлеуметтік желі арқылы тіркеліп, өзі қалаған сөздікке сөз 
қоса алатын болды немесе сол сөздікке модераторлық ету құқығына ие болды. 
Нәтижесінде Лұғаттың жалпы сөздік қоры 534 000 сөзге жетті. Платформада 
ағылшынша-қазақша, 
қазақша-ағылшынша, 
орысша-қазақша, 
қазақша-
орысша, түсіндірме сөздік, түрікше-қазақша, қазақша-түрікше, аймақтық 


22 
сөздік, орфографиялық, синонимдер, арабша-қазақша, қазақша-арабша 
сөздіктер бар. 
Еmlе.kz
– орфографиялық сөздік. Мұнда сөздердің дұрыс жазылуын 
тексеріп қана қоймай, пунктуация ережелерімен, тіл біліміне қатысты мақала-
кітаптармен танысуға болады. Сондай-ақ платформада аббревиатуралар 
сөздігі бар. 
Tеrmіnсоm.kz
– ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық-
әлеуметтік 
өмірдегі 
термин 
сөздердің 
бірыңғай 
республикалық 
терминологиялық электронды базасы. Сайт қазақ терминологиясын 
жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асырып, терминология лексикасын 
біріздендіруді көздейді. Қолданушылар бекітілген терминдер мен 
қолданыстағы терминдермен танысып, оны қызметіне қатысты қолдана алады. 
Сондай-ақ терминология саласында жарық көрген ғылыми, анықтамалық 
әдебиеттермен таныса алады. 
Sоzdіkqоr.kz
– әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы 
сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көнерген сөздерді, кірме 
сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа 
технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа. 
«Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, 
синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем 
ішінде кездесуін бір бетте көруге болады. 
Kаz.slоvореdіа.соm
– қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, аймақтық сөздік, 
қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі, философиялық 
терминдердің сөздігі, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, синонимдер сөздігі
 
сияқты негізгі және тіл сөздіктері сияқты қосымша сөздіктердің қоры 
сақталған ірі ресурс. 
Sоzdіk.kz
– қазақша-орысша (орысша-қазақша) ең танымал сөздік. 
Платформада жеке сөздерден бөлек мәтіндерді де аударуға болады және
қазақша мәтінді кириллицадан латынға ауыстыратын конвертер бар. 
Қолданушы сөздік базасына сөз қосуына болады. 
Энциклопедия
– анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым. 
КСРО: 
-
«Үлкен совет энциклопедиясы» (1-бас., 66 т., 1925-1947; 2-бас., 51 т., 
1949-1959; 3-бас., 30 т., 1969-1978); 
-
«Кіші совет энциклопедиясы» (1-бас., 10 т., 1928-1931; 2-бас., 11 т., 
1933-1947; 3-бас., 10 т., 1958-1960). 
Қазақстан:
-
Тұңғыш «Қазақ совет энциклопедиясы» (12 т., 1968-1978); 
-
«Қазақ КСР» қысқаша энциклопедиясы (4 т. 1984, 1987, 1988-1989); 
-
«Қазақстан» ықшам энциклопедиялық сөздігі (2005); 
-
Қазақ энциклопедиясы. 
Арнаулы (салалық) энциклопедиялар: 
-
«Шаңырақ» (1990); 


23 
-
«Ислам» (1995); 
-
«Қазақ тілі» (1998); 
-
«Қазақ әдебиеті» (2001); 
-
«Қазақ өнері» (2002); 
-
«Атамекен» географиялық энциклопедия (2011). 
Облыстық, қалалық, аудандық энциклопедиялық анықтамалықтар: 
-
«Алматы» (1983); 
-
«Қарағанды» (1990); 
-
«Атырау» (2000); 
-
«Тараз» (2003); 
-
«Оңтүстік Қазақстан» (2005); 
-
«Сыр елі» (2006). 
1997 жылдан бастап тарихи жаңа сипатты 10 томдық «Қазақстан» 
ұлттық энциклопедиясы жарық көрді. Оның орысша 5 томдық қысқаша 
нұсқасы 2004-2006 жылдары жарық көрді. 
Онлайн энциклопедия: 
-
Уикипедия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет