Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Сабақ: Эпифиздің, гипоталамустың, гипофиздің гормондары. Жыныс



Pdf көрінісі
бет17/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
Сабақ: Эпифиздің, гипоталамустың, гипофиздің гормондары. Жыныс 
гормондары. Минерал заттардың алмасуына әсер етуші гормондар: 
минералокортикостероидтар, қалқанша және қалқанша маңы бездерінің 
гормондары. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясының 
биохимиялық негіздері. 
Ӛзіндік дайындыққа арналған сҧрақтар:мен олардың жауаптары: 
1. Мелатониннің тҥзілетін орны, химиялық табиғаты, физиологиялық 
әсерлері. 
Мелатонин – эпифиздің негізгі гормоны. Эпифиздің активтілігі жарықтың 
түсуіне байланысты, жарықта синтетикалық және секреторлық процестер 
тежеледі, ал қараңғыда күшейеді. 
Сонымен бірге эпифизде химиялық табиғаты жағынан пептидтер болатын 
заттар түзіледі, бұларды кейбір ғалымдар нағыз гормондарға жатқызады. 
Мелатонин триптофаннан түзіледі, триптофан гидроксилденіп (5С 
орында), 5-окситриптофан түзіледі, ол әрі қарай декарбоксилденіп, серотонинге 
айналады. Серотонин ацилденуі нәтижесінде ацилсеротонин түзіледі, ал 
ацилсеротонин ерекше ферменттің қатысуымен метилденіп, мелатонин 
түзіледі. Тіндегі мелатониннің концентрациясы және бұл ферменттің 
активтілігі эпифиздің функционалдық күйінің кӛрсеткіші болып табылады. 
CООН
CH
Триптофан

2
NH
2
Н
N
СО
2
CООН
CH
5-гидрокситриптофан

2
NH
2
Н
N
НАДФH
2
НАДФ
H
2
О
О
2
НО
CH
2
СЕРОТОНИН

2
NH
2
Н
N
НО
CH
2

2
Н
N
НО
NH C
O
CH
3
CH
2

2
Н
N

3
О
NH C
O
CH
3
CH
3
МЕЛАТОНИН
N-АЦИЛСЕРОТОНИН
Бұған дейін мелатониннің ұйқының жылдам фазасына жауап беретіні
түнде түзілетіні (түнгі сағат 11-ден таңғы сағат 7-ге дейін тәуліктік 
мелатониннің 70%-ы түзіледі) белгілі болды. Қазіргі кезде мелатонин рилизинг-


187 
факторлары түзілетін гипоталамустың орталық томпағына әсер етіп, мидың 
гипоталамикалық аймағын басқаратын биологиялық сағат деп саналады. 
Сонымен, 1) соматотропты гормонның, инсулин тәрізді ӛсу факторының 
деңгейін арттырып, организмнің ӛсуіне әсер ететіні; 2) мелатонин гипоталамус 
арқылы гонадотропты гормондардың секрециясын тежеп, организмнің 
жыныстық қызметіне әсер ететіні. белгілі болды. Сондай-ақ, эпифиздің ісіктері 
кезінде жыныстық жетілу бұзылатыны, зақымданған эпифизді алып тастағанда 
жыныстық дамудың қайта қалпына келетіні анықталды. Мелатониннің 
антигонадотропты әсер кӛрсете алатыны және ұрық бездеріне тікелей әсер етіп, 
тестостеронның түзілуін тежейтіні дәлелденген. Мелатониннің адамның 
жыныстық функциясын реттеудегі ролі ер балаларда жыныстық жетілудің 
алғашында қан сарысуындағы мелатониннің деңгейінің күрт тӛмендейтіні 
анықталған. Әйелдерде мелатониннің мӛлшері менструация кезінде артады, ал 
овуляция кезінде азаяды. 
3) Мелатонин иммундық жүйенің қызметін: а) оған тікелей стимулдеуші 
әсер кӛрсету арқылы; б) тимустың инволюциясын тежеу в) Т-лимфоциттердің 
түзілуін қалпына келтіру; г) иммундық жүйеге жанама реттеуші әсер беретін 
тиреоидты гормондардың синтезінің стимулдеуіне және мырыштың 
метаболизміне қатысу арқылы реттейді; 
4) Мелатонин қандағы холестерин деңгейін тӛмендетеді, атеросклероз 
және стенокардия дамуын тежейді. Стенокардия кезінде қандағы мелатониннің 
мӛлшері 5 есе тӛмендейді, ал мелатониннің деңгейі жоғарылағанда 
стенокардияның ұстамалы ауру сезімдері тоқталады.
5) Мелатонин қан қысымын тӛмендетеді.
6) Мелатонин тез ӛсіп келе жатқан жасушаның пролиферациясын 
баяулатады, қатерлі ісіктің ӛсуін тоқтатады. Сондықтан оны ісіктің алдын алуға 
және емдеуге қолдануға болады.
7) Эндокриндік бездердің қызметін және олардың морфологиясын қалпына 
келтіру арқылы организмді жасартады.
Мелатонин жас адамдарда 50-жастағылармен салыстырғанда 4 есе, ал 80-
жастағыларға қарағанда 8 есе кӛп түзіледі. Мелатонин липидтердің пероксидті 
тотығуын тежей отырып, ӛмір сүру уақытын ұзартады, қартаю процесін 
тежейді, қарттық катаракта және басқа да ауруларын алдын алуға кӛмектеседі. 
Организмнің қартаюының және кӛптеген аурулардың пайда болуының бір 
себебі жасушалар мен молекулалардың липидтердің пероксидті тотығуы 
әсерінен бұзылуы болып табылады. Мелатонин ӛте күшті антиоксидант, ол 
тотықсызданған глутатионнан 6 есе күшті. Сол себепті ол жасушаларды 
липидтердің пероксидті тотығуынан және радиациядан қорғайды. Мелатонинді 
қабылдағанда ДНҚ-ның радиациялық зақымдануы 99%-ға тӛмендейді, ол 
глутатионпероксидазаның активтілігін стимулдейді. 
Мелатонин арнайы рецептор арқылы емес, ол мембрана арқылы 
(гематоэнцефаликалық тосқауыл арқылы) жасуша ішіне түсе алады. Сондықтан 
мелатонин миды басқа заттарға қарағанда зиянды әсерлерден жақсы қорғайды 


188 
және оның жасқа байланысты азаюы ми тіндерінің ӛзгерістеріне әкеп соғады. 
Сонымен, мелатонин миға мынадай себептер үшін қажет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет