Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет2/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Термодинамика – бұл термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі макроскопиялық жүйелердің жалпы қасиеттерін, осы күйлердің ауысу процестерін зерттейтін физиканың бір бөлімі. Термодинамика осындай түрлендірулер негізінде жатқан микропроцестерді қарастырмайды. Термодинамикалық әдістің статистикалық әдістен ерекшелігі осында. Термодинамика екі бастамаға - тәжірибемен алынған мәліметтердің жиынтығы нәтижесінде тұжырымдылған іргелі заңдарға негізделген.
Термодинамиканы қолдану аясы молекула-кинетикалық теорияға қарағанда кеңірек, себебі, термодинамикалық әдісті қолданбайтын физика мен химияның ешбір саласы жоқ. Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, термодинамикалық әдіс біршама шектелген болып келеді, яғни термодинамикада заттың микроскопиялық құрылысы, құбылыстардың механизмдері туралы ешнәрсе айтылмайды, мұнда тек заттың макроскопиялық қасиеттерінің арасындағы байланыс анықталады. Молекула-кинетикалық теория мен термодинамика бірін-бірі толықтырып, бір бүтінді құрайды, олар тек зерттеу әдістерімен ғана ерекшеленеді.
Термодинамикалық әдістің негізі - термодинамикалық жүйенің күйін анықтау болып табылады. Жүйенің күйі термодинамикалық параметрлер (күй параметрлері), яғни термодинамикалық жүйенің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалардың бірігуі арқылы анықталады. Күй параметрлері ретінде температура, қысым және меншікті көлем алынады.
Температура - бұл термодинамикада ғана емес, жалпы физикада маңызды роль атқаратын негізгі түсініктердің бірі болып табылады.
Температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Өлшемдер мен шамалар бойынша ХІ Генералдық конференцияның (1960) шешіміне сәйкес қазіргі кезде термодинамикалық және Халықаралық тәжірибелік сәйкесінше кельвин (К) және градус Цельсий () арқылы градуирленетін екі температуралық шкаланы қолдануға болады. Халықаралық тәжірибелік шкала бойынша судың қатаю және қайнау температурасы Па қысымда 0 және -ге сәйкес келеді (реперлік нүкте).

Термодинамикалық температуралық шкала бір реперлік нүкте бойынша анықталады, ол судың үштік нүктесі ретінде (бұл кезде 609 Па-ға тең қысымда мұз, су және қаныққан бу термодинамикалық тепе-теңдік күйде болады) алынады. Бұл нүктенің температурасы термодинамикалық шкала бойынша тура 273,16 К-ге тең болады. Градус Цельсия кельвинге тең. Термодинамикалық шкалада судың қату температурасы 273,15 К-ге тең, сондықтан анықтама бойынша, термодинамикалық шкала мен Халықаралық тәжірибелік шкала мына қатынас арқылы байланысқан:






Т=0 К ноль кельвин деп аталады. Әр түрлі процестерді зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 0 К болу мүмкін емес, бірақ оған жуық мән алынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет