Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



бет4/5
Дата19.04.2023
өлшемі24,4 Kb.
#84334
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эмоционалды-ерік сферасы за ымдал ан балаларды жалпы білім беру

Мектепке дейінгі жас.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы мен өзара әрекетте болудың қиындығы, сөйлеу тілінің дамуының тежелуі, баланың тәртібіндегі проблемалар ата-анасына айқын байқала бастайды да, олар мамандардан көмек сұрай бастайды.
Мектеп жасы.
Мектеп жасындағы кейбір балалар (1 топ) басқаруға көнеді, жақын адамдармен арадағы әрекеті бағытталған түрде өтеді, сөздік өтініштерді орындай бастайды, болып жатқан жағдайларға қызығушылық байқалады, сөйлеу тілі пайда болады да, өз қалауын білдіру үшін жеке сөздермен сөз тіркестерін пайдалана бастайды.
2 топ балаларында мектептегі оқу үшін қажетті мүмкіндіктері үлкен болады. Кейбіреулері бастапқы кезде бейімделуге қарсы тәртіпті көрсетуі мүмкін, бірақ аз уақыт өткен соң мектеп өмірінің жалпы стереотипі пайда бола бастайды да оны бұлжытпай орындайды.
3-топ балаларының мектеп өміріне бейімделу немесе оқу материалын меңгеруіне байланысты проблемалар болмайды. Бірақ қиындық баланың тәртібінде туындайды. Оқуда жеткен жоғары нәтижелері, мұғалімнің қойған жоғары бағасы мен мақтауын уәж еткен бала, одан тек өзіне көңіл аударуды талап етеді, онымен үнемі өз қызығушылығы тақырыбында ғана сөйлескенді қалайды. Мұндай бала үнемі бірінші болғанды, барлық сұрақтарға өзі жауап бергенді қалайды, қарсылыққа төзбейді.
4-топ балалары тежелудің жоғарлығына, тез қажып, шаршағанына, жылдам ренжігіштігіне қарай оқуда қиындықтарға кездеседі. Бұларда айтылған сөзді түсінудегі қиындықтар, нұсқауды қабылдау мен материалды меңгерудің баяулылығы байқалып, мұғалім көмегін қолдауын қажет етеді. Бұларды ПДТ бағдарламасы бойынша оқыту ұсынылады.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.
Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.
Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған. Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек.Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап. Л.Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.
Емдеу
Бұл қатерлі кеселді емдейтін психиатрлар тапшы. Кейбір дәрігерлер оны қатерлі ауру ретінде қарастырмай, жай ғана психологиялық дерттің түріне жатқызады, сөйтіп, психикалық ауруларға тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады, айналадағы адамдардың өзіне деген түсінбеушілігін тудырады. 
Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқысы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған.
Бала аутизіміне шалдыққан балаларды неғұрлым ертерек анықтап, ем алса, медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық түзеу көмектерді дер кезінде беруге болады. Ата-аналар балаларының қылығында өзгешелік, яғни сөйлесудегі қиындықтар, тіке қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл-қозғалыс, баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, өзімшіл әрекет жасауын байқаса, бірден бала дәрігеріне тексеруден өткізгендері дұрыс. Бала дәрігерлері ата-аналарға түсіндіріп айтып, психиатр дәрігерге көріну қажеттігін ұғындырулары керек
Аутист балалар суды өте жақсы көреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Бұл балалар суды көргенде ғана эмоциялық әрекет жасауы мүмкін. Дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия аутист балаларға оң әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет