ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КЕРЕМЕТ БАСТАУЫШ МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ
Берік Назым Берікқызы
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
6М010300 – Педагогика және психология
Ғылыми жұмыс
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2020
Ғылыми жұмыс "Керемет" бастауыш мектеп балабақша кешенінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
доцент Ортаев Б.Т.
Ресми оппоненті: Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
педагогикалық университетінің
профессоры,п.ғ.к.Пошаев Д.Қ.
"Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыретілігін қалыптастыру" тақырыбына
АҢДАТПА
Магистрлік диссертация болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне арналған. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылған. Мұнда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі талданып, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісі анықталып негізделінеді және болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру теориялық моделі құрылып, ғылыми тұрғыда негізделеді.
«Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші бөлімінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны айқындалады және оқытуды өнімді етудің диагностикасы жүргізіледі.. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру аясында берілген оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары таңдалды. Оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.
Қорытындыда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру аясында оқытуды өнімді ету факторлары айқындалып, тұжырымдар жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: |