Эмоционалды етістіктер


«Қуану» мағынасын білдіретін етістіктер



бет4/4
Дата14.02.2022
өлшемі23,44 Kb.
#25466
1   2   3   4
Байланысты:
ЭЕ

3. «Қуану» мағынасын білдіретін етістіктер

1) Қуану – бірдеңеге мәз болу, қуанышқа бөлену.

Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін бірталай ұсақ ағаш пен аңның терісімен жауыпты (Ерт. ІІІ том).

2) Мәз болу – шаттану, қуану.

Ал Егорка Драпов мәз боп күледі. – Иә, иә, сен керемет жазасың, - деді ол. Саған қарағанда Пушкин мен Гоголь деген кім? (М.З.).

3) Қуанышқа бөлену – қуану, көңілдену, масайрау.

Хан айтып тіл жетпейтін қуанышқа бөленеді. Ол Зариф-ханға көп алтын, сенімді қызметшілер беріп, достықпен босатады (Ауғ. ерт.).

4) Шаттану – мәз болып қуану, көңілдену, масайрау.

5) Көңілдену – шаттану, қуанышқа бөлену:

Көрісті Әбілхарис сәлем беріп,

Көркем сөз, әдеп сақтап тілге келіп,

Әскерлер бір ауыздан берді сәлем,

Шаттықпен мархаба деп көңілденіп (Дастандар, ІІ т.).

6) Масайрау – көңілі тасу, масаттану.

7) Масаттану – көңілі көтеріліп қуану, шаттану.

8) Көңілі көтерілу – шаттан түсу, қуаныш табу.

Жаманға «жар» дегеннен-ақ ән көрінер,

Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер?

Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер (Абай).

9) Балаша мәз болу – сәби сияқты қамсыз, шын қуану.

Немересінің бал тілімен айтқан сөздеріне қарт әке балаша мәз болды.

10) Бөркін аспанға (көкке) лақтыру – қатты қуану.

11) Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты шаттану.

12) Жүрегі жарылу – 1. қатты қуану, көңілдену.

2. қорқу.

13) Мәз-мейрам болу – шат болу, қуанып қалу.

14) Шат болу – қуану, масайрау.

Патша бұларды көріп қуанып жүдә шат болады. Қарсы шығып жігіттің қолын сүйіп өзінің салтанатты үйіне алып кіреді (Ерт. ІІІ т.).

15) Танауы желбіреу – көңілі шалқу, масаттану.

Ой деген-ай. Бір ауыз сөзге бола желбірей қалыпты ғой (Ауыз екі сөз).

16) Көңілі шалқу – көңілі көтерілу, қуаныш табу.

17) Төбесі көкке екі елі жетпеу-тимеу – қатты қуану, шаттану.

18) Төбесі көкке жету – қатты қуану.

...Настин кимелеп кіріп келді. – Жан досым, Егорушка, - деді ол. – Мен әлгіде бір мақала жаздым – төбең көкке жетеді (М.З.).

19) Қабағы ашылу (жазылу, жарқылдау, көтерілу) – көңілі жадырау.

20) Албырау – ауысп. көңілдену, жайдарлану

Үйде отырса салбырап,

Түзге шықса албырап,

Кісіні көрсе қалжыңдап,

Қалжыңдасып ыржыңдап (Абай).

21) Жайдарлану – көңілдену.

22) Арсалаңдау – жайраңдай, қуана қарсы алу.

- Алады, алады - деп өтірік күліп, Андрейді шын сағынып қалған адамдай арсалаңдап, Жібек қапшығын сүйреп тысқа шықты (Б.Майлин, Таңд.).

23) Мәре-сәре болу – қатты қуану, шаттану.

24) Гүл-гүл жану – шаттану,шексіз қуанышқа бөлену.

Ғалиды кеше көрген білді танып,

Ақ жүзді ару сұлу гүл-гүл жанып.

Ғалиға айтты Сина басқа тілмен,

- Жан балам, ұят жолға барма айналып (Дастандар, ІІІ т.).

25) Жадырау – ауыс. шат-шадыман болу, жайраңдап масайрау.

Көңілім жабырқаған кейбір кезде галошқа көзім түссе, жаным жадырап сала береді (М.З.).

26) Екі езуі құлағына жету – шексіз қуану, шаттыққа бөлену.

27) Жүрегі алып ұшу – бір нәрсеге қатты қуану.

28) Кеудесі, көңілі тасу – көңілі көтерілу, шаттану.

Кетермін құдай қосса қызыңды алып,

Бола бер бұл сөзіңнен ізінде анық.

Деген соң Мәпрабтың көңілі тасып,

Көркейтіп кетті жүзі қызылданып (Р.-д.).

29) Көзі оттай жайнау – қуану, шаттану.

- Е, құдіретті жолбарыс, - дейді қорқау қасқырлар. – Бізге бір қой алып қашып келіңіз. Мұндай дәмді асты көріп, көзіңіз бейне оттай жайнап кетіпті ғой (Ауғ.ерт.).

30) Көзі шоқтай (шырадай) жану – қуанышқа бөлену, көзі жайнап сала беру.

31) Көңілі сергу – бой жазып жадырау, көңілдену.

32) Көңілі толқу (тасу) – масаттану, шектен тыс рақаттану.

Сүйген жарының қолтаңбасын көргенде қуанғаннан көңілі толқып, Джемал-ханның мөлдіреген көзіне мөлтілдеп жас іркіледі (Ауғ. ерт.).

33) Алтын тапқандай қуану – қатты қуану, жүрегі жарылып кете жаздау.

34) Әкесі базардан келгендей қуану – қатты қуану, мәз-мейрам болу.

35) Әйелі ұл тапқандай қуану – қатты қуану, мәз болу.

36) Қуанышы қойнына сыймау – қатты қуану, мәз боп аса тебірену.

Кешкілікте Шади-хан өзінің үйіне келеді, қайтқан ұлын көргенде, анасының қуанышы қойнына сыймады (Ауғ. ерт.).

37) Жүзі жарқ ету – қуанып қалу, бетінде шаттық оты ойнау.

38) Бетінде шаттық оты ойнау.

39) Жүзі жайнау – қуану.

Мардтың қуанғанынан жүзі жайнап,

Ханға былай деп жауап береді:

- О, ұлылардың ұлысы. Сіздің сөзіңіз балдай, рахымды әділет-тілегіңіздің алдында басымды иемін (Ауғ. ерт.).



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Финкел А.М., Баженов Н.М. Современный русский литературный язык. Киев., 1951.

  2. Галкина-Федорук Е.М. Современный русский язык. Лексика. Издательство МГУ. 1954.

  3. КузнецоваЭ.В. Метод ступенчатой идентификации в описании лексико-семантической группы слов. Тарту, 1969.

  4. ЭМОЦИОНАЛЬНЫЕ ГЛАГОЛЫ В ТВОРЧЕСТВЕ Ф.И. ТЮТЧЕВА

  5. Эмоциональные глаголы в романе М.А. Булгакова "Мастер и Маргарита"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет