Эмоциналды етістіктердің лексика-семантикалық топтары
1)«Қорқу» мәнді етістіктер
1. Қорқу - қатты шошу, зәресі қалмау, зәресі қашу, зәресі зәр түбіне кету, зәресі ұшу, үрейлену.
2. Шошу - үрку, үрейлену, сескену.
3. Зәресу қалмау - үрейі қашу, қатты қорқу.
4. Зәресі қашу - үрейі ұшу, қорқу.
5. Зөресі зәр түбіне кету - қатты қорқу, қүты қашу, үрейі ұшу.
6. Зәресі кету - зәре-құты - құты қашу.
7. Үрейлену - қорқу, шошу.
8. Үрку - шошу, сескену, осқырыну.
9. Сескену - 1. жасқану, қорқу, қаймығу. 2. қауіптену, күдіктену.
10. Жасқану - қорқу, сескену, тайсалу, беттемеу, жүрексіну, имену.
11. Тайсалу - жасқану, қаймығу, имену.
12. Қаймығу - бата алмау, жүрегі дауаламау, сескену, имену, жасқану.
13. Қауіптену - қауіп ойлау, күдіктену, қорқу.
14. Күдіктену - сезіктену, секем алу, күмәндану.
15. Беттемеу - 1. Жуымау, жоламау, аяғын баспау.
2. Тәбеті соқпау, тамаққа жуымау.
16. Жүрексіну - батылы жетпеу, батылсыздану, қаймығу, қорқу
17. Имену - 1. Жасқану, қорқу, тайсалу, қаймығу. 2. Ұялу,
18. Батылы жетпеу - батылы бармау, дәті бармау.
19. Батылсыздану - именшектену, жүрексіну.
20. Батылы бармау - жүрегі дауаламау, қорқу.
21. Дәті бармау - батылы жетпеу.
22. Именшектену - 1. Жүрексіну, жасқану, батылсыздану.
23. Жүрегі дауаламау - батылы бармау, дәті бармау.
24. Жасқану - қорғаншақтау, беттемей тайсақтау, жүрексіну.
25. Қорғаншақтау - қорқу, имену.
Сатылы ұқсастыру әдісі бойынша терілген осы етістіктер тобы «қорқу» деген барлығына ортақ, жалпылаушы сема, яғни архисема арқылы бір-бірімен мағыналық байланыста тұр. Дегенмен, осы сөздердің бір-бірімен мағыналық байланысы біркелкі емес. Мұнда қорқыныш сезімінің ең жоғарғы шкаласын көрсететін сөздерден бастап, оның ең төменгі шкаласын көрсететін сөздерге дейінге аралықты, сөздердің реттілігін байқауға болады. Мысалы, зәресі зәр түбіне кету, зәресі қалмау, зәресі қашу, зәресі кету, қорқу, шошу сияқты сездер: қорқыныш сезімінің ең жоғарғы шкаласын көрсететін сөздер. Бұл сөздер - қорқыныш сезімінің таза, қоспасыз көрінісін білдіретін сөздер. Бұдан ары қарайғы сөздерде қорқыныш сезімінің шкаласы біртіндеп төмендей береді. Мысалы, үрейлену, сескену, жасқану, тайсалу, қаймығу, жүрексіну, имену, т.б. сөздер тізбегінен қорқыныш сезімнің біртіндеп бәсеңдеуін сезінеміз. Осындағы имену, именшектеу сездері бір семасы бойынша «қорқу» етістігінің тобына енсе, енді бір семалары бойынша «ұялу» етістігінің тобына енеді. Бұл бір семантикалық топтың арасындағы байланысты көрсетеді, яғни сөздер белгілі бір мағыналық компоненттері бойынша бір лексика-семантикалық топтың құрамына ғана емес, екінші бір мағыналық компоненті бойынша басқа бір лексика-семантикалық топтың да құрамына еніп жатады.
Осы топтың құрамындағы етістіктер үшін жалпылаушы сема (архисема) «қорқу» болғандықтан келтірілген етістіктер тобы осы сөзбен аталып, топтың құрамында бұл сөз («қорқу») тірек сөзі (доминант) сөз болып тұр.
Осы әдіспен жиналган етістіктердің үлкен тобын компонентті талдау әдісін қолдана отырып, іштей бірнеше ұсақ семантикалық топтарға бөлдік. Осындағы барлық эмоционалды етістіктер «адам көңіл-күйінің әрекеттік көрінісі» деген ортақ (жалпылаушы) сема бойынша үлкен бір лексика-семантикалық топ құрса, енді олар жекелеген мағыналық белгілері бойынша бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді. Ондай белгілерге «таңдану», «қуану», «қайғыру», «ұялу», «ашулану», т.б. көп сөзге ортақ мағыналық белгі болатын сөздерді жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |