Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Педагогика және психология институты
БӨЖ
Тақырыбы Эмоциональный интеллекттің даму тарихы
Орындаған Жаксыбек Гүлназ
Алматы 2023
Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір салты мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт.
Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.
Гуманистік психология адамды биологиялық емес əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Осы көзқарасқа сəйкес адам баласы өзін қоршаған адамдармен, қоғаммен қарымқатынас жасамайынша дами алмайды. Мұндағы тұлғаның қоғаммен байланысы қоршаған ортамен сəйкес жүру емес, өзара қатынаста жəне өзара əрекетте болу мақсатымен жүреді. Дəлірек айтар болсақ, адам баласы – эмоциялық тіршілік иесі, бір адамның эмоциясы келесі адам эмоциясымен іргелесіп өмір сүреді. Осы тұста эмоциялық реакциялардың сəйкестігі мен ортақтығы аясында мəселе туады.
Бұл мəселе бір адамның келесі адаммен диалогқа түсуі барысында шешіледі
Эмоционалды интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Интеллект (лат.іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Эмоциялық интеллект (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді.
Бұл анықтама академиялық қабілеттерден ерекшеленетін, бірақ оларды толықтыратын және ақыл - ой дамуының коэффициентімен бағаланатын таза танымдық қабілеттерді сипаттайды.
Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы негізі «кӛптеген жекелеген факторлардың ӛзара әрекеттестігінде ашылды».
Э.Торндайк алғашқы болып жалпы интеллектінің әлеуметтік интеллект –«басқаларды түсіне білу және қоршағандарға қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау немесе ақылмен әрекет ету қабілеті» сияқты бөлігін бөліп көрсетті.
Эмоционалды интеллект ұғымына Х.Гарднер ерекше жақын келді, ол өзінің көптеген интеллект теориясының аясында ішкі тұлғалық және тұлғааралық интеллектіні сипаттады. Оның осы ұғымдар аясына сыйдырған қабілеттерінің ЭИ-ке тікелей қатынасы бар. Мысалы, ішкі тұлғалық интеллектіні ол «өзінің эмоциялық өміріне, өзінің аффектілері мен эмоцияларына апаратын жол: сезімдерді тез ажырата білу, оларды атай білу, таңбалық кодтарға айналдыра білу және өз мінез-құлқын түсіну мен басқару үшін құрал ретінде пайдалана білу қабілеті» деп түсіндірді.
Эмоционалды интеллектінінің ғылыми психологиядағы алғашқы және анағұрлым танымал моделін 1990 жылы Питер Сэловей мен Джон Мэйер ұсынды, олар «эмоциялық интеллект» терминіне анықтама берген алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялады, сондай-ақ, оны өлшеу әдістемесін ұсынды (EQ). Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 1990 жылы ұсынылған болатын.
Олар эмоционалды интеллектіні «өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын қадағалай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты ойлау мен әректтерді бағыттау үшін қолдана білу қабілеті» ретінде анықтады. 1997 жылдан бастап қана эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы тренингтер мен дамыту топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарымқатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өз жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды позитивті өзгерту біздердің маңызды мақсаттарымыздың бірі.
Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді.