Эмоционалды интеллект адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі. Интеллект


Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды



бет2/2
Дата15.02.2023
өлшемі98,04 Kb.
#68022
1   2
Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:
1) өзіндік эмоцияларды тану,
2) эмоцияларды басқара алу,
3) өзіндік мотивация, 
4) өзге адамдардың эмоциясын тани білу.
1. Эмоциялардың идентификациясы. Эмоцияларды қабылдау (яғни эмоциялардың бар екендігін байқай білу қабілеті), оларды идентификациялау, бара бар білдіру, шынайы эмоциялар мен олардың жасандылығын ажырата білу сияқты өзара байланысты бірқатар қабілеттерден тұрады.
2. Эмоцияларды ойлау мен іс-әрекеттің нәтижелілігін арттыру үшін қолдану.
Эмоцияларды зейінді маңызды оқиғаларға бағыттау үшін қолдану, міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын эмоциялар туғызу (мысалы, жақсы көңіл-күйді шығармашылық идеялар туғызу үшін қолдану), көңіл-күйдің толқуын мәселені әр түрлі тұрғыдан талдау құралы ретінде қолдану қабілетінен тұрады.
3. Эмоцияларды түсіну. Эмоциялар кешенін, эмоциялар арасындағы байланыстарды, бір эмоциядан екіншісіне ӛтуді, эмоциялардың себептерін, эмоциялар туралы вербальды ақпаратты түсіну қабілеті.
4. Эмоцияларды басқару. Эмоцияларды қадағалау, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығын тӛмендету, өз эмоцияларын, оның ішінде жағымсыздарын да ұғыну қабілеті, эмоциялық тұрғыда артылған мәселелерді олармен байланысты жағымсыз эмоцияларды басып-жаншымай шешуге қабілеттілік. Тұлғалық өсуге және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Р.Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді. Ол ЭИ-ні адамның әр түрлі өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды. Р.Бар-Он ЭИ-нің бес компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп кӛрсетті; бұл компоненттердің әрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады:
1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тәуелсіз болу.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік.
3. Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік.
4. Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау.
5. Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.
Р.Бар-Он эмоциялық интеллектіні өлшеуге арналған, EQ деп аталатын сауалнама құрастырды. Бұл сауалнама жоғарыда аталған субкомпоненттерге сәйкес келетін 15 шкаладан тұрады. Ұсынылған модельге негіз болып дәл осы компоненттерді бөліп кӛрсетудің дұрыстығын растайтын қандай да бір эмпирикалық мәліметтер емес, автордың кәсіби тәжірибесі мен әдебиеттерді талдау табылатындығын атап кеткен жөн. 
Эмоционалды интеллектінінің мүмкіндіктерін дамыту мәселесі ғылымда пікір талас тудырып отыр. Сонымен бірге эмоционалды білімдер мен дағдыларды арнайы оқыту үрдісінде қабылдауға болады деген түсінік бар. Қазіргі кезеңде ЭИ биологиялық және әлеуметтік алғышарттары негізделетін «эмоционалды білім» үшін ғылыми негізде талдау жасау қажет. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі кӛрсеткендей ЭИ қабілеттерін дамыту үшін биологиялық алғышарттардың негізінде темпераменттің қасиеттері және мидың ассиметриясын функционалдайтын туылғаннан берілетін айырмашылықтар жатыр. ЭИ әлеуметтік алғышарттары ең алдымен отбасылық ортада қалыптасады. Олар ерлі зайыптылардың арасындағы қатынастармен, ата-ананың баланың ішкі өміріне назар аударуымен, жағымды Мен бейнесі мен ӛзін ӛзі дұрыс бағалауды қалыптастырумен, ӛзін ӛзі бақылауды дамытумен, эмоционалды ақпараттарды дұрыс талдай алумен, баланың мінез-құлық ерекшелігіне көңіл бөлумен және тәрбиелеу стратегиясымен сипатталады.
Шетел психологтарының зерттеулеріне сүйене отырып, ЭИ бұл адам өмірінің барысында оның деңгейі мен өзіндік жеке-дара ерекшеліктеріне негіз болатын бірқатар факторлардың ықпалымен қалыптасатын психологиялық құрылым деген қорытынды жасауға болады. Әйтсе де, әр түрлі авторлардың осыған байланысты көзқарастары жарым-жартылай ғана ұштасады, көпшілігі нақты тұжырымдалмаған, кейде ЭИ ұғымы тым кең түсіндіріледі. ЭИ-нің тұтас психологиялық теориясын құру әлі алда тұрған мәселе. Өйткені, ЭИ-нің оқудағы маңыздылығын кӛрсететін сенімді эмпирикалық дәлелдер әзірге жоқ, бірақ осы саладағы ізденістерді жалғастыру қажет.

Əдебиеттер
1. Андреева И. Н. Эмоциональный интеллект: исследование феномена // Вопросы психологии 2006. № 3. С. 78 — 86.
2. Андреева И. Н. Предпосылки развития эмоционального интеллекта // Вопросы психологии 2007. № 5. С. 57 — 65.
3. Нгуен М.А. Психологические предпосылки возникновение эмоционального интеллекта в старшем дошкольном возрасте // Культурно-историческая психология. – – №3. – С. 46-51.
4. Нгуен М.А. Развитие эмоционального интеллекта // Ребенок в детском саду. – № 5.– С. 80-87.
5. Орме Г. Эмоциональное мышление как инструмент достижения успеха. – М.: КСП+, 5 Либин А.В. Дифференциальная психология: На пересечении европейских, российских и американских традиций. – М.: Смысл; PerSe, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет