Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады? - Өз-өзіңді зертте. Ол үшін белгілі бір уақыт мерзімінде (мысалы, бірнеше апта) болған жағдайларды және соларға қатысты туындаған эмоцияларды жазып отыру. Барлығын жаз: қандай көңіл-күйде ояндың, жұмысқа бара жатқанда қандай сезімде болдың, бастық ұрысқанда не сезіндің, достарыңмен кездескенде не сезіндің т.б.
- Әр түрлі эмоцияларды сезінген кезіндегі организмде болатын реакцияларыңды анықта. Мысалы, үштегі көбелектерді сезінесің бе? Стресс кезінде өзіңді қалай ұстайсың: жылағың келе ме, әлде тамақтанғың келе ме? Шаршаған кезді қалай сезінесің?
- Мінез-құлқың мен эмоцияңның арасындағы байланысты тап, мысалы, ашуланған кезіңізде ашуыңызды басқалардан аласың ба. Ұялған кезде, ешкімді көрмей қашып кеткің келеді. Осы өзарабайланысты талдап, нені өзгерткің келетінін анықта.
- Өзіңнің жағымды эмоцияларыңның көзін тап. Сені бақытты ететін ұсақ-түйекке мән бер. Мысалы, дәмді кофенің иісі, кішкентай сәбидің күлкісі, терезеден сырттағы әдемі көрініс, орманды аралау. Позитивті энергия қажет болған кезде қолданатын тізімің болсын. Оптимист бол.
- Басқалармен қарым-қатынас кезінде шамаң келгенше ашық және сабырлы бол. Өзіңнің позицияңды анық білдір, бірақ қысым жасама.
- Басқа адамның көзқарасын қабылдап үйрену үшін, теледидардан берілетін дебаттарды талдап көр. Бірінші бір жақты қолда, сосын екінші жақты қолдап көр.
- Эмпатияны дамыт. Өзіңді басқаның орнына қойып, қандай эмоцияны бастан кешіріп тұрғанын елестетіп көр. Оған қалай көмектесуге болатынын ойлан.
- Басқа адамдарға деген шынайы қызығушылық таныт, олардың позицияларын, көзқарастарын түсінуге тырыс. Ым-ишарасы бойынша, дауысы бойынша қандай эмоцияда тұрғанын анықтап көр.
- Өзің басқа адамдарға қалай әсер ететініңді зертте. Мазасын аласың ба әлде қуантасың ба? Ашуын келтіресің бе әлде тыныштандырасың ба? Жақындарыңнан сұрап көр.
- Есіңе сақта: өз мінез-құлқыңның моделін түсінген кезде, оны қадағалау оңай болады. Эмоцияларыңды баспай, ұғынып үйренесің және қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін ұғынасың.
Достарыңызбен бөлісу: |