Эмоционалды және ерік процестері



бет3/3
Дата12.05.2023
өлшемі1,02 Mb.
#92253
1   2   3
Байланысты:
ерік

ҰСТАМДЫЛЫҚ

  • Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.

ТӘРТІПТІЛІК ПЕН ЖИНАҚЫЛЫҚ

  • Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.

ШЫДАМДЫЛЫҚ

  • Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.

ЕРЛІК

  • Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет