Эмпирикалық зерттеу әдістері



Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#23156
Байланысты:
Зерттеу 12 АПТА 6 ТОП

Педагогикалық тестілеу және мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу


Тестілеу әдісінің генезисі мен дамуы.

Тест – стандартталған тапсырма немесе тексеріліп отырған адамның білім, білік, дағдыларының актуальды деңгейін, сондай-ақ қабілеттерін байқауға бағытталған бақылау тапсырмаларының жүйесі. Осымен байланысты тестілеу психологияның-педагогикалық диагностика әдісі түсіндіріледі. Тестілеу әдісі пайда болғаннан бастап ылғи жетілу үстінде болды.

Альфред Бине (1857-1911) тест туралы ілімінің негізін саушылардың бірі. Ол балаларға диагностика жасау үшін жас деңгейі жүйесін (1908 және 1911 жж.тест нұсқалары) жасақтады. Ол тест тапсырмаларын жас деңгейіне қарай топтастырды («норм» балалар оларды 50-90%) шешкен. Егер берілген есепті бірдей жастағы балалардың белгілі мөлшерінің 75% шешімін тапса, онда ол берілген жас мөлшеріне лайық деп есептелінді. Бала шешкен есептің санына сәйкес оның танымдық даму жасы анықталды. Тапсырмалар логикалық, логика-перцептивтік және арифметикалық әрекеттермен, нақты тәжірибелік жағдаяттарда бағдар, жалпы, еркін жадты анықтады.



Педагогикалық тестілеу түрлері.

Педагогикалық тестілеу тұлғаның білімін, іскерлік, қабілеттілік, тұлғалық қасиеттің даму денгейін, сонымен қатар олардың бекітілген ережелермен нормаларға сәйкестілігін немесе зерттелушіде қарастырылатын қасиеттің ертерек дамуын салыстыратын стандартты сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланатын зерттеу әдісі.



Тестілеу - зерттеушіге белгілі бір қызмет ұсынады: ол тапсырма орындау, сурет салу, көрініс туралы әңгімелеу және қолданылатын әдіске байланысты басқа да іс-әрекеттер болып табылады. Зерттеуші адам бойындағы қасиеттердің даму деңгейі туралы қорытынды жасайтын белгілі бір зерттеу жұмысын жүргізеді.

Тесттер мынадай белгілермен сипатталады:

Дәлдігі (зерттеушіге кездейсоқ жайттардың әсер етпеуі);

стандарттылығы (зерттеушілердің қасиетін немесе үрдіс нәтижесін талдауда біртекті талаптармен ережелердің болуы)

үлгілігі (тапсырмада қандай да бір қиын, кешенді құбылыстың орын алмауы);



Тестілеудің 3 негізгі саласы бар:

1)Білім беруден тестілеу;

2)Кәсіби тестілеу; 3)Психологиялық тестілеу.

Барлық 3 салада да келесі тест түрлері қолданылады: жеке тұлғалық, жобалық, интеллект (зияткерлік) тесті, жетістік тесті, креативтік тестілер, өлшемді-бағыттаушы тестілер.

Мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу.

Мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу.

Психологиялық-педагогикалық зерттеуде қолданылатын эмпирикалық әдістерге озық педагогикалық тәжирибені зерттеу және жинақтап қорыту, педагогикалық құжаттар мен адамның қызмет нәтижесімен байланысты әдістер тобы жатады. Яғни, құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет