Емтихан билет №1 ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай



Дата23.12.2022
өлшемі18,27 Kb.
#59286
Байланысты:
1 билет


Емтихан билет № 1

  1. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. 
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты.


  1. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі

Біржан мен Сара басқа ақындар сияқты амандасудан бастап, ұзақ айтысады. Бұл айтыстың тағы бір ерекшелігі сол – кезеңнің өзекті, келелі мәселелері талданып, терең талқыланады. Негізгі тақырып – әйел теңдігі делінгенімен, мұнда ру тартыстары, басшылардың әділетсіздігі, салт, әдет, жер туралы айтылады.
Айтыстың негізгі қағидасы – қарсыласын қағыту, сөзден жеңу, осал тұсын табу. Мұнда қарсыластар сөзді қалай қолданса да сын емес. Бұл айтыс өнеріне жарасымды. Біржан да, Сара да бұл әдістерді пайдаланады. Алдымен сескендіріп, өзін асыра мақтап, сонысымен қарасыласын тойтарғысы келеді. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады.


  1. Ыбырайдың “Таза бұлақ”, «Бақша ағаштары», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы» әңгімелері


Бақша ағаштары әңгімесі
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
— Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады, баласы.
— Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді, атасы.
— Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы.
— Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе өсиет алсаң болады. Сен, жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орныңа келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, — деді.

Талаптың пайдасы әңгімесі
Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап ғана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол балаға да көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:
- Неғылып тұрсың?
- Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.
- Оны неғылмақсың?
- Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.
- Қане, көрсетші сызғаныңды?
Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.
Мейірімді бала әңгімесі
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесе-тұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы «әкем үшін жауап беремін» деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
— Тақсыр патшам, — деді қыз, — менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, —деп өзінің қолын көтерді. — Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет