Емтихан билеті №7
1. Преэклампсия: жіктелуі, клиникасы, диагностикасы.
2.Ситуациялық есеп: Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 2-ші тәулікте тік ішек тұсында қатты ауырсыну пайда болды. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/60 мм сын.бағ. тамыр соғысы 78 минутына. Жатыр деңгейі кіндіктен 1,5-2 саусақ төмен, тығыз ауырсынусыз. Дене қызуы 36,7. Тік ішектің сыртқы ернеуі тұсында кеңейген қан тамыры байқалынады, түсі қою көкшіл, ісінген, сипағанда: тығыз, ауырсынады.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?
Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.
3. Жүктіліктің ІІ жартысындағы қан кетулер, дәрігерге дейінгі көмек.
ЦӘК төрайымы: _________________
ПК төрайымы: _________________
ШЖҚ «Талдықорған жоғарғы медицина колледжі» МКК
Емтихан билеті №8
1. Эклампсия: клиникасы, диагностикасы, жедел көмек.
2.Ситуациялық есеп: 21 жастағы 7-8 апталық жүкті әйел ФАП-қа бел тұсының сыздап ауырсынуына дене қызуының 38 С көтерілуіне, таңертеңгісін көз астында ісінулерге, бас ауруына, несеп түсінің өзгеруіне шағым айтып келді. Объективті жағдайы: орташа ауыр, тері қабаттары бозғылт, көз асты көлкілдеп тұр, бел аймағының ұрғылау симптомы оң (+) АҚҚ – 160/100 мм сын.бағ. тамыр соғысы 82 рет 1 минутта. Өкпеде, жүректе өзгеріс анықталмайды. Несеп түсі ет жуындысындай. Анамнезінде: бала кезінен созылмалы тонзилитпен ауырған, жүктілігі бірінші.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?
Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.
3. Жүкті әйелден анамнез жинау, жеке бас және алмасу карталарын толтыру.
ЦӘК төрайымы: _________________
ПК төрайымы: _________________
ШЖҚ «Талдықорған жоғарғы медицина колледжі» МКК
Емтихан билеті №9
Достарыңызбен бөлісу: |