Емтихан билеті №11
1. Жүктілік физиологиясы, ұрықтың құрсақішілік даму сатылары.
2.Ситуациялық есеп: 30 жастағы қайталап туатын жүкті әйел босандыру бөлмесінде 38-39 аптада түсті. Бірінші жүктілік 3 жыл бұрын кесар тілігімен аяқталған, өйткені клиникалық тар жамбас дамыған ( нәресте салмағы 4500 гр ) операциядан кейінгі кезеңде қалтырау болған, жара екінші тарылу жолымен жазылған.
Акушерлік тексеріс мәліметтері: нәресте тігінен орналасқан, баспен келіп тұр. Нәрестенің жүрек соғысы 136 рет минутына, анық ритімді. Жатырды пальпациялағанда, тыртық орнында ауырсыну сезімі байқалады. Жамбас өлшемдері қалыпты, қағанақ суы бүтін. Сегізкөз мүйісіне саусақ жетпейді.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?
Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.
3. Нәрестенің жүрек соғысын анықтау.
ЦӘК төрайымы: ____________
ПК төрайымы: ____________
ШЖҚ «Талдықорған жоғарғы медицина колледжі» МКК
Емтихан билеті №12
1. Әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы. Репродуктивті денсаулықты сақтаудағы медбикенің ролі.
2.Ситуациялық есеп.Қайталап босанушы, 29 жаста, перзентханаға жыныс мүшелерінен азғана қанды бөлініспен, құсу, аяғында ісік шағымы мен түсті. Соңғы еттеккірі 5 ай бұрын. Жүктілік анамнезінен : босану – 1, мед. аборт – 1, өздігінен түсік – 1. Жүктіліктің 8 апталығында 2 рет жүкті әйелдер патологиясына жыныс мүшелерінен қанды бөлініспен түскен. Жалпы жағдайы қанағаттарлық . АҚҚ 130/70 мм.с.б.б. Ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. ІА-80см, ЖТБ-16см. Жатыр тығыз, ауырмайды. Қынаптық тексерісте: жатыр мойны цилиндірлік формада, жатыр мойны өзегі саусақ ұшын кіргізеді, жатыр жұмсақ, 24 апталық мерзімге сай, ауырмайды. Аздаған қанды бөліністер бар.
Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?
Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |