2.Омонимдер және олардың жасалуы
Омонимдер-айтылуы, дыбысталуы бір, мағыналары басқа сөздер
Көп магыналы сәздер мен омонимдсрдіц сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құры- лымы жагыиан бұлар нақ бірдей дсугс болады.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі тұр-тұрпатын да емес, магынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, гана сөз табына катысты.
Сондықтан да көп мағыналы сөздердің бір нсгізден ишққандыгын магыналардыц өзара жақындығынан, ұксасгыгынан бірден таньш білуге болады.
Мәселен, май да тас, майда ұн дегендердсн ұсақ, уақ дегенді ұқсак, майда шөп, майда сөз дегендерден жұмсақ, биязы дегенді түсінеміз. Ал мінезі майда дсгеннен сыпайы, кішіпсйіл дегенді аңгарамыз. Бұл мағыналар бір гана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айкын білініп тұр. Бір. сөздің әлдененеше мағынасы тіліміздсгі ауыспалы магына тудырудын бсліілі бір тәсілі (метафора) аркылы жасалгандығын бұлжытпай танмыз.
Омонимдер біркелкі дыбысталып, антылатын, бірақ ұғымы әр баска баска сөздер тобын білдіреді^Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да дара-дара болып бөлініп жарылып тұра береді Қейбір омонимдердіц түп-төркіні жағынан бслгілі бір байланысы болганымен, мағына жағынан бір-біріне соншалықгы алшақ екендігі аңғарылады.
Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
Ат – жұмыс көлігі;
Ат – есім, атау;
Ат – етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
қас – адамның қабағындағы қас;
қас – дұшпан, жау;
қас – бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
қас – ердің қасы
Бұлар да – бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
Жасалу жолдары
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:[1]
1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |