Поэтикалық мағына
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі. Содан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына – троп, фигуралардың түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрықша көтеріңкі айтылуынан туатын мағынасы: ине шаншар жер болмау, аспанды алақандай, жерді тебіңгідей ету, қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып т.б.
Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра, Тамғалы шатқалында тасқа салынған суреттер, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстаудағы жерасты мешіттер, қазақтың киіз үйі, «Бәйтерек» монументі, Есікте табылған «Алтын адам» кірді.
Емтихан билеті № 16
Өнімді және өнімсіз сөз тудырушы жұрнақтар
Өнімді жұрнақтар деп тілге талай туынды зат атауын берген, қазір де сөзжасамдық қызметін жоғалтпаған жұрнақтар аталады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының басым көпшілігі өнімді жұрнақтарға жатады. Олардан мыналарды атауға болады: -лық, -лік: шоқтық, ауыздық, төстік т.б. -шы, -ші: диқаншы, аспазшы, суретші, оқушы т.б. -шылық, -шілік: бейбітшілік, әкімшілік, шаруашылық т.б. -шық, -шік: бүршік, қылшық, кіршік, ойыншық, талшық т.б. -ым, -ім: бөлім, білім, өлім, өнім, өсім, мейірім т.б. -хана: шайхана, асхана, емхана, перзентхана, дәріхана т.б. -гер, -кер: жауынгер, құныкер, жүлдегер, айыпкер, бапкер т.б. -ын, -ан: боран, бөген, толқын, ағын, жиын, түйін т.б. -у: тұсау, сайлау, қыстау, сүрау, жоқтау, тіреу, нұсқау т.б. -ма, -ме: кіріспе, көшірме, басқарма, жүктеме, тапсырма т.б. -ғыш, -гіш: өшіргіш, тыңайтқыш, ескерткіш, отырғыш т.б. -ғы, -гі: бүрғы, ашытқы, шалғы, қондырғы, күлкі, соққы т.б. -ыс, -іс: батыс, шығыс, егіс, алғыс, жыртыс, жеңіс т.б. -ық, -ік: бұйрық, жинақ, жасақ, жатақ, күрек, төсек т.б. -ынды, -інді: қорытынды, үйінді, ерітінді т.б. -ыш, -іш: желпуіш, өлшеуіш, қозғауыш, кдбылдауыш т.б.
Өнімді жұрнақтардың ішіндегі ең өнімділері берілді, оларды түгел беру мүмкін емес.
Өнімсіз жүрнақтар да бірсыпыра, олардың біразы ғана келтіріледі.
-гек: діңгек; -деу: белдеу; -шын: кұлақшын; -кір: түпкір;
Достарыңызбен бөлісу: |