Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет31/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Сигнификаттық мағына

Сигнификат[1] (лат. significatum - белгіленуші) — тілдік таңбаның ұғымдық мазмұны . Сигнификат термині бір мағыналы емес. Гносеологиялық ( философиялық таным теориясы) тұрғыдан алғанда Сигнификат адам санасындағы қайсыбір денотат қасиеттердің белгісін білдіреді. Демек, "Сигнификат" термині екі мағынада қолданылады:

  1. Санада қалыптасқан құбылыс ретінде заттық ұғымға негізделген психикалық денотатқа қарама-қарсы қойылып қаралады;

  2. Тілдегі сөздердің номинанты (атауы) ретінде қабылданады. Осы тұрғыда тілдегі создер әр түрлі Сигнификаттармен денотативті тендестікте болуы мүмкін. Мысалы: Сигнификатты сипаттағы "омыртқалылар", "бас сүйегі бар тірі жәндіктер" сияқты сөздер бір ғана денотативті мағынаға (сөйлеу үстіндегі нақты мағына) ие.

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Ұлттық дәстүрімізде тағамының даярлануы мен қонаққа ұсынылуы да өзіндік ережеге бағынады. Ең сыйлы қонақтың алдына, көбінесе асқа бата беретін көпті көрген ақсақалдар мен қадірлі қарияларға, қазақ қойдың басын тартады.


Емтихан билеті № 18

  1. Омоним жұрнақтар

Омоним жұрнақтар қазақ тіл білімінде өз алдына жеке грамматикалық категория ретінде қарастырылған.
Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы мен құрылымы болады. Ал, сөздің құрылымы оның лексикалық және грамматикалық сипаттарына байланысты.
Сондығынан да, сөздер морфологиялық құрылымы жағынан әр түрлі болып келеді. Сол әр түрлілік сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты, ал сөз құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Яғни, сөз құрамына енетін бөлшектер форма тудырумен қатар, мағына да тудырады. Ендеше, қосымшалардың мағынасы мен атқаратын қызметтері сан алуан екенін меңгертумен қатар, біз оқушыларға олардың бірдей жазылып, бірдей дыбысталатын түрінің бір-бірінен қалай өзгешеленетіндігін де түсіндіруіміз қажет. Қосымшалардың мағыналары жайлы сөз қозғағанда, олардың сөз сияқты жазылуы мен айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бір-бірімен байланыспайтын, тіпті әр түрлі мағынада жұмсалатын қосымшалар бар екенін айтқанымыз жөн. Ондайлар омоним қосымшалар деп аталады. Мұндай омоним қосымшаларды бір-бірінен ажырата білудің бірнеше тәсілі бар. Кейде ол өзі жалғанған сөздің өзін жеке алғанда қандай қосымша екені белгілі болып тұрса, кейде сөз тіркесі арқылы не контексте ғана белгілі болады. Сондықтан омоним қосымшалардың мағыналары мен оларды ажыратудың жолдары жайлы мектептегі қазақ тілі курсы негізінде мысалдар келтірілді. Алдымен өте жиі кездесетін –ды/ оның фонетикалық варианттары –ді,-ты,-ті/ қосымшасының өзіндік ерекшелігін талдап көрсетуден бастасақ, қалаға барды деген тіркестегі –ды қосымшасы түбірге бірден жалғанып, етістікке шақтық мағына беріп, жедел өткен шақтың жұрнағы болып тұрса, қалаға барады деген тіркесте келер шақтық мағына беріп тұрған көсемшенің /а/ жұрнағынан кейін келіп, жіктік жалғауының 3 -жағы болып, етістікке жақтық мағына беріп тұр.
Бұл мысалдардағы бірінші тіркесте жедел өткен шақтың жұрнағы екені сөз тіркесі арқылы танылса, екінші тіркесте жеке сөздің өзін тұлғасына талдау арқылы да жіктік жалғауы екенін анықтауға болады. Ал, барды деген сөзді жеке алсақ, нақты қай қосымша екенін ажырату қиын. Өйткені, ол сөздің түбірінің өзі омоним. Естістік пен модаль сөз бір-бірімен омонимдес, оны сөз тіркесінің құрамында ғана анықтауға мүмкіндік бар. Мысалы: «Барды жоқ деме», деген сөйлемдегі ды қосымшасы - табыс септігінің жалғауы болып, сөйлемде тура толықтауыш болып тұрғанын сөйлем ішінде ғана анықтай аламыз.
Сондай-ақ, малды ауыл, малды қайыр, қолын суға малды деген тіркестерде – ды қосымшасы үш түрлі мәнде жұмсалып тұрғанын сөз тіркесінің құрамында ғана анықтауға болады. Мәселен, ол бірінші тіркесте мал деген зат есімді сын есімге айналдырып тұрған сөз тудырушы жұрнақ болса, екіншісінде табыс септігінің жалғауы, үшіншісінде жедел өткен шақтың жұрнағы болып тұр. Яғни, осындай бірдей дыбысталған сөздердің бірдей дыбысталған қосымшаларын бір-бірінен ажырату үшін жеке сөздің өзіне ғана тұлғалық талдау жасау жеткіліксіз екен.
Екінші бір омоним қосымша – ма туралы айтар болсақ, оның да бірнеше мәнде жұмсалатындығын және ол бірдей дыбысталатын туынды сөздерге алғанғанда қандай қосымша екенін анықтау тіркес құрамында ғана мүмкін екенін төмендегі мысалдардан көруге болады. Мысалы: Онда көп аялдама, биік аялдама, үйден шығарма, шығарма жаз, бәрін баяндама, баяндама оқыды деген тіркестердің біріншісінде болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып тұрған болымсыз етістіктің жұрнағы болса, екінші тіркесте туынды етістіктен зат есім тудырып тұрған сөз тудырушы жұрнақ қызметінде жұмсалып тұр. Ал бояма мінез, қырма сақал деген тіркестерде етістіктен сын есім тудырып тұр.
Келесі бір омоним қосымша – ған. Маған, саған, барған, жазған деген мысалдарда оның қандай қосымша екенін анықтау үшін жеке сөзді тұлғасына талдасақ та жеткілікті. Ол бірінші, екінші сөзде жіктеу есімдігіне жалғанып, оған бағыттық мағына үстеп, барыс септігінің жалғауы болса, үшінші, төртінші сөзде есімшенің жұрнағы қызметінде жұмсалып тұр. Сондай-ақ әрі жалғау, әрі жұрнақ болатын – к, қ, қосымшаларының өзіндік ерекшеліктері жайлы айтсақ, ол бірде тара – қ, күре-к, сұра – қ деген сөздерде етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, ал домала – қ деген сөзде етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ, ал барды – қ, келді – к деген сөздерде етістіктің жедел өткен шақ формасына жалғанып, жіктік жалғауының көпше түрінің 1- жағы болып, сөзге жақтық мағына үстеп тұр.
М қосымшасы да – омоним. Сөйлем деген сөзде етістіктен зат есім тудырып тұрған қосымша болса, мен кел-е-м, мен жаз–а–м дегенде жіктік жалғауының 1-жағының қысқарған түрі. Ал менің бала-м деген тіркесте тәуелдік жалғауының 1 - жағы.
Сына, міне деген сөздердегі зат есімнен етістік тудырып тұрған – а, - е жұрнақтары көсемшенің – а, - е жұрнағымен, тәуелдеулі сөздің септелуіндегі барыс септігінің – а, - е жалғауымен омонимдес.
Мысалы: кел-е жатыр, айт-а бастады дегенде негізгі қимылды білдіріп тұрған көсемшенің жұрнағы болса, апа-м-а, әке-м-е деген сөздерде барыс септігінің жалғауы қызметінде жұмсалып тұр. -ыс, -іс, -с жұрнақтары да бірдей дыбысталғанмен, әр түрлі мағынаны білдіретін омоним қосымшалар. Айтыс басталды дегенде зат есім тудырып тұрса, екеуі айт-ыс-ты дегенде іс-әрекеттің бірнеше адамға тән екенін білдіріп, ортақ етіс категориясының жұрнағы болып тұр. Ал таныс адам тіркесінде етістіктен сын есім тудырса, онымен таныс тіркесінде ортақ етістің жұрнағы. Мұндай түбірі бірдей сөздерде бұл жұрнақтың қызметін сөз тіркесінің құрамында ғана анықтай аламыз. Ал, Күш атасын танымас деген сөйлемдегі баяндауыштың құрамындағы - с жұрнағы болымсыз етістіктен кейін келген есімшенің жұрнағы болатыны ешқандай тіркессіз – ақ жеке сөздің өзінен де белгілі. Өйткені, сөздің мағынасы болымсыз етістік тұлғасынан айқын болып тұр.
Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Оның құрамындағы сөздер сан алуан мағынада жұмсалады. Ал, кейбір сөздердің тура, ауыс мағынасы қайсы немесе қанша мағынаны білдіретінін сөйлем ішінде қолданған кезде ғана біле аламыз. Сөз тұлғасына енетін бөлшектердің сөз мағынасына әсері бар болғандықтан, олардың да нақты мәнін анықтау үшін кейде сөйлем ішіндегі қолданыс бойынша талдауға тура келеді. Сондықтан да, осы тәсілді омоним қосымшалардың қызметін анықтаудағы бір тәсіл ретінде ерекше атап өтуге болады.
Етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмей, қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылатын етістіктің ерекше түрі-тұйық етістіктің – у жұрнағы етістіктен зат есім тудыратын –у жұрнағымен бірдей дыбысталғанымен, әр түрлі мағынаны білдіретіндігін төмендегі мысалдардан байқауға болады. Мысалы: Сабау-мен жүн сабау керек. Көсеумен от көсеу керек. Тұсаумен ат тұсау керек. Бұл мысалдардағы бірдей дыбысталып тұрған сөздердің біріншісі заттың атауы болса, екіншісі іс-қимылды білдіріп тұр. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс категориясына жалғанып, іс иесінің қимыл, іс-әрекетті қалауын, соған ынта, ниетін білдіретін – кі/, - қы,- ғы, -гі/ жұрнағы сын есім тудыратын – кі/ - қы, ғы, -гі/ жұрнағымен және етістіктен зат есім тудыратын – кі жұрнағымен омонимдес. Оны оқығым келеді, айтқым келіп тұр, келгім келді, кеткім келді дегендегі рай көрсеткіші мен түскі ас, қысқы дала, жазғы жауын, күзгі жапырақ деген туынды сын есімді тіркестер мен күлкі, шапқы, бұрғы тәрізді туынды зат есімдердің қосымшаларынан аңғаруға болады. Кейбір түбірінің өзі омонимдес сөздердің бірдей дыбысталатын қосымшаларын сөз тіркесінің құрамында ғана анықтау мүмкін екенін жоғарыда айтқанбыз. Соның тағы бір дәлелі ретінде Алыстан бір нәрсе қарайып көрінді. Мен соған қарай бердім деген сөйлемдердегі түбірі омонимдес сөздердің құрамындағы - й қосымшасы екі түрлі мәнде қолданылғанын сөздің контекстегі лексикалық мағынасының өзі айқындап тұрғаны белгілі. Оның біріншісі -сын есімнен етістік тудырып тұрған сөз тудырушы жұрнақ, екіншісі - негізгі қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұрған көсемшенің жұрнағы екені даусыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет