Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
«Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір – қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың міндеті деп білемін.
Емтихан билеті № 19
Деривацияланған мағына
Деривациялық мағына орыс. деривационное значение — өз алдына дербес колданылмайтын сөзжасам жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол аркылы сөздін лексикалық мағынасына өзгеріс кіріп отырады: көл — көлшік, мал — малшы
Өзгертілген сөзжасамдық мағыналы туынды сөздердің бәрінде негіз сөздің мағынасы өзгеріп, негіз сөз бен одан жасалған негізді сөз яғни туынды сөздің мағыналары басқа-басқа болады. М., ек етістігінен жасалған егін сөзінің мағынасы мен ек етістігінің мағынасы басқа-басқа. Тілдегі туынды сөздердің басым көпшілігінің мағынасы өзгертілген сөзжасамдық мағынаға жатады. Өзгертілген сөздің мағынасын оның негіз сөзімен салыстыру арқылы дәлелдеу керек. М., тәлім -тәлімгер, оқыр - окырман, сана - саналы, суыр –суыр-малы, тың - тыңда, хабар - хабарла, тап -тапқыш, қазақ - қазақша, оз – озық т.б
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік мағыналары жатады. Бейтарап мағына – зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.
Достарыңызбен бөлісу: |