Сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен тығыз сөзжасамдық байланысқа түсуінің нәтижесінде солардың мағынасының негізінде жасалған біртұтас лексикалық мағына сөзжасамдық мағына деп аталады.
Ғылымда сөзжасамдық мағынаны өзгертілген (деривациялық) мағына және түрлендірілген (модификацияланған) мағына деп екі топқа бөледі.
Өзгертілген сөзжасамдық мағыналы туынды сөздердің бәрінде негіз сөздің мағынасы өзгеріп, негіз сөз бен одан жасалған негізді сөз яғни туынды сөздің мағыналары басқа-басқа болады. М., ек етістігінен жасалған егін сөзінің мағынасы мен ек етістігінің мағынасы басқа-басқа. Тілдегі туынды сөздердің басым көпшілігінің мағынасы өзгертілген сөзжасамдық мағынаға жатады. Өзгертілген сөздің мағынасын оның негіз сөзімен салыстыру арқылы дәлелдеу керек. М., тәлім -тәлімгер, оқыр - окырман, сана - саналы, суыр –суыр-малы, тың - тыңда, хабар - хабарла, тап -тапқыш, қазақ - қазақша, оз – озық т.б
Түрлендірілген сөзжасамддық мағынада негіз сөздің лексикалық мағынасы өзгермей сақталып, оның мағынасының үстіне түрлі мағына қосылады. М., кітап - кітапша (кіші-рейту мәні), аға - ағатай (жақсы көру мәні ), бел - белес (кішірейту мәні), жеңеше – жеңе-шетай (жақсы көру мәні қосылған), өзен - өзенсымақ (қомсыну мәні), Абай - Абайжан (жақсы көру, еркелету мәні), он - ондаған (болжал мәні), жеті - жетеу (жинақтау мәні), сегіз -сегізінші (реттік мән қосылған). Түрлендірілген сөзжасамдық мағына зат есім, сан есім, сын есім сөзжасамында біраз орын алады. Зат есімде бұлар реңк мәнді туындылар аталады. Зат есімде түрлендірілген мағыналы туынды зат есім жасайтын жиырма шақты жұрнақ бар.
Бір сөз табына жататын сөздерге жалғанған бір түрлі жұрнақ арқылы олардың бәрінде ортақ бір мағына жасалса, ол сөзжасамдық тип деп аталады.
Синтаксистік шартты мағына
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор – өңеш, құлқын; аю – арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді.
Номинативті мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздер тура мағынада, әрі ауыс мағынада тілде белсенді қызмет атқарады. Мұндай сөздердің көпшілігі өзінің тура мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп алған. Мысалы: түнеру (ренжу, кею), шатынау (көзі шарасынан шығып ашулану), соқыр (надан, топас), сору (аяусыз қанау).
Достарыңызбен бөлісу: |