Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Т.Әбдіктің «Парасат майданы» повесіндегі адамның ішкі әлемі туралы айтыңыз



бет5/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92

Т.Әбдіктің «Парасат майданы» повесіндегі адамның ішкі әлемі туралы айтыңыз.

Парасат майданы» көркем шығарма ғана емес – жазушының адамзат баласына айтқан ескерту-аманаты. Философиялық туынды. Бұл повесінде басқа шығармаларымен салыстырғанда жазушының жанын кемірген ой-толғаныстары, үміті мен күдігі, ар азабын кешкен шақтағы уайымы, қоғамның келешегін ойлаған мазасыз қайғысы, жүрегін жаншыған ауыр сезімі бояуы қанық, айшығы анағұрлым анық етіп суреттелген.Жазушы Т.Әбдіктің «Парасат майданы» хикаяты – адам мен жаратылыстың жұмбақ құбылыстарын білуге асық адамның жан дүниесін ақтарады. Өмірде адам ғұмырын айналып өтпейтін бір-біріне қарама-қарсы ұғымдардың қатарлас жүретіні белгілі. Әрине, өмірдің жақсысы мен жаманы қатар жүріп, бірі жеңіп, бірі жеңіліп жатады. Адам баласы өмірін осы екі тартыстың ортасында күреспен өткізеді. Бұл адамның бәріне тән жағдай. Алайда оны шешу жолы әр қилы. Осы жағдайды кейіпкер күнделікке түсіреді. Бұл тәсілдің ұтымды жағы бар. Егер оны қоғамда, көпшілік алдында ашық айтса, оның тартысы, дау-дамайы көбейіп кетер еді. Сондықтан кейіпкер ой-пайымын күнделікке түсіріп, өзді-өзімен сұхбаттасады. Бұған ең маңызды, таза ойлар жинақталады. Осы күнделік бейтаныс адамның қолына түсіп, ол енді кейіпкерге өзінің пайым деңгейінде жауап қайтара бастайды. Осыдан туған кереғарлық санадағы майданға жол ашады. Парасат майданы» – философиялық проза. Мұнда адамның болмысы қажет ететін екі түрлі дүниені алдыңызға жайып салады: бірі – пенделік, күнделікті өмір ағынымен жүру; екіншісі – рухани қанағаттанбау, өмірдің ақиқатына, парасат пен ақыл-ойдың жетегіне ілесу.


    1. Ш.Құсайыновтың «Томирис»пьесасында елге берілгендік, тарихқа адалдықты туралы айтыңыз.





емтихан билеті № ___4____




  1. М. Мағауин әңгімелеріндегі кейіпкерлерді талдаңыз.

М.Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінің басты ерекшелігі сол, жазушы өзі сомдаған əр бейненің бойына ешкімге ұқсамайтын даралық қасиеттерді сыйғыза білген. Мейлі ол қоғамның бір мүшесі ғалым, студент, малшы болсын, мейлі шығарма кейіпкеріне айналған «өзі» болсын жоғарыда айтылған даралық қасиеттерімен ерекшеленеді. М.Мағауиннің кейіпкерлер галереясы шындық өмірдің қайнаған ортасынан шыққан өз заманының нақты адамдары бейнелерінен тұрады. Сол кейіпкерлер қатарын қарап отырсаңыз көңілі күдікті кемелді («Қылмыстағы» Алпамыс), көкейі күңгірт құмбылды («Екеудегі» жаңа қазақ), бар айласы бас пайдасынан аспайтын нəмартты «Күмбездегі» Білгір Бекен), надандығы нар жығатын көркеуде («Подоноктағы» Сілімтік) мен жақыны үшін жанын берген жанкештіні де көрер едіңіз.Көркем бейне жасаудағы жазушының тағы бір ерекшелігі оның түрлі көркемдік əдістерді қолдана білуінде. Мысалы, «Күмбез» əңгімесіндегі Білгір Бекеннің бейнесі бірде оның өз қимыл-əрекеті, сөйлеген сөзі, ойы арқылы беріліп отырса, бірде авторлық баяндау, енді бірде ауылдас-туыстың ішкі монологі, сөйлеген сөзі, Бекенге деген көзқарасы арқылы, енді бірде оның ата-бабасы туралы ел аузындағы аңыз ретінде беріледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет