Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет9/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

емтихан билеті № ____6___
1.М. Мағауин әңгімелеріндегі кейіпкерлерге талдаужасаңыз.
М.Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінің басты ерекшелігі сол, жазушы өзі сомдаған əр бейненің бойына ешкімге ұқсамайтын даралық қасиеттерді сыйғыза білген. Мейлі ол қоғамның бір мүшесі ғалым, студент, малшы болсын, мейлі шығарма кейіпкеріне айналған «өзі» болсын жоғарыда айтылған даралық қасиеттерімен ерекшеленеді. М.Мағауиннің кейіпкерлер галереясы шындық өмірдің қайнаған ортасынан шыққан өз заманының нақты адамдары бейнелерінен тұрады. Сол кейіпкерлер қатарын қарап отырсаңыз көңілі күдікті кемелді («Қылмыстағы» Алпамыс), көкейі күңгірт құмбылды («Екеудегі» жаңа қазақ), бар айласы бас пайдасынан аспайтын нəмартты «Күмбездегі» Білгір Бекен), надандығы нар жығатын көркеуде («Подоноктағы» Сілімтік) мен жақыны үшін жанын берген жанкештіні де көрер едіңіз.Көркем бейне жасаудағы жазушының тағы бір ерекшелігі оның түрлі көркемдік əдістерді қолдана білуінде. Мысалы, «Күмбез» əңгімесіндегі Білгір Бекеннің бейнесі бірде оның өз қимыл-əрекеті, сөйлеген сөзі, ойы арқылы беріліп отырса, бірде авторлық баяндау, енді бірде ауылдас-туыстың ішкі монологі, сөйлеген сөзі, Бекенге деген көзқарасы арқылы, енді бірде оның ата-бабасы туралы ел аузындағы аңыз ретінде беріледі.
2.Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік мәселелерді айтыңыз.
Т.Ахметжан, Б.Нұржекеұлы әңгімелеріндегі әлеуметтік мәселелер- Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Бұл жанр кеңестік дәуір тұсында тыйым салынған діни-философиялық, эротикалық, интимдік әңгімелермен толықты. Б. Нұржек, Т. Ахметжан, т.б. жазушылар адам жанының ішкі иірімдеріне үңілуде психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті. Дәстүрлі ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен жалғасты. Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмо­дернистік ағымдар пайда болды. . Т. Ахметжанның «О дүниенің қонағы» (2000), «Күнәһар» әңгімесінде ар-ұят періштесі мен сайтандарды арбастыра отырып, адамшылық, имандылық мәселесін алға тартса, «Махаббат әуені» (2006) шынайы пәк сезімге құрылған. Жазушының барлық әңгімелерінің негізгі өзегі – ар іліміБ. Нұржекеұлының Құпия ма­хаб­бат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келін­шек», «Өш алудан өршіген әдет», «Екі қырсық», «Күю» атты әңгімелердің де негізгі тақырыбы махаб­бат мәселесі болғандықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезімдік байланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін қай­таламайтын соны дүниелер. Шағын әңгімелерінде ауыл өмірінің көркем суреттерін жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет