Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ұ.Есдәулет шығармашылығндағы «Отан» тақырыбын сипаттаңыз



бет59/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Байланысты:
Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org

1. Ұ.Есдәулет шығармашылығндағы «Отан» тақырыбын сипаттаңыз.

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы. Қазақ лирикасының кемелдену, толысу кезеңінде өзіндік үн қосып, өзгелерден дараланып, өзіндік қолтаңбасын анық танытатын ақынымыз – Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы ерекше құбылыс. Т. Медетбек айтқандай, «Ұлықбек Есдәулетов – үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принципті сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз. Оның образды ойлау жүйесі бүгінде кең ауқымдағы, кейде бүкіладамзаттық, кейде тұрмыстық характерлердегі ассоцияларды қамти алатын қабілетке ие. Бұл сөз жоқ, ақын масштабының кеңдігін, оның толысып өскендігін көрсетсе керек» [1, 22 б.]. 1973 жылы ақынның «Қанат қақты» жыр кітабындағы «Көздеріңе ғашықпын» жинағына алғы сөз жазған Қ. Мырзалиев Ұ. Есдәулеттің таланттылығын бағалап, «сөзі салиқалы, салмақты, иланымды» екенін өлеңдері арқылы дәлелдеп, «Жортқанда жолың болсын? // Жолдасың өлең болсын!», – деп баталы сөз айтқан еді. Қазақтың халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ұ. Есдәулеттің екі томдық таңдамалы шығармаларың 1-томында «Өркені өсер өнер, өрісі шалқар өлең» мақаласында ақынның шығармашылығы жайлы алғы сөзінде былай дейді: «Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» ескі ауылдың төсек қабы сияқты. Іздеген нәрсеңнің бәрін табуға болады. Бәрінен де жиырма ғасыр бойы талай қапысы кетіп, жиырма бірінші ғасырдың өзіне қапияда тап болып отырған қазақ тұрмысы мен қазақ жан дүниесінің талай табын таба аласыз, талай қатпарына үңіліп, ой жүгірте аласыз».


2. А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесіндегі образдардың берілуін айтыңыз.

3. Ә.Асқар «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді», Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» повестеріне тоқталыңыз.Ә.Асқаровтың жазушылық әлемінде Хан тәңірісіндей алыстан менмұндалап тұратын еңселісі, көрнектісі – оның «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» деп аталатын повесі. Осы аттас кітап «Ұлттар» баспасынан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында жарық көрді. Әдебиетші ғалымдар тарапынан «бүгінгі қазақ әдебиетінің даму процесіндегі айрықша атап өтетін шоқтықты шығарма» деп танылды. Он томдық қазақ әдебиетінің тарихы «Эпикалық кең тынысты, лирикалық сыршыл бұл дүние роман жанрына жатады» деген жанрлық анықтама береді. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» романы 1987 жылы жазылған. Бұл кітаптың бірінші бөлімі 1988 жылы аяқталса, екінші бөлімі мен үшінші бөліміне 1994 жылы нүкте қойылыпты [1]. Ізденгіш қаламгер шығарманың иін қандыруына уақытты тиімді пайдаланған. Жазушының бұл повесі тәуелсіз еліміздің береке-бірлігіне қатысты көп мәселелерді көтерген. Қоғамдық салмағы күшті проблемаларды, ескісін де, жаңасын да, қазақ ауылының күнделікті қоңыр тұрмысынан, әр кейіпкердің өзіне ғана тән мінезінен, әпенділеу қылығынан, бейкүнә іс-әрекетінен сығымдап өндірген.Жазушының шым-шымдап жеткізуінен байқалатыны – еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі кезеңнің қатал сынағында жатыр екен. Повестің өзегіне айналған проблема тек өтпелі дәуірдің қиыншылықтары тұсындағы тұрғындар психологиясын ашып көрсетумен шектелмейді, жазушы қазақы рухтың сақталып қалуы мәселесіне де мүмкіндігінше назар аудара білген. Бір жағында қазақы сананы қаймағын бұзбастан қалай сақтап қаламыз деген мәселенің ұшығы көрініп тұрса, екінші жағынан жастардың қалалы жерлерге ұмтылысы, тұрғындардың қалаға шоғырлануы (урбанизация) сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығады. Проблеманың ең бастысы – нарық дәуіріндегі қазақ ауылының ендігі тағдырына алаңдаушылық. Повесть үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «қайта құру» кезеңіне дейін «қазақтың құт дарыған қасиетті қонысының бірі» болған Төртінші ауылды сипаттаумен басталады. Т. Ахметжан – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, ой тұғырымен ерекшеленетін жазушы. Оның шығармаларында рухани құндылықтарды жоқтаған мұң, трагизм жатыр. Бүгінгі қоғамның рухани жұтаңдығын терең сезіне білген жазушы шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дəуірінде қоғамда бел ала бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың дінсізденіп, иманнан айырылуы, рухани идеалдарды, құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады. «Сұлу мен суретші» шығармасында адам тағдырының рухани драмасы жан-жақты талданады. Повестің негізінде драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематика жатыр. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар талданады. Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы оқиғамен қатар қарт суретшінің өткен өмірінен сыр шертуі композициялық шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге ой жіберу, шегініс молынан пайдаланылады. Шығарма композициясы қосəлемемділік принципі бойынша құрылған. Повестің композициялық бітімінде уақыт ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы қаламгер Шалдың бүгінгі пұшайман хəлі мен бұрынғы бақытты өмір тынысын жинақы қалыпта жарыстыра баяндайды. Шалдың өмірін күрт өзгерткен белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде тығылып жатқан сан түрлі əсерлердің, ұғым-түсініктердің тууына түрткі болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты шақтарын еске ала отырып, тұңғиық ойға беріледі. Шығармада өткен мен қазіргі уақыт жымдасып, өткен күндер елесі кейіпкер жадында қайта жаңғырады. Шалға өңі, я түсі екені белгісіз халде ғашығының Бойжеткеннің жиырма жыл бұрын өз махаббаттарынан туғанын, өздерінің қызы екенін хабарлап кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты күйге түсіреді. Қиял мен шындық арасындағы суретшінің өлімі де шығарманың жұмбақ сипатын қалыңдатқан. Т.Ахметжан символикалық нышандар арқылы өз шығармаларындағы нақтылы болмыс пен фантастикалық сарынды үйлестіре біледі. Мысалы, «Нобель сыйлығы» повесінде періштенің жерге түсіп, адамдардың ар-ұятын, адамгершілік табиғатын сынақтан өткізуі, кейіннен адамдардың ағат тірлігінен қайтадан көкке қайта алмауы сияқты фантастикалық сарын мен қазіргі қоғамдағы ақшаға, саудаға негізделген қарым-қатынастар шындығы қатар өрілген.


емтихан билеті № ____39___

1.Қазақ поэзиясын биік белеске көтерген- М.Шаханов шығармашылығын талдаңыз.



2. Қ.Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімелеріндегі адам әлемінің мың сан қырлары, өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұстары суреттеледі.

Қазіргі қазақ әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің шығар¬малары оқырман назарынан тыс қалған емес. Мәселен «Жемдеген қырғауылдар», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші», «Бұқарбайдың бұқасы» секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері де жаңа заманның адамдары. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесіндегі жазушы Әділ Тазабеков, «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесіндегі аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйі» әңгімесіндегі молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекетін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сипатын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ашып көрсетеді. Қоғамды жаңартып қоймай, сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқын, тірлігін, жан дүниелеріндегі өзгерістерді де дәл, шынайылықпен суреттей білген. Жұмаділовтің «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінің сюжеті былай беріледі: бас кейіпкер жазушы Әділ Тазабеков қала өмірінің тіршілігінен шаршап, бір жағынан денсаулығының сыр беруіне байланысты, Алматы маңындағы бір санаторийге келіп жайғасады. Ол санаторийге жайғасып алғаннан кейін, осы жердің тыныс-тіршілігімен танысады. Осылайша бірнеше күндік демалыс¬та кейіпкер біраз оқиғаларды бастан кешіреді. Әңгімеде санаторий өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстыра айтылады. Әңгіменің ең басты кейіпкері Әділ Тазабеков бейнесімен сомдаған. Әңгімені оқи отырып, Әділдің ақ көңіл жан, ашық мінезді жан екенін көруімізге болады. «Бір ғана ғұмыр» әңгімесінде оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, белгілі бір шегіне жеткен соң шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аудартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет